Четверг , 3 июля 2025

«Сбер» аферасынан» – ОРТАҚ ВАЛЮТАҒА?

«Бұл қатер­лі жағ­дай қаза­қстан­дық банк­тер­дің ақша-несие сая­са­ты­ның өзге­руіне әке­леді. Қара­пай­ым халы­ққа несие беру пай­ы­зы өседі, қай­та­ры­луын ауыр­ла­та­ды. Дағ­да­рыс терең­дей­ді, мұнан соң Қаза­қстан Ресей­мен ортақ валю­та аймағы­на бірі­гу­ге мәж­бүр бола­ды. Назар­ба­ев­тың арма­ны орын­да­ла­ды. Оның бұған дей­ін­гі «ортақ валю­та­лы кеңістік құру керек» деп жүр­ген эко­но­ми­ка­лық одағы – осы.

Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрінің ресми сай­тын­да елдің цифр­лық ақпа­рат­тық жүй­есін Ресей­ге беру себебін былай түсін­діреді: «Құжат Қаза­қстан­да GovTech цифр­лық плат­фор­ма­сын енгі­зу, деректер­ді тал­дау және жасан­ды зер­де бой­ын­ша прак­ти­ка­лар­ды қол­да­на оты­рып, мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың реин­жи­ни­рин­гі және цифр­лық транс­фор­ма­ци­я­лау бой­ын­ша ынты­мақ­та­сты­қты дамы­ту­дың негіз­гі тәсіл­дерін көз­дей­ді. Цифр­лық архи­тек­ту­ра­ның плат­фор­ма­лық моделі халы­ққа мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­тудің жыл­дам­ды­ғы мен тиім­ділі­гін арт­ты­руға жол ашады».

Бұл қаза­қстан­дық билік­тің халы­қты алдарқа­ту­дағы әдет­те­гі қитұрқы ама­лы және бұған ила­нуға бол­май­ды. Бұл – аса қауіп­ті ҒАСЫР ҚЫЛМЫСЫ. Жария бол­мауға, сақта­луға тиіс бар­лық мем­ле­кет­тік құпи­я­мы­зды дұшпанға ашып тастау деген сөз. Мем­ле­кет­ті­гі­міздің қауіп­сізді­гін шай­қал­ту. Әлдекім­дер­дің біле тұра, мақ­сат­ты түр­де жүр­гізіп оты­рған саясаты.

Осы­дан кей­ін халқы­мыз өзге­ге бодан бол­ма­сы­на кім кепіл? Қаза­ғым айтқан: «Күш қол­дан­бай, еш қару­сыз, тымақ­пен ұрып алды» деген­нің кері келей­ін деп тұрған жоқ па? Қауіп­сізді­гін, елінің тәу­ел­сізді­гін ойлаған есі дұрыс бір­де-бір мемел­кет мұн­дай­ға бармайды.

Біз мына­ны да еске­руі­міз керек. Кей­бір деректер бой­ын­ша, ресей­лік «СБЕР» про­грам­ма­сын бір рет­тік сатып алуға 300 млн дол­лар кете­ді екен. Ал жыл сай­ы­нғы қыз­мет көр­се­ту жар­на­сы­ның құны – 60 млн дол­лар. «Қаза­қстан үшін 15 жыл­да 1 млрд 200 млн дол­лар­дан асып кете­ді» дей­ді эко­но­мист-сарап­шы­лар. Баға­ның тұрақ­сызды­ғын қай­да қоя­мыз? Ал ертең Ресей оның құнын жыл сай­ын көтеріп оты­рар бол­са, Қаза­қстан­ды мұр­ны­нан сүй­реп жүріп, шығы­нға баты­ра­ры­на күма­ны­ңыз болмасын.

Бұл Қаза­қстан­ды эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тонау, ноқта­лап ұстап оты­ру және түп­кілік­ті тәу­ел­ді ету. «СБЕР»-дің ГОСТЕХ бағ­дар­ла­ма­сы қабыл­да­нар бол­са, Ресей­дің емес, керісін­ше, қаза­қстан­дық 15 мыңға жуық ІТ маман­да­ры жұмыс­сыз қалуы әбден мүм­кін екен. Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық жүй­есін Ресей­ге өткі­зу – мем­ле­кет­тік қыл­мыс, ОТАНДЫ САТУ! Бұл баста­ма­ны көтер­ген­дер заң­мен қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы тиіс, өйт­кені заң солай дей­ді!!! Мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гі мен эко­но­ми­ка­лық кор­руп­ци­я­мен күре­седі деген орган ҰҚК-ті және ҚР бас про­ку­ро­ры бұған жедел назар аударға­ны жөн!

Қызметінің тиім­ділі­гі іс жүзін­де дәлел­ден­бе­ген, әлем­дік ақпа­рат кеңісті­гін­де бей­мәлім «СБЕР» ком­па­ни­я­сы­на өтудің тәу­е­кел қау­пі өте жоға­ры. Маман­дар сөзіне сүй­ен­сек: «СБЕР» ком­па­ни­я­сы­ның IT жүй­есі өте төмен­гі дең­гей­де екенін бүкіл әлем біліп отыр. Егер «СБЕР» акци­о­нер­лерінің құра­мын­да таны­мал сая­си фигу­ра­лар бол­са, оған таңқал­май­мын. Отан­дық IT маман­да­ры бұл бағ­дар­ла­ма­ны жасай ала­ды. Тіп­ті талқы­лау да болған. Сырт­тан біре­удің басқарға­ны­нан гөрі жүй­енің отан­дық болға­ны жақ­сы», – дей­ді тәжіри­белі IT мама­ны Самат Қазкенов.

2020 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша, Қаза­қстан элек­трон­дық үкі­мет­тің даму дең­гейі бой­ын­ша БҰҰ рей­тин­гін­де 193 елдің ішін­де 29-орын­ды иеленіп, онлайн-қыз­мет сапа­сы индексі бой­ын­ша 11-орын­да тұр­са, Ресей бұл рей­тинг­те 36-орын­да тұр. Қаза­қстан­ның IT қауым­да­сты­ғы өкіл­дерінің айтуын­ша, Қаза­қстан ТМД елдері ара­сын­да көш­бас­шы бола оты­рып, eGov-тың әлем­де­гі ең үздік 15%-на кіреді екен. Олай бол­са, біз Ресей­ге бай­лан­бай, бұған дей­ін де өзі­міз­де бар ақпа­рат­тық жүй­е­мізді қалып­тасқан дәстүр­лі қаза­қстан­дық жол­мен дамы­та бер­гені­міз дұрыс.

Әдет­те мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің пай­да болуы – оның ішкі қар­жы ресур­ста­ры­на деген сұра­ны­сы­ның артуы­мен, игерілуі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Егер «Цифр­лы Қаза­қстан» бағ­дар­ла­ма­сы ресей­лік «Сбер­банк» құзы­ры­на берілетін бол­са, халы­қтың күн­делік­ті төлем­дерінің бір бөлі­гі (көр­сет­кен қыз­меті үшін) Ресей бюд­жетіне ауда­ры­ла­тын бола­ды. Қаза­қстан халқы­на тиесілі мил­ли­ард­тар, ішкі бюд­жет қар­жы­сы Ресей инфрақұры­лы­мы­на инве­сти­ция болып құй­ы­ла­ды. Бұл халы­қты қып-қызыл тонау, ел бюд­жетін өзге елдің пай­да­сы­на негіз­сіз шығын­дау деген сөз. Ресей әлем мем­ле­кет­терінің қар­жы­лық санк­ци­я­сы­на ұшы­раған ел екенін ескер­сек, жыр­ты­ғын жамап, тесі­гін тол­ты­ру үшін, жыл сай­ын бұл баға­ны есе­леп көтеріп оты­ра­ды, қаза­қ­ша айтқан­да, қыз­метін қымбаттатады.

«Сбер­банк» төлем­дер­ді жүзе­ге асы­ру­дың теті­гін қам­та­ма­сыз еткені­мен, енді­гі жер­де Қаза­қстан тұты­ну­шы­ла­ры­ның ақша түсі­мін және жұм­са­луын, бүкіл цифр­лан­ды­ру инфрақұры­лы­мы­ның кірісі мен шығы­сын бақы­ла­уды да өз қолы­на ала­ды. Қаза­қстан­ның бюд­жет­тік «кірісінің» ең қомақты бөлі­гі – салы­қтық түсім­дер, капи­тал­ды айна­лы­мға қосу­дан түсетін табыст­ар мен грант­тар да «СБЕР» мен­ші­гіне өтіп, Ресей пай­да­сы­на жұмыс жасай­тын бола­ды. Бұл онсыз да қалт-құлт етіп оты­рған Қаза­қстан­ды бір­те-бір­те бюд­жет тап­шы­лы­ғы­на әке­леді. Ал бюд­жет тап­шы­лы­ғы – шығы­стар кірі­стен асқан кез­де пай­да бола­ды. Эко­но­ми­ка ғылы­мын­да бюд­жет тап­шы­лы­ғын туды­ра­тын негіз­гі фак­тор­лар­дың біріне «күт­пе­ген оқиға­лар мен мем­ле­кет­тің ойсыз сая­са­ты» жата­ты­ны анық көрсетілген.

Уақыт өте келе ресей­лік «СБЕР»-дің қана­уы­на шыдас бере алма­сын сезген үкі­мет елде­гі қалып­тасқан бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабу үшін, рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті бюд­жет­тен тіп­ті Ұлт­тық қор­дан да қосым­ша мил­ли­ард­тар шығын­дай бастай­ды. Ал ол шығын өз кезе­гін­де ЖІӨ (жал­пы ішкі өнім) көле­мінің аза­юы­на, ішкі нары­қтағы баға дең­гей­інің үздіксіз өсуіне, ұлт­тық валю­та­мыз тең­генің құн­сызда­нуы­на, гипе­рин­фля­ци­яға әке­луі мүм­кін. Бұл қатер­лі жағ­дай қаза­қстан­дық банк­тер­дің ақша-несие сая­са­ты­ның өзге­руіне әке­леді. Қара­пай­ым халы­ққа несие беру пай­ы­зы өседі, қай­та­ры­луын ауыр­ла­та­ды. Дағ­да­рыс терең­дей­ді, мұнан соң Қаза­қстан Ресей­мен ортақ валю­та аймағы­на бірі­гу­ге мәж­бүр бола­ды. Назар­ба­ев­тың арма­ны орын­да­ла­ды. Оның бұған дей­ін­гі «ортақ валю­та­лы кеңістік құру керек» деп жүр­ген эко­но­ми­ка­лық одағы – осы. Бұл оның кезең-кезең­мен жүзе­ге асы­рып келе жатқан жос­пар­лы сая­са­ты. Осы жер­де Назар­ба­ев – елдің сая­си, стра­те­ги­я­лық дамуын көр­се­тетін бағыт­та­у­шы­сы, ал Тоқа­ев – өзін оның айтқа­нын орын­да­у­шы мебелі екенін тағы дәлел­деді. Жири­нов­ский, Нико­нов секіл­ді тағы басқа иван­дар­дың айтып жүр­генін­дей, Ресей­дің губер­ни­я­сы­на айна­луға тағы бір алғы­шарт жасалды.

Қалай болған­да да, билік мұны бел­ден бас­са да, келісім­ді өткізу­ге тыры­са­ды және олар кез кел­ген қар­сы пікір­ді адам түсін­бей­тін­дей қылып айнал­ды­ра­ды, ақта­ла­ды. Билік­тікін дұры­стап, қар­сы­лар­ды бұры­стап, өткізу­ге тыры­сып бағады.

Алдағы 2022 жыл­дың наурыз айын­да бұл келісім күшіне енеді. Біз бұған жібер­ме­уі­міз керек! Қаза­қстан­ды­қтар елі­міздің ақпа­рат­тық жүй­есінің Ресей­дің «СБЕР» цифр­лық плат­фор­ма­сы­на берілуіне қар­сы!!! Үнсіз жата бер­мей, өзек­ті мәсе­ле­ге бар­лық өңір­де­гі өкілет­ті билік мәс­ли­хат депу­тат­та­ры, қоғам­дық ұйым­дар, сая­си пар­ти­я­лар, қоғам бел­сен­ділері назар аударған­да­ры дұрыс бола­ды. Біз үшін тәу­ел­сізді­гі­міз бәрі­нен қымбат!

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн