Воскресенье , 6 июля 2025

САУ БОЛ, «AMANAT»!

  • Бірін­ші жел­тоқ­сан­нан бастап, бұры­нғы «Нұр Отан» — қазір­гі «Amanat» пар­ти­я­сы­нан өз еркім­мен жұмыстан кет­тім. Енді, пар­ти­я­ның мүшелі­гі­нен де шығамын.

Мен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на мүшелік­ке жалғыз мақ­сат­пен – Ұлы көш үшін өткем. Осы пар­ти­яға жұмысқа да сол мақ­сат үшін тұрға­мын. Мені аталған пар­ти­яға қыз­мет­ке алған – көр­нек­ті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері Мұх­тар Құл-Мұхам­мед аға.

Алты жыл ішін­де үш төраға­ның бірін­ші орын­ба­са­ры­мен, бір атқа­ру­шы хат­шы­мен жұмыс істе­дім. Түй­генім – пар­ти­яда және пар­ти­яға мүше болған аза­мат­тар­да тұрған еште­ме жоқ. Мәсе­ленің бәрі – жетек­ші­де. Пар­ти­я­ны өр қыла­тын да, жер қыла­тын да – жетекші!

Дау жоқ, «Нұр Отан» билік­тің біре­гей пар­ти­я­сы бол­ды. Мате­ри­ал­дық ресур­сы да әлем­нің «мен» деген пар­ти­я­ла­ры­нан артық бол­ма­са, кем емес шығыр деп ойлаймын.

Арғы бас­шы­ла­рын біл­мей­мін, Мұх­тар Құл-Мұхам­мед пар­тия төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры болып тұрған кез­де, «Нұр Отан» пар­ти­я­сын­да мінез де айбын да бол­ды. Мұх­тар Абрарұ­лы мини­стр­лер­ді «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на шақы­рып алып, пар­ти­я­ның Мәжілісте­гі фрак­ция мүше­лері мен Орта­лық аппа­рат қыз­мет­кер­лерінің алдын­да Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­ның орын­да­луы, бюд­жет­тің игерілуі жай­ын­да айы­на бір рет есеп ала­тын. Өз көзі­міз­бен көр­дік қой – депу­тат­тар айқұлақта­нып, мини­стр­леріңіз діріл­деп қалатын. 

«Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның сол Мұх­тар Құл-Мұхам­мед қалып­та­сты­рған мінезі мен айбы­ны Мау­лен Ашим­ба­ев­тың тұсын­да жер болды. 

Мәулен Сағатханұ­лы «Цифр­лы Қаза­қстан» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша тегін АйТи-орта­лы­қтар мен IT-сынып­тар ашып, IT-маман­дар даяр­лау ісі­мен болып кет­ті. IT – негізі пар­ти­я­ның емес, атқа­ру­шы билік­тің – мини­стр­лік­тің шаруа­сы! Пар­тия кілең сая­сат­пен айна­лы­сып, халы­қтың сая­си мәде­ни­етін көте­ру­ге, сая­си тұлға­лар дай­ын­да­уға және сай­лау жүй­есін дамы­туға күш салуы керек қой.

Мау­лен Әшім­ба­ев­тың кезін­де құл­ды­раған пар­ти­я­ның беделін Бауы­р­жан Бай­бек те тік­тей алған жоқ. Есесіне, ол «Нұр Отан» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы депу­тат­та­ры­ның әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­ла­ры­на балл қою арқы­лы, депу­тат­тар­ды тұқыр­ту­мен айна­лы­сы­ты. Соны­мен бір­ге, ақпа­рат­тық соғы­ста Жан­бо­лат Мамай­дан жеңіліп, соңын­да елден жыраққа бой таса­лап кетті. 

Сөй­тіп, ақы­ры не бол­ды? «Нұр Отан» атын «Amanat» деп өзге­ру­ге мәж­бүр бол­ды. Өйт­кені, «Нұр Отан» десе, жұрт­тың төбе шашы тік тұра­тын жағ­дай­ға жетті. 

Естеріңіз­де бол­сын, қол­дан жасалған пар­тия бала құра­с­ты­рған қуыр­шақ секіл­ді бола­ды екен. Оны бір жұм­сақ алақан аялап отыр­ма­са, өз беті­мен күн көре алмай­ты­нын көрдік…

Ал, қазір­гі атқа­ру­шы хат­шы Асхат Ора­лов жөнін­де әңгі­ме бөлек. Асхат Раз­ды­құ­лы – Тәу­ел­сіздік­тің құр­да­сы. Бұл жігіт­тің «Amanat» пар­ти­я­сы­на атқа­ру­шы хат­шы болып кел­геніне көп бола қой­ған жоқ. Кел­гелі бері сиез­ден – съез, сиез­ден көз ашқан емес. Сол сиез­дер­дің ұйым­да­сты­ры­лу жұмысы тап-тұй­нақтай өту­де. Ең бір көз­ге түс­кен кезі – соңы кезек­тен тыс Пре­зи­дент сай­ла­уы. Мау­лен Әшім­ба­ев пен Бауы­р­жан Бай­бек­тің уағын­да өткен съез­дер мен сай­ла­у­лар­дағы шоулар бұл жолы болған жоқ.

Есесіне, сай­ла­удың үгіт-нәси­ха­тын кілең сай­си тұлға­лар мен бел­сен­ділер жүр­гізді. Демек, «Amanat» пар­ти­я­сы өз жолын тауып келеді. Асхат Раз­ды­құ­лы бауы­ры­ма табыс тілеймін!

Ал, өз басы­ма кел­сем, жоға­ры­дағы аты аталған бас­шы­ла­ры­ма өкпем жоқ. Бекітіл­ген кесте бой­ын­ша, Мәжіліс депу­тат­та­ры, мини­стр­лер мен олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, Бас про­ку­рор­дың орын­ба­сар­ла­ры реті­мен келіп, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қабыл­дау бөл­месін­де аза­мат­тар­мен қабыл­дау өткізеді.

Пар­ти­я­ның осы мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­нып, өзім жос­пар­лап кел­ген жұмыста­рым­ды түгел­ге жуық орын­дап алдым. Көші-қон үрдісін рет­те­у­ге арналған заң­дар мен нор­ма­тив­тік құжат­тарға еле­улі өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енуіне ықпал еттім. Ешкім аузы­ма қақ­пақ, аяғы­ма тұсау салған жоқ. Кім­ге – не айтам десем – айт­тым, кірем деген мини­стр­лер­дің бәріне кір­дім. Бір сөз­бен айтқан­да, сол үшін, бұры­нғы бас­шы­ла­ры­ма алғы­сым шексіз!  Алты жыл­дағы ең бір мақта­ны­шпен айта­тын жетісті­гім – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның қатып-сем­ген суб­ор­ди­на­ци­я­сын бұзып, еркін жүріп-тұруға, жазып-сызуға және айтуға қол жет­кіз­генім дер едім.

Реті келіп тұрған­да айта кетей­ін, «суб­ор­ди­на­ция» деген бұл бәле Кеңе­стік кезең­нен қалған «сарқыт» бол­са керек. 

Орыс шене­унік­тері қазір сол «суб­ор­ди­на­ция» дегеніңді пысқыр­май­ды, еркін сіл­тей­ді. ТМД-да «суб­ор­ди­на­ция» қал­пағын баса киіп алып, суқа­ны ұшып оты­рған – баяғы біздің қазақ шене­унік­тері ғана секілді.

Пар­ти­я­лық мек­теп­тен өтуі­ме ерен еңбек сіңір­ген, жарқын жол ашқан Жұма­жан Жүке­нов аға­ма басым­ды ием! Аскар Кумар­бай  досым­ның жақ­сы­лы­ғы мен көме­гін екі дүни­е­де ұмытпаймын!!

Бар­ша әріп­те­стері­ме бақыт тілей­мін! Аман болыңыздар!

Ауыт МҰҚИБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн