Пятница , 4 июля 2025

Сергей ДУВАНОВ: Назарбаевтың «еңбегін» ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙМЫЗ?

Билік­те оты­рған жағым­паз­дар мен табан­жа­лағы­штар­дың Назар­ба­ев­ты даңға­за мақта­уы мен ұлы­қта­уы­на бұл кісі лай­ық па? Назар­ба­ев­тың қан­дай еңбек­тері сөз болып отыр? Салиқа­лы сабыр­лы ақы­лға салып, Қаза­қстанға Назар­ба­ев не жаса­ды деп көрелікші! 

Бірін­ші­ден, елдің тәу­ел­сіздік алуы­на оның жана­ма ғана қаты­сы бар – керісін­ше, бұры­нғы кеңе­стік бас­шы­лар­дың ішін­де КСРО-мен ең соңғы уақы­ты­на дей­ін қима­сты­қ­пен қоштас­па­ды. Соны­мен бір­ге Батыс демо­кра­ти­я­сы­на қар­сы тұру­дың бір­ден-бір жолы КСРО-ны қай­та­дан жаңғыр­ту керек деген ойдан тай­маған бір­ден-бір пре­зи­дент болды. 

Иә, рас, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дың ныса­ны болуы­на, елі­міздің Кон­сти­ту­ци­я­сы, Туы, Әнұра­ны, Елтаң­ба­сы, Тең­гесі сияқты тәу­ел­сіздік­тің атри­бут­та­рын ендіру­ге қаты­сты. Бірақ бұл кез кел­ген мем­ле­кет­тік­ті құрған бас­шы­ның атқа­руға тиісті бірін­ші мін­дет­тері емес пе. Бұл мін­дет­тер­ді атқа­руға ерекше ерлік­тің, ерекше дана­лы­қтың қажеті де жоқ. Дәл осын­дай істер­ді пост­кеңе­стік уақыт­та бар­лық пре­зи­дент­тер жаса­ды. Сол еңбек­тері үшін олар­дың ешқай­сысы­на елба­сы атағы беріл­ген жоқ, ескерт­кі­ш­тер қой­ы­лған жоқ, мара­пат­тар­ды үйіп-төк­кен жоқ. 

Тағы қан­дай еңбек­тері бар? Ұлта­ра­лық татулық? Аста­на­ны салу? ЕҚЫҰ-на (ОБСЕ) төраға­лық етуі, ази­я­лық олим­пи­а­да мен ЭКС­ПО-ны өткіз­гені шығар? Бірақ бұл істер­ге Назар­ба­ев пен оның кемең­гер сая­са­ты­ның қан­дай қаты­сы бар? Мұн­дай істер­ді басқа да елдер атқа­рып жатыр, одан да табысты атқа­рып жүр. Кәдім­гі күн­делік­ті істер. Бірақ олар­дың ешқай­сысы пре­зи­дент­тің ғана еңбе­гі деп санап, аста­на­ла­рын пре­зи­ден­тінің құр­метіне ауы­сты­рып жатқан жоқ. Өткен уақыт­та түр­ки­я­лы­қтар Стам­бул­ды – Ататүрік қала­сы деп, син­га­пур­лы­қтар – Син­га­пур­ды Ли Куан Ю деп неге ата­маған? Тіп­ті аты­шу­лы сол­түстік коре­я­лы­қтар мен куба­лы­қтар Пхе­ньян­ды – Ким Ир Сен, Гава­на­ны – Каст­ро деп ата­маға­ны­на таң қала­сың. Ақор­да­ның шене­унік­тері әлем­де­гі аты­шу­лы дик­та­тор­лар­дан да асып түсті. Олар елба­сы­ның жеке басы­на табы­ну­шы­лық бәсе­кесін­де әлем­де алды­на жан сал­май отыр. 

Кей­біре­улер аме­ри­кан­ды­қтар елінің аста­на­сын пре­зи­ден­тінің аты­мен атаға­нын мысал ете­ді. Иә, ата­ды! Ақы­лға салып, тара­зы­лап көріңіз­ші – Аме­ри­ка үшін Вашнг­тон кім болған еді, Назар­ба­ев Қаза­қстан үшін кім бол­ды? АҚШ Вашинг­тон­нан кей­ін кім­ге айнал­ды, Қаза­қстан Назар­ба­ев­тан кей­ін кім бола­ды? Назар­ба­ев Қаза­қстан үшін не істе­ді? Қаза­қстан­ды гүл­ден­ген ел етті ме, дамы­ған үстіне дамып келе жатыр ма, қарқын­ды дамуы­мен көр­ші елдер­ді таң­дан­ды­рып отыр ма? 

Олай бол­май отыр. Бәрі керісін­ше. Бұл орай­да оның еңбе­гі деп санай­тын, іліп ала­тын күр­делі ештеңе жоқ. Ол қара­пай­ым халы­ққа не бер­ді? Жоға­ры дең­гей­де­гі тұр­мыстық әл-ауқат­ты­лық орнат­ты ма? Халы­қтың әле­умет­тік теңділі­гі мен заң алдын­да бір­дей құқы­лы­ғын бер­ді ме? Ертең­гі күн­ге деген сені­мі бар ма? Жоқ! Қаза­қстан­ды­қтар­дың басым көп­шілі­гі 400 дол­лар­мен күн көріп отыр. Міне, Назар­ба­ев­тың «еңбе­гі» қай­сы деген сұраққа осы көр­сет­кіш айқын мысал бола алады. 

Тағы да басқа мысал­дар кел­тірей­ін. Назар­ба­ев­тың басқа­руы кезін­де оның халқы әділ сай­лау өткі­зу­ден тіп­ті мақұ­рым қал­ды. Назар­ба­ев­тың кезін­де Кон­сти­ту­ция қай­та-қай­та өзгер­тіліп, оның бап­та­ры Назар­ба­ев­тың билі­гін қым­та­уға бей­ім­дел­ді. Оның кезін­де елі­міз­де бар­лық тәу­ел­сіз БАҚ‑ы жабыл­ды, оппо­зи­ция түгелі­мен жой­ыл­ды. Сот орын­да­ры әділ­дік­тен жұр­дай бол­ды. Мем­ше­не­унік­тер жемқор­лық пен парақор­лы­ққа бел­ше­сі­нен бат­ты. Елде әле­умет­тік теңсіздік орнады.

Иә, нағыз әле­умет­тік теңсіздік. Бай­лар бай­ы­ған үстіне бай­ы­ды, кедей­лер ертең­гі күн­ге деген сені­мін жоғалт­ты. Мұнай­дан түсіп жатқан орас­ан зор табысқа қара­ма­стан, бәсе­ке­ге шыдай­тын өндіріс сала­ла­рын дамы­та алма­ды. Назар­ба­ев елді пер­ма­нент­тік (үздіксіз) әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа әкел­генін, тығы­ры­ққа тіре­генін, бұл тығы­ры­қтан шығу­дың жолын ешкім таба алмай оты­рған жағ­дай­да екені­мізді мой­ын­дай­ы­қ­шы. Осын­дай жағ­дай­ға жет­кіз­ген басқа­ру­шы­ға ескерт­кі­ш­тер қоюға, даңға­за­лап, ұлы­қтау жаса­уға бола ма? Менің­ше, болмайды. 

Жал­пы алған­да, өз басқа­ру­шы­ла­ры­на оның заман­даста­ры­ның баға беруі дұрыс емес. Бүгін­гі Назар­ба­ев­тың тағы­ның айна­ла­сын­дағы бай­лық пен билік­тің аста­уы­нан жем жеп оты­рған­дар­дың тарих үшін еш құны жоқтар. Сол себеп­тен де бүгін­гі қой­ы­лып жатқан ескерт­кі­ш­тер мен өзгер­тіл­ген ата­у­лар­дың құны қара бақыр. Олар­дың қоғам­нан да, халы­қтан да қол­да­у­ла­ры жоқ. Бұлар бір күн­дік өзгерістер, ертең қоқыс ретін­де жол жиегін­де қала­ды, ешкім есіне де алмайды. 

Пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ісіне баға беру – біздің келе­шек ұрпағы­мы­здың ісі. Олар Назар­ба­евқа адал, әрі әділ баға беретін бола­ды. Бұл істі солар­дың еншісіне қалдырайық. 

Қаза­қ­ша­лаған

Сағат Жүсіп

Республиканский еженедельник онлайн