Пятница , 4 июля 2025

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ алдағы 15 жылда ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

Қанат Бозым­ба­евқа!

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев халы­ққа жол­даған Жол­да­у­ла­рын­да су шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­дағы мәсе­ле­лер­ді жүй­елі шешуді салаға жау­ап­ты орган­дарға ұдайы тап­сы­рып келеді. Алай­да шеші­мін тап­пай тұрған мәсе­ле­лер аз емес.

Дүни­е­жүзілік банк­тің және Халы­қа­ра­лық су ресур­ста­рын басқа­ру инсти­ту­ты­ның деректері бой­ын­ша, Қаза­қстан­дағы су ресур­ста­ры­ның көле­мі 2030 жылға қарай он бес пай­ы­зға дей­ін төмен­дей­тіні болжан­ды, ал 2040 жылға қарай тап­шы­лық 50 пай­ыз мөл­шерін­де деп күтілу­де. Бұл – өте алаң­дар­лық жағдай.

Ең басты мәсе­ле – осы сала­дағы кадр тап­шы­лы­ғы. 90-жыл­дар­дың басын­да сала­да 38 мың маман жұмыс атқар­са, стра­те­ги­я­лық маңы­зды сек­торға көңіл бөлін­бе­уінің кесірі­нен ол бүгін­де 6–7 есе­ге кемі­ген, «Бола­шақ» түлек­терінің ішін­де су сала­сы маман­да­ры жоқтың қасы. Оқу орын­да­ры­ның мате­ри­ал­дық- тех­ни­ка­лық база­сы да әлсіз.

Аса маңы­зды про­бле­ма­лар­дың бірі – шека­ра­лас мем­ле­кет­тер­мен су бөлі­су. Қаза­қстан­ның су қоры­ның 46 пай­ы­зы тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­ден қалып­та­са­ды, алай­да оны бір­ле­се пай­да­ла­ну әлі күн­ге дей­ін Кеңе­стік кезең­де қабыл­данған нор­ма­тив­тік құжат­тар­мен реттеледі.

Кері әсерін тигізіп оты­рған про­бле­ма­ның бірі – Су ресур­ста­ры­на қаты­сты шынайы ста­ти­сти­ка­лық деректер­дің жоқты­ғы. Соны­мен қатар су тасқы­ны мен құрғақ­шы­лы­қтың алдын алу, олар­дың қау­пін болжау өте төмен дең­гей­де. Аты­рау, Маңғы­стау және Түр­кістан облы­ста­ры сияқты көп­те­ген өңір­лер үшін жер асты сула­рын тиім­ді пай­да­ла­ну­ды зерт­теу қажет.

Жоға­ры­да айты­лған­дар­дың негізін­де келесі мәсе­ле­лер­ге назар ауда­ру қажет деп есептейміз:

Бірін­ші. Суар­ма­лы алқап­тар­ды ұлғай­ту жос­па­ры эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан зер­де­леніп, ғалам­дық кли­мат­тың зиян­ды әсер­лері­мен бай­ла­ны­сты­ры­лып, оңтай­лы рет­те­луі керек.

Екін­ші. Жер асты сула­ры­ның нақты­ланған кар­та­сы ғалым­дар мен гид­ро­гео­лог маман­дар­дың қаты­суы­мен және мем­ле­кет­тің қатаң бақы­ла­у­ы­мен жүр­гізілуі тиіс.

Соны­мен қатар азық-түлік қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін, жер асты сула­ры­ның ресур­ста­рын зерт­теу, қай­та баға­лау жұмыста­рын жүр­гізу­ге рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен мақ­сат­ты қара­жат бөлі­нуі маңызды.

Үшін­ші. Су шару­а­шы­лы­ғы­ның инфрақұры­лы­мын дамы­ту және оның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бағыт­талған кешен­ді іс-шара­лар Үкі­мет­тің қатаң бақы­ла­у­ын­да болып, Су заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген нор­ма­лар­дың жүзе­ге асы­ры­лу меха­низ­мі егжей-тег­жей­лі қарас­ты­ры­луы қажет.

Төр­тін­ші. Су сек­то­ры маман­да­рын даяр­лау мақ­са­тын­да маман­ды­қтар тіз­бесін кеңей­те оты­рып, білім беру стан­дарт­та­рын жетіл­діріп, қай­та қарау, маман­дар­дың білік­тілі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша нақты іс-шара­лар жүзе­ге асы­ры­луы қажет.

Бұған дей­ін де әріп­те­стері­міз көтер­ген, Қаза­қстан­да су шару­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша әлем­де­гі жетек­ші уни­вер­си­тет­тер­дің фили­ал­да­рын ашу, жоға­ры оқу орын­да­рын зама­на­уи зерт­ха­на­лар­мен жаб­ды­қтау және олар­дың нақты сек­тор­мен бай­ла­ны­сын нығай­ту бой­ын­ша тиісті шара­лар қабыл­дау керек.

Бесін­ші. Тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­де­гі су ресур­ста­рын әділ және ұтым­ды пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да Қаза­қстан үшін тиім­ді су дипло­ма­ти­я­сын жүр­гі­зу өте маңы­зды деп санай­мыз. Бұл – тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­де­гі су ресур­ста­ры­ның тиім­ділі­гі­мен қатар, олар­дың зиян­ды әсерін азай­туы және гид­ро­тех­ни­ка­лық құры­лы­стар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етері сөзсіз.

Дәу­лет ТҰРЛЫХАНОВ, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн