Четверг , 3 июля 2025

СЫЙЛЫҚТЫ халық берген ҚАЛАМГЕР

  • «Біз Сіз­ге Мем­ле­кет­тік сый­лы­қты «Елім-айдың» алға­шқы кіта­бы шыққан­да-ақ беріп қой­ған­быз. Екін­ші және үшін­ші кіта­бы шыққан­да «Еңбек Ерін» бер­ген­біз. Ең басты­сы, бағаңы­зды, қадіріңізді ел-жұр­ты­ңыз біледі… Әрине, жоға­ры­ға жағы­нып, жағым­паз­да­нып, мықты­лар­дың алдын­да құр­дай жорға­лап жүр­сеңіз, атақ пен сый­лы­қтың бәрін қал­пақ­пен қағып алар едіңіз! Бірақ халы­қтың ара­сын­да абы­рой-беделіңіз, сүй­кі­міңіз бол­мас еді. Халық ақы­мақ емес, кім­нің кім екенін біледі… Сіз дұрыс жол­мен жүріп келесіз, Аға! 
  • Қазір­гі қазақ әде­би­етінің тұғыр­лы тұлға­сы Софы Сма­та­ев 80 жасқа тол­ды. Газеті­міздің тұрақты авто­ры, қай­рат­кер-қалам­гер аға­мы­зды мерей­лі мерей­той­ы­мен құт­ты­қтай оты­рып, жазу­шы жай­ын­дағы жаз­ба­ны жөпел­де­ме­де жария етіп отырмыз.

Софы аға, сіздің есі­міңіз­бен жастай­ым­нан таны­спын. Шығар­ма­ла­ры­ңы­зды бала кез­ден жата-жаста­на оқып-өстік. Ең алғаш қолы­ма «Елім-ай» рома­ны­ңыз түсті. Атақты «Елім-ай» әнін жат­тап өскен біз­ге бұл шығар­маңыз кере­мет әсер етті. Ата тарихы­мы­зға деген қызы­ғу­шы­лы­ғы­мы­зды оят­ты. Бас алмай, қызы­ға, құмы­ға оқып шықтым. Там­са­нып, таң­дай қаққа­ным да әлі есім­де. Тари­хи шығар­ма жазу асқан жау­ап­кер­шілік жүк­тей­ді. Жаза басып, бір жері­нен қателік жібер­сең, шығар­маң­ның көк тиын­дық құны бол­май­ды. Енде­ше тари­хи тақы­ры­пқа қалам сіл­теу, шығар­ма жазу оңай емес. Сіз осы бір жау­ап­кер­шілік­ті жете түсін­ген­сіз, жақ­сы сезін­ген­сіз. Оны өз шығар­ма­ла­ры­ңы­здан анық аңға­руға болады.

Қазақ халқы­ның басы­нан не өтпе­ді, қан­дай қиын­шы­лы­қтарға тап бол­ма­ды дей­сіз?! Тари­хи оқиға­лар­дың желісін үзбей, шып-шырға­сын шығар­май, жүй­е­леп шыққан­сыз. Сол бір ауыр кезең­де­гі халқы­мы­здың басы­нан кеш­кен тағ­дыр-талай­ын, тұр­мыс-тір­шілі­гін, мұң-зарын, уай­ым-қай­ғы­сын мей­лін­ше шынай­ы­лы­қ­пен, ерекше шабыт­пен, асқан шебер­лік­пен сурет­те­ген­сіз. Оқып оты­рған­да, сол дәуір­дің тари­хи оқиға­ла­ры көз алды­ң­нан түй­дек­теліп көшіп жата­ды. Тари­хи тұлға­лар­дың көр­кем бей­несін де келісті­ре кей­іп­те­ген­сіз. «Хан­ның бәрі – қані­шер, батыр­дың бәрі – қарақ­шы» деп оқы­тқан заман­да сіздің бұл еңбе­гіңіз тыңға түрен салған­дай бол­ды. Хандарға, билер­ге, батыр­ларға деген қасаң көзқа­ра­сы­мы­зды өзгерт­ті. Іші­міз жыли баста­ды. Көп нәр­се­ге қаны­қтық, біл­дік, сезін­дік, ой түй­дік. Ел мен жер­дің қамын ойлап, атқа қонған Әз Тәу­ке, Болат, Абы­лай хандар­дың, Әбілқай­ыр, Барақ сұл­тан­дар­дың, Төле, Қазы­бек, Әйте­ке билер­дің, Қабан­бай, Бөген­бай, Науры­з­бай, Жәні­бек, Есет батыр­лар­дың жанқи­яр­лық ерлік­терін әде­мі өрген­сіз. Көр­кем бейне жаса­удың, образ сомда­удың шын шеберісіз! Төгіліп тұрған тіліңіз қан­дай?! Нағыз әде­би, көр­кем тіл. Ақын­дық шабыт­пен жазы­лған. Шынын­да да, көр­кем шығар­ма көр­кем жазы­луы керек қой! Қазір осы көр­кем­дік­тен айы­ры­лып бара жатқан сияқтымыз.

«Елім-ай» роман-эпо­пе­яңыз – шын мәнін­де, қан­дай мақтау-мара­патқа бол­сын лай­ық үлкен еңбек, кемел һәм кесек шығар­ма. Зама­ны­мы­здың заңғар жазу­шы­сы Шыңғыс Айт­ма­то­втың сөзі­мен айтар бол­сақ, «Софы­ның «Елім-ай» дило­ги­я­сы – ыстық жүрек­пен, шебер де шешен тіл­мен, зерек зер­де­мен жазы­лған, аза­ма­тын ерлік­ке, әле­уметін бір­лік­ке шақы­руы­мен әсер­лі туын­ды». Айт­ма­то­втан асы­рып не айта­мыз?! Мем­ле­кет­тік сый­лық дәл осы шығар­маңы­зға берілуі керек еді. Амал қан­ша, бұй­ыр­ма­ды. Десе де, осы шығар­маңыз арқы­лы жал­пы жұрт­шы­лы­қтың ыстық ықы­ла­сы­на бөлен­діңіз, қол­да­уы­на, махаб­ба­ты­на ие бол­ды­ңыз. Шын сурет­кер­ге бұдан артық бақыт бола ма?!. Қалам­гер­лік тұрғы­да асы­ғы алшы­сы­нан түс­кен, бағы­ңыз жанған жазу­шы­сыз, шаша­сы­на шаң жұқ­пас шын жүй­ріксіз. Бұл Сіз­ге деген халы­қтың бер­ген баға­сы, ыстық ықы­ла­сы. Мем­ле­кет­тік сый­лық алған шығар­ма­лар­дың бар­лы­ғы бір­дей халы­қтың жүре­гі­нен орын ала­ды деп айта алмай­мын. Ал «Елім-ай» рома­ны­ның шоқты­ғы биік, орны – төр.

Құдай­ға тәу­ба, еселі еңбек еттіңіз, тоқта­у­сыз жазу жаз­ды­ңыз. Тын­ды­рға­ны­ңыз, халқы­ңы­зға бер­геніңіз көп. Ол жағы­нан ешқан­дай өкіні­шіңіз жоқ шығар?! Шығар­ма­ла­ры­ңыз бірі­нен кей­ін бірі ел бас­па­ла­ры­нан кітап болып басы­лып шығып жат­ты. Атап айтар бол­сақ, «Армысың, ана!» (Әңгі­ме­лер, повесть. А., «Жазу­шы», 1970), «Алау» (Повесть. А., «Жазу­шы», 1974), «Елім-ай» (Роман. 1‑кітап. А., «Жазу­шы», 1976; 2‑кітап. Роман. А., «Жазу­шы» 1980; 3‑кітап. А., «Қазы­ғұрт», 2003), «Ақже­лең» (Роман. А., «Жалын», 1979), «Қобы­лан­ды батыр» (Повесть. А., «Жалын», 1981) «Алға­шқы асу» (Пове­стер. А., «Жалын», 1982), «Бұлақ» (Роман. А., «Жазу­шы», 1983), «Ғары­шқа көз тік­кен жер» (Әңгі­ме­лер. А., «Жалын», 1985), «Мәң­гілік баста­уы» (Роман. А., «Жалын», 1987), «Үш пай­ғам­бар» (Мақа­ла­лар. А., «Дәуір», 1992), «Әзіл-әзәзіл» (Пье­са­лар. А., «Өнер», 1988), «Елім-ай» (Роман-три­ло­гия. «Санат», 1998), «Жары­лқап батыр» (Роман. «Айқос», 2000), «Қай­ран жастық» (Пове­стер. Аста­на, «Елор­да», 2001), «Елім-ай» (Роман-три­ло­гия. «Ата­мұ­ра», 1‑кітап; 2–3‑кітаптар. «Фоли­ант», 2003), «Біз – құл­мыз ба, кім­біз?». (Роман. «Елор­да», 2005), «База­рың құт­ты бол­сын» (Кино­по­ве­стер), «Ана­лар-ай – Дана­лар-ай» (Дастан. «Құс жолы», 2008) кітап­та­ры­ңы­зды айт­сақ та жет­кілік­ті шығар.

Сіз алып та, шалып та жыға­тын балу­ан сияқты­сыз. Жан-жақты­сыз, көп қыр­лы­сыз… Әде­би­ет табал­ды­ры­ғын ақын болып атта­ды­ңыз! Одан ойы­ңыз толы­сып, про­за­ға ойы­сты­ңыз. Дра­ма­тур­ги­я­ны да біраз шиыр­ла­ды­ңыз. Қан­дай жанр­да қалам тер­бе­сеңіз де, нен­дей шығар­ма жаз­саңыз да, жау­ап­кер­шілік­ті естен шығарған, өз дең­гей­іңіз­ден бір пәс те түс­кен, төмен­де­ген жоқ­сыз. Қала­мы­ңы­з­бен ғана емес, жаны­ңы­з­бен, жүре­гіңіз­бен, қаны­ңы­з­бен жаз­ды­ңыз. Ол әр шығар­маңы­здан білі­неді, көрі­неді, бай­қа­ла­ды. Қай жанр­да бол­ма­сын өз сүр­леу-соқ­пағы­ңы­зды сал­ды­ңыз, құс жолын­дай айшы­қты ізіңізді қал­дыр­ды­ңыз! Ешкім­ге ұқса­май­тын өз үніңіз, дара қол­таң­баңыз және айта­ры­ңыз бар…

Сонау 1968 жылы «Жазу­шы» бас­па­сы­нан жарық көр­ген «Аста­на отта­ры» атты өлең­дер мен бал­ла­да­лар жинағы­ңы­здан бастап, күні кеше­гі «Мен – ұлы­мын ала­штың» атты кіта­бы­ңы­зға дей­ін үйім­де­гі кітап сөресін толы­қты­рып, айшы­қтан­ды­рып, ажар­лан­ды­рып тұр. Бас-аяғы жиыр­ма бес кітап жазып­сыз. Әрине, ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай мол мұра, асыл қазы­на. Негіз­гі про­за­лық кітап­та­ры­ңыз – «Елім-ай» роман-три­ло­ги­я­сы, «Ақже­лең», «Бұлақ», «Мәң­гілік баста­уыш», «Біз құл­мыз ба, кім­біз?» роман­да­ры­ңыз; «Алау», «Алға­шқы асу», «Қай­ран жастық» – повесть, әңгі­ме­лер жинақта­ры­ңыз, сон­дай-ақ «Жұм­бақ қыз», «Жам­был», «Жаяу Мұса», «Айбибі – Нар­бо­та», «Бой­дақтар» опе­ра­ла­ры­ның либ­рет­то­ла­ры­ңыз, «Сен кім­сің?», «Әзіл-әзәзіл», «Жұл­ды­зым менің жоға­ры», «Тағ­дыр­лар», «Алтын құн­дақ», «Зар заман», «Далам-ай – панам-ай», «Қаза­қ­ша кек қай­та­ру», «Қаза­қ­ша көкірек керу», «Көгіл­дір так­си», «Той үстін­де­гі топа­лаң», «Көрер ем күнім туса», «Тосқа­уыл», «Үміт пен күдік» пье­са­ла­ры­ңы­зды түгел оқы­дық. Оқып қана қой­ған жоқ­пыз, көп нәр­сені көңіл­ге тоқы­дық. Тәлім-тағы­лым алдық, үйрен­дік. «Аймаң­дай», «Бір­жан­ның соңғы жұл­ды­зы», «Тағы да Еңлік-Кебек» кино­сце­на­рий­лерін жаз­ды­ңыз. Соны­мен бір­ге В.Шекспирдің «Юлий Цезарь» дра­ма­сын, венгр жазу­шы­сы И.Добозидің «Сей­сен­бі­ден бей­сен­бі­ге дей­ін» повесін, ұйғыр жазу­шы­сы Х.Абдуллиннің «Жол­дастар», Ю.Мухлисовтың «Садыр палу­ан» роман­да­рын, Коро­лен­ко­ның, В.Солоухиннің, А.Лупанның, Е.Исаевтың, Вс.Иванов, П.Загребельныйдың әңгі­ме, өлең­дерін тәр­жі­ма­ла­ды­ңыз. Және қалай аудар­ды­ңыз?! Төгіл­діріп, мөл­діретіп, қаза­қтың жазу­шы­сы жазған­дай, төл туын­ды­ңы­здай жатық аудар­ды­ңыз. Сөз жоқ, сана­лы ғұмы­ры­ңы­зда еселі, қажыр­лы, толым­ды еңбек еттіңіз. Өз шығар­ма­ла­ры­ңыз көп­те­ген шетел тіл­деріне ауда­рыл­ды. Әрине, мақтау-мара­пат­тан да кен­де емес­сіз. Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты­сыз. «Құр­мет» және «Пара­сат» орден­дерінің иегерісіз.

Талант-дары­ны­ңыз бен білім-білі­гіңіз бір басы­ңы­зға жетіп арты­ла­ды. Қажыр­лы еңбе­гіңіздің арқа­сын­да Қазақ елінің қабы­рға­лы қалам­геріне айнал­ды­ңыз. Қазақ әде­би­етін­де­гі өз орны­ңы­зды ойып тұрып еншіледіңіз. Енді ол орын­нан ешкім де бір қарыс жыл­жы­та алмай­ды. Тарих­та қала­тын дара тұлға­сыз. Қалам ғана емес, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­керісіз! Аза­мат – Ақын­сыз, Қай­рат­кер – Жазу­шы­сыз! Күрес­кер – Қалам­гер­сіз! Қарақан басы­ңы­здың қамы­нан гөрі, ұлт мүд­десін жоға­ры қоя білесіз. Еліңіз­ге қала­мы­ңы­з­бен де, сөзіңіз­бен де, ісіңіз­бен де қал­тқы­сыз қыз­мет етіп келесіз! Өткен және бүгін­гі күн­нің тыныс-тір­шілі­гін, қуа­ныш-сүй­іні­шін, өкініш-күй­іні­шін, қай­ғы-қасіретін, әтте­ген-айла­рын көр­кем сөзіңіз­бен кесте­леп, кемел бола­шақ тура­лы сыр шер­тесіз, ойла­на­сыз, толға­на­сыз. Әрине, қан­дай мақтау-мара­патқа да лайықтысыз.

Біз Сіз­ге Мем­ле­кет­тік сый­лы­қты «Елім-айдың» алға­шқы кіта­бы шыққан­да-ақ беріп қой­ған­быз. Екін­ші және үшін­ші кіта­бы шыққан­да «Еңбек Ерін» бер­ген­біз. Ең басты­сы, бағаңы­зды, қадіріңізді ел-жұр­ты­ңыз біледі. Халы­ққа қадір­лісіз, сүй­кім­дісіз, құр­мет­тісіз! Абы­рой­ы­ңы­здан айы­ры­лған, сүй­кі­міңізді жоғал­тқан, қадіріңізді қашы­рған, адал­ды­қтан айны­ған жоқ­сыз! Еліңіз­ге, ұлты­ңы­зға, халқы­ңы­зға, өнер­ге, әде­би­ет­ке, қала­мы­ңы­зға адал­сыз. Туған халқы­ңы­здың сөзін сөй­леп, сой­ы­лын соғып келесіз. Еліңіздің есебін түген­де­уде ештеңе­ден қай­мы­қ­пай­сыз, тар­тын­бай­сыз, ақиқат жолын­да ақ алма­стай жарқыл­дай­сыз! Еңсеңіз – тік, түр-тұлғаңыз – кесек, тұғы­ры­ңыз – биік. Өмір­лік ұста­ны­мы­ңы­зға, аза­мат­тық көзқа­ра­сы­ңы­зға тән­ті­міз. Тізеңізді бүк­кен, бүге­жек­те­ген жеріңіз жоқ. Айта­ры­ңы­зды ашық айтып, жаза­ры­ңы­зды қай­мы­қ­пай жазып келесіз! Биіксіз, ірісіз, кең көсіліп сөй­лей­сіз, кесек турай­сыз… Ұсақты­ққа, жасы­қты­ққа, пасы­қты­ққа жаны­ңыз қас. Жағы­ну мен жағым­паз­да­ну­ды біл­мей­сіз, оны ар санай­сыз. Біз­ге, кей­ін­гі жас буы­нға осы қаси­етіңіз ұнай­ды, біз үшін ғала­мат үлгі-өнеге!

Әрине, жоға­ры­ға жағы­нып, жағым­паз­да­нып, мықты­лар­дың алдын­да құр­дай жорға­лап жүр­сеңіз, атақ пен сый­лы­қтың бәрін қал­пақ­пен қағып алар едіңіз. Бірақ халы­қтың ара­сын­да абы­рой-беделіңіз, сүй­кі­міңіз бол­мас еді. Халық ақы­мақ емес, кім­нің кім екенін біледі. Біліп отыр. Сіз екін­ші жол­ды, қаси­ет­ті де қастер­лі жол­ды таң­да­ды­ңыз! Бұл – бұра­лаң-бұл­та­ры­сы көп қиын жол, бірақ дұрыс жол… Сіз дұрыс жол­мен жүріп келесіз, Аға! Қашан­да халқы­ңы­з­бен бір­гесіз. Құдай теріс жолға түсу­ден сақ­та­сын, осы абы­рой­ы­ңы­здан айырмасын!

Өзіңіз сияқты қай­сар да талант­ты ұлда­ры бар халқы­мы­здың бола­шағы жарқын бола­ры­на, қазақ әде­би­етінің туы ешқа­шан жығыл­май­ты­ны­на кәміл сенемін!

Міне, мерей­лі 80 жасқа толып отыр­сыз. Сіз­ге бер­ген Құдай­дың ең үлкен сыйы осы. Бұл жасқа кел­ген де, кел­ме­ген де бар. Мәсе­ле – қалай келу­де?! Сіз осы­нау мерей­лі жасқа ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай жетістік­тер­мен, зор табыспен, ірі жеңіспен келіп отыр­сыз. Қолы­ңы­здан қала­мы­ңыз түс­кен жоқ. Қал-қадіріңіз­ше туған еліңіз­ге ақ-адал қыз­мет етіп келесіз. Жұмыр басты пен­де­ге, елі мен халқын сүй­етін қалам­гер­ге бұдан артық бақыт жоқ. Шын бақыт­ты­сыз, Аға! Бағы­ңыз баян­ды бол­сын, қуа­ны­шы­ңыз ұза­ғы­нан сүй­ін­дір­сін! Қашан да мерей­іңіз үстем, мәр­те­беңіз жоға­ры, абы­рой­ы­ңыз асқақ болсын!

Біз Сізді қазақ әде­би­етінің клас­си­гі деп біле­міз! Солай тани­мыз, баға­лай­мыз. Шынын­да да солай! Сіздің шығар­ма­ла­ры­ңыз әлі талай ұрпақтың таным-түсіні­гін ұштап, көзқа­ра­сын қалып­та­сты­рып, көңіл көк­жи­егін кеңей­те түсеріне сенімдіміз!

Аман болы­ңыз, Аға! Ғұмыр-жасы­ңыз ұзақ бол­сын! Халқы­ңы­здың сүй­іспен­шілі­гі мен қалың оқыр­ма­ны­ңы­здың ыстық ықы­ла­сы­на бөлене беріңіз!

Думан РАМАЗАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн