Пятница , 4 июля 2025

Солтүстік Аралды САҚТАП ҚАЛАЙЫҚ!

ҚР Пре­мьер-мини­стрі

Олжас БЕКТЕНОВКЕ!

  • Арал теңізінің тар­ты­луы бар­ша­мы­зды алаң­да­та­ды. Теңізді жоба­лық көле­міне жет­кі­зу үшін бір рет­тік 5 млрд тек­ше метр (22-ден 27 млрд м3-ге дей­ін) су қажет. Сон­дай-ақ оны қалып­ты дең­гей­де ұстап тұру үшін, жыл сай­ын 2,5–3 млрд тек­ше метр­көле­мін­де су құю керек.

Анықта­ма ретін­де: 2020 жылы Арал теңізіне 1659 млн м3 су түсті (оның ішін­де веге­та­ция кезеңін­де 467 млн м3), 2021 жылы 1194 млн м3 су түсті (оның ішін­де веге­та­ция кезеңін­де 199 млн м3), 2022 жылы 816 млн м3 су түсті (оның ішін­де веге­та­ция кезеңін­де 340 млн м3), 2023 жылы 2042 млн м3 су түсті (оның ішін­де веге­та­ция кезеңін­де 340 млн м3, 2024 жылы 2501 млн.м3 су түсті (оның ішін­де веге­та­ция кезеңін­де 977 млн м3).

Біздің алды­мы­зда тұрған ең маңы­зды мін­дет – Сол­түстік Арал теңізін сақтап қалу арқы­лы, Арал дағ­да­ры­сы­ның қор­шаған орта мен теңіз маңын­да тұра­тын адам­дар­дың өміріне тигі­зетін зиян­ды әсерін азайту.

Жыл сай­ын әсіре­се веге­та­ция кезеңін­де Сыр­да­рия өзені­мен төмен­ге жіберілетін судың азай­ты­луы Сыр өңірінің эко­но­ми­ка­лық және эко­ло­ги­я­лық жағ­дайы мен халқы­ның тыныс-тір­шілі­гіне ауыр тиіп жатыр.

Соңғы жыл­да­ры Өзбек­стан­да орна­ласқан Арна­сай көл­дер жүй­есіне көп көлем­де су жіберіліп келеді, егер 2023 жылы су тасқы­ны­ның алдын алу үшін жіберіл­се, 2024 жыл­дан бастап жос­пар­лы түр­де таста­лу­да (2023 ж. – 500 млн м3, 2024 ж. – 692 млн м3). Қаңтар айын­да өткен Қаза­қстан мен Өзбек­стан ара­сын­дағы Су қаты­на­ста­ры­ның бар­лық бағыт­та­ры бой­ын­ша ынты­мақ­та­сты­қты терең­де­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу жөнін­де­гі бір­лес­кен жұмыс тобы­ның оты­ры­сын­да Арна­сай­ға 1542 млн тек­ше метр­су жібе­ру тура­лы келісім жасалға­ны белгілі.

Бүгін­де Арна­сай­ға 1,5 млрд тек­ше метр су жіберіліп, келісім­нің орын­да­луы­на қара­ма­стан, Арна­сай­ға су жібе­ру жалға­су­да. Сал­да­ры­нан ақпан айын­да Сыр­да­рия өзенінің төмен­гі ағы­сы­на жіберіліп жатқан су 100 тек­ше метр­ге (650 м3/сек-ден 550-ге) азай­са, науры­зда су жібе­ру көле­мі 200 тек­ше метр­ге дей­ін азай­тыл­ды. Сол­түстік Арал теңізінің тар­ты­луы­ның күр­делі мәсе­лесі бола тұра, Арна­сай­ға 50 тек­ше метр су жіберіп, көр­ші елдің көлін тол­ты­руы­мен айна­лы­сып отырмыз.

Бұл жер­де Мем­ле­ке­та­ра­лық су шару­а­шы­лы­ғын үйле­сті­ру комис­си­я­ла­рын­да Арал теңізін тол­ты­ру мәсе­лесін басым­дық ретін­де қарас­ты­ру қажет. Төмен­гі жіберілетін судың азай­ты­луы Сол­түстік Арал теңізінің тар­ты­луы­ның күр­делі мәсе­лесіне айна­лу­да. Судың аз келуі сал­да­ры­нан соңғы төрт жыл қата­ры­нан тұрақты суа­руға бекітіл­ген лимит қай­та қара­лып келеді (2021 ж. – 3,7; 2022 ж. – 3,6; 2023 ж. –3,8; 2024 ж. – 3,7 млрд м3).

Нәти­же­сін­де, күріш егісінің көле­мін қысқар­туға мәж­бүр бол­дық. Мыса­лы, өткен жылы сулы жыл болға­ны­мен, күрі­штің егіс көле­мін 3,8 мың гек­тарға қысқарт­тық (89 мың га-дан 85,6 мың га). Күріш егіл­мей, қат­ты тұз­далған топы­рақта басқа дақыл­дар­дан жоға­ры өнім алу мүм­кін емес. Аймақтың бұл ерекшелі­гін де еске­руі­міз қажет. 

Сонау 90-жыл­да­ры шару­а­шы­лы­қтар­дың қар­жы­лық жағ­дай­ла­ры төмен болуы­нан күріш егісі 64 мың гек­тарға егіл­ген кез­де ауы­спа­лы егістік­тің 46 мың гек­та­ры тұз­да­ну сал­да­ры­нан айна­лым­нан шығып қал­ды. Сол себеп­тен күріш өсі­ру эко­ло­ги­я­лық маңы­зға ие және күрі­штік алқап­тар­ды суға басты­ру арқы­лы топы­рақтың тұз­да­нуын төмен­де­ту­ге мүм­кін­дік береді. Сыр өңірінің эко­но­ми­ка­лық және эко­ло­ги­я­лық жағ­дайы, халқы­ның тыныс-тір­шілі­гі Сыр­да­рия өзенінің сулы­ғы­на және Арал теңізінің жағ­дай­ы­на тіке­лей байланысты.

Жоға­ры­да айты­лған­дар­дың негізін­де, Құр­мет­ті Олжас Абай­ұ­лы, Арна­сай­ға су жібе­руді дереу тоқта­тып, Шар­да­ра­дан төмен­ге таста­ла­тын судың көле­мін 650 м3/сек жет­кі­зуді қол­да­уы­ңы­зды сұраймын.

Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,Мәжілістегі «Amanat» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депутаты

Республиканский еженедельник онлайн