Пятница , 26 сентября 2025

СЕНАТ ҚЫСҚАРҒАНМЕН, ПАРЛАМЕНТ КҮШЕЙМЕЙДІ

8 қыр­күй­ек күн­гі Жол­да­уын­да мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев Сенат­ты қысқар­тып, бір пала­та­лы пар­ла­мент жүй­есіне көшу баста­ма­сын көтер­ді. Пре­зи­дент 2027 жылы пар­ла­мент­тік рефор­ма жөнін­де жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум өткізіп, Кон­сти­ту­ци­яға тиісті өзгерістер енгі­зуді ұсынды.

Бірақ бір пала­та­лы пар­ла­мент жүй­есіне көшу Қаза­қстан үшін жаңа­лық емес. Осы тұста кей­ін­гі отыз жыл­да Қаза­қстан пар­ла­мен­ті қалай өзгер­ді? Жоғарғы Кеңес қалай қос пала­та­лы пар­ла­мент­ке айнал­ды? деген сау­ал­дарға жау­ап іздеп, басты заң шыға­ру­шы орган­ның өткені мен бүгініне тоқта­лып көрейік.

Жоғарғы Кеңе­сті тара­тып, билі­гін күшейт­кен Назарбаев

Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған 1991 жылы бір жыл бұрын сай­ланған, құра­мын­да 360 депу­та­ты бар Жоғарғы Кеңес жұмыс істеп тұр­ды. Бұл Жоғарғы Кеңе­сті бел­гілі сая­сат­кер Серік­бол­сын Әбділ­дин басқар­ды. Алға­шқы Кон­сти­ту­ци­я­ны 1993 жылы дәл осы Жоғарғы Кеңес депу­тат­та­ры қабыл­да­ды. Сарап­шы­лар бұл Кон­сти­ту­ци­я­ны пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік басқа­ру­ды көз­де­ген Кон­сти­ту­ция деп атай­ды. Қаза­қстан­ның еге­мен­ді­гі мен тәу­ел­сізді­гі тура­лы декла­ра­ци­я­ны жари­я­лаған да – осы Жоғарғы Кеңес депу­тат­та­ры болатын. 

1994 жылы елде алғаш рет Жоғарғы Кеңес сай­ла­уы өтті. Мұн­да пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция үлкен күш­ке ие бол­ды. Кон­сти­ту­ци­я­лық сот бұл Жоғарғы Кеңе­сті бір жыл­дан соң «заң­сыз сай­лан­ды» деп тара­тып жібер­ді. Сая­си сарап­шы­лар Қаза­қстан осы кез­ден бастап авто­кра­ти­я­лық жолға түсті деп жиі айтады.

1995 жыл­дың наурыз-жел­тоқ­сан айла­ры ара­лы­ғын­да елде он ай бойы пар­ла­мент жұмыс істе­меді. Заң шыға­ру құзы­ретін пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзі атқар­ды. Өзінің ыңғай­ы­на келетін Кон­сти­ту­ция қабыл­да­ды. Осы­дан кей­ін Сенат пен Мәжілі­стен тұра­тын екі пала­та­лы пар­ла­мент жасақтал­ды. Пре­зи­дент­тің құзы­реті күшей­іп, пар­ла­мент­тің ықпа­лы кеміді.

«Екін­ші шақы­ры­лған Жоғарғы Кеңе­сті елба­сы жой­ып, өзіне билік­ті жеке мен­ші­гі сияқты қылып алды. Демо­кра­ти­я­ның орны­на қазір авто­кра­тия кел­ді. Авто­кра­тия, тота­ли­та­ризм деген ұғым­дар­дың сер­піні бой­ын­ша, оппо­зи­ци­яға күн жоқ. Біздің өзі­міз ара­сын­да жүріп көр­гені­міз, жал­пы біздің елба­сы­ның (экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев) ұғы­мы бой­ын­ша, өзін оппо­зи­ци­я­мын деп айтқан ғана емес, тіп­ті басқа­ша ойла­са да, ол өзіне қар­сы деп есеп­тей­ді. Өзіне қар­сы болған­ды­қтан, оны жоюға, құр­туға, тізе бүк­тіру­ге әре­кет істей­ді. Оған бүкіл елі­міздің, мем­ле­кеті­міздің басқа­ру жүй­есі жұмыс істеп отыр», – деді 2013 жылы сұх­бат­та­ры­ның бірін­де Жоғарғы Кеңе­стің тара­ты­луын есіне алған оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Серік­бол­сын Әбділдин.

Ол Назар­ба­ев қабыл­даған Кон­сти­ту­ци­я­ны «тек қана пре­зи­дент билі­гіне арналған кон­сти­ту­ция» деп атады.

Жоғарғы Кеңес пен Мәжілі­сте депу­тат болған сая­сат­кер Серік Әбдірах­ма­нов Жоға­ры Кеңе­стің тара­ты­лып, қос пала­та­лы пар­ла­мент­тің жасақта­луын сол кез­де­гі пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың төңіре­гін­де­гі жемқор­лық дауы­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Оның сөзін­ше, Назар­ба­ев Жоғарғы Кеңе­сті тара­тып, өзіне ыңғай­лы пар­ла­мент жасақта­уды мақ­сат тұтқан.

«1994 жылы сай­ланған Жоғарғы Кеңес­ке Бақы­лау пала­та­сы қара­ды. Біз сол кез­де Бақы­лау пала­та­сы, депу­тат­тар мына жеке­ше­лен­ді­ру­лер қалай өтті, соны тек­серіп, Назар­ба­ев бастаған билік­тің талай ұрлы­қта­рын аша баста­дық. Том­даған мате­ри­ал­дар, біл­діңіз бе? Бұлар деген енді жан­та­ла­сып, қоры­ққан­нан әйте­уір ама­лын тауып, Татья­на Квят­ков­ская деген сай­ла­уда өте алмай қалған біре­удің ары­зын қабыл­дап, оны Жоға­ры Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа түсіріп, Бай­ма­ха­нов деген ака­де­мик аға­мы­зды қыспаққа алып, Кон­сти­ту­ци­я­лық сот мүше­лерін қысып, ХІІІ шақы­ры­лым­дағы Жоғарғы Кеңес заң­сыз сай­лан­ды деп, айла­сын тауып, бізді тағы да тара­тып жібер­ді», – дей­ді ол.

Назар­ба­ев өзінің 2023 жылы шыққан «Менің өмірім» атты кіта­бын­да Жоғарғы Кеңе­стің тара­ты­луы мен жаңа пар­ла­мент­ке қажет­тілік­ті өз тұрғы­сы­нан түсін­дір­ді. Ол сол уақыт­та іс жүзін­де елдің пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік рес­пуб­ли­каға айналға­нын мой­ын­дай­ды және сол кез­дері Ресей­де болып жатқан сая­си дағ­да­ры­сқа мең­зеп, Жоғарғы Кеңес елде­гі тұрақты­лы­ққа қауіп төн­дір­ді дейді.

«Бұл ара­дағы негіз­гі мәсе­ле тілалғыш пар­ла­мент­ке қол жет­кі­зу­де неме­се жет­кі­зе алмауда емес. Мәсе­ленің басты мәнісі – ел дамуы­ның сол белесін­де Қаза­қстан­ның мүд­десі үшін бәрі­нен бұрын күшті пре­зи­дент­тік билік қажет екенін­де еді», – деп жаз­ды Назар­ба­ев кітабында.

Назар­ба­ев­шыл парламент

1999 жылы Пар­ла­мент сай­ла­уы ара­лас жүй­е­мен өтті. Ман­дат­тың көбін Назар­ба­ев­тың «Отан» пар­ти­я­сы алды. Жоға­ры билік­ті ашық сынай­тын бір­ді-екілі депу­тат қана Пар­ла­мент­ке өтті.

2004 жылғы сай­ла­у­ға да кан­ди­дат­тар ара­лас жүйе бой­ын­ша қаты­сты. Пар­ла­мент­ке түгел­дей дер­лік билік­шіл пар­ти­я­лар мен депу­тат­тар жинал­ды. 2007 жылғы сай­ла­уда Пар­ла­мент­те­гі бар­лық ман­дат­ты билік­те­гі «НұрО­тан» пар­ти­я­сы алды. Одан кей­ін­гі сай­ла­удың бар­лы­ғы тек пар­ти­я­лық тізім­мен өтті. Пар­ла­мент­те тек билік­шіл пар­ти­я­лар отыр­ды. Бұл сай­ла­у­лар­дың бар­лы­ғын Еуро­па қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы мойындамады.

2019 жылы науры­зда Қаза­қстан­ды отыз жыл биле­ген пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қыз­меті­нен кет­ті. Пар­ла­мент депу­тат­та­ры оны­мен қимай қошта­сты. Өзін пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция санай­тын «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Азат Перу­а­шев көзіне жас алып, елдің сыны­на қалды.

Атын ауы­сты­рған «НұрО­тан» ескі де жаңа сайлау

2022 жылғы қан­ды Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін ара­да бір жыл өткен­де, тағы да кезек­тен тыс Пар­ла­мент сай­ла­уы өтті. Билік ескі де жаңа ара­лас сай­лау жүй­есіне іші­на­ра қай­тып орал­ды. Ол бой­ын­ша Мәжілісте­гі 98 орын­ның 69‑ы пар­ти­я­лық тізім­мен, 29‑ы бір ман­дат­ты округ­тен сай­ла­у­ға түс­кен кан­ди­дат­тарға беріл­ді. Бірақ бұл жолы да ата­уын «Ама­нат» деп өзгерт­кен бұры­нғы «НұрО­тан» пар­ти­я­сы көп­шілік ман­датқа ие бол­ды. Сол уақыт­та Пре­зи­дент Тоқа­ев «бір ман­дат­ты округ­тер­ден депу­тат сай­лау ­– демо­кра­ти­я­ны жаңа дең­гей­ге көте­ру» деп мәлімдеді.

Биы­лғы Жол­да­уын­да Пре­зи­дент Тоқа­ев «егер бір пала­та­лы пар­ла­мент құру қажет деген ортақ шешім­ге кел­сек, ондай пар­ла­мент­ті тек пар­ти­я­лық тізім бой­ын­ша сай­лаған жөн» деді. Пре­зи­дент­тің сөзін­ше, пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға айна­лу мәсе­лесі күн тәр­тібін­де тұрған жоқ. «Күшті пре­зи­дент, ықпал­ды пар­ла­мент, есеп беретін үкі­мет» қағи­да­ты сақталады.

Бұры­нғы Сенат депу­та­ты Уәли­хан Қай­са­ров бір пала­та­лы пар­ла­мент­ке көшуді толы­ққан­ды сая­си рефор­ма деп айтуға кел­мей­ді дей­ді. Оның ойын­ша, Сенат­ты қысқар­тып, Мәжіліс сай­ла­у­ын тек пар­ти­я­лық тізім­мен өткі­зу ешқан­дай өзгеріс­ке алып келмейді.

«Пар­ла­мент депу­тат­та­ры енді тек ғана сая­си пар­ти­я­лар­дан сай­ла­на­тын бола­ды. Бір ман­дат­ты депу­тат­тар бол­май­ды енді, көр­діңіз бе! Кез кел­ген жеке тұлға, өңір­де­гі бол­сын, рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де бол­сын, сая­си тұлға­лар өздерін-өздері Пар­ла­мент­ке ұсы­на алмай­ды. Бұны біз пре­зи­дент­тік лау­а­зым­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, бір­не­ше ада­мға пре­зи­дент­тік додаға түсу­ге тый­ым салы­нған, бөгет жасалған. Былай айтқан­да, Қаза­қстан­да 80–90 мың адам­ның пре­зи­дент­тік додаға түсу­ге құқы­ғы бар. Қалған 20 мил­ли­он қаза­қстан­ды­қтың ондай құқы­ғы жоқ.

Енді Пар­ла­мент­ті ала­тын бол­сақ, дәл сон­дай жағ­дай­ға тіреліп тұр. Тек пар­ти­я­лық тізім арқы­лы ғана адам Пар­ла­мент­ке депу­тат бола ала­ды. Сон­ды­қтан бұл да аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­на шек­теу қою деп айтуға бола­ды. Бір жағы­нан, қоғам­ды алдап кет­кен­дей бола­ды. Міне­кей, Сенат бол­ма­сын, керек емес деп бір­не­ше жыл­дан бері зар­лап жүр­сің­дер, анау-мынау деп. Міне­кей, Сенат­ты алып таста­дық. Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы ешкім бай­қа­май­ды деген оймен айты­лған нәр­се. Сон­ды­қтан бұл өте маңы­зды. Оған аса қуа­на­тын ешнәр­се жоқ. Өйт­кені иә, Сенат жоқ бола­ды. Иә, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның елу пай­ы­зы сая­си пар­ти­я­лар­дан, қалған елу пай­ы­зы жеке тұлға­лар­дан сай­ла­на­тын бол­са, онда иә, бұл демо­кра­ти­я­лық сая­си рефор­ма­лар деп айтуға болар еді. Әзір­ше, өкініш­ке қарай, мен оны айта алмай­мын», – дей­ді Уәли­хан Қайсаров.

Тір­кел­ме­ген пар­тия, істі болған белсенді

Қаза­қстан­да аза­мат­тық қоғам мен оппо­зи­ция өкіл­дері пар­тия тір­ке­у­ге кедер­гі көп екенін айта­ды. Пар­тия құр­мақ болған кей­бір сая­си бел­сен­ділер қазір сот шеші­мі­мен қамауда отыр. Солар­дың бірі – тір­кел­ме­ген оппо­зи­ци­я­лық «Алға, Қаза­қстан» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Марат Жылан­ба­ев. Оған «тый­ым салы­нған ұйым жұмысы­на ара­ла­су» және «экс­тре­ми­стік ұйым­ды қар­жы­лан­ды­ру» бап­та­ры бой­ын­ша айып тағы­лып, 7 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айырылған.

Жылан­ба­ев өзіне тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май­ды, істің сая­си аста­ры бар деп есеп­тей­ді. Құқық қорға­у­шы­лар оны «сая­си тұтқын» деп таны­ған. Ал Қаза­қстан билі­гі елде сая­си тұтқын барын жоққа шығарады.

Пар­ла­мент­ті күшей­те­мін десе, Прези­дент­тің де билі­гін алу керек

Сая­сат­та­ну­шы Толға­най Үмбетә­ли­е­ва Сенат­ты қысқар­тқан­мен, Пар­ла­мент күшей­іп кет­пей­ді деп есеп­тей­ді. Сай­лау тек пар­ти­я­лық тізім­мен өтетін бол­са, онда өзге де сая­си инсти­тут­тарға өзгерістер енгізілуі тиіс дей­ді ол.

«Қазір енді Пар­ла­мент­ті күшей­те­міз десе, Пре­зи­дент­тің де билі­гін кіш­кене алу керек. Мыса­лы, Үкі­мет кім­ге қарай­ды – Пре­зи­дент­ке ме, Пар­ла­мент­ке ме? Про­пор­ци­о­нал­дық жүйе бол­са, пар­ти­я­лар Пар­ла­мент­ке кір­се, онда Үкі­мет Пар­ла­мент­ке қара­уы керек. Сон­да Пре­зи­дент­тің билі­гі кіш­кене аза­яды. Күшті пре­зи­дент, күшті пар­ла­мент және есеп беретін үкі­мет жүй­есіне келеді. Бірақ мен біл­мей­мін, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі не ойлап оты­рға­нын. Қан­дай жүй­е­ге алып келетінін мен біл­мей­мін қазір», – дей­ді ол.

Тоқа­ев­ты қол­даған сенат

Сенат спи­кері Мәу­лен Әшім­ба­ев пен Ulysmedia тіл­дескен депу­тат­тар өздері жұмыс істеп оты­рған орган­ды қысқар­тай­ын деп жат­са да, Пре­зи­дент баста­ма­сын қол­да­ды. Олар отыз жыл­да Сенат өзіне жүк­тел­ген мін­дет­ті абы­рой­мен атқар­ды деп есептейді.

«Бұл енді жал­пы елі­міздің даму үрдістері­мен сәй­кес келетін ұсы­ныс деп бар­лы­ғы­мыз қабыл­дай­мыз. Соны­мен қатар бұл маңы­зды мәсе­лені бір-екі күн­де шеше салуға бол­май­ды. Бір жыл­дай уақыт керек, маман­дар, сарап­шы­лар, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры бұны талқы­лап, өз ұсы­ны­ста­рын ортаға салып, бір ортақ пікір­ге келіп жат­са, әрі қарай 2027 жылы рефе­рен­дум ұйым­да­сты­ры­ла­тын бола­ды. Сол кез­де халқы­мыз қалай шешеді, әрі қарай тиісті заң­на­ма­лық өзгерістер бола­тын бола­ды», – деді Мәу­лен Әшімбаев.

«Қазір­гі кез­де бірік­кен кәсі­би пар­ла­мент құрыл­са, ол жаман бол­мас еді деген – халы­қтың ара­сын­да жүр­ген әңгі­ме. Соны құп­тап, рефе­рен­ду­мға шығар­сақ, қалай қарай­сыздар деген ұсы­ныс енгізді. Оны біз құп­тай­мыз. Кәсі­би маман­дар бар­лық жер­де керек. Мен өзім­ді кәсі­би маман­мын деп санай­мын. Қырық жыл­дай еңбек өтілім бар. Сон­ды­қтан жұмыс табы­ла­ды. Екі қолға бір күрек», – дей­ді Сенат депу­та­ты Аман­гел­ді Нұғыманов.

«Зей­нет­кер­лер клу­бы» және сынға қалған парламент

30 жыл жұмыс істе­ген Пар­ла­мент Сена­тын ел ішін­де «Зей­нет­кер­лер клу­бы» деп те атай­ды. Оған себеп те жоқ емес. Әр жыл­да­ры сенат­ты Назар­ба­ев­тың сенім­ді серік­тері болған Нұр­тай Әбіқа­ев, Қай­рат Мәми сияқты адам­дар басқар­ды. Пар­ла­мент Сена­ты­на экс-пре­зи­дент­тің қызы Дариға Назар­ба­е­ва да төраға­лық етті. Пре­зи­дент Тоқа­ев та Назар­ба­ев­тың тұсын­да ұзақ жыл Сенат­ты басқарды.

Қоғам­да Пар­ла­мент пен депу­тат­тар­дың кәсі­би білік­тілі­гіне қаты­сты сын көп айты­ла­ды. Күні кеше ғана Мәжіліс залы­нан ана­сын туған күні­мен құт­ты­қтаған депу­тат Ардақ Наза­ров елдің сыны­на қал­ды. Аза­мат­тық қоғам мен оппо­зи­ция өкіл­дері Пар­ла­мент­те әділ сай­ла­у­мен өткен­дер емес, билік­пен келіс­кен адам­дар отыр деп жиі сынайды.

Есдәу­лет ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн