Четверг , 28 августа 2025

Сот үкімі – азаматтық қоғамға сын

Алма­ты­дағы Алма­лы аудан­дық соты 26 тамыз күні өткен оты­ры­ста бес аза­матқа Нұр­лан Жауыл­ба­ев, Айдар Мұба­ра­ков, Нұр­лан Темірға­ли­ев, Жанат Қаза­қ­бай және Фазы­л­жан Сыдықовқа төрт жыл­дан бас бостан­ды­ғын шек­теу жаза­сын тағай­ын­да­ды. Одан бөлек, бес жыл бойы қоғам­дық қыз­мет­пен айна­лы­суға, пар­тия құруға неме­се сая­си ұйым­дарға кіру­ге тый­ым салынды.

Сот үкі­міне негіз болған айып – «Жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­сты­руға әре­кет­те­ну». Тер­геу нұсқа­сы бой­ын­ша, айып­та­лушы­лар 2024 жыл­дың 6 қаза­ны­на бел­гі­лен­ген АЭС жөнін­де­гі рефе­рен­дум қар­саңын­да халы­қты толқуға шақы­рып, атом электр стан­ци­я­сы­на қар­сы үнпа­рақтар таратқан. Алай­да сот­та­лушы­лар да, олар­дың қорға­у­шы­ла­ры да бұл айып­та­у­лар­ды жоққа шыға­рып отыр. «Бұл – сая­си про­цесс. Біз тек АЭС құры­лы­сы­на қар­сы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп, рефе­рен­дум күні сай­лау учас­ке­лерін­де бақы­ла­у­шы болу­ды жос­пар­лаған­быз. Қоғам­дық тәр­тіп­ті бұзу ойы­мы­зда да болған жоқ», – деді сот­та­лушы­лар өз сөздерінде.

Сот­тағы шикіліктер

Сот бары­сын­да айып­та­удың басты дәлелі ретін­де ұсы­ны­лған сте­но­грам­ма­дан көп­те­ген сәй­кес­сіздік­тер аны­қтал­ды. Айып­та­лушы­лар: «Сте­но­грам­ма­дағы сөз­дер мүл­де менікі емес. Ол күні мен басқа жер­де жүр­ген­мін. Бұл жалған құжат», – деп мәлімдеді.

Сон­дай-ақ сот ашық жари­я­ланға­ны­мен, про­цес­ке қаты­суға кел­ген бірқа­тар жур­на­ли­стер­ге шек­теу қой­ыл­ды. Абзал Дости­я­ров пен Қой­шы­бек Мұба­ра­ков сияқты тәу­ел­сіз тіл­шілер сот залы­на кір­гізіл­меді. Қорға­у­шы­лар­дың айтуын­ша, сот шеші­мі заң нор­ма­ла­рын өрес­кел бұзып отыр: қыл­мыс құра­мы дәлел­ден­бе­ген, нақты айғақ жоқ. Адво­кат Төле­ген Бер­ліқо­жа: «Ника­ких дока­за­тельств их вины нет… Біз мін­дет­ті түр­де апел­ля­ци­яға бере­міз», – деп мәлімдеді.

Аза­мат­тық қоға­мға қысым

Бұл іс – Қаза­қстан­да тәу­ел­сіз сот­тың жоқты­ғы мен авто­ри­тар­лы басқа­ру­дың сал­да­рын айқын көр­сет­кен мысал­дар­дың бірі. Заң үстем­ді­гі орны­қ­паған елде аза­мат­тық қоғам еркін пікір біл­ді­ре алмай отыр.

Сая­си бел­сен­ділер­ге қысым көр­се­ту – бүгін­гі Қаза­қстан­ды Ресей мен Бела­русь­пен жақын­да­сты­ра­тын қауіп­ті үрдіс. Бұл мем­ле­кет­тер­де де сот жүй­есі билік­ке бағы­нып, кез кел­ген оппо­зи­ци­я­лық әре­кет «қыл­мыс» деп таны­лып келеді. Енді осы тәжіри­бе біздің қоғам­да да қай­та­ла­нып отыр.

Халы­қтың еркі мен билік­тің шешімі

Қоғам­дық пікір­ге қара­сақ, Қаза­қстан халқы­ның басым бөлі­гі АЭС салуға қар­сы екенін біл­діріп келеді. Соған қара­ма­стан, өткен жылғы рефе­рен­ду­мға ресми дерек бой­ын­ша «70 пай­ыз қол­дау біл­дір­ді» деп жари­я­лан­ды. Енді билік елде үш АЭС салы­на­ты­нын ашық айта баста­ды. Халы­қтың алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­дір­ген аза­мат­тар қуда­ла­нып, сая­си тұтқын­дар қата­ры көбей­іп отыр.

Бұл мәсе­ле­ге Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи да назар аудар­ды. Оның айтуын­ша, Қаза­қстан­да бүгін­гі таң­да 31 адам сая­си тұтқын ретін­де тір­кел­ген. «Сая­си көзқа­ра­сы үшін аза­мат­тар­ды қамау – заң­сыздық пен әділет­сіздік­тің бел­гісі. Бұл – билік пен қоғам ара­сын­дағы сенім дағ­да­ры­сын одан әрі терең­де­те­ді», – деді ол.

Сот шеші­міне туы­ста­ры қуанға­ны­мен, қоғам бұл істі әділет­сіздік деп қабыл­да­ды. Өйт­кені айып­та­лушы­лар­дың әре­кетін­де қыл­мыс құра­мы жоқ, ал басты айғақ сана­ла­тын сте­но­грам­ма­да қай­шы­лық көп.

Авто­ри­тар­лы жүй­е­де тәу­ел­сіз сот бол­май­ды. Ал тәу­ел­сіз сот­сыз аза­мат­тық қоғам да басын көте­ре алмай­ды. Бұл үкім – тек бес адам­ның тағ­ды­ры­на қаты­сты ғана емес, бүкіл қаза­қстан­дық қоғам­ның бүгін­гі кел­бетіне үлкен сын.

Аза­мат МОЛДАСАНОВ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн