Четверг , 18 декабря 2025

САМАЛ, САҒАН АЙТАМ, қалың қоғам, сен тыңда!

Таны­мал жур­на­лист және бас­па­гер Самал Ибра­е­ва жыл­дың медиа-мене­джері болып таныл­ды. Ол – «Жыл­дың ең мақ­сат­ты медиа-мене­джері» кәсі­би мара­па­ты­на ие болды.

Самал, мара­пат емес (бүгін­де мара­пат­ты сатып алуға да бола­ды), қоғам­дық мой­ын­дау құт­ты бол­сын! Елде­гі жасам­паз­дық пен кінәрат­ты қатар айтып (сынай жүріп), «Жаңа Қаза­қстан­ды» қалып­та­сты­руға қыз­мет қылып жүр­геніңді өзің де бай­қа­май қала­тын шығар­сың)). Әзір­гі бета­лы­сың жақсы.

Бірақ ең басты­сы – Ulys-тың кон­тен­тін­де өзе­уре­ген өшпен­ділік пен запы­ран­ды зығыр­дан бол­мауы керек! Сөз бен ойдың жан-жаққа тең жүй­есі терең бола­ды. Тәжіри­бесі молы­рақ және көр­гені көп кәсі­би жур­на­лист ретін­де мен бұл аға­лық ақыл­ды саған ғана емес, елде­гі елең қылар басқа да ресур­стар­дың жетек­шілеріне айтамын.

Кон­тент пен попу­лизм қуып, про­те­стік жұрт­шы­лы­қтан қол­ма-қол тілем­сек атақ алу қиын емес. Қоға­мға қыл бұрау қыз­мет қыл­май, жан­тай­ып жатып алып, «тисе – терекке, тиме­се – бұтаққа» деп бұрқы­ра­тып ұра бер­сең, мар­ги­нал жұрт­шы­лы­қтан арзан бедел ала­сың. Бірақ оның құны екі-үш күн­дік, ал кәсі­би бедел мен аза­мат­тық абы­рой алтын­ның түй­ірі сияқты мысқал­да­нып жиналады.

Бәл­кім, менің тіле­гім ескілеу түй­сік­тің төңіре­гі­нен естілетін шығар. (Жаңа­ша пай­ым­ның парқы басқа без­бен­мен өлше­нуі мүм­кін). Деген­мен ала­бө­тен жаң­сақ емес екенін сезе­мін. Біз­де­гі жур­на­ли­сти­ка мен бло­го­сфе­ра мем­ле­кет пен ұлт алдын­дағы аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­ті ұмыт­па­уы тиіс. Әсіре­се қазір­гі тәл­тірең­деп тұрған гео­са­я­си әлем­де (Укра­и­на­ны еске алай­ық) біз мем­ле­кет­шіл­дік пен тәу­ел­сіздік­тің қаза­ққа қан­ша­лы­қты қым­бат екенін бірін­ші кезек­те баға­лай білуі­міз керек.

Тұрақ­сызды­ғы мен қауіп-қатері толқып тұрған бүгін­гі дүни­е­де басқа құн­ды­лы­қтар екін­ші кезек­ке түседі: АҚШ-тың өзі ман­сұқ ете бастаған демо­кра­тия да, «адам құқы» деген лозунг та, ЛГБТ-ға жана­шыр­лық та – бәрі-бәрі. Қалт-құлт еткен әлем­де дүние жүзінің кар­та­сы бөлініс­ке түсу қатері туған­да, қаза­қтың мем­ле­кет­ті­гін сақта­уға қамқор болу – түй­сі­гі терең әрбір аза­мат­тың пер­зент­тік пары­зы бол­са керек.

Қысқа­сы, Самал қарын­да­сым, сені қалың қоғам мен кәсі­би қауым алдын­дағы абы­рой­лы атағы­ң­мен құт­ты­қтай­мын деп, біраз дидак­ти­каға кетіп қалып­пын)). Саған ғана емес, ел-жұр­тқа бірер ауыз сөз айту­дың сәті солай болған шығар.

Шашы­ң­ды екі бұры­мға тар­тып өрген, бал­та­ның басын­дай сөзіңді сап­тап айтқан, Ұлы­сқа ұлағат­ты қыз болуға тал­пы­нған тұр­па­ты­ң­нан айны­ма! Алға, Самалөк!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн