Суббота , 5 июля 2025

ТАРИХИ КЕЗЕҢ ТАҢДАУЫ: авторитаризм шырғалаңы ма, демократиялық жаңғыру ма?

Жаңа пре­зи­дент сай­лау қар­ба­ла­сы мен тақ төңіре­гін­де­гі «ақыл­ды­лар­дың» Тоқа­ев­ты тез­детіп пре­зи­дент қыз­метіне рәсім­де­уінің аста­ры­на үңіл­сек, менің­ше, билік­тің «асы­ғу» себебі – халы­ққа ес жиғы­з­бай, жел­ке­ле­ген­дей етіп, беті жаңар­ты­лған сияқты, бірақ баяғы – сол авто­ри­та­ризм «қорас­ы­на» кіргізу. 

Бірақ дүм­піл­де­ген рәсім­деу сал­та­на­ты­нан ойды бір сей­ілт­сек, айты­лған уәде-жос­пар­лар­ды ақыл­мен, білім­мен өлшеп көр­сек, «жаңар­ты­лған» пре­зи­дент билі­гінің де «ауру­ла­ры» сол баяғы, тек басқа дауы­спен айты­лған халы­қты алда­у­сы­ра­ту «әуен­дері» екен. Бір ғана айыр­ма­шы­лы­ғы – Назар­ба­ев өткір­лене бастаған әле­умет­тік, сая­си мәсе­ле­лер­ді өзінің «тау тұлға­сы­мен» жапқан­дай еді, Тоқа­ев – одан да бетер ауыр­лаған мәсе­ле­лер­ді қалай да жолын тауып, шешу­ге емес (ол үшін билік түбе­гей­лі өзге­руі керек), оны жеңіл­де­ту­ге мәж­бүр екенін таныт­ты. Бірақ сая­си іскер­лі­гін қан­ша көр­сет­кісі кел­гені­мен, Тоқа­ев­тың іс жүзін­де қоғам жағ­дай­ын жақ­сар­туға сая­си дәр­мен­сізді­гінің басты, шешу­ші себебі – оның еш өзгерісті қала­май­тын, Назар­ба­ев­тан қалған «тақты» бұры­нғы­дай қау­ма­лап, халы­қтан қорғап тұрған оли­гарх­тар «құдіретінің» алдын­да, Батыс елдерін­де­гі сияқты, халы­қтың басым бөлі­гінің шын қол­да­уы­на сүй­ене алмауы. Сол сая­си құқы­қтық дәр­мен­сізді­гін түсін­гені­нен болар, Тоқа­ев ең бол­маған­да, Қоғам­дық сенім кеңесіне сүй­ен­бек сияқты.

Бірақ бұл жос­пар да сол бұры­нғы авто­ри­та­риз­мнің бел­гілі «әдісі» – қоғам­ның жиналған қауіп­ті буын сыр­тқа шыға­ру ғана бол­мақ. Кеңес оты­ры­ста­ры – билік бел­гілі тех­но­ло­ги­я­мен ірік­теп алған «халы­қ­шыл­дар­дың» өза­ра атақ-бедел­дерін салы­сты­руы, билік­ке «зия­ны» жоқ «қызыл кеңір­де­гі», жүй­есіз көпір­ме сөзі, арзан дақ­пыр­ты бола­ры күнібұрын мәлім жәйт. 

Билік­тің «ақыл­ды­ла­ры», менің­ше, Тоқа­ев­ты бір­деңе­ге келісті­ре салар­дай, қазақ сөзінің мағы­на­сын толық ұға бер­мей­тін сияқты. Әйт­пе­се «Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі» ата­уы­ның шешу­ші сөзі – «сенім». Сон­да қалай, жаңа пре­зи­дент­ке халы­қтың «сызып беріл­ген» 70% сені­мі жет­кіліксіз болға­ны ма, әлде шын сенім­нің азды­ғын мой­ын­дап, халық бел­сен­ділерінің сая­си қол­да­уы­на сүй­ен­бек пе? Жал­пы айтқан­да, қоғам­ның сая­си бол­мысы­на тиесілі, оның адам­гер­шілік тұрғы­сы­ның аса маңы­зды қырын сипаттай­тын «сенім» деген қаси­ет­ті сөз бұл жер­де ақыл­сыз, орын­сыз, ұшқа­ры болған­ды­қтан, сол Кеңе­сті жос­пар­лаған адам­дар­дың ойла­ры­ның шала­лы­ғын, жасы­рын, ұсақ есебі – халы­қты алдау, арбау екенін біл­діріп тұрған­дай. Сон­ды­қтан сая­си мәні бұлы­ңғыр, құқы­қтық күші жоқ «сенім» деген сөз Кеңес ата­уы­нан алы­нып тасталға­ны жөн.

Ал шын Кеңес тек ғылы­ми ақиқатқа адал, қоғам сала­ла­рын рефор­ма­лау жол­да­рын бұған дей­ін жет­кілік­ті зерт­те­ген, ой-өрісі евро­па­лық дең­гей­де­гі нағыз ғалым­дар кеңесі болу керек. Оның жұмысы қоғам­ның бар­лық мәсе­ле­лерін, сала­ла­рын – сая­си-құқы­қтық эко­но­ми­ка, жер қаты­на­ста­ры, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, қар­жы, әле­умет­тік, руха­ни мәде­ни­ет­ті қам­тып, ұсы­ны­ста­ры билік­тің тиісті буын­да­ры­ның жұмыс бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на мін­дет­ті түр­де еңгізіліп, орын­да­луы керек. 

Деген­мен, мына іс жүзін­де өзгер­ме­ген билік жүй­есі­нен қан­дай да бір өзгеріс күту – менің­ше, бос қиял. Қоғам мәсе­ле­лері керісін­ше, «жаңар­ты­лған-мыс» билік­тің бұры­нғы үйрен­шік­ті ауру­ла­ры­нан, оған «уәде­шіл» Тоқа­ев­ты билік­тен тезірек кетіруді «жос­пар­лап» қой­ған «шыдам­сыз» күш­тер­дің аран­да­туы қосы­ла ма, (одан мем­ле­кет­ке қауіп төнері оларға бәрібір), бар­лық уәде-жос­пар­ларға қара­ма­стан, жыл­дың екін­ші жар­ты­сын­да, менің­ше, жағ­дай одан ары­ға ауырлайды.

Билік­тің негіз­гі қаси­ет­тері сол Назар­ба­ев­тың кезеңі­нен өзгер­ме­геніне қара­пай­ым айғақ: Тоқа­ев­тың бар­лық уәде-жос­пар­ла­ры сол қаза­қи, әйте­уір «бәрі жақ­сы бол­сын­шы» деген тілек ғана. Қоғам­ды ғылы­ми басқа­ру тұрғы­сы­нан алсақ, олар­дың бар­лы­ғы – жүй­есіз алда­у­сы­ра­ту. Ғылы­ми басқа­ру қан­дай бол­ма­сын, қоғам мәсе­лесіне күр­делі, құрам­дас бөлік­тері бір-біріне тәу­ел­ді бай­ла­ны­стағы түй­ін ретін­де қарап, сол түй­ін­нің маңы­зды, аны­қта­у­шы буы­нын тауып, оның қалай рет­те­летінін айтып оты­руы тиіс еді.

Мыса­лы, халы­қтың жанай­қай­ы­на толы сот жүй­есі мәсе­лесін алай­ық. Тоқа­ев жүй­ені рефор­ма­ла­уды, яғни сөздің ғылы­ми мағы­на­сы­на сүй­ен­сек, өзгер­туді ғана айта­ды, бірақ ұсы­нған шара­сы – «үміт­кер­лер­ді баға­лау және ірік­теу жүй­есін қатаң­да­ту». Осы­дан біраз бұрын Назар­ба­ев та сот жұмысы­на аудио-видео бақы­лау енгізіп, жүй­ені рефор­ма­лай­мыз деген бола­тын. Бірақ содан бері сот­тар­дың «заң емес, өзі­міз біле­мізі» үде­ме­се, бәсең­де­ген жоқ. Ал сот жүй­есін­де шын рефор­ма­ны қам­та­ма­сыз ететін шешу­ші буын басқа: ол – сот­тың біз­де­гі­дей тағай­ын­да­луы ма, жоқ, мыса­лы, АҚШ-та сияқты халық сай­ла­у­ы­нан өтуі ме? Сол елдің ақыл­ды әдісі – «мис­су­ри» тәжіри­бесін де қол­да­нуға бола­ды. АҚШ-тағы жүйе – сот­тың ешкім­нің алдын­да бас имей­тін­ді­гі, тәу­ел­сізді­гі, қоғам өмірін­де заң­ның үстем­ді­гі. Халы­ққа емес, елді қор­лап оты­рған жемқор билік­ке заң сабағы: билік­те­гі ақы­мақтар­дың кесірі­нен Ұлт­тық қоры­мы­здағы АҚШ-та бұғат­талған 22 млрд дол­ла­ры­мы­зды боса­туға пре­зи­дент Трамп­тың Жоғарғы емес, аймақтық сот шеші­мі­нен аса алмауы. Мүм­кін, сая­си зардаб­ы­нан АҚШ пре­зи­ден­ті ол мәсе­ле­ге жола­маған да шығар. 

Ал біз­де­гі «құқы­қтық тәжіри­бе» – сот өзін тағай­ын­да­у­шы­ның түр­лі «қыз­мет­терін» атқа­ра­тын «әмбе­бап аспа­бы». Әділ­дік, заң тала­бы қай­да қал­ды? Ол не нәр­се? Әрине, оған қоса, сол «құдірет­тінің» ығын­да жүріп, сот өз «нанын» да таба­ды. Міне, сатқын­ды­қтың, жемқор­лы­қтың қара­пай­ым жолы. 

Неме­се, Тоқа­ев айтқан­дай, «ұлт­тық табысты әділ бөлу» мәсе­лесін алай­ық. Шын әділ­дік мүл­дем басқа­ша. Бірін­ші­ден, ұлт­тық табысты әділ бөлу – шетел капи­та­лы 90-жыл­дар­дың орта­сы­нан билік­тің арзан сатқын­ды­ғын пай­да­ла­нып, ием­деніп алған ұлт бай­лы­ғы­ның: мұнай­ды айт­сақ, 7–20%-нан, ал қара және түсті металл бол­са, жеңіл­детіл­ген салы­қ­пен ғана шек­тел­ген бей­ша­ра­лы­ғы­мы­зды іс жүзін­де мой­ын­дап, «пұшпақта­ры» ғана қалған табысты бөлі­су емес. 

Екін­ші­ден, сол кез­дер­ден бері ала­яқ, жемқор шене­унік­тер­дің шетел­мен жасаған бар­лық құпия келісім-шар­тта­рын ашып, кезін­де біз­ден әлдеқай­да надан болған мұсыл­ман бауыр­ла­ры­мыз ара­б­тар­дың жолы­мен ұлт бай­лы­ғын оның заң­ды иесі – халы­ққа қайтару. 

Үшін­ші­ден, шетел ком­па­ни­я­ла­ры­на беріл­ген заң­сыз салық жеңіл­дік­терін қай­та қарап, олар­ды халық мүд­де­лері тұрғы­сы­нан әділ баға­лап, халы­қа­ра­лық про­грес­сив­ті заң­на­маға сәйкестендіру. 

Төр­тін­ші­ден, сол 80-жыл­дар­дың орта­сы­нан пара арқы­лы жинақталған, кей­ін офф­шор­ларға тық­па­ланған, қазір, маман­дар­дың айтуын­ша, жыл сай­ын ондаған мил­ли­ард дол­ларға өсетін, шама­мен 300 мил­ли­ар­дқа жақын­даған халы­қтан ұрланған қар­жы­ны елге қайтару. 

Бесін­ші­ден, шетел ком­па­ни­я­ла­рын­да еңбек ететін, кәсі­би­лі­гі шетел жұмыс­шы­ла­ры­мен тең қаза­қтар­дың жалақы­сын, жұмыс жағ­дай­ын шетел жұмыс­шы­ла­ры­мен теңестіру. 

Алтын­шы­дан, салық сал­мағын бай­лар мен ауқат­ты­ларға өсіріп, шексіз бай­лық мүл­кіне арнайы салық енгізу. 

Жетін­ші­ден, ең төмен­гі жалақы­ны мем­ле­кет бой­ын­ша орта­ша есеп­те­мей, өңір­лер, қала­лар­дың нақты табыс дең­гей­ін ескеріп, сол дең­гей­лер бой­ын­ша өңір­лік ең төмен­гі деп бел­гі­лен­ген жалақы­ны кем деген­де екі есе көте­ру және т.т.

Бұл мәсе­ле­де шешу­ші буын – ұлт бай­лы­ғын, оған офф­шор­лар­дағы ұрланған қар­жы­ны қосып, оның заң­ды иесі – халы­ққа қай­та­ру. Қан­дай бол­ма­сын уәде-жос­пар осы­дан бастал­ма­са, басқа­ның бәрі – алдау, өзінің неме­се басқа «ірі ұры­лар­дың» астыр­тын мүд­де­лерін қорғай­тын залым­дық, халқы­на сатқын­дық болады.

Міне, жаңа пре­зи­дент­тің мем­ле­кет­ті жаңа­ша басқа­рып, ел өміріне түбе­гей­лі өзгерістер әке­летін сая­са­ты тек осы­лай ғана жүруі мүм­кін. Басқа­ша жол – авто­ри­тар­лық билік­тің іштен шіру, жағ­дай­ды «құтқа­ру» үшін, сая­си-құқы­қтық заң­сыз қысым­ды күшей­тіп, халы­қты көз­сіз қар­сы­лы­ққа мәж­бүр­леу. Екін­ші жағы­нан, бар­лық ақыл­ды, білім­ді, ұлт­жан­ды аза­мат­тарға мына билік өзгер­ме­се, оның ақыл­сыз, арсыз, сатқын былы­қта­ры­нан ота­ны­мы­зды аршып алу – нағыз ой адал­ды­ғын, жүрек ізгілі­гін талап ететін, жан­ке­шті, мүм­кін, өмір­леріне де қауіп­ті, бірақ халқы үшін Ұлы іс бола­ры анық…

(Жалға­сы газет­тің келесі санында)

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ,

тарих­шы

Республиканский еженедельник онлайн