Суббота , 5 июля 2025

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖАРАСЫ Қаңтардың қанды қасіретіне ұласты

  • 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі­нен біз біл­мей­тін құпия қал­ды ма? Осы сұрақтың жете­гі­мен Жел­тоқ­сан­ның 15 том­дық шежіресін жазған бел­гілі пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ұ­лы­мен сұх­бат­тасқан едік. Еске салай­ық: Талғат мыр­за «Жыл – он екі ай» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, «Толға­най Т» бас­па­сы­ның бас дирек­то­ры. Ал Жел­тоқ­сан деген­де жанұ­шы­рған жазу­шы­мен әңгі­ме­ле­су бары­сын­да, расын­да да, Жел­тоқ­сан­ның біте­ужа­ра жағ­да­ят­та­ры әлі де көп екеніне көз жет­ті. Сұх­бат­ты оқып көріңіз.

– Талғат мыр­за, Жел­тоқ­сан көтерілісіне бай­ла­ны­сты айғақ-кітап­тар­дың 15 томын өз қара­жа­ты­ңы­зға шығарға­ны­ңы­зды жақ­сы біле­міз. Бұл үлкен тари­хи және бере­рі көп еңбек. Деген­мен, «Желтоқсан-86»-ның шежіре­шісі ретін­де сіз­ден біл­гі­міз келеді: жазы­қ­сыз құр­бан­дар­дан ақтал­маған адам бар ма?

– Ең әуелі осы сау­алға жау­ап­ты Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Н. Назар­ба­ев­тың 1991 жылғы 12 жел­тоқ­сан күн­гі «Қаза­қстан­дағы 1986 жылғы жел­тоқ­сан­ның 17–18-дегі оқиға­ларға қаты­сқа­ны үшін жау­ап­ты­лы­ққа тар­ты­лған аза­мат­тар­ды ақтау тура­лы» Жар­лы­ғы­на жүгі­ней­ік. Онда – «Иман­ды­лық, объ­ек­тив­тілік және әділет­тік прин­циптерін бас­шы­лы­ққа алып, қау­лы ете­мін: Қаза­қстан­дағы 1986 жылғы жел­тоқ­сан­ның 17–18-дегі оқиға­ларға қаты­сқа­ны үшін қыл­мыстық, әкім­шілік және тәр­тіп­тік жау­ап­ты­лы­ққа тар­ты­лған адам­дар ақталған деп санал­сын» – деп жазы­лған. Міне, бұл – нақты жау­ап. Нақақ қия­нат көр­ген, қуда­ла­нып азап шек­кен, түр­ме­де қамауда оты­рған, қыз­меті мен жұмысы­нан қуы­лып, оқу­дан шыға­ры­лған, пар­тия, ком­со­мол­дан ала­ста­ты­лған аза­мат­тар­дың бәрі осы жар­лы­қтың негізін­де ақта­лып шықты. Оқу­дан шыға­ры­лған­дар – оқуын ары қарай жалға­сты­рып, жұмыстан шыға­ры­лған­дар – жұмыс орны­на қай­та оралды.

Бірақ мәсе­лені осы­мен біт­ті­ге сана­сақ, онда бұл әділет­тілік бол­мас еді. Арғы жағын­да адам­дар­дың ауы­рып-сырқап, одан да жаман жағ­дай­ға тап болуы, жан дүни­есінің күй­зеліс­ке ұшы­ра­уы деген секіл­ді орны тол­мас сан түр­лі тағ­дыр зардап­та­ры бол­ды емес пе? Бұрын бұл мәсе­ле­ге қуғын-сүр­гін көр­ген­дер онша мән бер­ме­се, енді бүгін көбінің ойла­ры өзгер­ді. Бәрінің ресми, құқы­қтық тұрғы­дан ақта­лып, қолы­на Жел­тоқ­сан көтерілісінің қаһар­ма­ны, қаты­су­шы­сы ретін­де құжат алғы­сы келеді.

– «Ауған соғы­сы­ның арда­гері», «Чер­но­быль апа­ты зардап­та­рын жоюға қаты­су­шы» деген сияқты ма?

– Иә, дәл солай. Олар­дың саны өте көп екенін біле­міз. Сол бір Жел­тоқ­сан­ның ызғар­лы күн­дерін­де нақты сегіз жарым мың­дай адам ұста­лып, тер­ге­у­ге алы­нға­ны­нан-ақ дәл солай екенін аңға­руға әбден бола­ды. Мәсе­лен, ауған­ды­қтар мен чер­но­быль­ды­қтар арнайы әске­ри комис­са­ри­ат­тың шақы­руы­мен мәж­бүр­лі түр­де бар­са, жел­тоқ­сан­ды­қтар шыдай алмай, жүрек әмірі­мен, ұлт­тық намыстың жете­гі­мен алаңға шықты. Орта­лы­қтың кеудем­соқ, әмір­шіл сая­са­ты­на қар­сы нара­зы­лық біл­діріп, ұлт мүд­десін қорғап шықты. Өз басым мұны ұлы ерлік деймін.

– Сот­та­лып, қамауда оты­рып шыққан­дар саны бел­гілі. Олар жүз­ден аса­ды дей­ік. Ал бер­тін­де ақталған­дар ше?

– Өткен жылы көтерілістің 35 жыл­ды­ғы кезін­де Алма­ты қала­сы­ның әкім­шілі­гі өздерінің жыл­дағы дәстүрі бой­ын­ша қуғын-сүр­гін құр­ба­ны ретін­де ақталған­дар­дың әрқай­сысы­на 150 000 тең­ге­ден ақша бер­ді. Сон­да ұзын саны 500-дің үстін­де екені айтыл­ды. Қазір қосы­лып жатыр. Алай­да ақта­лу жолы күр­делі. Сот пен про­ку­ра­ту­ра ұсталған­ды­ғы, тер­гел­ген­ді­гі жөнін­де, жұмыстан, оқу­дан шыға­ры­лған­ды­ғын рас­тай­тын құжат қағаз­да­рын сұрай­ды, куә­гер­лерін шақыр­та­ды. Оны табу да оңай емес. Солар­дың талайы мұңын шағып маған келеді. Шеті­нен жұмыс­сыз, ден­са­улы­қта­ры жоқ, тұр­мыс қасіретін шегіп, әбден қажы­ған. Осы­лар жалын­даған жастық шағын­да аязға тоң­ды, жаза­ла­у­шы әскер­дің керзі еті­гінің теп­кісін көр­ді, сой­ы­лы­ның соққы­сын жеді. Енді бүгін сот­талған­дар мен ақталған­дар ғана жел­тоқ­сан­шы болып, өздерінің қаға­жу көр­ген­деріне нали­ды. Олар­дың көңілін құр сөз­бен алдарқа­ту­дан басқа мен не айта аламын?!

–Талғат мыр­за, өміріңіздің жар­ты­сын осы Жел­тоқ­сан­ды зерт­те­у­ге арнап жүр­сіз, нақты қан­ша адам қаза тапқа­нын айта ала­сыз ба?

– Бұл өзі ешкім дөп басып айта алмай­тын бір жұм­бақ нәр­се. Кезін­де осы қасірет­ті ұйым­да­сты­рған билік те ашық айт­пай, жал­пақ жұрт­тан жасы­рған. «Үш адам өлді, олар – Ербол Сыпа­та­ев пен Ләз­зат Аса­но­ва және Савиц­кий», – деді. Кей­ін Мұх­тар Шаха­нов пен Қадыр Мыр­за­ли­ев аға­ла­ры­мыз тең төраға­лық еткен Қазақ КСР Жоғарғы Советі Пре­зи­ди­у­мы комис­си­я­сы­ның кезін­де бұл үстірт, алдам­шы ақпар екен­ді­гі айқын­да­ла түсті. Осы сөзім­ді нақты­лау үшін, өзім шығарған «Алма­ты 1986 Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­ры­ның 1‑томындағы мына бір деректі кел­ті­ре кетейін:

«Мәсе­лен, қазан­ның 16-сын­да КСРО халық депу­та­ты М.Шаханов Қаза­қстан адам пра­во­ла­ры жөнін­де­гі қоғам­дық коми­тетінің мүше­лері, қоғам­дық ұйым­дар­дың басқа да өкіл­дері, орта­лық газет­тер­дің тіл­шілерінің қаты­суы­мен демон­странт­тар­ды қуып-тара­ту кезін­де көп адам­ның құр­бан болға­нын ресми түр­де мәлім­де­ген бұры­нғы екі әске­ри қыз­мет­кер­мен әңгі­ме­ле­сті. Олар қаза тапқан­дар­дың дені демон­странт­тар дей оты­рып, әскер­лер мен мили­ция адам­да­ры­ның ара­сын­да да шығын болған­ды­ғын айтып, тағы да 168 адам­ның өлі­мі тура­лы хабарлады.

Әске­ри қыз­мет­кер­лер­дің жаз­ба­ша түр­де­гі мәлім­де­месі­мен қоса, арнайы про­то­кол жаса­лы­нып, әңгі­ме­ге қаты­су­шы­лар­дың қол­да­ры қой­ыл­ды. Бұл мәлі­мет бұрын түсініксіз болып кел­ген басқа да бірқа­тар фак­тілер­дің айқын­да­луы­на сеп­ті­гін тигі­зеді деп айта ала­мыз. Мәсе­лен, комис­сия Қазақ КСР Жоғарғы Советінің Пре­зи­ди­у­мы­на жүз бет­тен тұра­тын қоры­тын­ды­лар­мен бір­ге оқиға­дан кей­ін пай­да болған «Батыс» бей­іті тура­лы, тегі де, нөмірі де жоқ 58 бел­гісіз мола тура­лы деректер жазы­лған арнайы аны­қта­ма да бер­ген бола­тын. Бей­іт­тің бір­не­ше жұмыс­шы­ла­ры, бас­шы­ла­ры­мен қоса, оны Ішкі істер мини­стр­лі­гінің құпия мола­сы деген еді».

«Ленин­ская сме­на» газетінің тіл­шісі Миха­ил Устю­го­вқа бер­ген «1986 жылғы жел­тоқ­сан­да не болған еді?» деген сұх­ба­тын­да (2 қара­ша 1990 жыл) Мұх­тар аға­мыз осы әңгі­мені: «Бұл жер­ге 1986 жылғы 1 жел­тоқ­сан­нан 1987 жылғы 31 жел­тоқ­санға дей­ін­гі ара­лы­қта ізде­ушісіз жер­лен­ген 131 өлік­тің тек 73‑і ғана нөмір­леніп, мар­кі­леніп, баста­ры­на бел­гі соғы­лған. Әрі бұл 58 адам Ішкі істер мини­стр­лі­гінің ара­ла­суы­мен жер­лен­ген. Қалып­тасқан дәстүр бой­ын­ша, бұл ведом­ство­лар өлік­тер­ді зират ішіне өздеріне ыңғай­лы уақыт­та әкеліп, өз күш­тері­мен жер­лей береді. Және жер­ле­ген­дері тура­лы зират бас­шы­ла­ры мен қыз­мет­кер­леріне хабар­ла­май­ды да, өлген­дер­дің құжат­та­рын оларға табыста­май­ды да, тек жер­ле­ген­деріне төле­ген ақша­ның кви­тан­ци­я­сын көр­се­ту­мен ғана тына­ды», – дей­ді. Ол – Кеңе­стер Одағы­ның мызғы­май, биле­уші Ком­пар­ти­я­сы­ның дәуір­ле­ген зама­ны. Бүкіл елді қусы­рып, бір уыста ұстап тұрған­да, әлгін­дей қыл­мыстың неше ата­сын жасаған «КГБ»-сы, Ішкі істер мини­стр­лі­гі бол­сын, соның бәрін барын­ша құпи­я­лап жүзе­ге асы­рған Гор­ба­чев­тің билі­гі өз арт­та­рын өздері ашып, «дұрыс, дәл солай екен» дей қоя ма?!

– «КГБ» бала­сы алаң­да өлген ата-ана­ның аузын жауып­ты, құнын төлеп­ті, қорқы­тып-үркітіп­ті, ешкім­ге тіс жар­ма», т.б. деген нешетүр­лі қаңқу сөз­дер естідік. Бұл тура­сын­да не айтасыз?

– «Жел тұр­ма­са, шөп­тің басы қимыл­да­май­ды». 86-ның кезі емес, күні кеше­гі дер­лік Жаңаө­зен мен Қаңтар қасіреті қан­ша­лы­қты қай­ғы­лы болға­нын жақ­сы білесіз. Өз билі­гі­міз – өзі­міз­де, тәу­ел­сіз елміз деп, аузы­мы­зды айға білеп жүр­ген зама­ны­мы­зда не болып жатқа­нын көріп отыр­сыз. Қаза­қты – қазақ қинап, фашиз­мнен де асы­рып, қор­лау әре­кет­терін жаса­ды деген­ді есті­ген­де, көзі­міз шара­сы­нан шығып, төбе шашы­мыз тік тұр­ды. Бүгін­гі Назар­ба­ев­тық, Тоқа­ев­тік билік­тің не істеп оты­рға­нын көз­бен көріп, тістеніп отыр­мыз. Жалғы­зы­нан айы­ры­лып, жылап-еңіре­ген ата-ана­лар Аста­наға қуы­нып, про­ку­ра­ту­раға бар­са, қамап тастай­ды. Тоқа­евқа жолат­пай­ды. Соны көріп-біліп, үндей алмай, іштен дымы шық­пай тынып оты­рған­дар қан­ша­ма?! Сон­ды­қтан әлгі ата-ана­ла­ры­ның аузын жауып­ты, қорқы­тып-үркітіп­ті деген­нің рас­ты­ғы­на сенемін.

Енді оқыр­ман елді сен­ді­ре түсу үшін, екі-үш күн­нен кей­ін сана­у­лы ғана тара­лым­мен шыға­тын айғақ-кіта­бым­ның 16-шы томын­дағы Кеңес Одағы­ның мар­ша­лы Конев атын­дағы Алма­ты Жоға­ры жал­пы­ко­ман­да­лық учи­ли­щенің сол кез­де­гі кур­сан­ты, бүгін­де доға­ры­стағы пол­ков­ник Жан­кел­ді Төле­ба­ев пен жел­тоқ­сан­шы дәрі­гер Тоқтар Әжіғұ­ло­втың әңгі­месіне құры­лған мына үзін­діні ұсынайын:

« Да, Жора, вашу колон­ну встре­ти­ли мы на Фурманове/Сатпаева напро­тив гос­пи­та­ля. Ваша колон­на АВОКУ на пол­ном ходу про­еха­ла через демон­стран­тов, голов­ная часть колон­ны шла ром­бом, тем самым демон­стран­ты, отхо­дя от пер­во­го БТР‑а попа­да­ли под коле­са сле­ду­ю­ще­го БТР‑а. БТР – мно­го­тон­ная маши­на кача­лась и еха­ла как по булыжникам.

– Да, брат Тох­тар, перед мага­зи­ном «Оке­ан» было задав­ле­но и заруб­ле­но лопа­та­ми насмерть 17 чело­век, кото­рых я видел перед три­бу­ной с зем­ля­ком, сотруд­ни­ком мили­ции (Ораз­ба­ев Тлеш­кен Айта­со­вич) с Кок­че­тав­ско­го УВД, кото­рый был отко­ман­ди­ро­ван в Алма­ту в свя­зи с декабрь­ски­ми событиями…».

– Мынау сұм­дық дерек қой!

– Міне, Ере­ке, бұл енді айты­лған, қорқақ­соқтап әрең айты­лған әңгі­ме. Осы­ның өзін Жан­кел­ді бауы­ры­мыз жари­я­латқы­сы кел­мей, «бұдан да қасірет­ті, ауыр, өте қай­ғы­лы оқиға­лар болып жатқан уақыт­та, бұл жай нәр­се ғой» деп жүріп, кіта­бы­мы­зға зорға енгізіп отыр­мыз. Көп ел ашы­лып айту­дан ат-тон­да­рын ала қаша­ды. Бұған дей­ін ұл-қызын ойла­са, енді неме­ре­лерін айтып сақтанады.

Осы жер­де өз басым­нан өткен нәр­сені айтай­ын. Осы­дан жиыр­ма жыл­дай бұрын «Рахат» теле­ар­на­сы­ның тіке­лей хаба­ры­на қаты­стым. Жүр­гі­зу­ші Жел­тоқ­сан тақы­ры­бы­на бай­ла­ны­сты сау­ал бер­ді. Сөзім­ді тың­даған көре­рмен­дер­дің бірі дәрі­гер екен. Көтерілі­стен кей­ін қаза­қтың қыз-жігіт­терін топыр­ла­тып, Каб­лу­ков көше­сін­де­гі жүй­ке ауру­ла­рын емдей­тін ауру­ха­наға әкеліп жатқы­зға­нын айт­ты. Сау адам­дар­ды жын­ды қылға­нын, жын­ды­ла­рын ажал құшты­рға­нын теле­экран­ның арғы жағын­да саңқыл­даған үні­мен жет­кізді. Еке­уміз кез­де­сетін болып келістік. Үйі Төле би мен Розы­ба­ки­ев көше­лерінің қиы­лы­сы­на таяу жер­де екен. Уәде­ле­с­кен күні де, одан кей­ін­гі кез­дер­де де бер­ген нөмірі­мен сөй­ле­сей­ін деп, қан­ша соқ­сам да, теле­фо­нын көтер­мей қой­ды. Өйт­кені олар «үш әріп­тің» тір­ке­уін­де тұра­ды, бір­ге қыз­мет істей­ді. Арғы жағы түсінік­ті ғой. Міне, өстіп айтар сөзін айта алмай, іштен тынып, әліп­тің артын бағып жүр­ген­дер аз дей­сіз бе?

– Тағы бір ақтаң­дақ: алаңға шыққан жастар­ды кім ұйым­да­стыр­ды деген сұрақтың жау­а­бы әлі күн­ге дей­ін нақты айтыл­май­ды. Жел­тоқ­сан­ның 30 жыл­ды­ғы­на арнап, «ДАТ»-тың арнайы нөміріне шығарған бір мақа­ла­да ұйым­да­сты­ру­шы ретін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аты атал­ды. Сіз осы­ған не дер едіңіз?

– Оны Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев та айтқан. 1987 жылы мау­сым­да Мәс­ке­уде КПСС Орта­лық Коми­теті Сая­си бюро­сы мүшелі­гі­нен шығар кез­де пле­нум­ның мін­берін­де тұрып, Қона­ев Гор­ба­чевқа қара­та: «Сіз Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның ұйым­да­сты­ру­шы­ла­рын іздеп едіңіз, ол еке­уі міне алды­ңы­зда отыр», – деп, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Зақаш Кама­ли­де­но­вты көр­се­те­ді. Диме­кеңнің осы сөзі Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның жүре­гіне шан­шу­дай қада­лып, талып түсіп­ті деген­ді естігенбіз.

Ал оның алдын­да, қаза­қтың қыз-жігіт­тері бұры­нғы Бреж­нев алаңы­на күл­лі әлем­нің наза­рын ауда­рып, Орта­лы­қты есі­нен тан­ды­рған кез­де Гор­ба­чев кінәні Қона­ев­тың өзі­нен ізде­ген. Оның арты Асан­бай Асқа­ров бастаған таны­мал тұлға­лар­дың қама­луы­на ұласқан. Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы тура­лы пікір-ойла­рын солар арқы­лы аша­мыз, Қона­ев­ты қыл­мыс­кер етіп шыға­ра­мыз деп ойлаған. Тіп­ті Гор­ба­чев бар кінәні өзі­нен ысы­ру үшін, бір сөзін­де: «Қаза­қстанға Кол­бин­нің келуіне басты себеп­ші Қона­ев», – деді.

– Сая­сат­тан хаба­ры бар біраз адам­дар да осы­ны айта­ды ғой, Тәке?..

– Енді әркім­нің өз ойы. Гор­ба­чев бас хат­шы болып, қыз­метіне мықтап кіріс­кен­нен кей­ін, айна­ла­сын­дағы жасы кел­ген Бюро мүше­лерінің талай­ын босат­ты. Өзбек­стан­да «Мақта ісі» деген­ді шығар­ды. Парақор­лық Қаза­қстан­да да кең етек алған деп, «Қазақ ісін» – «Казах­ское дело­ны» баста­ды. Қаза­қстан­ның мұнай­лы өңір­лерін Ресей­ге қосып, эко­но­ми­ка­лық аймақ жасағы­сы кел­ді. Бұған Қона­ев көн­беді. Еке­уінің ара­сын­дағы бітіс­пес кикіл­жің­ге ілік болды.

Енді бір сәт Гор­ба­чев­тің Ақмо­ла облы­сы­на кел­ген сапа­рын да еске түсіріп көрей­ік. Ол ака­де­мик Бара­ев­пен емен-жарқын сөй­лесіп, Қона­евқа тіп­ті мой­ын бұрып қара­май тұр­ды ғой. Міне, осын­дай ықы­ла­сы­нан кей­ін Гор­ба­чев Қаза­қстан­ның бірін­ші бас­шы­лы­ғы­на кім­ді қою керекті­гін Диме­кең­мен ақыл­да­сып­ты деген­ге кім сенеді?

Айғақ-кітап­тар­дың жарық көретін 16-томын­да Жары­лқап Қалы­бай­дың «Аңыз адам» жур­на­лы­на арнап, Зақаш Кама­ли­де­нов­пен жүр­гіз­ген сұх­ба­тын жари­я­ла­дым. Сон­да Зәкең 1986 жылы Гор­ба­чев­тің қабыл­да­уын­да болған­да­рын айта­ды. «Шіл­де айын­да бәрі­міз депу­тат­пыз. Миро­ш­хин, Назар­ба­ев және мен. Сес­си­яда отыр­мыз, бір уақыт­та бір офи­цер кел­ді. «Сіз­дер­ді Гор­ба­чев шақы­рып жатыр» деді. Бізді сес­си­ядан алып кет­ті. Назар­ба­ев, Миро­ш­хин, мен – үше­уміз бар­дық. Гор­ба­чев­тің қабыл­да­уын­да адам көп екен. Обком­ның, ОК-тің бірін­ші хат­шы­ла­ры жүр. Сөй­лесіп тұр­мыз. Бір уақыт­та бір ірі кісі келіп: «Сәле­мет­сіз­дер ме, мен Кол­бин­мін – Улья­нов обко­мы­ның бірін­ші хат­шы­сы­мын», – деді. Ойы­мы­зда ештеңе жоқ, аман­да­сып тұра бер­дік. Ол кетіп қал­ды», – дейді.

Қараңыз­шы, таны­май­тын, айда­ла­дағы біреу. Неге ала­бө­тен адам жан­да­ры­на жетіп келіп, сәлем береді? Бұл менің ойым. Зақаш Кама­ли­де­нов те: «Кей­ін ойлап отыр­сам, Гор­ба­чев сол кез­де бізді бекер шақыр­маған сияқты. Кол­бин­ді көр­сін деп шақы­рған болу керек. Демек, Кол­бин­ді Қаза­қстанға жібе­руді сол кез­ден ойла­сты­рған болу керек», – дей­ді Кама­ли­де­нов Жары­лқа­пқа бер­ген әлгі сұхбатында.

– Өзін рес­пуб­ли­ка­ның бірін­ші бас­шы­лық лау­а­зы­мы­нан үміт­кер ретін­де санаған Назар­ба­ев Кремль­дің шеші­міне қар­сы халы­қты көтер­се, бүгін­де ол әре­кеті ерлік­ке бала­нуы мүм­кін еді ғой. Енде­ше әдет­те жоқты – бар­дай етіп, өзінің «ел алдын­дағы еңбе­гін» әспет­те­у­ге жаны­ғып жүретін Назар­ба­ев Жел­тоқ­сан көтерілісін ұйым­да­сты­ру­шы ретін­де­гі сол ерлі­гін неге жыр­ла­май жүр деп ойлайсыз?

– Оны білетін­дер­дің бәрі қорқақ, өте әсі­ре сақ адам дей­ді. Оның үстіне құрық бой­ла­май­тын қулы­ғы және бар. Біз өз алды­на бөлек елміз, өз еркі­міз – өзі­міз­де дегені­міз­бен, бұл жай сөз жүзін­де­гі әңгі­ме екенін бәрі­міз өте жақ­сы біле­міз. Назар­ба­ев бұрын да мәс­ке­ушіл бол­ды. КСРО-ның ыды­раға­нын қала­ма­ды. Ол осы ойы­нан айны­ма­ды. Одақты қай­та жаңғыр­тқы­сы кел­ді. 30 жыл елі­мізді оры­стың темір тақы­мы­нан шығар­май, қысып ұста­ды. Қан­дай шешім қабыл­да­са да, Ель­цин­ге, одан кей­ін Путин­ге елпек­теп, жал­тақта­у­мен, жал­бақта­у­мен жүзе­ге асыр­ды. Жел­тоқ­сан әу бастан ұлта­ра­лық қақты­ғыс ретін­де сипаттал­ды. Шови­ни­стік пиғыл­дағы оры­стар үшін ол әлі күн­ге дей­ін қыл­мыс санал­са, ал өзі­міз ғасыр­лар бойы ұлт­тық кем­сіту­шілік­ке ұшы­рап, тілі­міз бен ділі­мізді, қаза­қтық мүд­де­мізді алаңға ту етіп көтеріп шыққан күресі­мізді нағыз ерлік дейміз.

Қазір аты-жөнін айт­пай-ақ қояй­ын, Мем­ле­кет­тік комис­сия құра­мын­да жұмыс істе­ген бел­гілі заң­гер­мен көтерілістің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да бір кез­дескенім­де, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы­мен осы мәсе­лені сөз еткенін ауы­зға алды. «Нұре­ке, сіз сол кез­де үлкен ерлік жаса­ды­ңыз, ұйым­да­сты­ру­шы бол­ды­ңыз, осы­ны өз аузы­ңы­з­бен айт­саңыз­шы», – деп едім, ол кісі: «Дұрыс екен, сөй­тей­ін» деді, бірақ жеме-жем­ге кел­ген­де олай ету­ге тәу­е­келі жет­пе­ді», – деді.

– Деген­мен біраз іс-шара­лар жүзе­ге асып, Жел­тоқ­санға қаты­су­шы қаһар­ман­дар мем­ле­кет­тік мара­пат­тарға ие бол­ды, біра­зы­на пәтер беріл­ді, көп­те­ген жер­лер­де көше атта­ры қой­ыл­ды деген­дей рақым­шы­лық жасалға­ны да рас қой?!

– Билік­тің өстіп, жал­пы­ха­лы­қтық ерлік­ке мән беріп, еле­гені дұрыс, әрине. Алай­да тәу­ел­сізді­гі­мізді алған­нан кей­ін, бұдан да терең, ауқым­ды шара­лар­ды жүзе­ге асы­руы керек деп күтіп едік. Мәсе­лен, осы­ны Жел­тоқ­сан мәсе­лесінің ұңғыл-шұңғы­лын жетік білетін Сабыр Қасы­мо­втың ойы­мен жеткізсек:

«Ең әуел­гі кезек­те Пар­ла­мент­тің Қаулы­сы­мен неме­се Елба­сы­ның Жар­лы­ғы­мен СОКП ОК-нің, оның Сая­си бюро­сы­ның қуда­лау, қуғын-сүр­гін­дік сипа­ты бар қазақ ұлт­шыл­ды­ғы деген шеші­мін заң­сыз деп жари­я­лау қажет еді;

Жоғарғы Кеңес (Пар­ла­мент) СОКП, Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы ОК-нің жаза­лау шара­ла­ры­на қаты­сқан 4 мың­нан астам сар­ба­з­дар­ды, «халық жасақ­шы­ла­рын», МҚК-нің қыз­мет­кер­лерін мара­пат­тау жөнін­де­гі актілерінің күшін жоюуы керек еді;

Пар­ла­мент «Қаза­қстан­дағы 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қаты­су­шы­лар­дың мәр­те­бесі және жап­пай жаза­ла­удың құр­ба­ны болған­дар­ды, зардап шек­кен­дер­ді ақтау тура­лы» заң қабыл­да­са, осы заңға сәй­кес көтеріліс­ке қаты­су­шы­лар Қаза­қстан­ның бостан­ды­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­дағы күрес­кер­лер деп таны­лар еді. Осы­ның негізін­де олар­дың құқы­қтық мәр­те­бесі тура­лы мәсе­ле түп­кілік­ті шешілер еді;

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоғарғы соты өзінің Пле­ну­мы­ның шеші­мі­мен, Бас про­ку­ра­ту­ра­сы, МҚК, мини­стр­лік­тер мен ведом­ство­лар, облы­стар мен аудан­дар­дың әкім­дері қабыл­даған шешім­дері­мен аза­мат­тарға бай­ла­ны­сты қуда­лау бой­ын­ша құжат­тар­дың күшін жоюы тиіс еді. Сөй­тіп, құқық қорғау орган­да­ры, арна­у­лы қыз­мет оқиғаға қаты­су­шы­ларға бай­ла­ны­сты жүр­гізіл­ген қыл­мысты істер­ді мұқи­ят тек­серіп, кінәлі қыз­мет­кер­лер­ді қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ту жөнін­де іс қозға­уы қажет еді;

Қаза­қстан Ғылым ака­де­ми­я­сы, Ғылым және білім мини­стр­лі­гі, ғылы­ми орта­лы­қтар, шығар­ма­шы­лық одақтар халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша осы көтерілісті жақ­сы білетін көп­те­ген елдер­де­гі бел­гілі сая­сат­кер­лер мен заң­гер­лер­ді, тарих­шы ғалым­дар­ды шақы­рып, осы тақы­рып­та халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция өткі­зуі қажет еді. Солай жасаған­да, бұл бұры­нғы кеңе­стік импе­ри­ядағы басқа халы­қтар­дың да азаттық күресін бастаған көтеріліс ретін­де таны­лар еді».

– Әтте­ген-айы – олай бол­ма­ды. Алай­да мем­ле­кет­тік тұрғы­да жүзе­ге асы­ры­ла­тын халы­қа­ра­лық іс-шара көтерілістің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да қоғам­дық негіз­де жүзе­ге асы­рыл­ды ғой?

– Тағы да өкіні­штісі – бұл іс-шара жеке­ле­ген адам­дар­дың жан­ке­штілі­гі арқа­сын­да әлем­нің он елі­нен тарих­шы ғалым­дар, сая­сат­кер­лер, мем­ле­кет қай­рат­кер­лері, Жел­тоқ­сан тақы­ры­бын зерт­теп жүр­ген қалам­гер­лер­дің қаты­суы­мен өткізіл­ді. Басты ұйым­да­сты­ру­шы­сы – Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі құрған Мем­ле­кет­тік коми­си­я­ның құра­мын­да жұмыс істе­ген, одан кей­ін Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың мүше­сі ретін­де Мұх­тар аға­мыз бастаған істі толық аяқтау үшін барын салып, қыз­мет қылған Сабыр Ахмет­жанұ­лы Қасы­мов бол­ды. Мұн­дай шара көп қар­жы­ға тіре­летіні бел­гілі. «Аста­на-жиһаз» жеке мен­шік кәсі­пор­ны­ның иесі Нұр­лан Есқа­ли­ев аза­мат­тық таны­та­ды. Оның өзі де Қаз­МУ-дың заң факуль­тетін­де оқып жүріп, көтеріліс­ке қаты­сқан екен. Нұр­лан­ның деме­ушілік­ке ұсы­нған ақша­сы аздық ете­ді. Осы кез­де Алма­ты­дағы жатақ­ха­на­лар­ды ара­лап, қыз-жігіт­тер­дің алаңға көп­теп шығуы­на айры­қ­ша ықпал еткен және осы әре­кеті үшін сот­талған Құр­манға­зы Айт­мұр­за­ев өз үйін сатып, бүкіл қар­жы­сын кон­фе­рен­ци­я­ның биік дәре­же­де өтуіне жұмсайды.

– Сон­да билік қай­да қал­ды? Осын­дай халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция қоғам­дық негіз­де өткелі жатқан­да, баста­ма­ны іліп алып кетер жөні бар еді ғой?

– Бұл бір кісінің – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бетіне тел­мі­ре қараған билік қой! Ол жақтан ешқан­дай қар­жы­лық көмек бол­май­ты­нын анық біл­ген ұйым­да­сты­ру­шы­лар басқа елдер­ден кісілер келеді, ең бол­ма­са кон­фе­рен­ци­я­мы­зды өз дең­гей­ін­де өткі­зетін «Кон­гресс-холл­ды» беріңіз­дер дей­ді. Аста­на әкім­шілі­гі келі­седі. Шоқан Уәли­ха­нов атын­дағы Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­ты­ның ғалым­да­ры­мен бір­ле­се, пікір­ле­се шақы­рған шетел­дік қонақтар келеді. Біз үшін маза­лан­бай-ақ қой­ы­ң­дар, өз аяғы­мы­з­бен бара­мыз деген тарих­шы ғалым­дар Мәм­бет Қой­гел­ди­ев, Болат­бек Нәсе­нов, Талас Омар­бе­ков, жазу­шы әрі тарих­шы-ғалым, Жел­тоқ­сан кезін­де қуда­лау көр­ген Бей­біт Қой­шы­ба­ев, ұлт­шыл­ды­ғы үшін бір емес, екі рет сот­талған ком­по­зи­тор, қоғам қай­рат­кері Хасен Қожах­мет, үнпа­рақ таратқа­ны үшін үш жасар қызы­на қара­май түр­ме торы­на тоғы­ты­лған Жан­сая Сәби­то­ва және басқа да ел білетін, көтеріліс тура­лы тара­тып сөз айта­тын, мәсе­ленің мәнісіне терең­деп бара ала­тын кісілер бір күн бұрын келіп, не бола­ты­нын біл­мей сарсылады.

Өйт­кені халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция өте­ді деп келісіл­ген «Кон­гресс-холл­ды» беру мәсе­лесі түн­гі сағат онға дей­ін сағы­здай созы­лып, ондағы уәдені үйіп-төгіп бер­ген аза­мат тас төбе­міз­ден ұрған­дай етіп, «бол­май­тын бол­ды» деді. Солай бола­рын сезген­дей қам жасап, үлкен бір қонақ үйдің залы­на келіс­кен екен. Келесі күні кон­фе­рен­ция сон­да өтті. Оның жұмысы тура­лы өзіңіз басқа­ра­тын «ДАТ» газеті­нен басқа бір­де-бір басы­лым ләм-мим деп хабар бер­меді, мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар мен радио үн шығар­ма­ды. Кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы шетел­дік кісілер мен өзі­міздің тарих­шы ғалым­да­ры­мыз, Жел­тоқ­сан тақы­ры­бын­да тал­май ізденіп жүр­ген жазу­шы­лар бұл «оқиға» емес, «көтеріліс» деп баға бер­ді. Тек Қаза­қстан ауқы­мын­да ғана қал­май­тын, күл­лі Кеңе­стер Одағы­ның ыды­ра­уы­на түрт­кі болған, әлем­дік тарихқа өзгеріс енгізу­ге ықпал етіп, соци­а­ли­стік жүй­енің жой­ы­луы­на қаты­сы бар көтеріліс екенін нақты дәлел­дер­мен дәй­ек­теп берді.

Аяғын­да жүзе­ге асы­ры­луға тиісті 23 пункт­тен тұра­тын кең ауқым­ды Қарар қабыл­дан­ды. Бұл жөнін­де жан-жақты сөз қозғап, күрес­кер жур­на­лист Бақыт­гүл Мәкім­бай­ға бер­ген сұх­ба­тым осы газет­тің 2016 жылғы 3 қара­ша­дағы санын­да жари­я­лан­ды. Сол үшін де ұлт­тық, халы­қтық мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты қалам­гер­лік ойы­мы­зды елге жет­кі­зетін осын­дай басы­лым­ның бары­на шүкір­шілік ете­міз. Әйт­пе­се біз­де жылап-еңіре­ген елдің тағ­ды­рын ашып айта­тын газет жоқ. Бұл – 30 жыл билік құрған Назар­ба­ев­тың, одан кей­ін сол сая­сат­ты өзгерт­пей жалға­сты­рған Тоқа­ев дәуірінің жемісі…

– Қыс – қазақ үшін күрес мез­гілі сияқты. Осы орай­да да ой өрбіт­сек, «Жел­тоқ­сан-1986» мен «Қаңтар-2022» көтерілістері ара­сын­да қан­дай сабақ­та­стық бай­ла­ны­стар бар деп ойлайсыз?

– 1986 жылы халық ашы­ғып, тары­ққан жоқ. Жұмыс­сызды­қтың қасіретін көр­меді. Әйт­кен­мен ұлт ретін­де жой­ы­лып бара жатқа­ны­мыз көз­ге ұрды. Ол ең әуелі тілі­міз­ден көрін­ді. Салт-сана, ата-дәстүр­лері­міз ұмы­ты­ла баста­ды. Ұлы­о­ры­стық шови­низм дер­ті­мен айы­қ­пас­тай ауы­рған Орта­лық қаза­қты қор­лап, намысы­мы­зды тап­та­ды. Тіп­ті сана­спай­тын жағ­дай­ға жет­ті. Ұлы Абай мен Мұх­тар­дың кін­дік қаны тамған топы­рақты ядро­лық бом­ба­мен ондаған жыл бойы үздіксіз төпе­леді. Қаза­қтың айран­дай ұйы­ған аймағын аяқ бас­пай­тын, айна­ла­сын­да тұрып жатқан елді адам шошыр­лық ауру­лар­мен азаптай­тын күй­ге түсір­ді. Осы­ның бәрі қор­да­ла­на келе, қазақ жаста­ры­ның көтерілісіне ұла­сты. Ол уақыт­та бар мәсе­ле Мәс­ке­у­ге бай­ланған еді. Жел­тоқ­сан­ның жара­сы әлі күн­ге жазыл­май жүр­ген­де, ол қасірет Қаңтар қырғы­ны­на ұласты.

Ал осы Қаңтар­дағы қасірет­тің күнәһар­ла­ры өз қан­даста­ры­мы­здан, оның ішін­де билік­ті «мәң­гілік­ке» мен­шік­теп алғы­сы кел­ген пре­зи­дент­тер­ден бол­ды. Әуел­гісі теже­усіз әре­кет етіп, өз отба­сы, құда-жек­жат­та­ры, айна­ла төңіре­гі, әр дең­гей­де­гі жоға­ры билік құрған «көсем­дері» арқы­лы қаза­қты қаси­ет­ті Ота­ны­нан айыр­ды. Жері­міз, жера­с­ты, жерүсті бай­лы­ғы­мы­здың бәрі сатыл­ды. Қазақ жалаңаш қал­ды. Жап­пай жұмыс­сызды­ққа ұрын­ды. Бұры­нғы жүй­е­де­гі қазақ тілінің қасіреті тәу­ел­сіз бол­дық, тілі­мізді мем­ле­кет­тік тіл­ге айнал­дыр­дық деген жыл­дар­дағы жағ­дай­ы­мен салы­сты­рған­да түк емес екеніне көзі­міз жет­ті. Ертең­нен үміт үзген­дер­дің қата­ры көбей­ді. Он екі­де бір гүлі ашыл­май, мына өмір­ден түңіліп, өзіне-өзі қол салған жастар­ды көр­ген­де, көзі­міз­ден ащы жас емес, қан­ды жас ақты ғой, Ереке!

Сол қасірет­ті қаңтар­дың кезін­де мен Рай­ым­бек пен Саин көше­лерінің қиы­лы­сын­да шеру­шілер­ге қосыл­дым. Ара­ла­рын­да жасы елуді еңсер­ген­дер де жүр­ді. Солар­дың біразы­мен сөй­ле­стім. Алаң­дағы қыз-жігіт­тер­дің ойын біл­дім. «Бүй­тіп күн­де өлген­ше, бір рет бұлқы­нып шығай­ық. Мына жемқор, жауыз билік­ті орны­нан тай­ды­рып, демо­кра­ти­я­лық заң­ды­лы­қтар­ды сақтай­тын жүйе құрай­ық, сол үшін шықтым!» – деді бірі. Осы ойды өзім тіл­дескен талай­ы­ның аузы­нан естідім.

– Деген­мен Қасым-Жомарт Кемелұ­лы жеті жылға сай­ла­нып, пре­зи­дент­тік орын­тағы­на нық отыр­ды. Енді сол үшін өз дауы­сын бер­ген халы­қтың ама­на­тын ақтай­тын шығар, артын күтей­ік… Итшіле­ген үміт­тің жібін үзбейік…

– Күте­міз, күт­пей қай­да бара­мыз?! Қаза­қстан­ды «Назар­ба­ев­стан» қыл­май, халы­ққа қай­та­ра­тын шығар. Жер­дің де, елдің де иесі – біз, қаза­қтар­мыз. 86-ның ызғар­лы жел­тоқ­са­нын­да да, 2022-нің қату­лы қаңта­рын­да да өзі­міз үшін ғана емес, бола­шақ ұрпағы­мы­здың бақыт­ты бола­шағы үшін деп алаңға шығып едік. Билік ұлты­мы­зға бүй­ре­гін бұр­ма­са, тағы да шыға­мыз. Түбі солай бола ма деп қорқа­мын. Өйт­кені Тоқа­ев­тың елді ұйы­та­тын тәт­ті сөз­дері көп те, іске асып жатқа­ны ман­да­май тұр ғой. ҚР пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев­тың 1991 жылғы 12 жел­тоқ­сан­дағы қол қой­ған жар­лы­ғы бой­ын­ша жел­тоқ­сан­ның 17-сі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның демо­кра­ти­я­лық жаңа­ру күні» деп жари­я­ланған еді. Енді ондай ата­у­лы күн жоқ. Осы­дан-ақ билік­тің, сол билік­тің өмір сүру заңын дай­ын­дап ұсы­на­тын мәжіліс, сенат депу­тат­та­ры­ның қаси­ет­ті Жел­тоқ­санға деген пиғыл­да­рын анық білу­ге бола­ды. Басқа не дейін?

– Ашы­лып айтқан әңгі­меңіз­ге разы­мыз. Жемісті еңбе­гіңіз жалға­са бер­сін, Тәке! Рақмет!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн