Суббота , 19 апреля 2025

Талдықорған – Өскемен бағытындағы жол биыл толық қолданысқа беріледі

кімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев «Талдықорған – Өскемен» бағытындағы жолдың биыл толық қолданысқа берілетінін айтты.

«Талдықорған – Өскемен» автожолының ұзындығы — 768 шақырым. Бүгінгі күні 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселген болса, үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген. Учаскеге 700-ден астам жол техникасы, 1 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған», — деді ол.

Министр шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдалануға берілетінін айтты..

«Жоба бойынша жұмыстың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізіліп жатыр. Жалпы жылдың соңына дейін жұмыстардың бәрі аяқталып, тапсырылады», — деді Марат Қарабаев.

Республиканский еженедельник онлайн