Четверг , 3 июля 2025

САТЫБАЛДЫ сотты САТЫП АЛДЫ

  • Соны­мен, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың неме­ре інісі Қай­рат Саты­бал­ды­ға қаты­сты сот ісі аяқтал­ды. Бел­гілі болған­дай, оны өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да, ҚР Ұлт­тық бан­кін­де және оның ведом­ство­ла­рын­да, мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет­тің үлесін құрай­тын ұйым­дар­да лау­а­зы­мға орна­ла­су құқы­ғы­нан айы­ра оты­рып, оған 6 жыл бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы тағайындалды.

Бірақ мұны­мен Саты­бал­ды 30 жыл­дық сай­ран салу жаза­сы­нан құтыл­ды ма? Әлбет­те – жоқ. Бұған әле­умет­тік желілер мен ел ара­сын­да өріп жүр­ген нара­зы пікір­лер дәлел бол­са керек. Сон­дай пікір­дің бірін жал­пақ жұр­тқа етене таны­мал маңғы­ста­улық ақын Светқа­ли Нұр­жан «Фейс­бук­те­гі» «Айт-Ман Нұр­жан» акка­ун­тын­да былай деп жазған екен:

  • Мем­ле­кет­тен 40 млрд (!) қар­жы ұрлаған Қай­рат Саты­бал­ды­ға про­ку­рор бар-жоғы 6‑ақ жыл сұрап­ты! (Тауық ұрлаған талай бала­ның сон­ша жыл арқа­лап кет­кенін білем!)

Бұл – бұл бол­сын, бірақ Қай­рат Саты­бал­ды­ның қаңтар қырғы­нын­дағы қыл­мысы­на, Назар­ба­евқа арқа таңып, Қаза­қстанға сала­физ­мнің улы идео­ло­ги­я­сын неше жыл жүр­гіз­ген сатқын­ды­ғы­на, сол идео­ло­ги­я­ның кесірі­нен шетел­дер­де жазым болған ұл-қызда­ры­мы­здың оба­лы­на қалған опа­сызды­ғы­на, ұлты­мы­здың бар­ша ізгі қаси­етіне удай қар­сы тұтас армия жасақтап шығарған зұлым­ды­ғы­на кім жау­ап береді?! Жау­ап берің­дер, «жаңа қызы­қстан­ның» билігі!

Ал бел­гілі жор­нал­шы Асыл­хан Мама­шұ­лы осы сотқа бай­ла­ны­сты мына­дай мысқыл­ды уәж еткен екен:

  • «Саты­бал­ды­ның оты­рға­ны­на 6 ай бол­ды, әр күні 1,5 тәулік­ке есеп­те­леді, сон­да 9 айы қазір­дің өзін­де өтіп кет­кен бола­ды. Демек, мак­си­мум 2024 жылы Қай­ре­кең абақты­дан шығып, «Жаңа Қаза­қстан» – Екін­ші Рес­пуб­ли­ка құруға атса­лы­са­ды. 41 млрд тең­ге = 2,5 жыл қамақ.

Осы күл­дір­гі сот­тың соңын іле-шала ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі Қай­рат Саты­бал­ды­ның «сыбай­ла­сы» Эфен­ди Кемаль есім­ді Қаза­қстан аза­ма­ты­на іздеу жари­я­ланға­нын жария етті деп хабар­ла­ды «Азаттық».

Агент­тік­тің жазуын­ша, «қыл­мыстық жол­мен алы­нған ақша­ны заң­да­сты­ру» фак­тілері бой­ын­ша Саты­бал­ды­ға қозғалған қыл­мыстық іс аясын­да тер­геу амал­да­ры жалға­сып жатыр. Тер­геу бары­сын­да «Саты­бал­ды­ның сенім­ді ада­мы – Қаза­қстан аза­ма­ты, 1983 жылы туған Эфен­ди Кемаль­дың бірқа­тар кәсі­по­рын­дар­дың құры­л­тай­шы­сы және дирек­то­ры екені» анықталған.

«Эфен­дидің қыл­мыстық рөлі кеден сала­сын­дағы мәсе­ле­лер­ді шешу, қыл­мыстық жол­мен алы­нған ақша­ны және басқа да мүлік­ті заң­да­сты­ру бол­ды. Ол үшін оған Қай­рат Саты­бал­ды­ұ­лы шот­тан ақша алуға сенім­хат бер­ген. Мыса­лы, Эфен­дидің бір эпи­зо­ды бой­ын­ша ғана 2018 жыл­дың шіл­десі мен тамыз айы­ның 3 күні ішін­де Қай­рат Саты­бал­ды­ұлы­ның жеке шоты­нан қол­ма-қол 37 млрд тең­ге және 62 млн ақша алған» деп жаза­ды агент­тік «Анти­кор­дың» хабар­ла­ма­сы­на сіл­те­ме жасап.

Ведом­ство­ның мәлі­метін­ше, биыл ақпан айы­нан бастап Эфен­ди Қаза­қстан­нан кетіп, «қыл­мыстық қуда­лау орган­да­ры­нан жал­тарған». «Оның құқы­ққа қар­сы әре­кет­тері ҚР Қыл­мыстық кодексінің 218-бабы­ның 3‑бөлігі 3‑тармағы бой­ын­ша сара­ла­нып, іздеу жарияланды».

Еске сал­сақ, Қай­рат Саты­бал­ды осы көк­тем­де «қыз­мет­тік өкілетін асы­ра пай­да­лан­ды», ірі көлем­де «Қаза­қ­те­ле­ком» және «Көлік сер­вис орта­лы­ғы» қар­жы­сын ұрла­ды деген күдік­пен қамауға алы­нған еді. Бұған дей­ін құқық қорғау орган­да­ры оның өзге де қыл­мысқа қаты­сы бары аны­қта­лып жатыр деп мәлім­де­ген еді.

Бірақ өткен сот про­цесі бой­ын­ша «өзге іс» бол­маға­ны бел­гілі бол­ды. Бәл­кім, Әпен­дінің /Эфенди/ әре­кеті басқа қыл­мыстар­дың қалқып шығуы­на түрт­кі болар ма екен?

Ермұрат БАПИ

Демократияға ЖЕТІ ЖЫЛ ЖҮРІП жете аламыз ба?

  • Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың есеп­те­уін­ше, пре­зи­дент­тің бір ғана мерзім­ге сай­ла­нуы – демо­кра­ти­яға апа­ра­тын батыл қадам.

«Тағы бір аса маңы­зды рефор­ма – Пре­зи­дент­тің бір ғана мерзім­ге сай­ла­нуы. Біздің аймақтағы қай мем­ле­кет­ті алып қара­саңыз да, мұн­дай өзгеріс мүл­дем бол­маған. Сон­ды­қтан бұл рефор­ма демо­кра­тия жолын­дағы батыл қадам деп сене­мін. Тәу­е­кел­ге бел бусақ та, осын­дай шешім халқы­мы­здың жарқын бола­шағы үшін керек деп кәміл сене­мін. Бұл рефор­ма не үшін жасал­мақ­шы деген сұрақ пай­да болуы мүм­кін. Мәсе­ле мына­да: пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мға көп жыл бойы бір ғана адам ие бол­мауы керек. Әлем­де бол­сын, біздің елі­міз­де бол­сын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоға­ры лау­а­зы­мға ие бол­са, мұн­дай жағ­дай елге де, мем­ле­кет бас­шы­сы­на да абы­рой әкел­мей­ді», – деп мәлім­деді Тоқа­ев сей­сен­бі күні Түр­кістан облы­сы­на жұмыс сапа­ры барысында.

Пре­зи­дент­тің есеп­те­уін­ше, бола­шаққа нық сенім­мен қарап, адал, дарын­ды сая­сат­кер­лер­ге жол ашуы­мыз керек.

«Жал­пы, жұрт біздің сая­си жүй­ені өзгер­ту тура­лы жос­па­ры­мы­здың мән-маңы­зын жақ­сы түсініп отыр. Жұмысты одан әрі жалға­сты­ру үшін, жаңа Кон­сти­ту­ци­яға сай сенім ман­да­ты қажет. Сон­ды­қтан кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы биы­лғы 20 қара­шаға бел­гі­лен­ді. Біз бұл науқан­ды заңға сәй­кес, әділ және ашық өткі­зе­міз. Түр­кістан­ды­қтар да сай­ла­у­ға бел­сене қаты­сып, өз таң­да­уын жасай­ды деп сене­мін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қаз­ТАГ

Пәтерін жалға беруші, «ЖАСЫЛ АДАМДАР» арамызға кіріп кетпесін!

  • Ресей­лік­тер­ді қабыл­дап жатқан қаза­қстан­ды­қтар Көші-қон қыз­метіне хабар­ла­у­ға мін­дет­ті, деп хабар­лай­ды Ішкі сітер мини­стр­лі­гінің ресми интер­нет ресурсы.

«Құр­мет­ті қаза­қстан­ды­қтар! Қонақ үйлер­дің, хостел­дер­дің, пан­си­о­нат­тар­дың, жатақ­ха­на­лар­дың иелері! Пәтер­лер мен басқа да тұрғын үй-жай­лар­дың иелері, Сіз­дер­ге сөз арнай­мын! Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ішкі істер мини­стр­лі­гі көші-қон заң­на­ма­сы­ның талап­та­рын қатаң сақта­уға шақы­ра­ды», – деді ІІМ Көші-қон қыз­меті коми­теті төраға­сы­ның м.а. Аслан Аталықов.

2012 жыл­дың 21 қаңта­рын­да бекітіл­ген №148 ҚР Үкі­метінің қаулы­сы­ның «Көшіп келу­шілер­дің Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на келуі мен онда болуы қағи­да­ла­ры­ның» 9‑тармағына сәй­кес шетел­дік аза­мат­тар­ды қабыл­дай­тын жеке және заң­ды тұлға­лар өздеріне келетін көшіп келу­шілер тура­лы Ішкі істер орган­да­рын хабар­дар ету­ге міндетті.

Аталған хабар­ла­ма шетел­дік аза­мат кел­ген күн­нен бастап үш жұмыс күні ішін­де мін­дет­ті түр­де беріледі. Осы мерзім­ді өткізіп алған және көшіп келу­шінің келуі тура­лы Ішкі істер орган­да­ры­на хабар­ла­маған жағ­дай­да Қаза­қстан­да қабыл­да­у­шы жеке және заң­ды тұлға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодексінің 518-бабы бой­ын­ша жау­ап­ты­лы­ққа тар­ты­ла­ты­нын ескертеміз.

Заң­ды тұлға­лар үшін 10-нан 25 айлық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін, ал қай­та­ланған жағ­дай­да 100 айлық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін айып­пұл қарас­ты­ры­лған, бұл 306 мың тең­ге­ге тең.

Жеке тұлға­лар үшін ескер­ту түрін­де­гі жаза, ал қай­та­лап бұзға­ны үшін 30 айлық есеп­тік көр­сет­кіш неме­се 91 890 тең­ге мөл­шерін­де айып­пұл көзделген.

Шетел­дік­тің келуі тура­лы хабар­ла­ма­ны қабыл­да­у­шы тарап үш тәсіл­мен бере алады:

1. Жеке және заң­ды тұлға­лар көшіп келу­шінің кел­гені тура­лы элек­трон­дық виза­лық және көші-қон пор­та­лы арқы­лы тіке­лей хабар­лай ала­ды: vmp.gov.kz неме­се egov.kz.

2. Қаза­қстан тара­пы­нан қабыл­да­у­шы жеке және заң­ды тұлға­лар шетел­дік­тің кел­гені тура­лы хабар­ла­ма­ны тіке­лей өз ауда­ны бой­ын­ша ішкі істер орган­да­ры­ның көші-қон қыз­метінің бөлім­дері мен бөлім­ше­леріне бере алады.

3. e‑Qonaq қосым­ша­сы арқылы.

Қаз­ТАГ

Редак­ци­ядан: Ресей­ден ағы­лып жатқан «қашқын­дар» қата­рын­да Қырым түбе­гін басып алған «жасыл адам­дар» (зеле­ные чело­веч­ки) сияқты «жан­сыздар­дың» болуы әбден мүм­кін. Путин­нің жеке орга­ны­на айналған сұмы­рай «ФСБ»-дан бәрін күту­ге болады.

Сон­ды­қтан егер пәтерін ресей­лік «қашқы­нға» жалға беру­шілер жоға­ры­да көр­сетіл­ген талап­тар бой­ын­ша заң­ды бұзып, пәтер жал­да­у­шы­лар тура­лы деректер­ді бақы­лау меке­ме­леріне жет­кіз­бей­тін бол­са, сол пәтер­дің көр­шілері – елінің қауіп­сізді­гіне мүд­делі аза­мат­тар тиісті орган­дарға хабар беру­лері тиіс деп санай­мыз. Бұл – ел мен жер мүд­десі, мем­ле­кеті­міздің тұта­сты­ғы үшін жаса­ла­тын аза­мат­тық әре­кет деп қабыл­да­нуы тиіс. Бұл үшін «сек­сот» болу­дың ешбір айы­бы жоқ!

«DAT»

ЖАРАЙСЫҢ, BEELINE!

  • Beeline ресей­лік 15 теле­ар­на­ны көр­се­туді тоқта­та­ды. Олар­дың ара­сын­да «Рос­сия 24» пен «Первый канал» бар, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

«Beeline Қаза­қстан» опе­ра­то­ры 5 қазан­нан бастап «TV+Үйдегі интер­нет» пакеті­нен және BeeTV сер­висі­нен ресей­лік теле­ар­на­лар­ды алып тастай­ты­нын хабар­ла­ды. Енді Beeline пакетін­де Ресей­дің мына арна­ла­ры болмайды:

  • «Дом кино»
  • «Побе­да»
  • «О!»
  • «Пер­вый канал СНГ»
  • «НТВ МИР»
  • «Кару­сель International»
  • «Рос­сия 24»
  • «Музы­ка Первого»
  • «РТР Пла­не­та»
  • «Вре­мя: дале­кое и близкое»
  • «Теле­ка­фе»
  • «Поеха­ли»
  • «Дом кино Premium HD»
  • «Бобёр»
  • «Рос­сия К»

Опе­ра­тор ресей­лік теле­ар­на­лар­дың орны­на «Евро­ки­но», «Люби­мое кино», «1HD music», «Еда Пре­ми­ум HD» арна­ла­ры көр­сетілетінін мәлімдеді.

Ресей Укра­и­наға басып кір­ген соң, Қаза­қстанға ресей­лік крем­ль­шіл теле­ар­на­лар­дың ықпа­лы жай­лы көп айты­ла бастаған еді. Сәуір айын­да қоғам­дық пікір­ге мони­то­ринг жасай­тын Demoscope бюро­сы әле­умет­тік сау­ал­на­ма жүр­гізіп, қаза­қстан­ды­қтар­дың едәуір бөлі­гіне Ресей про­па­ган­да­сы әсер етіп жатыр деп мәлім­де­ген. Зерт­теу автор­ла­ры қаза­қстан­ды­қтар Ақор­да мен жер­гілік­ті басы­лым­дар­дың мәлім­де­месі­нен гөрі Ресей басы­лы­мы­ның агрес­сив­ті ақпа­ра­тын қабыл­дай­ды деген еді.

Жарай­сың, Beeline! Енді осы баста­ма­ның негізін­де қаза­қстан­дық билік Ресей «про­па­ган­дон» ТВ-арна­ла­ры жөнін­де жал­пы елге ортақ тый­ым салу әре­кетін жасай­ды деген сенімдеміз.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн