Суббота , 5 июля 2025

Сырттағы қазақты қорғаған СЕРІКЖАН БІЛӘШТІ іштегі қазақ қорғай ала ма?

  • Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ:

Серік­жан Біләш тура­лы тек қана қара­пай­ым оқыр­ман ретін­де пікір айта ала­мын, өйт­кені осын­дағы (ФБ) виде­о­ла­рын, «Уат­сап» арқы­лы тарап жатқан аудио­жа­з­ба­ла­рын тың­дап жүр­мін. Сонымен…

1‑топ:

Кеше­ден бері (әлде одан сәл бұры­ны­рақ?) Серік­жан өзін тан­кі­ге, жолын­дағы ақын-жазу­шы­лар­ды тышқанға, сасық күзен­ге теңеп­ті: «ойбай, жау шап­ты», «ел бүлін­ді», «енді қайт­тік», «сотқа бере­міз», т.с.с. айқай-сүрең жүріп жатыр. Оған қабат­та­сып, кей­бір ФБ-доста­рым кекесін постар жазып, шала бүлініп жатыр. Хош!

2‑топ:

«Серік­жанға тіл тигіз­бең­дер», «шырыл­дап, Қытай­дағы қан­даста­рын қорғап жүр­ген сол ғана», «ең бол­маған­да, кедер­гі кел­тір­мең­дер», т.с.с. Мұны да дұрыс дейік.

Ал айы­рып көр – кім­дікі дұрыс, кім­дікі бұрыс? Біз сияқты­ларға қол­мен қой­ған­дай жілік­теп, түсін­діріп жатқан тағы ешкім жоқ. Әлгі екі топ та өз пікір­лерін жақтай­ды. Қай­дағы бір мем­ле­кет­тік құпия бар сияқты – соған кедер­гі кел­тіреді-міс, екі елдің ара­сы­на сызат түседі-міс. Амал жоқ, өзі­міз­ше болжам жасай бастай­мыз, енді қайтеміз?

Әлгі атақты видео­ны тың­дап көр­дім. Ия, Серік­жан­ның өзін тан­кі­ге теңе­гені рас, тан­кі жолын­дағы ін, ондағы тышқан­дар, т.б. қарап жат­пай (өйт­кені оған мүм­кін­ді­гі де жоқ) жапы­рып өтетіні де рас. Бірақ… бұл мета­фо­ра ғой! Мына қаза­қтар теңеу деген­дер­ден, әде­би­ет­те кез­де­сетін әсіре­леу, гипер­бо­ла деген­дер­ден азды-көп­ті түсіні­гі бар ма өзі? Мына­ларға не болып кеткен? 

«Сен Аме­ри­ка мен Евро­паға сеніп, кеудеңді кер­ме! Қытай Аме­ри­каң мен Евро­паң­ды ұрмай­ды! Оны сен менен жақ­сы білесің. Сенің арқа сүй­ер тіре­гің тек қана – Қаза­қстан!» – дей­ді Аймұ­хан­бет Бей­сем­бе­ков (ҚР мәде­ни­ет қай­рат­кері, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі, Шәкәрім атын­дағы уни­вер­си­тет­тің про­фес­со­ры, сати­рик-ақын) «Жас Ала­шқа» жазған ашық хатын­да. (Кешірім сұрай­мын – өмір­де мұн­дай ақын­ның бары­нан бей­ха­бар екен­мін, бір­де-бір шығар­ма­сын оқымаппын).

Бай­қа­саңыз, осы хат­тың өзін­де тұнып тұрған астам­шы­лық, мен­сін­бе­ушілік, шет­ке тебу бар. Сон­да Серік­жан­ның Ота­ны Қаза­қстан емес пе екен? Бұл не сөз?

Соны­мен… екі түр­лі көзқа­рас бар.

1) Үкі­мет­ке, билік­ке сеніп, тып-тыныш оты­ру (олар СІМ арқы­лы жұмыста­нып жатқан болар деген үміт), өйт­пе­ген жағ­дай­да екі ел ара­сы­на сызат түсуі мүм­кін, т.с.с. Кел­гелі жатқан инве­сти­ци­ядан, 51 зауыт­тан айнып қал­са? Қары­зға ақша бер­мей қал­са? Т.с.с.

2) Серік­жан сияқты даб­ыл қағу, мұның бәрін әлем­дік қауым­да­сты­ққа жет­кі­зу, Қытай конц­ла­герін­де­гі әрбір қазақ үшін айқа­су, олар­дың жанай­қай­ын бүкіл әлем­ге паш ету.

Қай­сысы дұрыс?

1‑ші бой­ын­ша: 

а) СІМ бой­ын­ша жұмыстар шыны­мен де жүріп жатыр ма? Енде­ше бұры­нғы СІМ неге кетіп, орны­на Ата­мқұ­лов кел­ді? Анау біраз тәжіри­бе жинақтап қалып еді ғой, мынау тек «инве­сти­ция тар­ту үшін» деген не сөз? Сон­да инве­сти­ция Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­здан қым­бат болға­ны ма?

ә) Әйгілі «17-нің хаты». Олар Құди­яр Біләл­ді кінәлаған видео­дан кей­ін, хат­та­ры­нан бас тарт­ты ма, әлде сол пози­ци­я­ла­рын­да тұр ма?

2‑ші бой­ын­ша.

Серік­жан­ның өзінің айтуы бой­ын­ша, Atajurt офисі 7 бөл­мелік үйде орна­ласқан. Бір­не­ше аудар­ма­шы тіл­ші бар. Қытай­дан кел­ген әрбір қаза­қтың есебін жүр­гі­зеді, ада­мы ұсталған­дар­дың тізі­мін жүр­гізіп, хал-жағ­дай­ла­рын біліп, тары­ққан­дарға отын-су, көмір, азық-түлік жет­кізіп оты­ра­ды. Әлгі тіл­шілер Қытай­да ұсталған әрбір факт бой­ын­ша дүние жүзіне ақпар тара­тып, сол бой­да әлем­дік БАҚ-тар хабар­ла­нып отырады. 

Осы­ны өтірік деу­ге қан­дай негізі­міз бар? Егер өтірік бол­са, онда қаты­сып оты­рған қаза­қтар бірі бол­ма­са бірі: мына­уы­ңыз өтірік, бұлай емес деп неге айт­пай­ды? Яғни, рас болғаны.

Біле біл­сеңіз – мұн­дай ұйым қай­да бар? Мыса­лы, Өзбек­стан­нан кел­ген­дер ара­сын­да осын­дай ұйым бар ма? Түрік­мен­стан­нан кел­ген­дер, Тәжік­стан, Қырғыз­стан, Ресей, Моңғо­лия, Иран­нан кел­ген­дер ара­сын­да да мұн­дай ұйым­шыл, бір-біріне қара­сып оты­рған ұйым­дар жоқ, әйт­пе­се олар ара­сын­да мұқтаж отба­сы­лар жоқ деп кім айта алады? 

Енді қараңыз: осы ұйым­ды біздің мем­ле­кет тір­ке­уден өткіз­бе­ген! Бір­не­ше рет барған, ақы­рын­да 200 мың тең­ге айып­пұл сал­ды дей­ді Серік­жан. Әкім­шілік құқық бұзға­ны үшін. Сон­да бұл кім­нің үкі­меті? Қай­та мем­ле­кет атқа­руға тиісті жұмыстар­дың біраз бөлі­гін өз еркі­мен атқа­рып оты­рған мұн­дай ұйым­дар­дан айнал­мас болар ма? Мен тіп­ті Назар­ба­ев бастаған, ұмыт­па­сам, Тұры­с­бе­ков төраға­сы бола­тын сырт­тағы қаза­қтар үшін құры­лған ұйым­дар­ды айт­пай-ақ та қояйын.

Осын­да біре­улер Қытай­да жүр­ген­де өйт­ті-бүйт­ті, тың­шы бол­ды, «Жарқын жеті» деген лақап атпен жүр­ді, оның вит­ча­ты­на кір­ген­дер ұстал­ды деп­ті. Тағы бір арта­тын кінәсі – ұйғыр­ларға іші бұра­ды-мыс. Осы­ның еке­уі де дәлел­де­уді қажет ететін ұзақ про­цесс. Бәрі­міз де қан­дай да бір топ­та билік­ті сынап жата­мыз, бірақ сол үшін топ ашқан адам­ды кінәлау ешкім­нің де ойы­на кел­мей­ді ғой? Әркім өз сөзіне ғана жау­ап бер­мей ме? Жал­пы, бұла­ры қисын­сыз, бос әңгі­ме­лер сияқты. Ұйғыр­лар да көп­тен қуғын көріп келе жатыр, қай­та Серік­жан­ның арқа сүй­ер Ота­ны бар, ұйғыр­да ол да жоқ қой?

Ең басты­сы – аза­мат­тың қазір­гі ісіне қарай­ық. Қытай жари­я­лы­лы­қтан қорқа­ды, шетел­де жама­нат­ты көрі­ну оларға жақ­сы емес, елінің ими­джі түседі, биз­несіне кедер­гі бола­ды. Одан құты­лғы­сы кел­се, қаза­қтар­ды түгел­дей боса­тып, еліне жібер­сін. Серік­жан жетім бала емес, артын­да елі бар, сұра­уы бар халы­қтың өкілі. Оны аяқтан шал­май­ық, қазір­гі ісіне қарай баға берей­ік. Іші­мізді қызға­ныш оты тыр­на­ма­сын, оның шетел БАҚ-тары­на Қытай­да туы­ста­ры ұсталған қаза­қтар­мен сұх­бат­та­суы­на мүм­кін­дік берей­ік. Өзі де айтып отыр ғой – егер Шаха­нов осы іске кіріс­се, мен ығы­сып, жол бере­мін деп. Одан артық не керек? 

Серік­жан­ды ұстап­ты деп дүр­кіреп жатыр, дүр­кіретіп жатыр. Шынын­да да, осы Серік­жан деген кім өзі? Бұрын еш жер­де қоғам­дық бел­сен­ділі­гі­мен бай­қал­маған. Сай­ра­гүл мәсе­лесі­мен бай­ла­ны­сты елге таны­лып, арты­нан ол істі интри­га­лық шие­леніс­ке ұла­сты­рып жібер­ді. Өзі жедел түр­де Қытай­дағы қаза­қтар мәсе­лесін күрт көтеріп, дүй­ім жұрт­ты соңы­на ерт­ті, елге қай­рат­кер ретін­де таны­ла баста­ды. Баста­пқы кез­де орал­ман бауыр­ла­ры­мы­здың ара­сы­нан шыққан білім­ді бел­сен­ді жігіт деп біле бастадық. 

Бірақ соңғы кез­де­гі қимыл­да­ры жай ада­мға Қытай қаза­қта­ры­ның қамын қат­ты жеген, ашы­нған адам­ның ашық-жарқын бел­сен­ділі­гі сияқты көрін­ген­мен, ойлан­ды­ра­тын қыр­ла­ры бай­қа­ла баста­ды. Ол ойы­мы­зды Серік­жан­ның Қытай қаза­қта­ры­ның мәсе­лесі­мен ұйғыр мәсе­лесін бай­ла­ны­сты­ра баста­уы шеген­дей түс­кен­дей бол­ды. «Әу, мына­ның соңы қалай болар екен?» деген сұрақ сана­да тумай қой­ма­ды. Серік­жан­ның Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі мен ұйғыр мәсе­лесін Қаза­қстан­да оты­рып қозғағы­сы кел­гені, оны әлем­дік дең­гей­ге көтеріп, жала­у­латқы­сы кел­гені қалай болар екен?
Әрине, Қытай­дағы ұйғыр мәсе­лесі қаза­қтың қабы­рға­сы­на бата­ды. Ұйғыр бауыр­ла­ры­мы­здың азатты­ққа жетіп, еге­мен­ді­гін алуын қай қазақ қол­да­ма­сын! Айдаһар елмен ара­да Ұйғыр мем­ле­кеті пай­да болып жат­са, қазақ еліне қан­дай жай­лы бола­ры кез кел­ген қаза­ққа түсінік­ті болар.

Бірақ осы­ны Қаза­қстан сияқты әлжу­аз мем­ле­кет­те оты­рып іске асы­рам деу – жұм­сар­тып айт­сақ, дон­ки­хот­ство ғой. Осы­ны Серік­жан біл­меді ме? Мына­дай білім­ді жігіт біл­меді деу – ақымақтық. 

Сон­да оның көз­де­гені не? Осын­дай­да Рәбия Қадыр­дың: «Ұйғыр­лар не бостан­дық ала­ды, не қыры­ла­ды» дегені ойға ора­ла­ды. Ал Бей­жің ұйғыр­лар­ды сепа­ра­тизм мен тер­ро­ризм айып­та­ры бой­ын­ша кінәлі етіп, қауіп­сіздік мақ­са­тын­да күшпен басу арқы­лы тәр­тіп­сіздік­тің алдын алу­ды бұй­ы­ра­ды. Оны бәрі­міз де біле­міз. Олай бол­са, Серік­жан Қаза­қстан­да оты­рып, ұйғыр мәсе­лесі мен ондағы қазақ мәсе­лесін бір­ге қой­ып, даб­ыл қаға бас­та­са, Бей­жің­ге кере­гі де осы емес пе? Анау қазақ сепа­ра­тист, мынау қазақ тер­ро­рист деп көр­сетіп беріп оты­рған өзі­міз болып шық­пай­мыз ба? Қытай сақ­шы­сы кез кел­ген қаза­қты сепа­ра­тист, мұсыл­ман тер­ро­ри­сі деп кез кел­ген бұта­ның түбін­де атып кете беретін жағ­дай­ға жет­кізіп бер­мей­міз бе? 

Серік­жанға дей­ін де, қазір де біздің дипло­мат­тар, бірқа­тар шетел­дік дипло­мат­тар мен ұйым­дар Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі­мен айна­лы­сып жатқа­нын және оның нәти­же беріп жатқа­ны­нан хабардармыз.

Дэн Сяо Пин бастап бер­ген жылы­мық біт­ті. Қытай билі­гіне жаңа бас­шы Цзен Цзе Пин келіп, ол мао­изм прин­ци­піне қай­тып кел­гісі келеді. Яғни, ком­му­ни­стік прин­циптер­ге қай­ту жүріп келе жатыр. Қытай ком­му­ни­стері үшін ұлт жоқ, жун­го халқы бар – бол­ды.
Сыр­тқы сая­сат арқы­лы қытай­мен ойнау – ол мына ішкі ұры билік­пен күре­су емес. 

Серік­жан Біләш ұстал­ды! Бірақ оның қыл­мысы­ның беті толық ашы­лған жоқ. 
Ол үшін Серік­жан­ның тобын­да жүр­ген, оның қыл­мыстық әре­кетін көріп-біле тұра әшке­ре­ле­ме­ген, керісін­ше, оның қыл­мыстық әре­кетіне қол­дау көр­сетіп кел­ген, қыл­мысын жасы­рып, бүр­ке­ме­ле­ген, керек кезін­де жан­да­рын салып көмек­тес­кен, тіп­ті Серік­жан­ның тап­сыр­ма­сы­мен көп­те­ген абы­рой­лы аза­мат­тар­дың ар-намысы­на тиетін сөз­дер айтқан, күйе жаққан, «қытай­шыл, қытай тың­шы­сы, қытай­дың жал­да­ма­лы жазғы­шы, қытай шпи­о­ны, ұлт сатқы­ны», т.б. деп зия­лы қауым өкіл­деріне негіз­сіз жала жапқан Ербол Дәу­лет­бек, Қай­рат Бай­тол­ла, Қыды­рәлі Ораз, Нұрқан Сол­тан­бай, Кұл-Керім Еле­месТоқтар ЖақашАуыт Мұқи­бекГүліс­хан Дома­лай­қы­зы, Құнан­бай Бәй­жи­ен, Шаяx­мет Қали, тағы басқа­лар­ды да жеке-жеке жау­а­пқа тар­ту керек. 
Сон­да ғана олар­дың қыл­мысы толық ашылады.

  • Жаз­ба­лар «Фейс­бук» желісі­нен алынды
Республиканский еженедельник онлайн