Пятница , 4 июля 2025

САНАВАР түрмеден БОСАТЫЛДЫ

  • 52 жастағы қоғам­дық бел­сен­ді Сана­вар Заки­ро­ва 22 қаңтар­да Жам­был облы­сы­ның орта­лы­ғы – Тараз­дағы түр­ме­ден босатылды.

Сол күні түс­ке дей­ін Жам­был облы­стық соты­ның қыл­мыстық істер алқа­сы түр­ме жаза­сы­ның қалған бөлі­гін 56 мың тең­ге көле­мін­де­гі айып­пұл­мен (135 дол­лар шама­сын­да) алма­сты­ру тура­лы шешім шығарған. Сөй­тіп, сот алқа­сы Заки­ро­ва­ның бірін­ші инстан­ци­ядағы сот шеші­міне шағы­мын қанағаттандырды.

Алма­ты қала­сы Медеу аудан­дық соты­ның 2020 жылғы 15 шіл­де­де­гі үкі­мі бой­ын­ша, Сана­вар Заки­ро­ва түр­ме­де бір жыл оты­руы керек болған. Тараз­дағы вок­зал маңын­дағы қонақүй­ден Азаттық тіл­шісіне сұх­бат бер­ген Заки­ро­ва 23 қаңтар­да кеш­кісін пой­ы­з­бен Алма­ты­ға бара­ты­нын айтты.

Заки­ро­ва апел­ля­ци­я­лық сот­тан «ерекше үміт күт­пе­генін», бірақ өзін босатқа­ны­на «қат­ты таңқал­маға­нын» айт­ты. «Менің ісім әу баста-ақ сая­си аста­ры бар іс бол­ды, себебі мен билік­те­гі «Нұр Отан» пар­ти­я­сын сына­дым. Пар­тия съезі де, пар­ла­мент сай­ла­уы да өтіп кет­ті. Сон­ды­қтан мені әрі қарай түр­ме­де ұстап оты­ру билік­тің өзі үшін тиім­сіз бол­ды», – деп топ­шы­лай­ды Сана­вар Закирова.

Заки­ро­ва мен жақ­та­ста­ры оны қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ту­дың сая­си аста­ры бар деп санай­ды және мұны был­тыр өткен басқа сот ісі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Ол сот шеші­мі бой­ын­ша, Заки­ро­ва мен оның екі әріп­тесі билік­те­гі “Нұр Отан” пар­ти­я­сы­ның төрт мүше­сінің абы­ройы мен қадір-қаси­етіне нұқ­сан кел­тір­ді деп таны­лып, оларға өте­мақы төле­у­ге мін­дет­тел­ген еді.

Сана­вар Заки­ро­ва өздері әділет­сіз деп санай­тын сот шешім­дерінің күшін жою­ды талап етіп, нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на шығып жүр­ген топ­тың жетек­шісі. Заки­ро­ва Facebook-те “Нұр Отан” пар­ти­я­сын жиі сынай­ды. Қыр­күй­ек­тің басын­да қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы маман­дар Сана­вар Заки­ро­ва­ны сая­си тұтқын­дар тізі­міне қосқан.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн