Понедельник , 30 июня 2025

Сбывается аренда ЗЕМЛИ НА 49 ЛЕТ?

За и против

·       «Қазақстандықтар ауыл шаруашылығына тиісті жерлерді 49 жылға арендаға ала алады» деп мәлімдеді кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров.

ҚазТАГ таратқан осы орайдағы хабардың қаз-қалпындағы нұсқасы мынадай:

 «Основ­ны­ми изме­не­ни­я­ми и допол­не­ни­я­ми зако­но­про­ек­та явля­ют­ся предо­став­ле­ние казах­стан­цам и казах­стан­ским юрли­цам земель сель­хоз­на­зна­че­ния в дол­го­сроч­ную арен­ду сро­ком до 49 лет, с при­о­ри­тет­ным пра­вом про­лон­га­ции арен­ды на новый срок при ее исте­че­нии. Отчуж­де­ние пра­ва зем­ле­поль­зо­ва­ния на зем­ли сель­хоз­на­зна­че­ния меж­ду зем­ле­поль­зо­ва­те­ля­ми без выку­па у госу­дар­ства. При этом обя­за­тель­ным усло­ви­ем будет срок их исполь­зо­ва­ния не менее пяти лет, а так­же уве­дом­ле­ние упол­но­мо­чен­но­го орга­на по земель­ным отно­ше­ни­ям», – ска­зал Сапа­ров в ходе пле­нар­но­го засе­да­ния в среду.

Так­же, по его сло­вам, зако­но­про­ек­том преду­смот­ре­но уточ­не­ние норм по уста­нов­ле­нию сро­ка обжа­ло­ва­ния про­то­коль­но­го реше­ния земель­ной комис­сии. Опре­де­ле­ние тер­ри­то­рий паст­бищ­ных уго­дий, необ­хо­ди­мых для удо­вле­тво­ре­ния нужд насе­ле­ния для выпа­са сель­хоз­жи­вот­ных лич­но­го подво­рья, в зави­си­мо­сти от мест­ных усло­вий и осо­бен­но­стей, с обо­зна­че­ни­ем их в плане по управ­ле­нию паст­би­ща­ми. Про­дле­ние сро­ка дей­ствия мора­то­рия на предо­став­ле­ние в част­ную соб­ствен­ность земель сель­хоз­на­зна­че­ния сро­ком до 31 декаб­ря 2026 года.

КазТАГ

Қар­сы­мын 49 жыл­да КІМ БАР, КІМ ЖОҚ?

Көп адам­ның ойын­ша, жер­ді 49 жылға беру – тым ұзақ мерзім. Сөздің жаны бар.

Ал енді мынаған қараңы­здар. Сол 49 жыл өткен­нен кей­ін, фер­мер неме­се оның мұра­гер­лері әкім­дік­ке жай ғана арыз жазып, сол жал­ды тағы 49 жылға авто­мат­ты түр­де ұзар­та ала­ды! Ешқан­дай жаңа кон­курс бол­май­ды деп жатыр. Сон­да мұн­дай мәң­гілік жал­дың жеке мен­шік­тен не айыр­ма­шы­лы­ғы бар?

Олай бола­тын бол­са, заңға ашық жаз­бай­мыз ба: бүгін­гі жер пай­да­ла­ну­шы­лар жер­ге мәң­гілік ие бола­ды, басқа­ларға жер қол жетім­сіз қала береді деп?

Жұмыс­шы тобын­да қазір бұн­дай пікір­та­лас болып жатыр. Менің­ше, бұл нағыз бассыздық.

Мұх­тар ТАЙЖАН

АЛМАТЫДА ӨРІП ЖҮРГЕН патрульге тағы да 33 авто қосылады

  • Алма­ты поли­ци­я­сы 33 жеңіл көлік сатып алуға 240 млн тең­ге­ден астам қара­жат жұм­са­уға дай­ын­да­лып жатыр, деп хабар­лай­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Тап­сы­рыс беру­ші – ҚР Ішкі істер мини­стр­лі­гі Алма­ты қала­сы­ның поли­ция депар­та­мен­ті; ата­уы – авто­мо­биль; қосым­ша сипатта­ма­сы – жеңіл авто­мо­биль; бір көлік­тің баға­сы – 6,99 млн тең­ге; саны – 33; жос­пар­лы сома­сы – Т216,69 млн», – деп жазы­лған Мем­ле­кет­тік сатып алу пор­та­лы­на орна­ла­сты­ры­лған лот­тың сипаттамасында.

Соны­мен бір­ге пор­тал­да тағы бір лот орна­ла­сты­ры­лып, әрқай­сысы 11,745 мил­ли­он тең­ге бола­тын (жиы­ны – Т23,49 млн) екі жеңіл көлік сатып алу көз­дел­ген. Біре­уі 27,5 мың дол­лар тұра­тын бұл седан кузо­вты көлік­тер поли­ци­яға не үшін керек? Шама­сы, қым­бат баға­лы бұл екі авто­ны поли­ция бас­шы­ла­ры­на арнап сатып алу көз­дел­се керек.

«Бір қызығы­ – екі қым­бат көлік­тің тех­ни­ка­лық сипатта­ма­сын­да есік­тің тұтқа­ла­ры, сон­дай-ақ артқы көрініс айна­ла­ры­ның кор­пу­ста­ры дененің түсіне боя­луы керек деген талап көр­сетіл­ген» деп жаза­ды Қаз­ТАГ. Әлбет­те, сатып алу лоты­на қаты­са­тын биз­нес ком­па­ни­я­лар «дененің түсі» түгілі, құстың сүтіне боя­са да, ондай талап­ты орын­да­уы әбден мүм­кін. Бірақ Алма­ты қала­сы поли­ци­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­на айна­ның дене түсіне боя­луы қан­дай қажет­тілік­тен туға­ны беймағлұм.

ДАТ-ақпа­рат

 

«ДВК» МЕН «КӨШЕНІ» қолдаушылар сотталды

  • Сурет­те сол­дан оңға қарай: Ерлан Фай­зул­ла­ев, Нұр­жан Әбіл­да­ев және Жан­мұрат Ашта­ев сот үкі­міне нара­зы­лық біл­діріп тұр. 

1 мау­сым­да Шым­кент­тің Қара­тау аудан­дық соты «тый­ым салы­нған ұйым­ның қыз­метіне ара­ла­сты» («ДВК» қозға­лы­сы мен «Көше» пар­ти­я­сы) деп айып­талған аза­мат­тық бел­сен­ділер Жан­мұрат Ашта­ев­тың бостан­ды­ғын – 2 жылға, Ерлан Фай­зул­ла­ев пен Нұр­жан Әбіл­да­ев­тың әрқай­сысы­ның бостан­ды­ғын 1 жыл 6 айға шек­те­ді. Сот­та­лушы­лар тағы­лған айып­пен келіс­пей­тінін, апел­ля­ци­я­лық шағым түсіретінін айтты.

Сот бұған қоса, үш бел­сен­ді­ге үш жыл қоғам­дық-сая­си қыз­мет­пен айна­лы­суы­на тый­ым салып, жылы­на 100 сағат қоғам­дық жұмыс істе­у­ге мін­дет­те­ді. Судья бел­сен­ділер­дің кінәсі толық дәлел­ден­генін айтты.

Судья үкім оқып тұрған­да, Жан­мұрат Ашта­ев Кон­сти­ту­ци­я­ны алып, оған «жоқ» деген бел­гі қой­ып, көтеріп ұстап тұр­ды. Ал Нұр­жан Әбіл­да­ев­тың қолын­да Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың суреті басы­лған газет пен «Қаза­қстан­да сот әділет­сіз» деген жазуы бар қағаз болды.

Бел­сен­ділер тағы­лған айып­тар­мен келіс­пе­ді. Олар істің сая­си­ланға­нын, өздерінің «сая­си көзқа­ра­сы­на бола жаза­ла­нып оты­рға­нын» айтты.

Про­ку­рор­дың айып­тау актісін­де Ашта­ев, Фай­зул­ла­ев, Әбіл­да­ев 2020 жылы 19 қазан­да Фай­зул­ла­ев­тың Facebook парақ­ша­сы­нан тіке­лей эфир­ге шығып, Нұр-Сұл­тан соты экс­тре­ми­стік ұйым деп тауып, жұмысы­на тый­ым салған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» және «Көше пар­ти­я­сын» жақтап, олар­дың жұмысы­на араласқан.

Нұр­жан Әбіл­да­ев, Жан­мұрат Ашта­ев пен Ерлан Фай­зул­ла­ев бұған дей­ін «Жер­ді сатуға қар­сы шығып», «Сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап еткен», «Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы» нара­зы­лық шара­ла­ры­на қаты­сқан. Сол үшін бір­не­ше рет әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лып, қамалған.

Azattyq.org

Желі­де­гі жазба

ПЕНТАГОН КРЕМЛЬДІ ойбай­ла­тып жатыр…

Мәс­кеу жақтан ойбай­лаған, ұлы­ған, дауы­стап жылаған дауы­стар естіліп қал­ды. Сөйт­сек… Бай­ден АҚШ-тың 2022 жылға арналған бюд­жетінің жоба­сын ұсы­нып­ты. Бұл бюд­жет бұрын-соң­ды бол­маған рекорд­тық бюд­жет екен – 6 трлн дол­лар! Енді осы­ның Пен­та­гонға бөлін­ген ақша­сын қарайық.

Әске­ри салаға $753 млрд (Қаза­қстан­ның 10 жыл­дық бюд­жетіне пара-пар сома – Ред.) бөлін­гелі отыр, бұл Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс зама­ны­нан бер­гі бөлініп оты­рған аса ірі, рекорд­тық қара­жат екен. Соны­мен, Пен­та­гон­ның инве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­сы­на мына­дай қар­жы бөлі­нетін болыпты:

  • Ядро­лық күш­тер­ді модер­ни­за­ци­я­ла­у­ға – $27,7 млрд;
  • Зымы­ранға қар­сы қорға­ныс систе­ма­сы­на – $20,4 млрд;
  • Алы­сқа ата­тын (жою аймағы ради­у­сы 100 км-ден астам) артил­ле­рия жүй­есін жаса­уға – $6,6 млрд;
  • ӘӘК жой­ғы­шты­ғын арт­ты­руға – $52,4 млрд және ӘТК – $34,6 млрд; 
  • Кибе­ро­пе­ра­ци­я­ларға – $10 млрд-тан астам;
  • $112 млрд әске­ри зерт­те­улер мен дай­ын­да­у­ларға арналған; 
  • Стра­те­ги­я­лық көз­ге түс­пес бом­ба­ла­у­шы B‑21 «Raider» ұшақта­ры­на – $3 млрд; 
  • «Колум­бия» бал­ли­сти­ка­лық зымы­ран­да­ры бар сүң­гуір суб­ма­рин­дер­ге – $5 млрд;
  • LRSO алы­сқа ата­тын зымы­ран­дарға – $609 млн; 
  • AEGIS BMD теңіздік база­дағы зымы­ранға қар­сы қорға­ныс жүй­е­леріне – $1 млрд; 
  • Раке­та­ны қағып алу жүй­есінің жаңа үлгісіне – $1,7 млрд; 
  • 85 «F‑35» жой­ғыш ұшағы­на -– $12 млрд; 
  • 14 «KC-46» Pegasus жанар­май­та­сы­ғыш ұшағы­на – $2,5 млрд; 
  • 30 «AH-64E Apache» тікұ­шағы­на – $825 млн; 
  • Салы­нып жатқан «Жеральд Р. Форд» авиа­та­сы­ғы­шы­на –$2,9 млрд; 
  • Екі атом «“Вир­жи­ния» суб­ма­риніне – $6,9 млрд; 
  • «Арли Берк» раке­та­лық эсмин­ціне – $2,4 млрд.
  • Бар­лық әске­ри­лер­ге жалақы­сын 2,7%-ге көтеруге.

Мұның бәрі Қытай мен Ресей­дің әске­ри қорқы­ту­ла­ры­на қар­сы әре­кет­тер, өйт­кені Қорға­ныс мини­стрі Остин­нің айтуы бой­ын­ша, басты қауіп осы екі елден келеді. Бұған Ресей­дің реак­ци­я­сы қан­дай екенін жоға­ры­да айттық.

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн