Четверг , 24 апреля 2025

СУ ТАПШЫЛЫҒЫҮЛКЕН СЫНАҚ

Адам адам болға­лы өзінің даму тарихын­да талай-талай кезең­дер­ді басы­нан өткізді. Жаратқан­ның өзіне бер­ген арты­қ­шы­лы­ғын пай­да­ла­на оты­рып, адам­зат әр кезең­де өз өмір-тір­шілі­гін жақ­сар­туға тыры­сты. Бір жағы­нан ол жаратқан­ның бер­ген ойлау қабілетін жұм­са­са, екін­ші жағы­нан табиғат­тың тегін беріп оты­рған сый­ла­рын пай­да­лан­ды. Сон­дай сый­лар­дың бірі – су ресур­ста­ры. Су – ауа секіл­ді адам өміріне аса қажет нәр­се, онсыз табиғат­тағы бүкіл жан-дүние өз тір­шілі­гін тоқтатады.

Адам­зат өз дамуы­ның шары­қтау шегіне жет­кен кез­де біз сол жаратқан­ның, табиғат­тың біз­ге беріп оты­рған баға жет­пес сый­ын дұрыс пай­да­ла­нып отыр­мыз ба? Тех­ни­ка­лық про­гре­стің қары­штап дамуы мен табиғат­ты қорғау және оның ресур­ста­рын тиім­ді, ұтым­ды пай­да­ла­ну ара­сын­дағы тең­герім­ді дұрыс сақтап отыр­мыз ба? Бүгін­гі күні жер шары­ның түк­пір-түк­пірін­де жиі-жиі қай­та­ла­нып оты­рған табиғи және тех­но­ген­дік апат­тар, әлем­де­гі кли­мат­тың өзге­руі, соған бай­ла­ны­сты тау мұз­дақта­ры­ның, айс­берг­тер­дің күрт еруі, мұхит­тар­дағы ағы­стар­дың өзге­руі, сол мұхит кеңісті­гін­де пай­да болып жатқан ала­пат құй­ын-дауыл­дар – бәрі адам­заттың табиғат заңы­на сәй­кес кел­мей­тін іс-әре­кет­терінің нәти­же­сі деу­ге толық хақы­мыз бар. Нәти­же­сін­де жер шары­ның бір бөле­гі топан судың астын­да қалып жат­са, екін­ші бөле­гі су тап­шы­лы­ғы­ның аза­бын тар­ту­да. Бірік­кен ұлт­тар ұйы­мы­ның мәлі­меті бой­ын­ша, бүгін­гі күні 2,2 млрд адам таза ауыз суға қол жет­кі­зе алмай отыр.

Су – жер шарын­дағы қай­та­дан қал­пы­на кел­мей­тін, орны тол­май­тын ресурқа жата­тын­ды­қтан, аталған жағ­дай жыл­дан-жылға күр­де­лене түсу­де. Осы сала сарап­шы­ла­ры­ның пікіріне сүй­ен­сек, су тап­шы­лы­ғы жақын келе­шек­те мем­ле­ке­та­ра­лық қақты­ғы­старға әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Су тап­шы­лы­ғы – біздің Орта­лық Азия аумағы үшін де өткір про­бле­ма­лар­дың бірі. Салы­стыр­ма­лы түр­де жер шары­ның көп­те­ген басқа аймақта­ры­на қараған­да су көз­дерінің бір­ша­ма жет­кілік­ті­гіне қара­ма­стан, аталған про­бле­ма мұн­да да жыл­дан-жылға шие­лені­се түсу­де. Бұған негіз­гі ең басты себеп – бар су ресур­ста­рын тиім­сіз, қалай бол­са солай пай­да­ла­ну болып отыр. Әсіре­се Кеңе­стер Одағы кезін­де­гі су пай­да­ла­ну сая­са­ты аймақты эко­ло­ги­я­лық апат жағ­дай­ы­на әкел­гені сөз­сіз. Суды көп талап ететін мақта, күріш дақыл­да­рын шама­дан тыс егу, қара құм­ды қақ жарып өтетін Қарақұм кана­лы­ның салы­нуы, соны­мен қатар бар су ресур­ста­рын бей­бе­ре­кет, үнем­сіз пай­да­ла­ну, көле­мі жөні­нен әлем­де төр­тін­ші орын ала­тын, Орта Ази­я­ның мар­жа­ны сана­ла­тын Арал теңізін құр­ды­мға жібе­ру­ге әкеліп соқты. Одақтың тара­уы, Орта Азия мем­ле­кет­терінің тәу­ел­сіздік алуы су ресур­ста­рын пай­да­ла­ну­да оң өзгерістер әкел­меді. Жағ­дай ушы­қ­па­са, жақ­сарған жоқ. Нәти­же­сін­де сумен қам­та­ма­сыз етудің адам басы­на шаққан­дағы мөл­шері бүгін­гі күні кеңе­стік кезең­мен салы­сты­рған­да екі есе­ге азайған.

Дүни­е­жүзілік банк­тің деректеріне сүй­ен­сек, Орта­лық Ази­яда демо­гра­фи­я­лық өсім­ге бай­ла­ны­сты су тап­шы­лы­ғы 25–30 пай­ы­зға жете­ді, ал 2030 жылға қарай бұл көр­сет­кіш тағы да 30 пай­ы­зға өсуі мүм­кін. Ал бүгін­гі күні Ауған­стан мем­ле­кетінің Әму­да­ри­ядан өз жеріне қарай тар­тып жатқан «Қош-Тепе» кана­лы аумақтағы жағ­дай­ды одан сай­ын ушы­қты­ра­ты­ны сөз­сіз. Қан­ша жыл соғыс жағ­дай­ын­да өмір сүріп, енді ғана бей­біт өмір­ге бет бұрып жатқан Ауған­стан үшін бұл канал ел эко­но­ми­ка­сын аяғы­нан тұрғы­зуға бағыт­талған бір­ден-бір шара сана­ла­ды. Сон­ды­қтан да ауған ағай­ын­дарға бұл канал­ды сал­ма деп те айта алмайсың.

Ал енді бұл мәсе­ле бой­ын­ша Қаза­қстан­ның жағ­дай­ы­на келетін бол­сақ, біз­де де мақта­нар­лық ешнәр­се жоқ. Су ресур­ста­ры­мен, оның ішін­де ауыз сумен қам­та­ма­сыз ету жыл­дан-жылға күр­де­лене түсу­де. Ресми мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, бүгін­гі күні рес­пуб­ли­ка­да су тап­шы­лы­ғы 17 тек­ше шақы­рым деп баға­ла­нып отыр. Ал 2030 жылға қарай бұл көр­сет­кіш 23 тек­ше шақы­ры­мға жете­ді деп болжа­ну­да. Гео­гра­фи­я­лық тұрғы­дан алған­да, біз­де табиғи су қоры өте аз және негіз­гі су ресур­ста­ры­ның көзі шека­ра­лас мем­ле­кет­тер­де (Ресей, Қытай, Тәжік­стан, Қырғыз­стан) орна­ласқан. Ресми деректер­ге сәй­кес, елі­міз­де­гі таза судың қоры 539 тек­ше шақы­рым­ды құрай­ды. Оның ішін­де 190 тек­ше шақы­ры­мы ел аумағын­дағы көл­дер­де, 95 тек­ше шақы­ры­мы су қой­ма­ла­рын­да, 101 тек­ше шақы­ры­мы өзен­дер­де, 95 тек­ше шақы­ры­мы жер асты су көз­дерін­де, 58 тек­ше шақы­ры­мы тау­лар басын­дағы мұз­дақтар­да шоғырланған.

Тиісті маман­дар­дың пай­ым­да­уын­ша, су тап­шы­лы­ғы мәсе­лесін шешу­де оны бей­бе­ре­кет, жөн­сіз жұм­сау деректері айтар­лы­қтай кедер­гі кел­тіріп отыр екен. Мәсе­лен, Қаза­қстан су тұты­ну көле­мі бой­ын­ша әлем­де 11-орын­да тұр. Жан басы­на шаққан­да күн­делік­ті су тұты­ну көле­мі 3,5 мың литр мөл­шерін­де екен. Ал енді осы көр­сет­кі­шті басқа елдер­мен салы­стыр­сақ, Ресей­де бұл көр­сет­кіш – 1,3 мың литр, Гер­ма­ни­яда – 855 литр, Ұлы­бри­та­ни­яда – 348 литр. Жал­пы ауыз су мен шару­а­шы­лық қажетіне жұм­са­ла­тын су тап­шы­лы­ғы бой­ын­ша Қаза­қстан Ази­яда Бан­гла­деш, Үндістан және Қытай сын­ды елдер­ден кей­ін 8‑орында тұр.

Су тап­шы­лы­ғы мәсе­лесін зерт­тей кел­ген­де, қалай біз осын­дай жағ­дай­ға тап бол­дық деген сұрақ алды­мы­здан шыға­ты­ны сөз­сіз. Қан­дай да бір мәсе­ле туын­даған­да, оны уақы­тын­да шешпе­се, ол күн­нен-күн­ге, жыл­дан-жылға күр­де­лене түсетіні бел­гілі. Тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін­гі отыз жыл елі­міздің су шару­а­шы­лы­ғы сала­сы үшін аса қиын, тоқы­рау жыл­да­ры бол­ды. Сол кез­де­гі ел билі­гінің шолақ сая­са­ты­ның нәти­же­сін­де аталған сала тіп­ті Кеңес Одағы кезін­де­гі жет­кен жетістік­тері­нен айы­ры­лып қал­ды. Ел эко­но­ми­ка­сы үшін аса маңы­зды сала­ны басқа­ру орга­ны – Мели­о­ра­ция және су шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі тара­ты­лып, оның негізін­де құры­лған Су ресур­ста­ры коми­теті біре­се Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне, біре­се Эко­ло­гия және қор­шаған орта­ны қорғау мини­стр­лі­гіне беріліп, сала жетім бала­ның күнін кешті. Ол аз болған­дай, рес­пуб­ли­ка­дағы су маман­да­рын даяр­лай­тын Жам­был гид­ро­ме­ли­о­ра­тив­тік-құры­лыс инсти­ту­ты жабы­лып, оның мін­дет­тері Тараз мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетіне беріл­ді. Нәти­же­сін­де бүгін­гі күні Қаза­қстан­да осы су про­бле­ма­ла­рын жете түсі­нетін, тран­с­ше­ка­ра­лық су мәсе­ле­лері бой­ын­ша Қытай, Өзбек­стан, Қырғыз­стан су маман­да­ры­мен тең дәре­же­де келіс­сөз жүр­гі­зе ала­тын маман­дар қал­ма­ды десем, артық айтқан­дық емес. Көп жыл­дар бойы елі­міз­де Мели­о­ра­ция және су шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі болып қыз­мет атқарған Қып­шақ­ба­ев Нари­ман аға­мыз да сала­ның осы мүш­кіл халін тың­дар құлаққа жет­кі­зе­мін деп шырыл­дап, қақ­паған есі­гі қал­маған шығар. Бірақ ол кісінің айтқа­нын құлаққа ілген біре­уді көр­медік. Атам қазақ ата­лы сөзді ести­тін құлаққа жет­кі­зе алмай күй­зел­ген­де: «Өзің біл­ме, біл­ген­нің тілін алма» деген ғой. Осы нақыл ма, қарғыс па – не бол­са да, сол кез­де­гі ескі Қаза­қстан­ның билік басын­дағы­ларға арнап айтылғандай.

Құдай­ға шүкір, бүгін­гі ел билі­гі басын­дағы­лар кеш те бол­са осы сала­ның про­бле­ма­ла­рын шешу кезек күт­тір­мей­тінін түсін­ген сыңай­лы. Ел Пре­зи­ден­ті бұр­нағы жылғы Жол­да­уын­да су шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­ның про­бле­ма­ла­ры­на кеңі­нен тоқта­лып, сала­ны жан­дан­ды­руға бағыт­талған бір­та­лай нақты шара­лар қабыл­да­уды ұсы­нған бола­тын. Сол ұсы­ны­стар­дың негізін­де Су ресур­ста­ры және ирри­га­ция мини­стр­лі­гі құры­лып, аталған орган бүгін­гі күні толы­ққан­ды өз жұмысын жүр­гізіп отыр. Соны­мен қатар Тараз қала­сын­да осы салаға қажет­ті кадр­лар даяр­лай­тын жоға­ры оқу орны ашы­лып, өз жұмысын бастап жатқан тәрізді.

Енді елі­мізді жақын бола­шақта күтіп тұрған су тап­шы­лы­ғы­на қалай біз бес қаруы­мыз сақа­дай сай дай­ын­ды­қ­пен келуі­міз керек? Ол үшін бүгін­нен бастап бірін­ші кезек­те не істе­уі­міз қажет? Қысқа­ша айтқан­да, олар – су және ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­ла­рын­дағы гид­ро­тех­ни­ка­лық нысан­дар салу және олар­ды жөн­деу, суды үнем­деу мен тиім­ді пай­да­ла­нуға бағыт­талған шара­лар, қала­лар мен елді мекен­дер­де­гі ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық сала­ла­рын­дағы шару­а­лар, қара­пай­ым халы­қтың сана­сы­на суды дұрыс та үнем­ді пай­да­ла­ну мәде­ни­етін сіңді­ру сияқты шара­лар. Әрине, тиісті маман­дар бұл жөнін­де қажет­ті бағ­дар­ла­ма­лар дай­ын­дап, олар жаңа­дан ашы­лған мини­стр­лік­тің, басқа да мүд­делі мем­ле­кет­тік орган­дар­дың жұмыс жос­па­ры­на кіріп, рес­пуб­ли­ка­ның алдағы бюд­жетін­де қажет­ті қара­жат та бөліне жатар. Бірақ бұл аталған шара­лар­дың бәрі жет­кіліксіз, кос­ме­ти­ка­лық шара­лар деп есеп­тей­мін. Әрине, осы айты­лған­дар­дың бәрі жос­пар­лаған­дай іске асып жат­са, су тап­шы­лы­ғы­ның сал­да­ры мен зардаб­ын азай­тып, уақыт­ша муль­ти­пли­ка­тив­тік нәти­же беретіні сөзсіз.

Деген­мен, бұл шара­лар ұзақ уақыт­тық бола­шақта елі­міз­де­гі су про­бле­ма­сын түп­кілік­ті шешу­ге мүм­кін­дік бер­мей­ді. Күр­делі мәсе­лені шешу үшін, ауқы­мы сол про­бле­маға сәй­кес келетін, бүгін­гі күн­нің стан­дар­ты­на сай кел­мей­тін төтен­ше шара­лар қажет деп есеп­тей­мін. Бүгін осы мақа­лам­да сон­дай шара­лар­дың бір­не­ше­уін ұсы­нға­лы отырмын.

Біреу білер, біреу біл­мес – өткен ғасыр­дың 70–80-жылдары Арал теңізі тар­ты­лып, Өзбек­стан­да мақтаға, Қаза­қстан­да күріш­ке су жетіс­пей, осы аймақтағы өнер­кәсіп­тің дамуы да судың тап­шы­лы­ғы­нан шек­теліп жатқан уақыт бола­тын. Осы про­бле­ма­лар­дың бәрін түп­кілік­ті шешу мақ­са­тын­да Кеңес Одағы­ның ең жоға­ры бас­шы­лы­ғы Сібір­дің Обь, Ертіс өзен­дері суы­ның 6 пай­ы­зын неме­се 27,2 тек­ше кило­метр суды кей­ін қарай бұрып, Ресей­дің кей­бір облы­ста­ры, Торғай дала­сы арқы­лы Қызы­лор­да қала­сы­ның жаны­нан Сыр­да­ри­яға және одан әрі Әму­да­ри­яға құюға бағыт­талған жоба­ны жасау тура­лы шешім қабыл­даған бола­тын. Бұл жоба СОКП-ның Сая­си бюро­сын­да қол­дау тауып, тіп­ті, қате­ле­с­пе­сем, сол кез­де мем­ле­кет­тік сарап­та­ма­дан да өткен еді. Әрине, бұл жоба­ны іске асы­рған­ның өзін­де де, Арал теңізінің толық қал­пы­на келуі неғай­был. Бірақ Орта­лық Азия мен Қаза­қстан­ды сумен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесін толық шеш­кен болар еді. Соны­мен қатар Арал­дың жағ­дайы да бүгін­гі­ге қараған­да әжептәуір жақ­са­рар еді. Жоба­ның іске аспай қалуын кезін­де эко­ло­ги­я­лық про­бле­ма­лар­мен түсін­дір­ген бола­тын. Бірақ кей­ін бел­гілі болған­дай, ол кез­дері Кеңе­стер Одағы әскер­лерінің Ауған­станға басып кіруіне бай­ла­ны­сты баты­стың салған қатаң санк­ци­я­ла­ры­ның нәти­же­сін­де жоба­ны іске асы­руға қажет­ті қара­жат болмаған.

Аталған жоба бұл күн­дері дай­ын күй­ін­де Ресей­дің мұрағат­та­рын­да жатуы тиіс. Оған тек бүгін­гі күн­нің талап­та­ры­на сәй­кес тиісті өзгерістер енгізіп, іске асы­руға бола­ды. Бүгін­гі күні ол жоба­ның іске асуы­на Орта­лық Ази­я­ның бар­лық мем­ле­кет­тері және Қаза­қстан мен Ауған­стан да мүд­делі деп есеп­тей­мін. Соны­мен қатар бұл жоба­ның іске асуы­на Ресей де қар­сы бол­мауы тиіс. Өйт­кені жаһан­дық кли­мат­тың өзге­руі, соған бай­ла­ны­сты көмір қышқыл газы­ның шыға­рын­ды­ла­ры­на шек­теу қой­ы­луы Ресей­дің мұнай мен газ­ды экс­порт­тау көле­мін жыл­дан-жылға азай­туы­на әкеліп соғуы мүм­кін. Ал енді бір он жыл­дан кей­ін су ресур­ста­рын экс­порт­тау тұрақты валю­та көзіне айна­ла­ды деген болжам бар. Мұн­дай ірі, бола­шағы сенім­ді жобаға инве­стор­лар тар­ту да көп қиын­дық кел­тір­ме­уі тиіс деп есеп­тей­мін. Соны­мен қатар осы жоба­ны пай­да­ла­нып, соңғы кез­де өз уысы­нан шығып бара жатқан Орта­лық Азия мем­ле­кет­тері мен Қаза­қстан­ды өз ықпа­лы­на қай­та­ру Ресей үшін де тиімді.

Сон­дай-ақ соңғы жыл­да­ры Кас­пий теңізінің тар­ты­лып бара жатқа­ны, оның бүгін бол­ма­са ертең Арал­дың кебін құшуы мүм­кін екен­ді­гі де бәрі­міз­ге бел­гілі. Кас­пий­дің тар­ты­луы оны айна­ла қор­шап жатқан мем­ле­кет­тер­дің – Ресей­дің, Қаза­қстан­ның, Әзір­бай­жан­ның, Түрік­мен­стан және Иран­ның эко­но­ми­ка­ла­ры­на орас­ан зор зардап әке­леді. Оның тар­ты­луын әр зерт­те­уші ғалым әртүр­лі себеп­тер­мен түсін­діреді. Біре­улері про­це­сті табиғи үрдіс, теңіз дең­гейі бұрын да осы­лай ауы­тқып тұрған деп түсін­діреді. Әрине, олай болуы да мүм­кін. Бірақ негіз­гі себеп, біздің ойы­мыз­ша, теңіз­ге құя­тын су мөл­шерінің аза­юы. Өйт­кені Кас­пий­ге құя­тын өзен­дер­дің, Еділ мен Жай­ы­қтың, басқа да кіші­гірім өзен­дер­дің жыл­дан-жылға тар­ты­лып бара жатқа­нын Ресей­дің бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры хабар­ла­уда. Соны­мен қатар Еділ өзенінің бой­ын­да Кас­пий­ге дей­ін он ірі су қой­ма­сы барын біле­міз. Осы­ның бәрін еске­ре келе, Кас­пий теңізінің бола­шағы да бұлы­ңғыр­ла­нып бара жатқа­нын байқаймыз.

Басқа мем­ле­кет­тер­ді қай­дам, Кас­пий­дің тар­ты­луы Қаза­қстан үшін, әсіре­се Маңғы­стау өңіріне үлкен эко­но­ми­ка­лық шығын кел­тіру­де. Дәлірек айт­сақ, Ақтау, Жаңаө­зен қала­ла­ры мен басқа да елді мекен­дер­ді тұщы­ты­лған теңіз суы­мен қам­та­ма­сыз ету ісіне, Ақтау мен Құрық теңіз порт­та­ры­ның, Қашаған мұнай кені­шінің жұмысы­на көп­те­ген қиын­ды­қтар кел­тіру­де. Кас­пий­дің тар­ты­лу мәсе­лесін Қаза­қстан жаға­ла­удағы басқа да көр­ші мем­ле­кет­тер­дің ғалым­да­ры­мен бір­лесіп зерт­теу жұмыста­рын жүр­гі­зу­де. Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­на сәй­кес, Үкі­мет Кас­пий теңізінің ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын құру тура­лы қау­лы қабыл­да­ды. Әрине, мұның бәрі Кас­пий­ді сумен тол­тыр­май­ды, бұлар мәсе­ленің шешілуіне тек қана жана­ма көмек көр­се­туі мүмкін.

Біздің ойы­мыз­ша, бүгін­гі күні Кас­пий­ді құтқа­ру үшін нақты қадам – Кас­пий мен Азов теңіз­дерін бай­ла­ны­сты­ра­тын Евра­зия кана­лы­ның салы­нуы, ол тура­лы бір­та­лай уақыт­тан бері айты­лып келеді, бірақ нақты шешім қабыл­дан­бай жүр. Бұл, бірін­ші­ден, Кас­пий теңізінің дең­гей­ін көте­ру­ге әсер етсе, екін­ші­ден, Қаза­қстанға Азов теңізі, Қара теңіз және Жерор­та теңіз­дері арқы­лы дүни­е­жүзілік мұхит­тарға шығуға мүм­кін­дік беріп, рес­пуб­ли­ка­ның гео­са­я­си жағ­дай­ын күрт жақ­сар­та­ды. Бел­гілі әлем сарап­шы­ла­ры Евра­зия кана­лы жоба­сы іске асқан жағ­дай­да ол «Суэц кана­лы­на бәсе­ке­лес бола ала­ды» деген де пікір айтуда.

Жоға­ры­да айты­лған ұсы­ныс, пікір­лер­дің бәрі – менің су шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­ның арда­гері ретін­де айтып оты­рған жеке пікірім. Тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар қажет деп тап­са, көңіл ауда­рып, назар­ла­ры­на алар. Не болған­да да, сырт­тан біреу келіп мәсе­ле­мізді шешеді деп, қол қусы­рып оты­руға бол­май­ды деп ойлай­мын. Бұлар­дың бәрі Қаза­қстан­ның жеке шешетін мәсе­ле­лері емес, ол – көр­ші туы­сқан елдер­мен бір­лесіп, ортақ шеші­мін таба­тын мәселелер.

Сәмет ЫҚЫЛЫСҰЛЫ,

су шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­ның ардагері

Республиканский еженедельник онлайн