Суббота , 5 июля 2025

СИЫР СҮЗІП АЛМАСЫН

Шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жылдың 12 ақпанында кіретін Сиыр жылы сізге не береді? Жұлдызнамашылардың көмегімен «ДАТ» дайындаған жоралғы не дейді?

ТЫШҚАН

  • Талғат АЯН, Тоғ­жан ҚОЖАЛИЕВА, Вла­ди­мир КОЗЛОВ, Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК.

Жыл басын ием­деніп алған «қу тышқан­дар» үшін бұл жылы біраз қиын­ды­ққа төзу­ге тура келеді. Ұсақ-түй­ек «тышқан­шы­лаған» тір­лік­тің өзі үлкен мәсе­ле­ге айна­лып кет­пе­сін десеңіз, күй­ге­лек­тене көр­меңіз. Қыз­мет-кәсібіңіз­ге қат­ты назар ауда­руға тыры­сы­ңыз: осы ғана сіз­ге сәт­ті бағыт бола­ды. Биз­нес пен қар­жы сала­сын­да Тышқан­дар қат­ты қинал­май­ды, өйт­кені Сиыр оған сенім­ді серік­тес бола­ды. Әсіре­се шығар­ма­шы­лық ада­мы­ның екін­ші тыны­сы ашылады.

СИЫР

  • Макс БОҚАЕВ, Асыл­хан МАМАШҰЛЫ, Мұх­тар ТАЙЖАН, Серға­зы МҰХТАРБЕК.

2021 жыл – Сиыр­лар үшін мүшел жас. Олар бір­тоға, оңай­лы­қ­пен сөз өтпей­тін болға­ны­мен, бұл жылы қас­тасқан адам­ның «жаға­сын­да қолы кете­ді». Сиыр – сенім мен сабыр­дың иесі, сон­ды­қтан жыл­дан жаман­дық күт­пе­ңіз. Зең­гі баба тұқы­мын қыз­мет бабын­да көп­те­ген өзгерістер күтіп тұр. Сіз­дер үшін бұл жыл көп­те­ген қызы­ғы­мен есте қал­мақ. Ерін­бей еңбек етудің арқа­сын­да көп­тен күт­кен іс оң шеші­мін таба­ды. Сон­ды­қтан жел­ге қар­сы жүру­ден қай­мы­қ­пау керек. 

БАРЫС

  • Досым СӘТПАЕВ, Даная ҚАЛИЕВА, Қазы­бек ИСА, Сұл­тан­хан АҚҚҰЛЫ.

Өзіне сенім­ді Бары­стар өте сақ және бәрін есеп­пен істе­уі керек. Ойға алған жос­па­рын жүзе­ге асы­ру үшін ақыл-кеңес беретін адам іздейді.Олар өзге­ге деген бар жақ­сы­лы­ғын аямай­ды. Бұры­нғы кедер­гі болған мәсе­ле­лер­ді жеңіп, ойы­на алған іске тәу­е­кел ете­ді. Бой­ын­да бай­қал­май жүр­ген талан­ты ашы­лып, елді аузы­на қара­та­ды. Бұл жол­да бар­лық күші мен мүм­кін­ді­гін сала­ды. Бірақ ден­са­улы­ғын күтіп, ескі сырқат­тың алдын алған жөн болады.

 

ҚОЯН

  • Айман ТҰРСЫНХАН, Оңғар ҚАБДЕН, Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Серік ӘБДІРАХМАНОВ.

Қоян­дар әдет­те­гі­дей жан-жағы­на күдік­пен қарай­ды. Біраз доста­ры сені­мі­нен шыға­ды. Жұмыстан басқа дүниенің бәрін кей­ін­ге ысы­рып, Сиыр жылын­да жаңа салаға қызы­ғу­шы­лық таны­та­ды. Жаңа жыл «қитар­лар» үшін тосын­сый­ға толы бола­ды. Бірақ ол сый­дың жағымдыс­ы­мен қатар, жағым­сызы да бар. Мәсе­лен, жақы­ным деп жүр­ген жан­да­ры­ңыз күт­пе­ген жер­ден сан соқты­рып кетуі мүм­кін. Секем­шіл­ді­гіне қара­ма­стан, Қоян­дар айна­ла­сын ерекше көзқа­рас­пен таң­дан­ды­ра­ды. Махаб­бат сезі­міне бөленеді.

ҰЛУ

  • Ерлан ҚАРИН, Әке­жан ҚАЖЫГЕЛДИН, Вик­тор КОВТУНОВСКИЙ, Жанар­бек ӘШІМЖАН.

Жүрісі маң­ды­май­тын Ұлу­лар Сиыр жылын­да сәт­тілік­ке қол жет­кі­зеді. Қыз­мет­те­гі табыс, сая­хат жасау – биы­лғы жыл­дың еншісін­де. Жыл басын­да көп­тен берi қолға алған iсiн аяғы­на дей­iн жет­кi­зеді. Маза­лап жүр­ген қар­жы мәсе­лесін жыл басын­да рет­теп алға­ны­ңыз жөн. Соның арқа­сын­да қазы­наңыз біраз май­ла­нып қала­ды. Дәу­леті молай­ып, көңілі орны­на түседі. Бұл – тек өзіне ғана, өз күші мен мүм­кін­ді­гіне сенетін Ұлуға тән. Өз мүм­кін­ді­гіңізді жіберіп алмаңыз.

ЖЫЛАН

  • Әлнұр ІЛИЯШЕВ, Сер­гей ДУВАНОВ, Инга ИМАНБАЙ, Уәли­хан ҚАЙСАРОВ.

Сиыр Жылан­ды жақтыр­май­ты­ны­на қара­ма­стан, қалаға­ны­на қол жет­кі­зуіне кедер­гі бол­май­ды. Жылан­ның қулы­ғы мен айла­сы түр­лі жағ­дай­ларға итер­ме­лей­ді. Бір қараған­да, жаңа жыл сіздің ырқы­ңы­зға бағы­на­тын­дай көрі­нуі мүм­кін, бірақ сіз­ге от тигіз­се, лап етіп тұтанға­лы тұрған май секіл­дісіз. Сон­ды­қтан бұл жылы барын­ша сал­мақты болуға тыры­сы­ңыз. Жос­пар­ды, мақ­сат пен мін­дет­ті қай­та қара­уға тура келеді. Жыл аяғын­да асы­ғы­ңыз алшы­сы­нан түсіп, үлкен табыс пен жақ­сы­лы­ққа кеңе­луіңіз мүмкін.

ЖЫЛҚЫ

  • Марғұлан СЕЙСЕНБАЙ, Арай­лым НАЗАРОВА, Сей­тқа­зы МАТАЕВ, Әділ ТОЙҒАНБАЕВ.

Сиыр – Жылқы­ны қол­дай­ды. Бірақ қол­дай­ды деп, қол қусы­рып отыр­маңыз, қоңыр желі­стен шабысқа көш­кен дұрыс. Өзіңіз­ге тиесілі несі­бені тар­тып алма­саңыз, ауы­здағы­дан айы­ры­луы­ңыз мүм­кін. Биыл сіз­дер­ге мөл­шер­сіз ақша жұм­сап неме­се біре­у­ге қарыз беру­ге бол­май­ды. Бұры­нғы досы­ңыз көп көмек береді, қиын мәсе­лені шешу­ге қол ұшын береді. Сырт­тай жана­шыр болған адам­дар­дың ілти­па­ты­на кене­лесіз. Табиғат аясын­да көбірек қыды­ры­ңыз, ден­са­улы­ққа көңіл бөліңіз.

ҚОЙ

  • Баян РАМАЗАНОВА, Евге­ний ЖОВТИС, Ыры­с­бек ТОҚТАСЫН, Анар РАҚЫМЖАНОВА.

Ішкі дауы­сы­ңы­зды көбірек тың­даңыз, өз шеші­міңіз­ге көбірек сеніңіз. Қыз­мет­те өзгерістер болуы мүм­кін, жаңа ұсы­ны­стан жал­тар­маңыз, батыл болы­ңыз. Шопан ата тұқы­мы үшін сынға толы жыл кел­ді. Сол себеп­ті кей­бір жағ­дай­лар­дың тәу­е­кел­ге итер­ме­ле­уіне қара­ма­стан, абай болға­ны­ңыз жөн. Жалқа­улы­қты жеңу­ге тыры­сы­ңыз – салғырт­тық Сиы­рға серік бола алмай­ды. Қар­жы мәсе­лесін шешу сіздің емес, өзге­лер­дің қолын­да. Аса қым­бат мүлік сатып алу­ды кей­ін­ге қалдырыңыз.

МЕШІН

  • Айда­на АЙДАРХАН, Өмір­жан ӘБДІХАЛЫҚ, Сағат ЖҮСІП, Аман­гел­ді КЕҢШІЛІКҰЛЫ.

Жыл иесі – Сиыр Мешін­де туған­дар­ды жаны сүй­еді. Сәнқой, ырду-дыр­дуы, көңіл­ді бас қосу­лар­ды ұна­та­ды. Өзін өзге­лер­ден артық санай­ды. Жыл басын­да көп­тен берi қолға алған iсiңiздi аяғы­на дей­iн жет­кi­зесіз. Сиыр жалғы­з­ба­сты­лар үшін өз жұбын табуға қолай­лы жағ­дай туғы­за­ды. Сіздің назды қылы­ғы­ңыз бен сыр­шыл­ды­ғы­ңыз махаб­бат әле­мін­де өз көме­гін тигі­зеді. Сиыр жылын­да табысқа кенел­тетін жаңа жұмыс орны сізді күтіп тұр. Қапы қалмаңыз!

ТАУЫҚ

  • Серік­жан МӘМБЕТАЛИН, Бэл­ла ОРЫНБЕТОВА, Сәния ТОЙКЕН, Әсел ҚАРАУЫЛОВА.

Жаңа жыл Тауық жылы туған­дар­ды игілік пен мол табысқа кенел­те­ді. Әйт­кен­мен оған жету жолы маң­дай тер­ді талап етуі мүм­кін. Жыл басы аса қиын соға­ды. Жүк­тел­ген мін­дет­тің көп­ті­гі­нен мезі бола­сыз. Одан қорқу­дың қажеті жоқ. Көк­тем баста­ла сала, өз өміріңізді рет­теп, қалаған жұмысы­ңы­з­бен айна­лы­суға мүм­кін­дік туа­ды. Әріп­те­стер­ді таң­дау еркі өзіңіз­ге бұй­ы­ра­ды және одан қате­ле­с­пей­сіз. Қай іске кіріс­сеңіз де, түбін­де одан жеңім­паз болып шығасыз.

ИТ

  • Қай­рат МИРАШЕВ, Бәшір ЖАНАЛТАЙ, Сей­дах­мет ҚҰТТЫҚАДАМ, Ген­на­дий КРЕСТЬЯНСКИЙ.

Ит жылы туған­дар Сиыр жылы жақ­сы жаңа­лы­ққа кене­леді. Тұрақты­лы­ққа үйрен­ген Ит жылғы­лар өмір сүру ырғағын аздап өзгер­туіне тура келеді. Жұмыста неме­се отба­сын­да кикіл­жің­дер туын­дап жат­са, ақы­лы­ңыз бен шыдам­ды­лы­ғы­ңы­зға сенім арты­ңыз. Бұрын­нан арман­дап жүр­ген көлік­ті алып, бас­па­на­лы бола­сыз. Жұмыс ауы­сты­ру­ды көз­деп жүр­ген­дер­ге жаңа жол ашы­ла­ды. Бірақ Иттер өзі ойлаған жос­па­рын жария етпе­гені дұрыс.

ДОҢЫЗ

  • Ринат РАФХАТ, Жанат ЕСЕНТАЕВ, Берік ӘБДІҒАЛИЕВ, Ермұрат БАПИ, Қанат ТӨРЕБАЙ.

Сиыр Доңы­здар­дың айын оңы­нан туды­ра­ды. Сіздің бола­шағы­ңыз осы жылғы жұмыстарға тіке­лей бай­ла­ны­сты. Ақша­ны қалай оңай тап­саңыз, жұм­са­луы да солай бола­ды. Сол себеп­ті қар­жы­лық үнем­ге ерекше көңіл ауда­ры­ңыз. Қарыз бен неси­е­ге жола­мауға тыры­сы­ңыз. Отба­сы­ңы­здың да қам-қаре­кетін қам­дап қою­ды ұмыт­паңыз. Сон­дай-ақ тал­пақ тана­удың өзіне қаты­сы жоқ жұмыстар­дан аулақ жүр­гені жөн. Жақын жан­да­ры­ңы­зға көңіл бөліп, сезім берік­ті­гін сақтай түсіңіз.

D”

Республиканский еженедельник онлайн