Суббота , 5 июля 2025

Серікжан БІЛӘШ: МЕНІ 100 ЖЫЛҒА соттап жіберсін – ҚАЙТПАЙМЫН!

Қытай­дағы үш мил­ли­он қазақ біз­ге кім?

Ол – өзі­міздің қазақ, өзі­міз сияқты қара көз қазақ. Бұл жер­де­гі қаза­қтың тілі бой­ын­ша айт­сақ, ол – кәдім­гі Орта жүз, Алты ары­стың Най­ма­ны мен Керейі. Ал сол най­ман-керей­дің бүкіл туы­сы Шығыс Қаза­қстан­да, тіп­ті Қоста­най­ға дей­ін жай­лап жатыр. «Бал­та­лы-Баға­на­лы ел аман бол» деп, Қызы­лор­даға дей­ін жай­ы­лып жатыр. 

Қытай­дағы жатқан қазақ кім? 

Ол – кеше­гі атақты Қарқа­ра көтерілісі кезін­де, Албан-қырғыз көтерілісі кезін­де амал­дың жоғы­нан Қытай асқан Албан мен Суан. 

Қытай­дағы қазақ кім? Ол – қазір­гі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші пре­зи­ден­ті Тоқа­ев­тың елі – жалайырлар. 

Қытай­да кім бар? Шым­кент­те жатқан, тіп­ті Өзбек­стан­дағы қаза­қтар­дың елі болып келетін – Қоңы­рат­тар да Қытай­да. Сай­рам көлі­нен Іле­ге қарай жүр­ген­де, Алма­лы­сай деген ауыл­да қалың Қоңы­рат бар. 

Қытай­дағы қазақ кім?

Бұра­то­ла облы­сы­ның Ара­сан ауда­нын­да қалың Қып­шақ жатыр. Біле біл­се, ол – Бек­бо­лат Тіле­ухан­ның туы­сы. Қаза­қстан­ның бірін­ші ханы­мы Сара Назар­ба­е­ва­ның елі – Орта жүз­де­гі қалың қыпшақтар. 

Қытай­да Алты ала­штың бала­сы­ның бәрі бар. Кезін­де сонау ашар­шы­лық заман­да қалың қазақ қашып барған Қытай­дың Алтай мен Тар­баға­тай бетін­де Кіші жүздің рула­ры да бар екен. Сон­да Қытай­да қаза­қтың бүкіл руы жатыр деп айтуға бола­ды, біре­уі – аз, біре­уі – көп болар. Сон­ды­қтан Ресей­дің, Моңғо­ли­я­ның, Өзбек­стан­ның қаза­ғы екен деп ала­лай­ық деп тұрған жоқ­пыз: ол жер­де­гі халық – қазақ. 

Егер бүгін Қытай­дағы қаза­қтың басы­на осы зұл­мат түс­кен­де, ер-аза­мат болып, еркек болып кеуде­мізді керіп, кеше­гі Оспан батыр­дай, кеше­гі Қара­ке­рей Қабан­бай батыр­дай қар­сы шап­паған­да, дәл осы сәт­те, гено­цид, міне, биыл үшін­ші жылға бара жатыр, қазақ қалар ма еді? Қал­мас еді! 

Азуын айға біле­ген Қызыл импе­ри­я­ның тізесін әлем қауым­да­сты­ғы алдын­да бүк­тіріп, солар­дың кеңір­де­гін­де тұрған Ер Төстік­тің қылы­шы болып, қызыл айдаһар­мен алы­сқан кім? Біз – қазақтар! 

Сол Қытай­дағы бүкіл қыл­мыстың: қаза­ққа, ұйғы­рға, өзбек­ке, тәжік­ке жаса­лып жатқан гено­цид тура­лы әлем­дік қауым­да­сты­ққа бер­ген ары­здың тоқ­сан пай­ы­зы қаза­қтар­дың қолы­нан шықты. Ал Қытай­дағы қан­ша­ма тибет, моңғол – еке­уі де мұсыл­ман емес, қан­ша­ма ұйғыр – солар­дың ешқай­сысы да дәл біз бер­ген­дей дәлел мен видео­ары­здар жет­кі­зе алған жоқ. Біз жаз­ба­ша ары­зға бас бар­мағы­ның ізіне дей­ін салдық.

Ары­зда­ну­шы кім? Қытай­да қамалған туы­сың кім, ол қашан қамал­ды, қай жер­де, не үшін қамал­ды деген бес мәлі­мет­ті берің­дер деп, бүкіл әлем қауым­да­сты­ғы­на үлгі көр­сет­тік. Біз сол ары­зды жинаған­да барып, басқа қор­лық көр­ген қауым­дар дәлел жинай баста­ды. Біз сол ары­зды бер­ген­нен кей­ін, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы Қытай­ға бір­не­ше мәр­те ескер­ту жаса­ды. Әлем­дік ақпа­рат құрал­да­ры Қытай­ға жур­на­ли­стер­ді жібе­руді қатаң түр­де талап етті. 

Біз арыз бер­ген­нен кей­ін, Еуро­пар­ла­мент Қытай­ға қысым жаса­ды. Біз арыз бер­ген­нен кей­ін, АҚШ пре­зи­ден­ті Трамп­тың Қытай­мен екі орта­дағы сауда келіс­сөзін­де Қытай­ға қар­сы санк­ци­я­лар салын­ды. Бүкіл адам­зат Қытай­да болып жатқан сұм­ды­қтың не екенін білді. 

Ал соны Қытай­дың Қаза­қстан­дағы бас елшісінің өзі мой­ын­да­май қой­ған. Ең соңын­да мой­ын­дап, «кәсі­би білім беру орта­лы­ғын» аштық деді. Оның бар­лы­ғын біз дәлелдедік. 

Қаза­қтар­ды мәж­бүр­лі түр­де жер астын­дағы заң­сыз зауыт­тарға жұмысқа салып, айлық бер­мей, бала-шаға­сы­на көр­сет­пей, құл етіп, өрке­ни­ет зама­нын­да құл­дың еңбе­гін пай­да­ла­нып оты­рға­нын әлем­ге әшке­ре еткен – біз. Осы­ның бәрін ұйым­да­сты­рып, кім­нің туы­сы заң­сыз зауыт­та мәж­бүр­лі еңбек­ке жегіл­генін, БҰҰ 1982 жылғы тый­ым салған мәж­бүр­лі еңбек­ті дүние жүзіне фак­тісі­мен ашқан – бізбіз. 

Қытай­да поли­ция болған Бай­мұрат­ты ашық жари­я­лаған – біз. «Нью Йорк таймс»-қа жаз­дық. Қытай­дағы мәж­бүр­лі еңбек­ті Гүл­зи­ра Әуел­хан­ның жария етуіне себеп­кер болған – біз. 

Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ды әлем­дік ақпа­ратқа алға­шқы көтер­ген кім? Біз! 

Енде­ше бүкіл адам­заттың алдын­да Қытай­дың кеудесін басып, ары­нын қай­тарған – біз, қазақтар! 

Айна­лай­ын қазақ, баты­стың, Қызы­лор­да, Шым­кент, Тараз, сол­түстік­тің қаза­ғы бол, мей­лі оры­стіл­ді, мей­лі қаза­қтіл­ді қазақ бол – сен қаза­қ­сың! Сол қаза­қтың мүд­десін қорғаға­ны­мыз үшін айып­ты­мыз ба?! Бізді осы­лай төрт ай бойы ұстап оты­рған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­ды бел­ше­сі­нен басқан­дар­дың ісіне үнсіз қарап тұра­сың ба? Бүгін сен Қытай­дағы қан­даста­ры­ң­ды қорғай алма­саң, солар­дың құқын қорғаған Серік­жан Білә­штің ісіне немқұрай­лы қарап, көзіңді жұм­саң, ертең осы қор­лық сенің балаң­ның басы­на келеді! Қытай­дағы қаза­қтың мәсе­лесін әлем­дік қауым­да­сты­ққа жет­кі­зе алма­саң, сенің балаң, неме­рең Қытай­дың қолын­да құл бола­ды! Бала-шағаң­ның бүй­ре­гін 260 мың, бауы­рын –320 мың дол­ларға, терісінің әр квад­рат сан­ти­мет­рін 5 дол­лар­дан сатып жібе­реді. Қытай сатқан, адам­ның терісі­нен жасалған ішек­тер­ді гита­ра мен дом­бы­раға тағып, шер­тіп оты­руы мүмкін. 

Сол Қытай­дың қор­лы­ғы­на аттан­дап, қар­сы шапқан біздің не жазы­ғы­мыз бар? Бізді төрт ай бойы қамай­тын­дай, өзі­міздің бала-шаға­мы­здан айы­ра­тын­дай не сұм­дық бұл?! Осы қор­лы­ққа көніп оты­рған қазақ – сен кім­сің?! Бүгін біздің басы­мы­зға түс­кен осы нәу­бет-қия­натқа үнде­мей отыр­саң, онда сен де дай­ын­дал: бұл қор­лы­қты Қытай­дан сен осы дүни­е­де көресің; екін­шісі – аққа жақ бола алмаға­ның, әділет­ке жар­шы бола алмаға­ның үшін Құдай­дың алдын­да көресің. Осы қор­лы­ққа атал­мыш дін­дар­ла­ры­мыз, имам­да­ры­мыз, тақу­а­ла­ры­мыз, жән­нат­тың куәлі­гін қолы­на алып алған­да­ры­мыз – бүгін дұға жаса­удың өзі­нен қорқып, бұғып отыр­са, онда сенің ақты – ақ дей алмаған тілің ертең тоза­қта өрте­ну­ге дайын! 

Біз бар болға­ны шын­ды­қты, ақиқат­ты айт­тық! Сол жер­де қамалған қаза­қтар­дың көбі – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты неме­се әлі аза­мат­тық алып үлгер­ме­ген бала-шаға­сы. Халы­қа­ра­лық заң бой­ын­ша ол да қорға­луға тиіс! Бір мем­ле­кет, бір мини­стр­лік істей алмаған жұмысты атқарған біздің жазы­ғы­мыз не? 

Мен ештеңе­ден өкін­бей­мін, қоры­қ­пай­мын да! Мүм­кін, бала-шағам, туыс-туға­ным қиын­дық көріп жатқан шығар: туы­ста­рым 24 сағат аңд­уда екенін біліп отыр­мын. Бірақ менің туы­сым­ның, інім­нің, әпкем­нің, жез­дем­нің, қатын-бала-шағам­ның жаны – сол жер­де­гі үш мил­ли­он қаза­қтан артық емес! Әркім өзінің қатын-бала-шаға­сын ойла­са, әркім өзінің әпке-бауы­рын ойла­са, онда Қытай­ға құл болып қарап оты­ра­мыз ба?! Кеше­гі мил­ли­он­даған қазақ не үшін құр­бан бол­ды? Адам сияқты кеудесін керіп, өмір сүру үшін құр­бан бол­ды! Не үшін кеудесін оққа төседі? Адам­дық ұяты­мен, ұжда­ны­мен өлей­ін, өмір сүр­сем, тік тұрып өмір сүрей­ін деп, кеудесін оққа төседі. 

Енде­ше әрбір рухы жасы­ған қаза­қтың жігітіне, көн­бістік­ті – сабыр­лы­лық деп ада­сып жүр­ген, дұға жасай­ық деп, өзін-өзі алдап жүр­ген, аққа – жақ бола алмай­тын, шын­ды­қты кеуде керіп айта алмай­тын әрбір қаза­ққа айта­рым: бүгін сен «мәу» деу­ге жара­ма­саң, онда сен де дай­ын­дал! Бірін­ші жаза­ны бұл дүни­е­де – ұрпағы­ң­нан тар­та­сың, екін­шісін – о дүни­е­де Құдай­дан тар­та­сың! Әрбір аққа – жақ бола алмаған адам осы сын сәт­те бай­қа­ла­ды. Не ақсың, не қарасың! 

Ақиқат ащы бола­ды, әрі оның бода­уы бола­ды. Әр адам өзінің кіш­кен­тай ғана мүд­десі үшін, жұмысы­нан айы­ры­лам, маған анау кедер­гі, мынау кедер­гі бар десе, онда мәң­гі құл­ды­ққа дай­ын­да­ла бер! 

Мен өкін­бей­мін! Мен өзім­нің ұста­ла­ты­ным­ды баяғы­да біл­дім, маған қан­ша ескер­ту беріл­ді, қан­ша­ма қоқан-лоққы жасал­ды: Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың соты­на бара жатқан­да, бізді өлім­ге бай­лап, қастық жаса­уға тыры­сты. Көлі­гі­міздің алды­на «Камаз­дың» екі дон­кра­тын қой­ды, артқы доңға­лағын газ­бен атқы­ла­ды. Туы­ста­ры­мы­зға қан­ша­ма қысым жасал­ды, қытай­шыл­дар­дың қан­ша­ма үрей­лен­діруіне тап бол­дық. Осы күн­нің бола­рын білдік. 

Маған десе, мені 100 жылға сот­тап жібер­сін, осы бетім­нен қайт­пай­мын! Енде­ше халқы­ма, артым­нан ерген бауыр­ла­ры­ма, мені қол­даған ақ самай­лы әже­лер, ақ сақал­ды ата­ларға, қарын­дас-әпке­лер­ге, іні-бауыр­ларға, аға­ларға айта­рым: Ұлт­тың мүд­десі мәң­гі бақи бірін­ші орын­да тұр­сын! Құдай бер­ген жан­ды – Құдай ала­ды, бәрі­міз өле­міз: біреу – 60, біреу – 80 жасын­да, енді бірі қыр­шы­ны­нан қиы­ла­ды – ол маңы­зды емес. Маңы­здысы – сенің кім болып өлетінің­де! Ұзақ өмір сүр­генің емес, кім болып, қан­дай өмір сүр­генің – ең маңыздысы! 

Әрбір қаза­ққа айта­рым: оян, ұлт­тың намысы, мүд­десі тап­та­лып жатқан­да, қаза­қтың қызын қытай­лар шырыл­да­тып, қор­лап жатқан­да, қаза­қтың жігіт­терінің бүй­рек-бауы­рын сатып, қаза­қтың атпал аза­мат­та­рын, қыз-жігіт­терін Қаза­қстан­нан айы­рып, ақы­сыз құл­дық жұмысқа жегіп, Қаза­қстан мем­ле­кетіңді мой­ын­да­май­мын деп, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның төлқұ­жа­тын алған аза­мат­ты түр­ме­ге тығып жатқан­да, сен үнсіз қал­дың ба – онда сен де құл­ды­ққа лайықсың! 

Әр қаза­қтың аза­ма­ты, ұйы­қтап кет­кен намысы­ң­ды оят, қалғып кет­кен ұяты­ң­ды тірілт! Ұлт үшін, ұлт­тық намыс үшін, Қытай­дағы үш мил­ли­он қазақ үшін, жеріңе анта­лап, сіле­кей­ін шұбыр­тып, бүкіл Қаза­қстан­ды жау­лап ала­мын деп тұрған, Балқа­шқа дей­ін­гі жер менікі деп оқулы­ғы­на енгізіп тұрған Қытай­дың арам ниетіне қар­сы тұр! Бүгін сен Қытай­ға қар­сы тұр­ма­саң, мәң­гі бақи құл боласың!

Республиканский еженедельник онлайн