Вторник , 1 июля 2025

Света Айтбаева: ДИМАШТЫ ДАТТАУӨРЕСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Қанат пен Све­та Айт­ба­ев­тар «Қарақат­пен шай» бағ­дар­ла­ма­сы­на келіп, ұлы­на теріс пікір біл­дір­ген адам­дарға деген көзқа­ра­сын айт­ты, деп хабар­лай­ды Nur.kz.

Бағ­дар­ла­ма­ны жүр­гі­зу­ші Қарақат Әбіл­ди­на Дима­штың ата-ана­сы­на: «Дүние жүзі мой­ын­дап жатқан Дима­шты кезін­де өнер­де­гі аға­ла­ры сынға алға­ны бар. «Шыңғы­рып ән айту өнер емес» деп пікір біл­дір­ген. Сол аға­лар­дың сөз­дерін сіз­дер қалай қабыл­да­ды­ңы­здар? Димаш қалай қабыл­да­ды? Ол кісілер­мен ара­ла­ры­ңыз жақ­сы ма?» – деп сау­ал қойған.

«Жал­пы, біреу тура­лы айтқан сіздің пікіріңіз ол адам­ның қан­дай адам екенін емес, сіздің дең­гей­іңізді айқын­дай­ды», – деп­ті Қанат Айтбаев.

Ал Све­та Айт­ба­е­ва­ның айтуын­ша, сол сәт­те Дима­шқа сау­ат­ты пікір айта­тын маман бол­маған. «Мен жүре­гі­ме жақын алған жоқ­пын. Егер сол жер­де Дима­штың дауы­сы­на, диа­па­зо­ны­на, дауыс аппа­ра­ты­на қаты­сты сау­ат­ты пікір айта­тын адам бол­са, алғы­стан басқа айта­ры­мыз бол­мас еді. Егер вокал­дың май­ын ішкен мықты вока­лист мұғалім бол­са, әнші бол­са, Бибі­гүл апа­мыз секіл­ді таза шебер­лер пікір айтып, ескер­ту жаса­са, біз қоры­ққан болар едік. Вокал­дан, ән айту­дан, тіп­ті дыбыс резо­на­то­ры­ның қан­дай екені­нен хаба­ры жоқ, білі­мі жоқ адам­дар­дың айтқа­ны онша қорқы­ны­шты емес», – деп­ті Дима­штың анасы.

Nur.kz

Республиканский еженедельник онлайн