Пятница , 4 июля 2025

Талантты спортшы балалар ОҚУДАН НЕГЕ ҚУЫЛДЫ?

Үсті­міз­де­гі жыл­дың 30 қаңта­рын­да ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің кезек­ті алқа оты­ры­сы бары­сын­да жан­жал шықты. Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка­лық спорт кол­ле­джін­де оқи­тын бір топ оқу­шы­ның ата-ана­сы мини­стр­лік­тің кол­ле­ги­я­сы­на арнайы барып, өздерінің жанай­қай­ын жеткізді.

Бір кол­ле­дж­де­гі дау-дамай мини­стр­лік­тің алқа­сы­на дей­ін қалай жет­ті? Оның жай-жап­са­рын кол­ле­дж­де­гі оқуы­нан шыға­ры­лған 11-сынып оқу­шы­сы­ның ана­сы Сым­бат Абд­рах­ма­но­ва айт­ты. Ол алқа оты­ры­сы бары­сын­да орны­нан тұрып, өзінің бала­сы­мен қоса, тағы да 8 спорт­шы бала­ның оқу­дан заң­сыз шыға­ры­лға­нын министр Ақто­ты Рай­ы­мқұ­ло­ваға жет­кізіп, кол­ледж бас­шы­лы­ғы тара­пы­нан жасалған әпер­бақан­ды­ққа нара­зы ата-ана­лар сотқа жүгі­ну­ге мәж­бүр болған­да­рын мәлімдеді.

«Біздің бала­ла­ры­мы­зды бір­не­ше рет жат­ты­ғуға шық­паға­ны үшін, ішкі тәр­тіп­ті бұз­ды деген сыл­та­у­мен оқу­дан шығар­ды. Бала­ла­ры­мыз өткен жыл­дың 9 қаза­ны­нан бастап дала­да жат­ты­ғып, сабаққа бар­май жүр. Олар – таэквон­до­дан жастар ара­сын­дағы Қаза­қстан құра­ма­сы­ның мүше­лері, ара­ла­рын­да бір­не­ше дүр­кін Қаза­қстан және әлем чем­пи­он­да­ры бар. Бала­ла­ры­мы­зды басқа мек­теп­тер де оқуға алғы­сы кел­мей­ді, өйт­кені екін­ші тоқ­сан бойы оқы­маған, баға­ла­ры жоқ. Оның үстіне олар тек спорт мек­тебін­де оқы­ғы­сы келеді, өйт­кені олар – спорт­шы­лар» – деп, Сым­бат Абд­рах­ма­но­ва оты­рыс соңын­да жанай­қай­ын айтып үлгерді.

Еске сала кетей­ік, кол­ле­дж­де орын алған осы келеңсіздік (заң­сыздық деу­ге бола­ды) жай­ын­да біздің газеті­міз жазған бола­тын («Поче­му юные спортс­ме­ны оста­лись вне шко­лы?». 16 қаңтар 2020 ж.). Сол жари­я­ла­ным­ның соңын­да кол­ледж бас­шы­лы­ғы тара­пы­нан айты­лар уәж бол­са, оны да тың­да­уға дай­ын екені­мізді ескерт­кен едік. Ақы­ры өзі­міз бір­не­ше рет сұра­на жүріп, мән-жай­дың екін­ші жағын білу үшін, Рес­пуб­ли­ка­лық спорт кол­ле­джінің дирек­то­ры Амал­бек Тша­нов­пен кездесіп,үш жылға созы­лған жан­жал­дың шығу себебін сұра­дық. «Оқу­шы­лар­ды кол­ле­дж­ден шыға­руға дей­ін барған осы даудың аста­рын­да не жатыр?» деген сұрақтан басталған сұх­бат­та­су­дың нұсқа­сы төмендегідей.

– Бұл даудың түбін­де тек амби­ция жатыр. Одан басқа түк те жоқ, – деп Амал­бек Қозы­бақұ­лы сөзін ашу­лы баста­ды. – Біз мем­ле­кет­тік меке­ме болған соң, атқа­рып оты­рған жұмысы­мы­зды тек заң аясын­да жүр­гі­зе­міз және өзі­міздің ұста­на­тын Жарғы­мыз бар. Онда мұғалім­дер мен ата-ана­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гі анық жазы­лған. Біз­ге келіп: «Сен былай неме­се былай істе» – деген мәсе­ле жоқ.

Бұл келеңсіз жағ­дай 2017 жыл­дан басталған. Даудың неден басталға­нын айт­пас бұрын, біз­де­гі жал­пы жағ­дай­ды түсін­діріп өтей­ін. Біздің кол­ле­дж­де олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның құра­мы­на енгізіл­ген спорт түр­лерінің 17 бөлі­мі бар. Онда бес жүз­ге жуық бала оқи­ды. Осы­дан бес жыл бұрын кол­ледж іші­нен мек­теп аштым. Өйт­кені осын­дай үлкен кешен­нің біраз бөлі­гін маған дей­ін­гі бас­шы­лық жалға беріп тастаған бола­тын. Соның бәрін кері қай­та­рып, оқу­шы­ла­ры­мы­здың игілі­гіне жұмыс істет­тік. Соның нәти­же­сін­де біздің шәкірт­тері­міздің спорт­тағы жетістік­терінің дең­гейі де көз­ге түсер­лік­тей өсті. Негізі, біз өзі­міз­ге спор­тқа қабілеті мен ике­мі бар бала­лар­ды бір-бірі­мен күре­стіріп, төбе­ле­стіріп, сынақтан өткізіп, ірік­теп ала­мыз. Жылы­на 80 бала қабыл­да­сақ, спорт­тың әр түріне 4–5 бала­дан ғана шыға­ды. Сон­ды­қтан біздің кол­ле­дж­ге үміт­кер­лер­ді ірік­теу өте қатал, екінің бірі өте алмайды.

2017 жылы біз­де­гі таэквон­до бөлі­мінің аға жат­ты­қты­ру­шы­сы Рес­пуб­ли­ка­лық жастар құра­ма коман­да­сы­на жат­ты­қты­ру­шы болып кет­кен­дік­тен, мен өзі­міз­ге аға жат­ты­қты­ру­шы іздей баста­дым. Біз­де­гі жат­ты­қты­ру­шы­лар тек қана тре­нер емес, тре­нер-педа­гог болуы тиіс. Оған қоса, спорт­тағы жетістік­тері де болуы шарт. Сөй­тіп, халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі спорт шебері, Қаза­қстан­ның жеті дүр­кін чем­пи­о­ны Есбол Сұл­та­нов деген жігіт наза­ры­мы­зға ілінді.

Алай­да біз­де оқы­ған, кей­ін Спорт ака­де­ми­я­сын бітір­ген, біз­де тре­нер­лік қыз­мет­те жүр­ген Төле­ген Тіле­умұра­тов «аға жат­ты­қты­ру­шы бола­мын» деп, іштей өсіп қалған болу керек, аға жат­ты­қты­ру­шы болғы­сы кел­ді. Қатар­дағы жат­ты­қты­ру­шы бол­са да, құдай оған тіл­ге үлкен талант бер­ген. Бір күні кеш­ке қасы­на екі оқу­шы­сын ертіп, менің үйі­ме Тіле­умұра­тов кел­ді. «Не бол­ды?» десем, екі бала­ны Есбол Сұл­та­нов ұрды деп шағым­дан­ды. Мән-жай­ды тың­дап болған соң, ертең жұмысқа барған соң көре­міз деп, шыға­рып салдым.

Ертеңін­де жұмысқа кел­сем, Тіле­умұра­тов өзі жат­ты­қты­ра­тын 10–15 бала­ның ата-ана­сын жинап алып, «31-арна­ның» тіл­шісін шақыр­тып, мына жер­де бала­лар­ды ұра­ды екен деп, біраз айқай-шу бол­ды. Жал­пы, мұн­дай әре­кет – тре­нер­лік эти­каға жат­пай­тын нәр­се. Ондай өмір­де бола береді ғой, кей­де төбе­ле­седі, кей­де өлтіріп те кете­ді, өмір ғой!

Содан Сұл­та­нов пен Тіле­умұра­то­вты шақы­рып алып, түсінік­те­ме жазғы­зып, еке­уіне де сөгіс жари­я­ла­дым. Тағы да осын­дай дау-дамай шық­са, еке­уің де жұмыстан кетесің деп ескерт­тім. Кей­ін­нен Тіле­умұра­тов жұмыстан шығам деп арыз жаз­ды, мен қол қой­ып бер­дім, сөй­тіп бұй­ры­қ­пен жұмыстан шығардық.

Осы­дан айқай бастал­ды. Ата-ана­лар келіп алып, біздің тре­нері­мізді бүйт­ті-сүйт­ті деп шу шыға­рып, Тіле­умұра­то­вты жұмысқа қай­тып алу­ды талап етті. «Жұмыстан өзі шыққан адам­ды қалай ала­мын?» дедім мен оларға. Осы­дан кей­ін он шақты ата-ана бала­ла­рын алып, кетіп қала­ды. Бала­лар бір апта жоқ, бір ай жоқ. Бала­лар мен әке-шеше­лерін алды­на салып қой­ған: «Тіле­умұра­тов бол­ма­са құр­та­мыз, жоя­мыз, бара­тын жер­ге бара­мыз» деп жүр­ді. Мен «бару-бар­мау сен­дер­дің өз жұмыста­рың» десем, сөзім­ді бұр­ма­лап: «Тша­нов айт­ты – қай­да бар­саң­дар, онда бары­ң­дар, маған түк қыла алмай­мы­ң­дар деп айт­ты» деген сөз шығарды.

Содан біре­се келіп, біре­се кетіп, үш айдай жүр­ді. Бала­лар сабақта жоқ. Сол кездің өзін­де биы­лғы­дай оқу­дан шыға­рып жібе­ру­ге толық мүм­кін­ді­гім бар еді. Бірақ бала­лар­ды ойлап, ондай қада­мға бармадым.

Ақы­ры ұят бол­ма­сын, бала­ларға оба­лым тимесін деп, мұғалім­дер­ден сұрап жүріп, оқу­шы­ларға 3‑ін қой­ып беріп, Тіле­умұра­то­вты қай­та жұмысқа алдық та, мәсе­лені жапқан­дай бол­дық. Алай­да 2018 оқу жылы бұл әңгі­ме қай­та бастал­ды. Ол кез­де де шулап-шулап қойдық.

Бірақ 2019 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де бұл жан­жал тағы өрбіді. Дәл сол кез­де Ахмет­жа­но­ва деген бір оқу­шы­мы­здың ата-ана­сы­ның ары­зы бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозға­лып­ты. Мен тер­ге­уші­ге қоңы­рау шалып, істің мән-жай­ын біл­дім. Сөйт­сем, ол қыздың сусы­ны­на тағы бір қыз поро­шок салып жібер­гені жөнін­де­гі іс екен. Осы істің негізін­де тер­ге­уші поро­шок салы­нған сусын­ды сарап­та­маға бер­генін айт­ты. Уақыт өте келе, маған поли­ци­ядан Тіле­умұра­то­вты уақыт­ша жұмыстан ала­ста­ту жөнін­де ресми хат кел­ді. Сол хат­тың негізін­де Тіле­умұра­то­вқа қаты­сты бұй­рық шығар­дым. Өзін шақы­рып алып, хат­пен таны­стыр­дым. Ол хат­пен таны­стым деп қол қоюы керек еді, бірақ есік­ті тарс жауып шығып кет­ті. Ара­да 1–2 сағат өте, он шақты ата-ана­ны жинап, теле­ви­де­ние шақы­рып, тағы шу көтер­ді. Мен сон­да айт­тым: «Менің әре­кетім­мен келіс­пе­сең­дер, мені сотқа берің­дер, көше­ге шығып, дау шығар­май» деп. Ата-ана­лар­дың бала­ла­рын алып кет­кен кез­де­гі қол­хат­та­ры мен мек­теп­ке алып кел­ме­сең­дер, бала­ла­рың оқу­дан шыға­ды деп жазған ескер­ту де біз­де сақталған. Оны біз ата-ана­ларға пошта­мен де, «уат­сап­пен» де жібер­дік. Бірақ біз­ге бала­ла­рын алып келудің орны­на, бір­ден мини­стр­лік­ке шағымданыпты…

– Сон­да ата-ана­лар­дың сіз­ге қой­ған негіз­гі тала­бы қандай?

Тіле­умұра­то­вты аға тре­нер­лік­ке тағай­ын­да дей­ді. Мен оларға бір­ден айт­тым: «Сен­дер­дің маған мұн­дай талап қоюға ешқан­дай құқы­қта­рың жоқ. Бұн­дай талап еш заң­да жазыл­маған. Егер біздің оқу орны­мыз сіз­дер­ге ұна­ма­са, бала­ла­ры­ң­ды алып, басқа мек­теп­ке орна­ла­сты­рып, Тіле­умұра­то­вты үйлеріңе кір­гізіп алсаң­дар да өз ерік­терің» дегенім рас.

– Бала­лар қай уақыт­тан бері сабақтан қалды?

– 2019 жыл­дың 2 қаза­нын­да ата-ана­лар біз­ге қол­хат­та­рын жазып, бала­ла­рын алып кет­ті. Ара­да бір апта өткен соң, осы іс бой­ын­ша мини­стр­дің орын­ба­са­ры келіп, ата-ана­лар­мен кез­де­сті. Одан нәти­же шық­паған­ды­қтан, мен мини­стр­лік­тен комис­сия жібе­руін сұра­дым. Бір-екі күн өте, мини­стр­лік­тен бес адам­нан тұра­тын комис­сия келіп, үш күн бойы ата-ана­лар­дың шағым­да­ры бой­ын­ша тек­се­ру жүр­гізді. Алай­да ештеңе рас­талған жоқ деп, акт жазып берді.

Осы­дан соң ата-ана­лар­мен жеке-жеке кез­десіп, дау-дамай­сыз сөй­ле­сей­ік деп ұсы­ныс жасап едім, олар­дың кез­де­скілері кел­меді. Шыны керек, осы жағ­дай бәрі­мізді абы­р­жыт­ты. Біз бала оқы­тып, олар­ды жат­ты­қты­ра­мыз ба, әлде жан­жал­дың орта­сын­да жүре­міз бе?! Заң­да жазы­лған: бала сабаққа кел­ме­се, оның ата-ана­сы жау­а­пқа тар­ты­ла­ды деп. Сон­ды­қтан тиісті шара қол­да­ны­ңы­здар деп, құзыр­лы орган­дарға да жаз­дық. Өстіп жүріп, 2019 жыл­дың қара­ша айы да өтті. Жел­тоқ­сан айын­да бала­лар­ды оқу­дан шыға­ру тура­лы бұй­рық шығардым.

– Ал ата-ана­лар­дың айтуын­ша, олар бала­ла­рын алып кел­ген, бірақ сіз қабыл­да­май отыр екен­сіз. Кім­дікі рас?

Енді мен олар­ды оқуға алмай­мын. Менің әре­кетім заң­сыз бол­са, сотқа бер­сін! Сот бәрін тек­се­реді ғой…

– Тіле­умұра­тов мыр­за біз­ге бер­ген сұх­ба­тын­да жат­ты­қты­ру жиын­да­ры кей жағ­дай­да тек қағаз жүзін­де ұйым­да­сты­ры­ла­ды. Ақша бөлін­гені­мен, спорт­шы­лар ешқан­дай жары­сқа қаты­спай­ды, тек тізім­ге қол­да­рын қой­ып береді және сол бой­ын­ша есеп беру құжат­та­ры әзір­ле­неді деген еді. Оған не дейсіз?

– Сіз маған бір доку­мент тауып, алып келіңіз. Ешкім­нің басы екеу емес. Бала­ларға ақша бөлініп, ол бух­гал­тер­ден өте­ді. Олар­дың барған жерін­де жол кіресі, жатар орны­ның құжа­ты тол­ты­ры­ла­ды. Бізді жыл­да аудит келіп тек­се­реді. Біз мем­ле­кет­тік меке­ме болған соң, әр тиы­ны­на жау­ап береміз.

– Оқу­дан неше бала шығарылды?

– Бұй­рық бой­ын­ша алты оқу­шы мен кол­ле­дж­дің үш сту­ден­ті шықты.

– Бірақ бала­лар әлі күн­ге жары­старға қаты­са­ды екен, олар оқу­дан шығып кет­се, жары­старға қалай­ша барып жүр?

– Біздің рұқ­сат­сыз, Тіле­умұра­то­втың ұйым­да­сты­руы­мен барып жүр.

– Бұдан кей­ін оқу­шы­лар­дың жағ­дайы не болмақ?

– Кей­ін­гі жиы­ны­мыз «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның кең­сесін­де өтті. Ол жиы­нға Зағи­па Бали­е­ва қаты­сып, істің мән-жай­ы­мен толық таны­сып шығып, маған таға­тын ешқан­дай айы­бы­ның жоқ екенін айт­ты. «Бала­лар­ды қай­та­дан оқуға алуға мүм­кін­ді­гіңіз бар ма?» деп сұра­ды. Мен бұл бала­лар­дың І тоқ­сан­да 440 сағат жібер­генін айт­тым. Бұл екін­ші жар­ты жыл­ды­қты есеп­те­ме­ген­де. Сон­да олар сабақта­рын қай уақыт­та оқи­ды?! Біздің күн тәр­тібі оған мұр­ша бер­мей­ді. Сабақ уақы­ты­нан бөлек күніне екі рет жат­ты­ғу­ла­ры бар. Сон­да жат­ты­ғу жасай ма, әлде қалып қалған сабақта­рын оқи ма?

Сон­ды­қтан шыға­ры­лған оқу­шы­лар­ды тұрғы­лы­қты мекен­жай­ла­ры бой­ын­ша мек­теп­ке орна­ла­сты­ру­дың әре­кетін жасап жатыр­мыз. Ол үшін сол мек­теп­тер­дің дирек­тор­ла­ры­мен және білім басқар­ма­ла­ры­мен тіке­лей өзім сөй­лесіп жүр­мін. Өйт­кені біз олар­ды оқы­та алмай­мыз. Сабақ пен жат­ты­ғу­ды қатар алып жүре алмай­ды. Ал жай мек­теп­те өткізіп алған сабақта­рын қуып жету­ге мүм­кін­дік­тері болады.

Тшанов мыр­за айтқан уәж­дің жөн-жосы­ғын ата-ана­лар­дан білей­ік деп, шағым­да­ну­шы­ларға хабар­ла­сып, өздері жазып бер­ген қол­хат­тар тура­лы түсін­діруін және оқу­шы­лар­ды басқа мек­теп­тер­ге орна­ла­сты­ру мәсе­лесінің қалай жүзе­ге асып жатқа­нын айтып беруін сұрадық.

Бұл орай­да бала­сы оқу­дан шыға­ры­лған ана Рано Бақ­бер­генқы­зы былай деді:

– Бірін­ші­ден, кол­ледж бас­шы­лы­ғы­ның бала­лар­ды оқу­дан шыға­ру әре­кетіне қаты­сты сотқа шағым түсір­дік. Нақты­рақ айт­сам, кол­ле­дж­дің оқу жөнін­де­гі мең­ге­ру­шісі Иска­ко­ва ханым­ды сотқа бер­дік. Өйт­кені ол кәме­лет­ке тол­маған бала­ның қолы­на құжат­та­рын ұста­тып, ол құжат­тар­ды алдым дегізіп, қолын қой­ды­рып алған. Біз бұл әре­кет­ті заң­сыз деп білеміз.

Екін­ші­ден, қазір кол­ле­дж­дің завуч­та­ры әр мек­теп­ке жүгіріп, оқу­дан шыға­ры­лған бала­лар­ды алы­ң­дар­шы деп жалы­нып жүр. Басқа мек­теп­тер біздің бала­ла­ры­мы­зды қалай ала­ды? Бұлар­дың екін­ші тоқ­са­ны­ның баға­ла­ры жоқ. Оның үстіне бала­ла­ры­мы­зды оқу­дан шығарға­ны тура­лы пед­со­вет­тің про­то­ко­лы болу керек қой, өйт­кені біздің бала­лар­ды ішкі тәр­тіп­ті бұз­ды деп, оқу­дан шығарған. Олай бол­са, біздің бала­ла­ры­мы­здың бұза­қы болға­ны. Тоқ­сан­дық баға­сы жоқ, сабаққа бар­маған, бұза­қы оқу­шы­ны басқа мек­теп қалай­ша өзіне қабыл­дап, мой­ны­на жау­ап­кер­шілік ала­ды?! Кол­ле­дж­де­гілер айта­ды дей­ді: екін­ші тоқ­сан­ның баға­сын қой­ып бере­міз деп. Олар қалай қой­ып береді, егер ол бала екін­ші тоқ­сан­да бұй­ры­қ­пен шығып кетсе?!

Спорт және Білім мини­стр­лік­тері өкіл­дерінің қаты­суы­мен болған жина­лы­ста кол­ледж бас­шы­лы­ғы­на айты­лған еді, сіз­дер бала­лар­ды оқу­дан шығар­мас бұрын, өздерінің кел­ген мек­теп­тері­мен келісіп барып шыға­ру­ла­ры­ңыз керек еді деп. Енді өз қателі­гін түсін­ген кол­ледж бас­шы­лы­ғы осы әре­кет­тер­ге барып отыр.

Қол­хат жөнін­де айтар бол­сам, иә, қол­хат жазып бер­гені­міз рас. Бірақ ол қол­хат­ты біз бала­ла­ры­мы­зды жатақ­ха­на­дан алып кетер­де олар­дың өмір қауіп­сізді­гіне өзі­міз жау­ап бере­міз деп жазған едік. Онда оқу­дан шыға­рып ала­мыз деген бір сөз жоқ.

Қазір­гі таң­да бір­де-бір бала әлі мек­теп­ке орна­ла­сты­ры­лған жоқ. Кол­ле­дж­де­гі­дер бала­ла­ры­мы­зды алы­ң­дар­шы деп, басқа мек­теп­тер­ге жалы­нып жүр. Егер кол­ледж бас­шы­лы­ғы­ның әре­кеті заң­ды бол­са, ешкім­ге жалын­бас еді ғой!

Ең басты­сы, біздің бала­ла­ры­мыз жай ғана оқу­шы емес, Тша­нов айтқан­дай, спорт­кол­ле­дж­дің тегін тамағын жеп, тегін төсе­гіне жатып жүр­ген. Біздің бала­лар спор­тқа бей­ім, қол жет­кіз­ген жетістік­тері бар оқу­шы­лар. Олар жай мек­теп­те оқы­ғы­ла­ры келмейді.

Біздің бала­лар­дың әрқай­сысы­ның бола­шақта Елім­нің туын көте­рем, Қаза­қстан­ды асқақта­там деген арман-мақ­сат­та­ры бар. Егер бала­ла­ры­мыз өз елін­де ара­ша тап­пай, шетел­ге кетіп, өзге елдің аты­нан жары­старға шығып жүр­се, қаза­қтың жігіт­тері шетел­дің туын көтеріп жүр деп айта­мыз. Егер өз елін­де арман­да­ры­на бал­та шап­са, қалай өзге елдің туын көтермейді?!

P.S. Тша­нов мыр­за қалай десе де, үлкен­дер­дің әпер­бақан әре­кетіне нара­зы болған бала­лар­ды оқу­дан шыға­ру, олар­ды өз қала­уы бой­ын­ша білім алу құқы­нан айы­ру – бұл заң­мен тер­ге­летін тақы­рып екені дау­сыз. Артын­да бала­сы­ның тәлім-тәр­би­есін бақы­лай­тын ата-ана­сы бар оқу­шы жалғыз Тіле­умұра­то­втың сөзіне еріп, лаң салып жүр деген сөз заң­ды да, мораль­ды да белі­нен басқан, бәрін өзім білем деген әпер­бақан­ның уәжі демес­ке амал жоқ. Айна­лып кел­ген­де, Тша­но­втың төңіре­гін­де­гі текетіре­стен тек бала­лар ғана зардап шек­кенін мой­ын­дау керек шығар. Бір ғана дөкей дирек­тор­дың дегені жүріп, бала­ла­ры білім алу­дан қағы­лған ата-ана­лар­дың нара­зы­лы­ғы тек­тен-тек­ке пай­да бол­маға­ны­на Мәде­ни­ет және спорт, Білім және ғылым мини­стр­лік­тері ортақ жау­ап таба­ды деген ойдамыз.

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн