Пятница , 23 мая 2025

Су тасқыны: БҚО-да 800-ге жуық үй салынады

Су тасқы­ны­нан зардап шек­кен БҚО-ның тұрғын­да­ры үшін 775 үй салы­нып, мем­ле­кет есебі­нен қосым­ша 1500 пәтер сатып алы­на­ды. Бұл тура­лы Теректі ауда­ны Под­степ­ное ауы­лы­ның тұрғын­да­ры­мен кез­дескен Мәжіліс депу­та­ты, «Аmanat» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның мүше­сі Нар­тай Сәр­сенға­ли­ев мәлімдеді.

Елді мекен Орал қала­сы­нан 10 шақы­рым жер­де орна­ласқан. Жақын­да болған су тасқы­ны­нан ауыл басқа аймақтарға қараған­да көбірек зардап шек­кен. Қарғын судың сал­да­ры­нан 481 отба­сы бас­па­на­сы­нан айырылған.

«Бар­лық дүние-мүлік, төрт түлік су астын­да қал­ды. Үйді су басты. Біз көп­ба­ла­лы отба­сы­мыз. Алға­шын­да біз­ге мек­теп­те­гі эва­ку­а­ци­я­лық пунк­те төсек-орын беріл­ді. Қазір бас­па­на жал­дап жатыр­мыз. Мем­ле­кет­тен мате­ри­ал­дық көмек алдық. Енді тез­детіп тұрғын үй алғы­мыз келеді», деді жер­гілік­ті тұрғын Мари­ям Қайратқызы.

Қазір­гі таң­да Теректі ауда­нын­да бір қабат­ты 131 үйдің құры­лы­сы жүр­гізіліп жатыр. Әр үйдің жал­пы ауда­ны – 80 шар­шы метр. Под­степ­ное ауы­лын­да 106 үй салы­на­ды. Салы­на­тын үйлер­дің құры­лы­сы­на 10 мер­ді­гер ком­па­ния жұмыл­ды­ры­лған. 670 үй иесіне 100 АЕК (369 200 тең­ге) мөл­шерін­де бір­жолғы мате­ри­ал­дық көмек көр­сетіл­се, 506 үй иесінің мате­ри­ал­дық шығы­ны өтел­ген. Соны­мен қатар ауыл­да мек­теп­ті жөн­деу жұмысы басталған. Жол жөн­де­у­ге және бөгет­тер­ді қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­ры­на бюд­жет­ке өтінім берілген.

«Депу­тат­тар алға­шқы күн­нен-ақ оқиға орны­нан табыл­ды. Өз басым, зардап шек­кен отба­сы­лар­мен бір­не­ше рет кез­де­стім, су тасқы­ны­на қар­сы іс-қимыл бой­ын­ша әкім­дік­тер­мен бір­ге жұмыс істе­дім, баға­лау комис­си­я­ла­ры­ның жұмысы­на атса­лы­стым. Бар­лық мәсе­ле Пре­зи­дент бақы­ла­у­ын­да бол­ды. Қазір біздің басты мақ­са­ты­мыз – зардап шек­кен жан­дар­дың барын­ша тезірек қалып­ты өмір­ге ора­луы­на жағ­дай жасау, үйлер­ді, жеке қосалқы шару­а­шы­лы­қтар­ды, әле­умет­тік инфрақұры­лым­ды, бала­бақ­ша­лар мен ауру­ха­на­лар­ды қал­пы­на кел­ті­ру», деді Нар­тай Сәрсенғалиев.

Айта кетей­ік, бұған дей­ін Мәжіліс депу­тат­та­ры су тасқы­ны­мен күре­су жұмыста­ры­на барын­ша көмек көр­се­ту үшін зардап шек­кен аймақтар­ды ара­лап шыққан еді. Депу­тат­тар тұрғын­дар­дың мұң-мұқта­жын құзыр­лы орган­дарға тіке­лей жет­кізіп, қажет­ті ресур­стар­ды жедел жет­кі­зуді ұйымдастырған.

Республиканский еженедельник онлайн