Пятница , 4 июля 2025

САЯСИ ЖУРНАЛИСТИКАҚИЫНДЫҒЫ КӨП САЛА

2024 жыл Қаза­қстан­ның бас­пасөз сала­сын­да қан­дай ерекшелі­гі­мен есте қал­мақ? «Азаттық» әртүр­лі ақпа­рат құрал­да­ры жур­на­ли­стерінің пікірін сұрады.

ДАУМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ЖАҢА ЗАҢ

Factcheck.kz сай­ты­ның редак­то­ры, медиа­са­рап­шы Думан Смақов биыл БАҚ сала­сын­да ешқан­дай өзгеріс болған жоқ дей­ді. Оның айтуын­ша, көп­тен күт­кен «Масс-медиа тура­лы» заң­ның өзі үлкен дау­мен қабыл­данған. Смақов жаңа заң селек­тив­ті сипатқа ие және сөз еркін­ді­гін шек­тей­ді деп санайды.

– [Заң жоба­сын­да] жур­на­ли­стер­ге беретін құқы­ғы­на, мүм­кін­ді­гіне қараған­да, жур­на­ли­стер­дің жұмысын рет­тей­тін, шек­теу қоя­тын, ала­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін бап­та­ры, өкініш­ке қарай, сол күй­ін­де қал­ды. Бұл бап­тар­ды біз, мыса­лы, аккре­ди­та­ция тура­лы ере­жені жари­я­лаған кез­де көр­дік. Яғни, заң жоба­сы бір жақты жазы­лған. Ара­сын­да сөз еркін­ді­гі ими­та­ци­я­сы қол­да­ны­лған. Бұдан бөлек, тағы бір айта кететін мәсе­ле – цифр­лық репрес­сия белең алға­нын көру­ге бола­ды. Мыса­лы, Жәми­ла Мари­че­ва­ны поли­ция ста­ди­он­да жүгіріп жүр­ген жері­нен алып кет­ті. Қаза­қстан құқық қорғау орган­да­ры бізді цифр­лы тех­но­ло­ги­я­лар арқы­лы қай­да жүр­гені­мізді аңдуы мүм­кін деген күдік бар. Цифр­лық репрес­си­я­ны Асхат Ния­зо­втың әле­умет­тік желі­де­гі акка­унт­та­ры­на шабуыл жаса­луы­нан, жап­пай бот­тар­дың шағым­да­нып, акка­унт­ты өшір­тіп таста­уы­нан көріп отыр­мыз, – деді Думан Смақов.

Биыл мау­сым айын­да Қаза­қстан­да осы­ған дей­ін қол­да­ны­лып кел­ген «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры тура­лы» және «Теле­ра­дио хабар­ла­рын тара­ту тура­лы» заң күшін жой­ып, оның орны­на «Масс-медиа тура­лы» заң қабыл­дан­ды. Жаңа заңға сәй­кес, масс-меди­аға бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры ғана емес, интер­нет-ресур­стар да жатқы­зы­лған. Бас­пасөз құқы­ғын қорға­у­шы­лар бұл заң мем­ле­кет­тің БАҚ-қа бақы­ла­у­ын одан сай­ын күшей­туі мүм­кін деп алаң­дай­ты­нын айтқан.

Ал мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва «Масс-медиа тура­лы» жаңа заң заман тала­бы­на сай құжат бол­ды деп мәлім­де­ген. «Заң түр­лі мүд­делі тарап­тар­дың қаты­суы­мен бел­сен­ді түр­де талқы­лан­ды, бұл алдағы өзгерістер­ді жан-жақты қалып­та­сты­руға мүм­кін­дік бер­ді. Депу­тат­тық кор­пус пен Мәжілісте­гі жур­на­ли­стер өкіл­ді­гі заң жоба­сын жан-жақты әрі терең талқы­ла­у­ға ықпал етті. Олар­дың бел­сен­ді жұмысы арқы­лы бар­лық аспек­тілер мен ерекшелік­тер ескеріліп, заң қазір­гі медиа кеңістік­тің қажетіне барын­ша бей­ім­дел­ді», – деді Балаева.

«Айқын» газетінің бас редак­то­ры Аман­гел­ді Құр­метұ­лы биыл қат­ты өзгеріс бай­қа­ма­дым дей­ді. Оның ойын­ша, елде сөз еркін­ді­гі дең­гейі жоға­ры деп айтуға кел­мей­ді. Бірақ құқы­қтық тұрғы­дан ешқан­дай шек­теу жоқ, жеке адам­дар­дың БАҚ-қа ықпал ету тетік­тері бар, деді ол.

– 2024 жылы ешқан­дай да шек­теу болған жоқ, ашы­ғын айтқан­да. Бірақ бас редак­тор ретін­де кей­бір мәсе­ле­лер­ге өзім шек­теу қоюым мүм­кін. Біз мем­ле­кет­ке қаты­сты медиа болған­ды­қтан, мем­ле­кет­тің сыр­тқы сая­си век­то­ры­на неме­се басқа бағыт­та­ры­на бір­ша­ма ыңғай­сыз жағ­дай қалып­та­сты­руы мүм­кін деген пози­ци­я­мен өзім кей­бір тақы­рып­тар­ды «осы­ны қоя тұр­сақ қай­те­ді» деп айтуым мүм­кін. Мыса­лы, айта­лық, Укра­и­на мәсе­лесі. Көп әріп­те­стер мем­ле­кет­тік БАҚ, соның ішін­де «Айқын» сияқты басы­лым­дар Укра­и­на мәсе­лесін жаз­бай кет­ті деген айып таққан. Оған келі­се­міз, біз аз жазып кет­тік. Бірақ оған дәл сол тақы­рып­ты жаз­ба деген шек­теу болған жоқ. Иә, кей­бір тақы­рып­тарға іле­се алмай қала­ты­ны­мыз рас. Бір тақы­рып­ты қай­та­лап көте­ре бер­мей­міз. Ақпа­рат ретін­де елде­гі резо­нан­сты тақы­рып­тар­дың бірқа­та­ры бәрібір сайт­та шығып жата­ды… Бюд­жет тап­шы­лы­ғы­нан бастап, заң­сыз жер иеле­ну, заң­сыз актив­тер­ді қай­та­руға дей­ін­гі мәсе­ле­лер­ді біздің жур­на­ли­стер шама-шарқын­ша, мей­лін­ше бей­та­рап пози­ци­яда беру­ге тыры­сып жатыр. Ресми құжат­пен мына­ны жаз­ба, мына­ны жаз­ба деген, шынын айтқан­да, болған емес, – деді Аман­гел­ді Құрметұлы.

ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАЗАЛАУ

Мамыр айын­да Алма­ты соты елде­гі жемқор­лы­қты әшке­ре­лей­тін ProTenge жоба­сы­ның жур­на­лисі Жәми­ла Мари­че­ва­ны «жалған ақпа­рат тара­ту» бабы бой­ын­ша кінәлі деп танып, оған 74 мың тең­ге айып­пұл салған.

Жур­на­лист 30 қаңтар­да аккре­ди­та­ция алмаған «Азаттық» тіл­шілерін қол­дап, Telegram арна­сын­да шағын пост жари­я­лаған. Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі сол жаз­ба­да «көр­неу жалған ақпа­рат бар» деген тұжы­ры­мға кел­ген. Мари­че­ва бұны «сөз еркін­ді­гін шек­теу» деп бағалаған.

Қазан айын­да АЭС құры­лы­сы тура­лы рефе­рен­дум қар­саңын­да Орал соты жер­гілік­ті «Ураль­ская неде­ля» газеті «сай­ла­у­мен бай­ла­ны­сты қоғам­дық пікір­ге сау­ал­на­ма жүр­гі­зу ере­же­сін бұз­ды» деп, басы­лы­мға 110 мың тең­ге айып­пұл сал­ды. Газет YouTube-те және Telegram арна­сын­да АЭС құры­лы­сы мен рефе­рен­дум жөнін­де блиц-сау­ал жүр­гіз­гені үшін жау­а­пқа тартылған.

Тамыз айын­да Қона­ев соты «экс­тре­мизмді қар­жы­лан­дыр­ды» және «тый­ым салы­нған ұйым жұмысы­на ара­ла­сты» деп айып­талған YouTube-тегі «Né Deidi?» арна­сы­ның авто­ры жур­на­лист Думан Мұхам­мед­кәрім­ді жеті жылға сот­та­ды. Іске жур­на­ли­стің оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­втан алған сұх­ба­ты себеп болған. Мұхам­мед­кәрім істің сая­си аста­ры барын айтып, өзіне тағы­лған айып­тар­ды жоққа шығарған.

Был­тыр мау­сым айын­да Мұхам­мед­кәрім істі болып жатқан­да, сол кез­де­гі ақпа­рат мини­стрі Дар­хан Қыды­рәлі оның «сая­си көзқа­ра­сы үшін» істі болып жатқа­нын, оған министр ретін­де ара­ша түсе алмай­ты­нын айтқан.

– Оның үсті­нен өзінің жур­на­ли­стік қыз­меті үшін емес, сая­си көзқа­ра­сы үшін қазір іс қозға­лып отыр. Бұл жер­де оның жур­на­ли­стік қыз­метіне кереғар [нәр­се], шек­теу қой­ы­лып жатқан жоқ. Ол сана­лы түр­де сая­си көзқа­ра­сы үшін осын­дай қада­мға барып отыр, – деген еді бұры­нғы министр.

«[Жур­на­ли­стің] сая­си көзқа­ра­сы­мен келіс­пей­сіз бе?» деген сұраққа ол «әркім­нің өз ұста­ны­мы бар» деді. «Егер ол жур­на­ли­стік қыз­метіне бай­ла­ны­сты қамал­са, ара­ша түсер едік», – деген еді.

Оның орны­на кел­ген Аида Бала­е­ва биыл ақпан айын­да «Азаттық» тіл­шісінің Думан Мұхам­мед­кәрім тура­лы сұрағы­на: «Қазір соты болып жатыр. Оған ара­ла­са алмай­мыз», – деп жау­ап берген.

«Халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйы­мы Думан Мұхам­мед­кәрім­ді сая­си тұтқын деп есеп­теп, бостан­ды­ққа шыға­руға шақыр­ды» деген «Азаттық» тіл­шісіне: «Мен ол пікір­мен келіс­пей­мін», – деді министр.

Qazaq Times қоғам­дық-сая­си пор­та­лы­ның бас редак­то­ры Қой­шы­бек Мүба­рак ешқан­дай өзгеріс сезбе­генін айт­ты. Ол елде сөз еркін­ді­гінің аясы жыл өткен сай­ын тары­лып бара­ды деп есептейді.

– Медиа сала­сы кері кетіп бара жатыр деп сана­уға бола­ды. Биыл жур­на­лист Думан Мұхам­мед­кәрім сот­тал­ды. Әйгерім Тіле­ужан түр­ме­де отыр. Қуда­ла­нып жатқан бел­сен­ділер­дің сот­та­рын сау­сақ­пен санар­лық қана БАҚ көр­сетіп, жазып жатыр. Қазір сая­си жур­на­ли­сти­ка­мен айна­лы­су өте қиын. Оған Думан Мұхам­мед­кәрім­нің жағ­дайы дәлел. Біз оның сотын басы­нан аяғы­на дей­ін бақы­ла­дық. Сөзіне жасалған сарап­та­ма қоры­тындыс­ы­на дей­ін көр­дік. Біздің елде егер сая­си жур­на­ли­сти­ка­мен айна­лы­сып, сызып бер­ген қызыл сызы­қтан асып кететін бол­саң, жағ­дай­ың қиын бола­ды. Менің­ше, елде­гі жағ­дай «баяғы жар­тас – сол жар­тас» күй­ін­де. Ешқан­дай өзгеріс ныша­ны да бай­қал­май­ды, – деді Қой­шы­бек Мүбарак.

Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва­ның халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың баға­ла­у­ы­на қар­сы өз уәжі бар. Министр Қаза­қстан­да бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның дамуы­на бар­лық жағ­дай жасалған деп есептейді.

– Рей­тинг­тер әртүр­лі бола­ды. Оны баға­лау да әртүр­лі бола­ды. Қай жер­де шек­теу бар. Шынайы қарай­ы­қ­шы. Не қала­са, соны жазып жүр. Кей­де тіп­ті асы­ра сынап кетіп жатыр. Мен мұн­да ешқан­дай шек­теу көріп тұрған жоқ­пын, – деді Аида Бала­е­ва қара­ша айын­да жур­на­ли­стер алдын­да сөй­ле­ген сөзін­де. Есдәу­лет ҚОЖЕКЕНОВ

Республиканский еженедельник онлайн