Пятница , 4 июля 2025

Талғат Жанысбай: ӘДІЛЕТСІЗ БИЛІКТІҢ ТЕРЕҢ ТАМЫРЫН бірден жою дәл қазір мүмкін емес

  • Сай­ла­удың соңы­на сана­у­лы күн­дер қал­ды. 19 наурыз – елі­міз­де мәжіліс пен мәс­ли­хатқа үміт­кер­лер үшін дауыс беру күні. Бұл жолғы сай­ла­удың ерекшелі­гі – үміт­кер­лер­дің ара­лас дауыс беру жүй­есі­мен өткізілуі болып отыр. Осы­ған орай, үміт­кер­лер­дің сай­ла­у­ал­ды наси­хат жұмыста­ры қалай жүзе­ге асып жатыр? Сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның өзек­тілі­гі қан­дай? Осы және өзге де сау­ал­дар төңіре­гін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­на Алма­ты қала­сын­дағы №3 бір ман­дат­тық аумақтық сай­лау окру­гі бой­ын­ша (Ала­тау ауда­ны мен Әуе­зов ауда­ны) үміт­кер Талғат Жаны­с­бай­мен сұхбаттастық.

– Алды­мен алдағы сай­ла­уда сәт­тілік тілей­міз, Пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты болу тура­лы шешім­ге қалай келдіңіз?

– Демо­кра­ти­я­лық қоғам­да әркім кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғы негізін­де сая­сат­пен айна­лы­суы­на ешқан­дай да кедер­гі жоқ. Бірақ халы­қтың соңғы кез­дер­де­гі көңілі мен пікірі жаны­мы­зға қат­ты тие баста­ды. Халы­қтың ара­сын­да көп жүре­мін. Эко­но­ми­ка­лық қиын­ды­қтар­да жан­шы­лған халы­қтың пікірі және тәу­ел­сіздік алған күн­нен бер­гі қол жет­кіз­ген демо­кра­ти­я­лық жетістік­тері­нен күн санап айы­ры­лып бара жатқа­ны­мыз маған қат­ты батты.

Билік шама­дан тыс тоқ­мей­іл­сіп кет­ті. Құқы жан­шы­лған халы­қтың дау­сы­на құлақ асу­ды қой­ды. Оппо­зи­ция да халы­ққа үміт бере алмай­ты­нын көріп жүр­міз. Осы­ның бәрін еске­ре келе, доста­рым­мен ақыл­да­са оты­рып, үміт­кер­лік­ке түсу әре­кетіне кірістім.

– Талғат мыр­за, сон­да осы кез­ге дей­ін­гі жүй­е­ге, депу­тат­тарға көңіліңіз тол­май ма?

– Депу­тат деген халық сай­лай­тын, халы­қтың өкілі, билік пен халық ара­сын­дағы ықпал­да­стық көпірі болу керек деп есеп­тей­мін. Халы­қтың дау­сын үкі­мет есті­мей жат­са, сол үнде­уді жет­кі­зу­ші депу­тат болуы керек. Ал біздің көз алды­мы­зда депу­тат – жеп, ішіп, керек десеңіз, ұйы­қтап оты­ра­тын адам ретін­де­гі образ­да қалған. Тіп­ті халық депу­тат­тар­дың сөзіне сен­бей­ді. Бірақ мұның бәрі 30 жыл бойы жүзе­ге асқан жүй­енің кесірі деп білемін.

Қазір «Жаңа Қаза­қстан» деп жатыр­мыз. Бірақ оған халы­қтың басым бөлі­гі әлі күн­ге дей­ін күмән­мен қарай­ды. Себеп­тер де жоқ емес. Алдағы сай­ла­уда тағы да дауыс ұрлау бола­ды деп, қол қусы­рып қарап оты­руға тағы бол­май­ды. Барын­ша күресіп, қалай да билік­ке жаңа және пар­ла­мент­те ұйы­қта­май­тын адам­дар­дың баруы­на әре­кет жаса­уы­мыз керек.

Сол үшін де Пар­ла­мент мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­на өзім­нің кан­ди­да­ту­рам­ды ұсы­ну­ды жөн көр­дім. Жал­пы бұл қада­мға атақ, даңқ неме­се билік­ке ұмты­лу үшін емес, халы­қтың ішін­де, сая­сат сахна­сын­да жүр­ген 13 жыл­дық тәжіри­бе­ме сүй­ене оты­рып бар­дым. 30 жыл бойы белең алған әділет­сіздік, билік­тің бір қолға шоғыр­ла­нуы, бай мен кедей­дің ара­сы алшақтап, қара­пай­ым халы­қтың кре­дит­тен-кре­дит­ке, айлы­қтан-айлы­ққа жан созып жетуі, бел­гілі бір топ­тың ғана бай­ып, халық тұр­мысы­ның нашар­ла­уы, қол­жетім­сіздік, сот, про­ку­ра­ту­ра, поли­ци­яға сен­бей­тін, жемқор мем­ле­кет­тің пай­да болуы мені осы әре­кет­ке, яғни кан­ди­да­ту­рам­ды депу­тат­ты­ққа ұсы­нуға итермеледі.

– «Жаңа Қаза­қстанға» халы­қтың басым бөлі­гі әлі күн­ге күмән­мен қарай­ды дедіңіз. Демек, бұл жолғы сай­ла­удың әділ өтетініне күмән­мен қарай­сыз ба?

– Әрине, бір­не­ше жыл бойы терең жай­лаған әділет­сіз билік­тің тамы­рын бір күн­де түбі­мен жою мүм­кін емес. Оған да уақыт керек. Деген­мен бұл жолғы сай­ла­уда әділет­тілік бола­ды деген­ге аз да бол­са сене­мін. Бұған Қаңтар оқиға­сы себеп бола­ды деп ойлай­мын. Яғни, халық ара­сы­нан ұлт­шыл, оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­тағы, ұлт­тық мәсе­ле­лер­ді көтеріп жүр­ген аза­мат­тар­ды өткізу­ге билік­тің өзі мүд­делі бол­мақ. Бүгін­гі күні билік­ке еңбекқор, іскер, алғыр, халық игілі­гі үшін қыз­мет ететін жастар керек. «Жас кел­се – іске» демек­ші, енді билік­те оты­рған зей­нет жасын­дағы апа-ата­ла­ры­мы­зды құт­ты орын­да­ры­нан тұрғы­зып, жастарға орын беру керек. Ал бұл сай­лау сол жастар­дың легін билік­ке алып келеді деп сенемін.

– Қазір депу­тат­ты­қтан үміт­кер­лер­дің көп­ті­гі­нен кім­нің кім екенін біл­мей­міз. Үміт­кер­лер­дің басым бөлі­гі бұрын сая­сат­ты айт­паған­да, ұлт­тық-елдік мүд­де­де бой көр­сет­пе­ген­дер. Ал сая­сат­та сіздің қан­ша­лы­қты тәжіри­беңіз, орны­ңыз бар?

– Мен бұл жолға топ етіп аспан­нан түс­кен жоқ­пын, осы жол­да жүріп келе жатқа­ны­ма 10 жыл­дан асты. Жоға­ры оқу орнын бітіріп, сая­сатқа 2009 жыл­да­ры ара­ла­са бастаған­нан М.Шаханов көтер­ген «Тіл мәсе­лесін­де» бар­лық дөң­ге­лек үстел­дер мен митинг­тер­де, 2016 жылы болған «Жер митин­гілері», жастар сая­са­ты, база­рдағы жастар мәсе­лесі, кеше­гі Қаңтар оқиға­сы, тағы басқа да өзек­ті мәсе­ле­лер­дің басы-қасын­да жүр­дім. Қара­пай­ым халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гі, жастар­дың тәр­би­есі, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар тура­лы талай жер­де сөз бастап, дөң­ге­лек үстел­дер мен кон­фе­рен­ци­я­ларға қаты­сып, өзек­ті мәсе­ле­лер­дің өзе­гін, шеші­мін табуға жұмыс істе­дім, істеп те жүр­мін. Менің қоғам­да істеп, көтеріп жүр­ген істерім­ді бел­гілі зия­лы қауым өкіл­дері де, ұлт­шыл­дар да, оппо­зи­ция өкіл­дері де жақ­сы біледі. Бірақ мен ел үшін, ұлт үшін атқа­рып жатқан жұмыста­рым­ды мін­дет­сін­бей­мін. Ол менің аза­мат­тық парызым.

Сіздің­ше, елі­міз­де шешуді ең бірін­ші қажет ететін мәсе­ле­лер қан­дай және қысқа­ша не істе­у­ге болады?

– Жоға­ры инфля­ция, үй шару­а­шы­лы­қта­рын сатып алу қабілетінің төмен­де­уі, төл валю­та­мы­здың құн­сызда­нуы және азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етудің қысқа­руы, үкі­мет­тің қате сая­са­ты мен ғылы­ми негіз­сіз әре­кет­терінің кесері­нен халы­қтың жағ­дайы нашар­лап бара жатыр. Тек ақша нары­ғын­дағы уақыт­ша шара­лар­мен неме­се нары­қтар­ды кінәла­у­мен ғана эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді шеше алмай­мыз. Өндіріс шығын­да­рын азай­тып, диқан­да­ры­мыз бен мал шару­а­шы­лы­ғы­мы­зды қол­дап, өндіріс пен энер­ге­ти­ка­да шетел­ге тәу­ел­ділік­ті азай­туы­мыз керек. Билік­тің бөлі­нуін орна­ту сая­си про­бле­ма ретін­де қарас­ты­ры­лға­ны­мен, оның эко­но­ми­каға тіке­лей әсерін жоққа шыға­руға болмайды.

Демо­кра­ти­я­лан­ды­ру – бұл тұрғы­да ескерілуі қажет тағы бір талап. Заң­ды кепіл­дік­пен болжам­ды нарық құру өте маңы­зды. Сон­дай-ақ ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дері мен шикі­за­тын өңде­мей экс­порт­та­уға кво­та бел­гі­леніп, экс­пор­ты­мы­здағы қосы­лған құны бар өңдел­ген өнім­дер­дің үлесін арт­ты­ру керек. Жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лы өндіріс пен ғылы­ми орта­лы­қтар арқы­лы бренд құру, экс­порт­та баға бәсе­ке­ле­сті­гінің орны­на сапа бәсе­ке­ле­сті­гін жүзе­ге асы­ру да елі­міздің баюы­на сеп­ті­гін тигізеді.

– Демо­кра­тия деген ұғым­ды сыл­та­у­сыз ойлап тап­ты­ңыз, ал арты­ңы­зда сізді қол­дай­тын біре­улер бар ма?

– Кон­сти­ту­ци­я­мыз өте про­бле­ма­лы болға­ны­мен, көп­те­ген демо­кра­ти­я­лық құқы­қтар­дың қағаз жүзін­де қалға­нын көріп жүр­міз, бірақ іс жүзін­де бұл демо­кра­ти­я­лық құқы­қтар әртүр­лі сыл­та­у­ларға тығы­лып, біз­ден алы­нып жатыр. Билік­ке кел­ген­де, елге демо­кра­тия әке­ле­міз деп уәде беретін сая­си көш­бас­шы­лар­дың шынай­ы­лы­ғы­на сен­бей­мін, өйт­кені олар демо­кра­ти­я­ны өз пар­ти­я­ла­рын­да жүргізбейді.

Демо­кра­тия ертең емес, бүгін болға­нын қалай­мын! Ешқан­дай сыл­та­у­сыз демо­кра­ти­я­лық қоғам болға­нын қалай­мын. «Мені кім қол­дай­ды?» деген­ге кел­сек, бұл елде сек­та­лар­дың, мүд­де­лер­дің неме­се шетел­дік күш­тер­дің қол­да­уы­мен емес, демо­кра­ти­я­ның күші­мен, әділ­дік­тің таң­да­уы­мен, елдің ертеңіне бей-жай қара­май­тын, пікірі қалып­тасқан қоғам мен ел ертеңі қазақ жаста­ры­ның қол­да­уы­мен Пар­ла­мент­те солар­дың үні болғым келеді.

– Егер де Пар­ла­мент­ке өтіп жат­саңыз, қан­дай дүни­е­лер­ге басым­дық берер едіңіз?

– Менің сая­си ұсы­ны­ста­рым негізін­де аза­мат­тық және гума­ни­тар­лық қағи­дат­тарға сай жан-жақты талқы­лан­ды. Эти­ка­лық және сая­си негіз­дер­ге сүй­ен­ген жер­гілік­ті демо­кра­ти­я­лық прин­циптің әсері мен маңы­зды­лы­ғын, қаза­қстан­дық мүд­дені, қаза­қы рух пен берік ынты­мақ­та­сты­қты жаңа дең­гей­ге шыға­ру негізі ұсы­ны­ла­ды. Жал­пы­ұлт­тық мүд­де­лер­ді дамы­та­тын және нығай­та­тын ынты­мақ­та­сты­ғы­мыз бен ерік-жігері­міздің мәні мен маңы­зы сай­лау үдерісінің ашы­қты­ғы негізін­де жаңа аспек­тілер­де талқыланды.

– Енде­ше халық наза­ры­на ұсы­нып оты­рған бағ­дар­ла­маңы­здың өзек­тілі­гі неде? Тарқа­тып айтып өтсеңіз.

Ең бірін­ші, мем­ле­кет­тік тіл­ге мем­ле­кет жағ­дай жаса­уы қажет. Тәу­ел­сіздік­ті алға­ны­мы­зға 30 жыл өткеніне қара­ма­стан, мем­ле­кет­тік тіл­ді тұғы­ры­на қон­ды­ра алма­дық. Қазақ тілі қағаз­да ғана билік­тің тілі, ал шынайы көріні­сте тұр­мыстық дең­гей­де ғана қол­да­ны­лу­да. Осы­ған қаты­сты нақты ұсы­ны­стар жинақтап, билік­ке талап-арыз айта­тын сәт келді.

Екін­ші, әле­умет­тік теңдік орна­ту керек. Оли­гарх­тар­дың ұрланған ақша­сын халы­ққа қай­та­ру қажет. Біз заң­ды түр­де ақша­ны қай­та­ру үдерістерін жедел­де­те­міз. Бұл ақшаға үй, мек­теп, ауру­ха­на­лар салы­на­ды. Білім, меди­ци­на, сот жүй­есі және тағы басқа салаға әле­уметт­тік теңдік орна­тып, халы­ққа қол­жетім­ді ету үшін күресеміз.

Үшін­ші, халық сапа­лы әрі қол­жетім­ді меди­ци­на қыз­метін алуға тиіс. Мін­дет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жүй­есі іске қосы­лға­ны­на 3 жылға жуық уақыт бол­ды. Ресми мәлі­мет бой­ын­ша, содан бері ден­са­улық сақтау сала­сын қар­жы­лан­ды­ру 2 есе­ге өсіп­ті. Осы рет­те аталған салаға қара­жат көле­мі артқа­лы меди­ци­на қыз­мет­теріне қол­жетім­ділік жақ­сар­ды ма? Халық жалақы­дан ай сай­ын мідет­ті әле­умет­тік меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру қоры­на ақша аударға­ны­мен, оның игілі­гін көріп отыр ма? Менің­ше, жоқ. Біз бұл мәсе­лені мәжілі­сте көтереміз.

Төр­тін­ші, бас­па­на бас ауруы­на айнал­мауы керек. Пәтер кезек­тері шынайы жұмыс істе­уі керек. Қара­пай­ым адам­дар үшін кезек­тер жыл­жы­май­ды. Біз жаңа, әділ жүй­ені әзір­лей­міз. Бұл тұрғы­да пәтер баға­сы­ның жал­пы құны әрбір туған бала үшін 10 пай­ыз шегеріліп оты­руы тиіс деп санаймын.

Бесін­ші, қарт­тар­дың өмір сүруіне қолай­лы жағ­дай­лар жасау керек. Егде кісілер­ге арналған ден­са­улық сақтау бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­ну. Қарт­тарға жеңіл­детіл­ген меди­ци­на мен шипа­жай­ға жол­да­ма ұсыну.

Алтын­шы, сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күре­судің тетік­терін ұсы­на­мыз. Біздің мақ­сат – бар­лық сала­ны моно­по­ли­стер­ден тазар­тып, ел бай­лы­ғын халы­қтың өзіне қайтару.

Жетін­ші, жастар мен жас отба­сы­лар­ды қол­дау және ынта­лан­ды­ру. Жастар­дың бос уақыт­та­рын тиім­ді ұйым­да­сты­ру. Сту­дент­тік жатақ­ха­на­лар­дың жетіс­пе­ушілі­гін шешу. Жас отба­сы­лар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­туға арналған бағ­дар­ла­ма­лар жасау. Тір­кел­ген жері бой­ын­ша жас отба­сы­лар­дың бала­ла­ры авто­мат­ты түр­де бала­бақ­ша­лар­да кезек алуы, әр бала туған сай­ын жас анаға шипа­жай­ға тегін жол­да­ма беруін көте­ру болып табылады.

– Сіздің бәсе­ке­лес үміт­кер­лер­ден басты айыр­ма­шы­лы­ғы­ңыз не деп ойлайсыз?

– Қоғам­дық көлік­те көп жүре­мін. Мен көлік жүр­гі­зуді біле­мін, бірақ ол маған ұна­май­ды. Кей­бір адам­дар мені танып, мені­мен сөй­ле­су­ге ыңғай таны­та­ды. Құдай­ға шүкір, ешкім­нің алдын­да жібер­ген ағат­ты­ғым жоқ, бетім ашық. Өз жұмысы­мы­зды қоғам­дық парыз санай­мыз және қоғам алдын­да есеп беруді қалай­мыз. Пар­ла­мент­ке кім кел­се де, жақтай­мыз деген сөз емес. Біз де әрқа­шан қоғам, халық жағын­да бола­тын­дар­мен бір­ге­міз. Мем­ле­кет мәң­гілік, ал оның қыз­мет­кер­лері адал әрі мықты болуы керек.

Үгіт-наси­хат күн­дерінің бәрін­де халы­қтың ара­сын­да жүр­мін. Бай­қаға­ным – біз­де сай­ла­у­ға қаты­су­шы­лар халы­қ­пен жұмыс жаса­уды біл­мей­ді екен. Үміт­кер­лер­дің көп­шілі­гі тозы­ғы шыққан әдістер­ді қол­да­нып жүр. Жер­гілік­ті сая­сат күн тәр­тібін­де­гі ең маңы­зды мәсе­ле­лер­дің бірі сай­лау десек те, оның әділ­ді­гі мен астыр­тын әкім­шілік қол­да­у­ла­ры ара-тұра құлаққа жетіп жатыр. Кей­біре­улер әзір­ден-ақ нәти­же­лер тура­лы айтып, қуа­на бастаған сияқты. Негізін­де сай­ла­удың ашы­қты­ғы тура­лы көп­те­ген мәсе­ле­лер бар.

– Үгіт-наси­хат жұмыста­рын жүр­гі­зу бары­сын­да қалып­тасқан көзқа­ра­сы­ңыз және пікір­леріңіз­бен бөліссеңіз.

– Кей­бір нәр­се­лер­ді ашық, анық айту керек. Ұлт­тық мүд­де жолын­дағы еңбе­гім­нің қан­ша­лы­қты маңы­зды екенін мен бар­лық жер­де айтып жүр­мін. Мем­ле­кет­те бел­гілі бір қыз­мет­ке келу – қатар­дағы оқиға емес. Ұлт­тық мүд­де жолын­да әлі атқа­ры­лар істер өте көп, бір сол үшін де Пар­ла­мент­ке бару­ды шештік. «Мем­ле­кет­тік жүй­е­де әлі де кем­шілік­тер бар десең, кей­бір жағым­паз топ­тар кіжі­неді, кей­бір орта­дағы­лар ашу­лан­ды. Олар каби­неті­нен шық­пай, төрт қабы­рға­дан басқа ештеңе көр­мей оты­рған адам­дар. Ондай адам­дар­мен мем­ле­кет­тік дең­гей­де жаңа даму саты­сы­на шығу мүм­кін емес. Мен түр­лі оқиға­ларға қар­сы өз ұста­ны­мым­ды ашық біл­діретін және айтқан сөзі­ме жау­ап беретін адам­мын. Бұл сай­лау маған үлкен жау­ап­кер­шілік жүк­теп отыр. Әрбір іске жау­ап­кер­шілік­пен қараймын.

– Халы­қтың билік­ке деген көзқа­ра­сы, үміті бар ма? Біз­де сай­ла­удың әділ­ді­гі тура­лы сана­лу­ан пікір­лер бар…

– Ізденім­паз­ды­ғым мен баста­мам тура­лы оң пікір­лер алдым. Мен мәсе­ле­ге жау­ап­кер­шілік мораль арқы­лы қарай­мын. Маңы­здысы менің қан­дай бола­ты­ным емес, біздің қан­дай бола­ты­ны­мыз. Сіз мені сая­си жау­ап­тар беріп жатыр деп ойлай­тын шығар­сыз, бірақ мен халы­қтың ішін­де­гі өзім көр­ген дүни­е­лер­ді айтып отырмын.

Шын­ды­ғын­да, демо­кра­ти­я­лық елдер­дің өзін­де билік­тің бүкіл елдің аты­нан қан­ша­лы­қты өкіл­дік ете ала­ты­ны дау­лы мәсе­ле. Авто­ри­тар­лық режим­дер­дің өздерін әдейі мем­ле­кет­пен бай­ла­ны­сты­ра­тын ескі дәстүрі бар. Олар­дың мұны не үшін жасай­ты­ны түсінік­ті. Билік­тің ең үлкен стра­те­ги­я­лық қателі­гі «серік­те­стеріне» көп көңіл бөліп оты­рған­ды­ғы, олар­дың бұры­нғы қыз­метіне «рақ­мет» ретін­де жасы­рын қол­дау біл­діріп отырғандығы…

Адам­дар сіздің ұста­ны­мы­ңы­зға қарап, пікір біл­діреді және сол ұста­ным сіздің сая­си бей­неңізді көр­се­те­ді. Әрбір жазған қоғам­дық пікір­лерім­нің ешқай­сысы­нан ұял­май­мын. Әдет­те адам әрқа­шан жағым­ды нәр­се­лер­ді есте сақтай­ды. Бір нәр­сені нақты айтқым келеді. Оппо­зи­ция – сая­сат­тың ісі. Мені көріп, оқи­тын неме­се қазір бақы­лап жүр­ген­дер­дің бәрі біледі, мен халы­қтың көкей­ін­де­гіні айта­мын. Соңғы уақыт­та оппо­зи­я­ци­я­лық кей­іп таны­тып, ұпай жинағы­сы келетін­дер көп. Қазір Қаза­қстан­да сая­си ойын жасай­тын уақыт емес, сая­са­ты­ң­ды халы­ққа бұра­тын кез.

– Жал­пы, үміт­кер­лер қан­дай болуы керек деп ойлайсыз?

– Менің­ше, Әли­хан Бөкей­хан­ның «Ұлтқа қыз­мет ету білім­нен емес – мінез­ден» деген ұлы сөзі ұлт­тық ұранға айна­луы керек. Біз­ге қазір­гі күні мінезді жастар керек. Мін­бер – қара бастың қамын емес, халы­қтың мұң-мұқта­жын айта­тын киелі жер. Алдағы сай­ла­уда халы­қтың сөзін сөй­леп, датын дат­тап, мұңын жоқтай­тын аза­мат­тар Пар­ла­мент­ке өтуі керек. Өйт­кені осы сай­лау жари­я­ланған күн­нен бастап жаң­быр­дан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақтай қап­таған үміт­кер­лер көбей­ді. Оның басым бөлі­гі қал­та­лы азаматтар.

Ал олар­дың ішін­де осы күн­ге дей­ін халық ара­сын­да жүріп, қан­дай да бір халық мүд­десі үшін шынайы еңбек етіп, күрес­кен­дер жоқтың қасы. Тек сай­ла­у­ал­ды үгіт-наси­хат жұмыста­рын жар­на­ма­ла­удан алда­ры­на жан сал­май келеді. Мәсе­лен, мен секіл­ді қара­пай­ым аза­мат­тарға қар­жы­ның жоқты­ғы қол­бай­лау болды.

Сол себеп­ті де үгіт-наси­хат жұмыста­рын кешірек баста­уы­ма тура кел­ді. Әрине, мұның бәрі халы­қтың сені­мі­нен артық емес деп ойлай­мын. Халық жалт-жұлт еткен кон­церт­тер мен көздің жауын ала­тын жар­на­ма­ларға сен­бей, осы күн­ге дей­ін халы­қтың ара­сын­да жүр­ген­дер­ге, халы­қтың игілі­гі үшін қыз­мет еткен­дер­ге дауыс береді деп ойлай­мын және соған шақырамын!

– Рақ­мет! Іске сәт!

Кен­же­тай НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн