Пятница , 4 июля 2025

СЕРІКЖАНДЫ СҮРІНДІРУ – қазақты мұқалтумен бірдей

Бұл күн­дері Серік­жан Білә­шұлы­на қаты­сты орын алған оқиға­лар жаным­ды жай тап­ты­рар емес. Неге десеңіз­дер, оған аяқ асты­нан «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­дыр­ды», «жиһад жари­я­ла­ды» деген айып­тар тағы­лу­да. «Ол қан­дай ұлта­ра­лық араз­ды­қты пай­да қыл­ды? Кім мен кім­нің ара­сын аран­дат­ты?» – деген заң­ды сұрақ туа­ды. Бұл жер­де­гі «ұлт» сөзінің аны­қта­ма­сы не? Олар кім­дер? Оның бәрі Қаза­қстан қоға­мын­да ресми мой­ын­далған ұлт­тар ма?

Менің­ше, бұл сұрақтар күң­гірт күй­ін­де қалып отыр. Екін­ші­ден, «жиһад жари­я­ла­ды» деген­ге кел­сек, оған да негіз жоқ. Себебі Ұлт­тық арна тара­пы­нан беріл­ген виде­о­лар­да Серік­жан­ның аузы­нан айты­лып жатқан сөздің бас-аяғы жоқ, сөй­лем неме­се ой толық аяқтал­маған жағ­дай­да «жиһад» сөзін кесіп алып пай­да­ланған. Бұдан өзге «жиһад­шы» дей­тін­дей заттай айғақтар, құжат­тық деректер мен тек­се­ру мате­ри­ал­да­ры мүл­дем жоқ. Сон­ды­қтан бұл жәй әншей­ін, шала-шар­пы жур­на­ли­стік зерт­те­у­ге ұқсай­ды. Бұл енді ұят жағ­дай. Ұяты­нан бұрын, аза­мат­тық пікіріне бола біре­у­ге мұн­дай айып тағып, бопса­лау, бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру біздің қоға­мға абы­рой әпермейді. 

Біз қазақ халқы өткен ғасыр­дың 30-жыл­да­ры елім деген ерлері­мізді, ары­ста­ры­мы­зды «жапон шпи­о­ны», «халық жауы» деген жала­мен тұқыр­тып, жоқ қылып жібе­ру­ге аян­бай ат салы­сқан едік. Ол кез­де халы­қтың сая­си сана­сы төмен бола­тын. Нәти­же­сін­де біздің мем­ле­кет­шіл тұлға­ла­ры­мыз, қазақ халқы­ның қай­мақта­ры, не бір ақ маң­дай ұлда­ры­мыз халқы­на деген шексіз махаб­ба­тын жүре­гіне пана­ла­тып, тағ­ды­рға мой­ын ұсы­нып кете бер­ген еді. Тек Ғ. Мүсіре­по­втан өзге ешкім олар­ды қорғап, бір ауыз сөз айтпаған-ды… 

Бірақ біз сол ерлер­дің ерік-жігерінің, құр­бан­ды­ғы­ның арқа­сын­да тәу­ел­сіздік алдық. Өкініш­ке орай, біз өткен­нен сабақ алған жоқ­пыз. 30-жыл­да­ры қан­дай қитұрқы, жазы­мөт­кел бол­са, бүгін­гі жағ­дай да соны еле­стетіп тұрған­дай. «Қытай­шыл-хуа­цяо­лар» арыз бер­ген екен деп, кез кел­генін бүй­тіп әке­те бер­се, ертең талай қаза­қтың басы­на бұлт үйірілері хақ. 

Оның үстіне біз аса күр­делі халы­қа­ра­лық орта­да өмір сүріп жатыр­мыз. Біздің мем­ле­кет­тілі­гі­міз, ұлт­тық бол­мысы­мыз бен эко­но­ми­ка­мыз сын-теге­уірін­дер­ге дөп келу­де. Әлем­де­гі жетек­ші елдер өздерінің сыр­тқы сая­сат док­три­на­сын қай­та қарас­ты­ру­да. Ресей ‒ күш қол­да­ну док­три­на­сын, АҚШ – сауда соғы­сы мен бей­біт өзгер­ту так­ти­ка­сын, Қытай ‒ «бір бел­деу, бір жол» стра­те­ги­я­сын іске салу­да. Осын­дай жағ­дай­да біз қала­сақ та, қала­ма­сақ та, сыр­тқы күш­тер біз­ге әсерін тигіз­бей қой­май­ды. Біз әске­ри, шару­а­шы­лық негізі­міз әлсіз елміз. Мұн­дай­да ұлт­тың бір­лі­гі, таза­лы­ғы ғана бізді сыр­тқы кесір­лер­ден сақтап қала­тын негіз­гі имму­ни­тет болмақ. 

Егер біз­де Отанға деген адал­дық, ұлт­тық бір­лік, бір-бірі­міз­ге деген жана­шыр­лық, өза­ра қол­дау сезі­мі бол­ма­са, онда біздің Тәу­ел­сізді­гі­міз, Аста­на­мыз, жер бай­лы­ғы­мыз бен ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мыз, тарихы­мыз түк­ке тұр­май­ды. Жау­ла­ры­мы­здың сырт­тан іздеп жүр­ген жау­ла­рын біз іштен ізде­сек, олар­дың біз­ге соқты­ғуы­на сыл­тау оп-оңай табы­ла­ды. Онсыз да Қытай­дың бізді тер­ро­ри­стік қау­пі бар елдер­дің қата­ры­на қосып қой­ға­ны өтірік пе? Өйт­кені Ақтө­бе­де, Жам­был­да болған оқиға­лар­ды БАҚ арқы­лы даб­ы­ра­лап, дали­тып көрсеттік. 

Ол аз болған­дай, бір­де Қытай­дан кел­ген қаза­қтар­дың Қаза­қстан­ды тран­зит етіп, Сири­яға барған­да­ры бар деген пікір де айты­лып қал­ды (кей­ін оның жалған мәлі­мет екені аны­қтал­ды). Осы­лай­ша қазақ халқы­ның жоқ жер­ден халы­қа­ра­лық аре­на­дағы «тер­ро­ри­стік», «жиһад­шыл» обра­зы пай­да бола баста­ды. Қытай жағы соны негіз етіп, Қаза­қстанға келіп-кет­кен және Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сы болған қаза­қтарға қысы­мын күшейт­ті. Қан­ша­ма қаза­қтар конц­ла­герь­лер­ге қамалды. 

Әрине, діни ұшқа­ры­лық қаза­ққа жат нәр­се. Біз ондай залал­ды құбы­лы­спен өз іші­міз­де күре­сті жалға­сты­ра беруі­міз керек. Деген­мен, қит еткен­ді даб­ы­ра­лай беру­ден, жоқ жер­ден жау ізде­уден абай болған жөн. Басқа­ны былай қой­ған­да, бұл ең әуелі біздің көпұлт­ты, тату-тәт­ті қоға­мы­м­ы­здың жағым­сыз ими­джін қалып­та­сты­ра­ды. «Тер­ро­ри­стері», «жиһад­шы­ла­ры», «ұлта­раз­ды­қты туды­ру­шы­ла­ры» бар елде қан­дай татулық, толе­рант­тық болуы мүм­кін?! Онсыз да «…стан» деген жалға­уға бай­ла­ны­сты бізді Ауған­стан секіл­ді елдер­мен қатар қой­ып жүр­ген­дер аз ба?! Егер осы­лай өз іші­міз­ден «ұлт­тық араз­ды­қты туды­ру­шы», «жиһад­шы» ізде­уді қой­ма­сақ, онда тер­ро­ризм­ге, діни экс­тре­мизм­ге қар­сы күре­сте өзі­мізді нәти­желі әріп­тес ретін­де көр­се­ту­ге ұмты­лған іс-әре­кеті­міз күн­дер­дің-күнін­де өзі­міз­ге пәле болып жабысуы, соны пай­да­ла­нып, әлдекім­дер «жары­лқа­у­шы», «азат ету­ші» ретін­де баса-көк­теп кіріп кетуі әбден мүм­кін. Қаза­қта «көте­ре алмай­тын шоқ­пар­ды беліңе бай­ла­ма» деген мақал бар. Бір күні атағы дар­дай сол шоқ­пар өз басы­мы­зда ойнап жүр­ме­се игі еді. 

Сон­ды­қтан, ардақты ағай­ын, Серік­жан ісін­де өте абай болай­ық! Оны бетал­ды қара­ла­удан, жөн­ді-жөн­сіз күста­на­ла­удан, сыр­тқы аран­да­ту­шы­лар­дан сақ болай­ық. Бәрі де заң аясын­да әділ шешім таба­ды деп сеней­ік. Дәл қазір­гі кез­де біз, қазақ халқы, тәу­ел­сіз елі бар, мем­ле­кеті бар халық секіл­ді ұстам­ды болай­ық. Біз­ге ұсақта­уға бол­май­ды. Біз тәу­ел­сіз мем­ле­кет құрған және оны нығай­ту жолын­да жұмыс жасап жатқан халы­қ­пыз. Бұл мем­ле­кет­те әрбір қаза­қтың өз орны бар. 

Шын­ды­ғын­да, бұл кез әркім­нің өз сала­сын­да жан­та­ла­сып жұмыс жасай­тын кезі, олар­дың бос сөз сөй­ле­у­ге уақы­ты да бол­мауға тиіс. Бір-бірі­мізді жауға санап, жарға итеріп, жаман мінез­ге үйір болып жүр­ген­де, қай­тіп зама­на­уи ұлт бол­мақ­пыз? Расын­да, Абай айтқан­дай, «біріңді, қазақ, бірің дос, көр­ме­сең – істің бәрі бос». Біздің тәу­ел­сіздік алған­да мәз болып, қуанға­ны­мыз, қуа­ны­штан жылаға­ны­мыз қай­да кет­ті? Тез ара­да Отан­ның, Тәу­ел­сіздік­тің қадір-қаси­етін ұмы­тып кет­тік пе? Одан гөрі әрбірі­міздің жеке басы­мы­здың абы­рой-атағы, мате­ри­ал­дық жағ­дайы маңы­зды болға­ны ма? 

Өкіні­штісі, біз әлі күн­ге қажыр­лы, қара­пай­ым түр­де тыныш қана Отанға қыз­мет етуді үйрен­бедік. Есесіне атақ-абы­рой­ға, мара­патқа, бос сөз­ге үйір бол­дық. Біреу жан-тәні­мен Отанға, ұлтқа қыз­мет етсе, халқы­ның көз жасын сүрт­се, зар-мұңын сау­ат­ты түр­де әлем­дік қауым­да­сты­ққа жет­кіз­се, оны көре алма­дық. Естеріңіз­де бол­сын, қаза­ққа ең әуелі қаза­қтан басқа ешкім­нің жаны ашы­май­ды. Айна­ла­мы­здағы алпа­уыт­тар Қазақ елінің күшей­іп, бақу­ат­ты елге айна­луы­на, басы­ның бірі­гуіне мүд­делі емес. Енде­ше дәл осы кез­де Қытай­дағы құқы­қта­ры тап­та­лып жатқан ағай­ы­нға ара­ша түс­кен аза­мат­тың әре­кеті кім­дер­ге ұна­май қалуы мүмкін?! 

Серік­жан­ды сүрін­ді­ру – ұлт­тық рух­ты сүрін­діру­мен, тұтас ұлт­ты мұқал­ту­мен бір­дей. Бұл мем­ле­кет­ті­гі­міз­ге, елді­гі­міз­ге сын. Біз үшін ең үлкен уай­ым ‒ тұтас ұлт­тың уай­ы­мы, Тәу­ел­сіздік­ті қайт­сек сақтап қала­мыз деген уай­ым болуға тиіс. Біздің бар­лық сезгір­лі­гі­міз бен қажыр-қай­ра­ты­мыз, талан­ты­мыз бен іскер­лі­гі­міз соған бағыт­та­луы тиіс. Талант­ты­лар ұлтқа керек. Тағ­дыр біз­ге тәу­ел­сіздік­ті қай­та-қай­та бере бер­мей­ді. Жаман айт­пай, жақ­сы жоқ, одан енді айы­рыл­сақ, мәң­гі­ге айы­ры­ла­мыз. Біз қазір қаза­қтың бар­лық тарихы­нан өзге­ше жаңа кезең­де тұрып жатыр­мыз. Сол үшін өзі­мізді, ұлты­мы­зды, мем­ле­кеті­мізді сый­лай білей­ік! Бір-бірі­міз­ге ара­ша­шы болай­ық! Сон­да ғана жат жаны­нан түңіледі, сон­да ғана елді­гі­міз еңселі болады. 

Тұр­сы­н­хан ЗӘКЕН,

про­фес­сор, тарих ғылым­да­ры­ның докторы,

Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі 

Республиканский еженедельник онлайн