Четверг , 16 октября 2025

Сыртқы саясатты сын-қатерсіз ұстанған елміз

Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған 1991 жыл­дан бастап, біздің билік сыр­тқы сая­сат­ты жүр­гі­зу­де көп­век­тор­лы бағыт­ты таң­да­ды. Елі­міздің геоса­я­си орна­ла­суы, бай табиғи ресур­стық әле­уеті және мәде­ни-өрке­ни­ет­тік ерекшелік­тері елдің халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дағы өзін­дік орнын айшы­қтай түседі. Бұл рет­те сыртқы сая­саттағы басты мақ­са­тымыз – ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, эко­но­ми­ка­лық өсім­ге жағ­дай жасау, аймақтық және жаһан­дық бей­біт­шілік­ке үлес қосу. Осы ұста­ным­мен бүгін­де Қаза­қстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЕАЭО, Ислам ынты­мақ­та­стық ұйы­мы сияқты халы­қа­ра­лық құры­лым­дар­дың бел­сен­ді мүше­сі болып, көп­жақты дипло­ма­тия мен инте­гра­ци­я­лық про­це­стер­ге дәй­ек­ті түр­де қаты­сып келеді.

Үш алып­пен үндестік

Жал­пы, елі­міздің халы­қа­ра­лық сая­са­ты «тең­герім­ді әріп­те­стік» қағи­да­сы­на негіз­дел­ген. Бүгін­де біз Ресей­мен де, Қытай­мен де, АҚШ-пен де, Еуро­па­лық одақ­пен де, мұсыл­ман елдері­мен де, Түр­кі мем­ле­кет­тері ұйы­мы­м­ен де бір­дей тиім­ді қарым-қаты­нас орна­та алдық.

«Қаза­қстан­ның алып үш дер­жа­ва – Ресей, Қытай, Баты­спен арақа­ты­на­сын тең дәре­же­де ұстап оты­руы – сыр­тқы сая­сат­тағы ең басты жетістік­тер­дің бірі. Бұл елді ешбір күш орта­лы­ғы­на тәу­ел­ді етпей, тұрақты дамуға мүм­кін­дік беріп отыр», — дей­ді Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин.

Иә, қазір Қаза­қстан-Ресей ара­сын­дағы қарым-қаты­нас стра­те­ги­я­лық серік­те­стік пен одақ­та­стық сипатқа ие. Қалай десек те Ресей Қаза­қстан­ның ең ірі сауда серік­те­стерінің бірі болып қала береді. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің мәлі­метін­ше, 2023 жылы екі ел ара­сын­дағы сауда айна­лы­мы 28,2 млрд дол­лар­дан асқан. Ал 2024 жылы Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы екі­жақты сауда көле­мі шама­мен 27,8 мил­ли­ард дол­лар болды.

Сон­дай-ақ Қытай­мен ара­дағы бай­ла­ныс та соңғы жыл­да­ры терең­дей түсті. «Бір бел­деу – бір жол» баста­ма­сы аясын­да Қаза­қстан тран­зит­тік хабқа айнал­ды. Сауда мини­стр­лі­гінің ұсы­нған дере­гін­ше, Қытай­мен сауда көле­мі 2023 жылы 31 млрд дол­лар­дан асты десек, 2024 жылы екі­жақты сауда айна­лы­мы 44 млрд дол­ларға жеткен.

Ал АҚШ-пен қарым-қаты­на­ста Қаза­қстан ядро­лық қару­сызда­ну, энер­ге­ти­ка және инве­сти­ция тар­ту сала­сын­да сенім­ді әріп­тес­ке айнал­ды. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на салы­нған тіке­лей шетел­дік инве­сти­ци­я­ның 20 пай­ы­здан аста­мы осы АҚШ ком­па­ни­я­ла­ры­на тиесілі.

Бұл жөнін­де The Diplomat пор­та­лын­да жари­я­ланған сарап­та­ма­лық мақа­ла­да Қасым-Жомарт Тоқа­ев сая­са­ты­ның ұлт­тық тәу­ел­сіздік, эко­но­ми­ка­лық праг­ма­тизм және көп­век­тор­лы тиім­ділік­ке басым­дық беретін сипатқа ие екені айтылған.

Ірі ұйым­дар­мен ірге­лес шешім

Тағы бір еске сала кетер­лі­гі, Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­тын­дағы маңы­зды бағыт – мем­ле­кеті­міздің жаһан­дық және аймақтық ұйым­дар­дағы рөлі. Атап айтқан­да, БҰҰ шең­берін­де Қаза­қстан бей­біт­шілік пен қауіп­сіздік­ті нығай­туға ерекше үлес қосып келеді. 2017–2018 жыл­да­ры елі­міз тарих­та алғаш рет БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­сі болып сай­лан­ды. Бұл қадам Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық беделін арт­тыр­ды. Әсіре­се, 2010 жылғы ЕҚЫҰ төраға­лы­ғы біздің ел үшін үлкен дипло­ма­ти­я­лық жетістік бол­ды. Сол жылы Аста­на­да ұйым­ның тари­хи сам­ми­ті өтті. Ол шараға 56 мем­ле­кет­тің бас­шы­сы мен өкіл­дері қатысты.

Соны­мен қатар, Қаза­қстан ШЫҰ мен ЕАЭО аясын­да аймақтық инте­гра­ция мен эко­но­ми­ка­лық ынты­мақ­та­сты­қты нығай­туға ықпал етіп келеді.

Түр­кі мем­ле­кет­тері ұйы­мы шең­берін­де де түр­кі инте­гра­ци­я­сы­ның баста­ма­шы­сы ретін­де мәде­ни-эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стар­ды дамы­тып оты­рға­ны­мыз айқын.

«Қаза­қстан БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­сі болып сай­ланған­да, бұл оқиға елдің тек аймақтық емес, жаһан­дық дең­гей­де де сенім­ді әріп­тес екенін дәлел­деді. Мұн­дай мәр­те­бе­ге кез кел­ген мем­ле­кет қол жет­кі­зе бер­мей­ді», — дей­ді халы­қа­ра­лық қаты­на­стар жөнін­де­гі сарап­шы Дани­яр Әшім­ба­ев.

Бәрін айт та бірін айт, қазақ елі – ядро­лық қару­сыз әлем құру иде­я­сы­ның жаһан­дық көш­бас­шы­ла­ры­ның бірі. 1991 жылы 29 тамы­зда Семей ядро­лық поли­го­ны жабы­лып, біздің билік өз аумағын­дағы төр­тін­ші ірі ядро­лық арсе­нал­дан бас тарт­ты. 1994 жылы одан толы­қтай бас тар­тып, арсе­нал­ды Ресей­ге бер­ді. Бұл қадам, әрине, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық тара­пы­нан өзінің жоға­ры баға­сын алды. Сөй­тіп, 2015 жылы БҰҰ Бас Ассам­бле­я­сы Қаза­қстан­ның баста­ма­сы­мен Ядро­лық қару­дан азат әлем­ге қол жет­кі­зу тура­лы жал­пы­ға ортақ декла­ра­ци­я­ны қабылдады.

«Қаза­қстан ядро­лық қару­дан бас тар­тып қана қой­ған жоқ, әлем­ге үлгі көр­сет­ті. Бұл шешім – тек аймақтық емес, жаһан­дық қауіп­сіздік­ке қосы­лған зор үлес», — деген еді сон­да БҰҰ-ның бұры­нғы Бас хат­шы­сы Кофи Аннан.

Осы­лай­ша, бұл шешім­дер өз кезе­гін­де қазақ еліне тек сая­си абы­рой ғана емес, халы­қа­ра­лық сенім де сыйлады.

Эко­но­ми­ка­лық дипло­ма­тия мен руха­ни келісім

Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­ты тек сая­си емес, эко­но­ми­ка­лық мақ­сат­тарға да бағыт­талған. Соның бір жарқын мыса­лы ретін­де қазір 2018 жылы құры­лған «Аста­на халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы» Еура­зи­ядағы инве­сти­ци­я­лық және қар­жы­лық хаб ретін­де дамып келеді. Ал «ЭКСПО-2017» халы­қа­ра­лық көр­месінің ел ими­джін көтеріп, 115 ел мен 22 халы­қа­ра­лық ұйым­ды жинаға­ны жаһанға мәлім.

Биы­лғы мау­сым­да инве­стор­лар кеңесінің пле­нар­лық оты­ры­сы­на қаты­сқан пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаза­қстан­ның рефор­ма­ларға ашық ел екенін, әсіре­се тау-кен және логи­сти­ка сала­ла­рын дамы­туға баса мән беріп оты­рға­нын атап өтті. Бұл – елді халы­қа­ра­лық ауқым­да сенім­ді және даму­шы нарық ретін­де көр­се­ту­ге бағыт­талған қадам.

Одан бөлек, «жұм­сақ күш» құрал­да­рын да тиім­ді пай­да­ла­на алдық. Оның ішін­де мәде­ни-гума­ни­тар­лық бағыт­та Қаза­қстан «G‑Global» диа­лог алаңын, 2003 жыл­дан бері Әлем­дік және дәстүр­лі дін­дер лидер­лерінің съезін өткізіп, өрке­ни­е­та­ра­лық диа­лог­ты нығай­туға үлкен үлес қосып отыр.

Әле­умет­та­ну­шы Гүл­ми­ра Шала­бай­дың айтуын­ша, Қаза­қстан­ның діна­ра­лық диа­лог­ты дамы­ту­дағы рөлі ерекше. Бұл баста­ма елдің ими­джін күшей­тіп қана қой­май, халы­қа­ра­лық дең­гей­де сенім алаңы­на айналдырады.

Түй­ін

2024–2025 жыл­да­ры елдің сыр­тқы сая­сат­тағы назар ауда­рар­лық жаңа­лы­ғы ауқым­ды рефор­ма­лар мен кли­мат­тық дипло­ма­тия бол­ды. Енді ел билі­гінің су қауіп­сізді­гі мен кли­мат сала­сын­дағы баста­ма­ла­рын ерекше атап өткен халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар су мәсе­лесі бізді «көк дипло­ма­ти­яға» жол аша­ды деп отыр. Демек, мем­ле­кет бас­шы­сы үшін 2026 жылы өтетін кли­мат­тық сам­мит сол баста­ма­лар­ды жари­я­ла­у­ға зор мүм­кін­дік ашуға тиіс.

Соны­мен, қазақ елі өзін сыр­тқы сая­сат­тағы «орта буын» мем­ле­кет, бей­біт­шілік көш­бас­шы­сы деген абы­рой­ы­мен қатар, су дипло­ма­ти­я­сы­ның баста­ма­шы­сы ретін­де де қалып­та­стыр­са игі.

Еркеға­ли БОЛАТҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн