Пятница , 4 июля 2025

Тарт қолыңды ТОРҒАЙДАН!

  • Сурет «ВКон­так­те» желісі­нен алынды.


Қаза­қтың киелі жері – қаси­ет­ті Торғай өңірі 2017 жыл­дан бері зымы­ран­дар­дың сынақ алаңы­на айналған. Енді, міне, тая­у­да халы­қ­пен ешбір сана­спас­тан, зымы­ран­дар­ды сынақтан өткі­зу үшін, Торғай өңірінің 76 мың ш/гектарын Ресей­ге жалға бер­ді. Бүгін­ге дей­ін Торғай дала­сы­на 4 рет зымы­ран қал­ды­ғы құлап, қазір­дің өзін­де Торғай халқы оның зала­лын көріп жатыр. Ауру көбей­іп бара­ды. Әсіре­се қатер­лі ісік, онко­ау­ру­лар (рак) мең­деп бара жатыр, мал­дан мутант төл туу­да.
Министр Ата­мқұ­ло­втың Торғай­ға келіп, ат төбелін­дей ақсақал­дар алдын­да бұл еш зардап­сыз, зия­ны жоқ дегені –өтірік, алдам­шы сөз болып шығу­да. Керек десе, сол ақсақал­дар­дың тұтас Торғай уәла­я­ты халқы­ның аты­нан келісім беретін­дей құқы­ғы жоқ! Бүкіл халы­қтың игілі­гін көз­дей­тін маңы­зды шешім­дер тек қана халы­қтың қала­у­ы­мен шешілуі тиіс!
Баба­ла­ры­мыз най­за­сы­ның ұшы­мен қорғап, ұрпағы­на мұра еткен ұлан-ғай­ыр жерін бүгін­де қала­у­ын­ша «жалға беру­шілер» мен «жалға алушы­лар» саудаға салып келеді. Зымы­ран­дар сынағын өткізіп, оның қал­ды­қта­рын Жер-Ана­мы­здың жүре­гіне қадап, тұны­ғы­мы­зды лай­ла­уда.
Баба­ла­ры­мы­здың қаси­ет­ті өлкесі зымы­ран­дар­дың сынақ алаңы­на айна­лып, оның уын қазақ ішіп, пай­да­сын Ресей көр­мек. Талай ұлт көсем­дері мен батыр­лар шыққан, саха­ра­да мек­теп қоңы­ра­уын соғып, Алтын­са­рин­нің Торғай­да ашқан мек­тебінің алды­нан өткен Ахмет Бай­тұр­сын, Мір­жақып Дулат сын­ды Алаш ардақты­ла­рын, елі үшін жанын пида еткен Шақ­шақ Жәні­бек, Аман­гел­ді, Кей­кі сын­ды батыр­лар­ды бер­ген киелі, дар­хан Торғай топы­рағын­да зымы­ран­дар қал­ды­ғы құлай­тын поли­гон салу тура­лы ұйға­рым­ды халы­қтан асып қабыл­да­уға ешкім­нің құқы да, қақы­сы да жоқ!
Жер – тек қана мем­ле­кет­тің мен­ші­гі! Ал мем­ле­кет иесі – халық. Енде­ше бұл жер­де сынақ өткі­зуді, зымы­ран ұшы­ру­ды шеше ала­тын да тек халық. Торғай поли­го­ны­на қар­сы­лық – ерік­кен­нің ісі емес, елдік мүд­де мен бола­шақ ұрпақтың саулы­ғы үшін, келе­шек үшін жасалған қадам. Сынақ алаңын­дағы ауыл­дарға жол тар­тып, су жүр­гізіп, фельд­шер­лік орын аша­мыз деген желеу-сыл­та­у­мен келіп, зиян­ды зымы­ран сынағын өткіз­бек. Біле біл­сеңіз­дер, су тар­тып, жол салу, меди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту – мем­ле­кет­тің тіке­лей мін­деті. Ресей­ге сол поли­гон қажет бол­са, өз жерін­де ашып, бер­мек­ші болып оты­рған өте­мақы­ла­рын өз аза­мат­та­ры­на бер­сін!
Егер осы қабыл­данған шешім­дер кері қай­та­рыл­ма­са, бұл жағ­дай Торғай өңірінің тұрғын­да­ры мен бар­лық қаза­қстан­ды­қтар­ды толқы­тып, алаңға шығуы­на мәж­бүр етпек.
 
Пети­ци­яға қол­дау көр­сет­кен қоғам қайраткерлері:

Серік Тұрғын­бе­ков, Төлен Әбдік, Сәбит Доса­нов, Қой­шы­ға­ра Салға­ра, Бал­таш Тұр­сын­ба­ев, Рыс­бек Сәр­сен­бай, Тұр­сын Жұрт­бай, Жан­кел­ді Шым­шы­қов, Уәли­хан Қай­са­ров, Еркін Рақы­шев, Қай­ыр­лы Омар, Әкім Ысқақ, Жекен Абд­рах­ма­нов және басқалар.

Қазақ болға­ны­мыз үшін ҚОР БОЛЫП ЖҮРМІЗ!

  • Қадір­мен­ді ұлт­шыл аза­мат­тар мен тіл жана­шыр­ла­ры! ШҚО облы­стық және қала­лық мас­ли­хаттары депу­тат­та­ры! «Нұр Отан» пар­ти­я­сы! Жур­на­ли­стер мен бло­гер­лер! Адам­дар­дың өмірін құтқа­рып жүр­ген біздің ұжым­ды құтқа­руға көмектесіңіздер! 

Сіздер­ден Өске­мен қала­сы жедел жәр­дем стан­ци­я­сы ұжы­мын­дағы жас маман-медик­тер көмек сұрай­ды. Стан­ция қыз­мет­шілерінің 70 пай­ы­зы – қазақ жаста­ры. Оның ішін­де қазақ мек­тебін бітір­ген, меди­ци­на­лық кол­ле­дж­дің қазақ бөлі­мін бітір­ген маман­дар өте көп. Соған қара­ма­стан, қазақ елінің жедел-жәр­дем стан­ци­я­сын­да қазақ тілін­де бір ауыз сөз жоқ, жина­лы­стар, нұсқа­улы­қтар, меди­ци­на­лық құжат­тар – орыс тілін­де. Және де қазақ тілін­де кол­ледж бітір­ген маман­дарға құжат­тар­ды қазақ тілін­де тол­ты­руға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Бас­шы­лық қазақ тіліне ашық қар­сы сая­сат жүр­гі­зу­де деп ойлаймыз.

Ең сорақы­сы – құжат­тар­ды тек­се­ретін дәрі­гер-экс­перт Татья­на Алек­сан­дров­на Лаза­вая – 1938 жылы туған 82 жастағы зей­нет­кер кем­пір! Вале­рия Вик­то­ров­на Суха­ре­ва деген зей­нет­кер – аға дәрі­гер. Вален­ти­на Алек­сан­дров­на Мас­ло­ва деген кем­пір­дің зей­нет­кер­лік­ке шыққа­ны­на 7 жыл бол­ды, әлі сүй­ретіліп жұмыста жүр. Бұлар­дың бар­лы­ғы зей­нет­кер бол­са да, жас маман­дарға орын­да­рын босат­пай, жұмыстан шық­пай, мем­ле­кет­тік тіл­ге қар­сы сая­сат жүр­гі­зу­де. Қазақ тілін қорғап шыққан бір жас маман­ның арты­на түсіп, күн көр­сет­пей, басқа жұмысқа ауы­суға мәж­бүр етті. Бұл стан­ци­яда жұмыс істеу үшін, өз ана тіліңді ұмы­тып, мәң­гүрт­ке айналған­да ғана тыны­штық береді. Жұмыс ішін­де­гі жина­лы­стар, науқасқа көмек көр­се­ту нұсқа­улы­қта­ры тек орыс тілін­де талқы­ла­на­ды. Жұмыста тара­ты­ла­тын әр меди­ци­на қыз­мет­керін­де­гі план­шет­тер­де қазақ тілін­де құжат тол­ты­ру мүм­кін­ді­гі жоқ. Тіл­дер­ді таң­даған­да, «қаза­қ­ша» деген түй­ме­ше ғана бар, ары қарай бас­саңыз, мем­ле­кет­тік тіл­де құжат тол­ты­ру мүм­кін­ді­гі жоқ.

Тағы бір сорақы­лық – стан­ци­я­ның бас дәрі­гері – қазақ, бас дәрі­гер­дің орын­ба­са­ры – қазақ, кадр­лар бөлі­мінің басты­ғы да қазақ. Бар­лы­ғы ауыл­дан шыққан таза қаза­қтар бол­са да, орыс­ша шүл­дір­леп, қаза­қ­ша қой­ған сұрағы­мы­зға орыс­ша жау­ап береді. Өз ана тілін­де сөй­ле­ген адам­дар біздің стан­ци­яда күл­кі­ге айна­лып, екін­ші сорт­ты адам қата­рын­да жүр­ген­дей сезі­неді. Бас дәрі­гер мен оның орын­ба­са­ры­на қан­ша шағым жаса­сақ та, еске­русіз қалып, шағым­ды ұйым­да­стыр­ды деген адам­ды басқа жұмысқа ауы­сты­руға мәж­бүр­лей­ді. Сол қау­саған орыс кем­пір-шал­дарға қарап, жал­тақтаған құл­дық сана!

Соңғы бір жыл­дың ішін­де еңбек инспек­ци­я­сы­на, қала­лық және облы­стық про­ку­ра­ту­раға жазған шағым­да­ры­мы­здың бірі де қарал­май, тек­се­русіз қал­ды. Осы жағ­дай­ды халық білу керек. Елім, қаза­ғым деген аза­мат­тар, жететін жеріне жет­кізіп, бізді мынау құл­ды­қтан құтқа­ру­ла­ры­ңы­зды сұрай­мыз! Өйт­кені біздің өз әре­кеті­міз­ден ешқан­дай нәти­же шық­пай жатыр. Тым бол­ма­са, қазақ тіл­ді маман­дар­ды қуда­лай­тын кем­пір­лер зей­нет­кер­лік дема­лы­ста­ры­на кетіп, қаза­қтарға қия­нат жаса­уын доғар­са екен дей­міз. Олар­дың қаза­қтарға жасаған қысы­мы­нан шаршадық.

  • Құр­мет­пен сіз­дер­ден көмек сұрай­тын Өске­мен қала­сы­ның жас меди­ци­на маман­да­ры, жедел жәр­дем стан­ци­я­сы­ның қазақ жаста­ры (түп­нұсқа­да аты-жөн­дері сақталған – Ред.).

Заман­бек Қаб­де­штің ФБ-парақшасынан.

Өске­мен қаласы

БІЛІМ мини­стріне БАЗЫНА

Құрмет­ті Асхат Аймағам­бе­тов мырза!

Бұл мәсе­лені сіздің ғана шеше ала­ты­ны­ңы­зға сеніп, өз базы­на­мы­зды жет­кі­зуді мақ­сат еттік. Егер бұл мәсе­ле шешіл­ме­се, біз түбе­гей­лі шын­ды­қтан күдер үзе бер­сек болады.

Біз – Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтө­бе өңір­лік уни­вер­си­тетінің жаны­нан ашы­лған «Жоға­ры Кол­ледж» ЖШС-нің оқы­ту­шы­ла­ры­мыз. Ашы­лға­ны­на үш жыл болған кол­ле­дж­дің құры­лу кезеңін­де түр­лі қиын­шы­лы­қтар бол­ды, бірақ ұжым жақ­сы қалыптасты.

Алай­да сол ұжым­ның ішіне өткен жыл­дың көк­те­мі­нен бастап сызат түсті. Кол­ле­дж­ге жаңа­дан кел­ген бас­шы Б.С.Кульбаева (түп­нұсқа­да осы­лай жазы­лған – Ред.) ұжым­ның бере­кесін кетір­ді. Жаңа бас­шы кел­гелі кол­ле­дж­де­гі жас маман­дар бірі­нен кей­ін бірі қысым көр­ді, өзін­дік еркін­ді­гі мен шын­ды­ғы бар адам­дар қысы­мға ұшы­ра­ды. Тіп­ті кол­ле­дж­де­гі мықты деген оқы­ту­шы­лар­дың өзі амал­сыздан бірі­нен соң бірі жұмыстан шығып кет­ті. Бұл тек біз­де­гі жағ­дай­дың жал­пы көрінісі ғана. Сіз­ге осы бас­шы кел­гелі болған жағ­дай­лар­ды аны­қтап айтқы­мыз келеді:

1. Кел­ген бой­да Қ.Жұбанов уни­вер­си­тетінің үздік түле­гі, жас жазу­шы, сце­на­рист, қазақ тілі және әде­би­еті пәнінің оқы­ту­шы­сы Жақ­сы­лық Әли­хан­ның қыр соңы­на түсті. Бұған себеп болған сол оқы­ту­шы­ның бас­шы­ға қара­та айты­лған «аза­мат­тық қоғам­да бәрі тең» деген сөзі. Жас маман сіз­ге де өз шағы­мын жазған бола­тын. Алай­да аяқ­сыз қал­ды. Ақы­ры өзі жұмыстан кетіп тын­ды. Бұны ол өз еркі­мен жаса­ды деп ойла­май­мыз. Бұл жер­де өзіне тыны­штық жоғын біл­ген­дік­тен кетті.

2. Кей­ін тағы сол қазақ тілі және әде­би­еті пәні оқы­ту­шы­сы Ибра­ги­мов Төле­ген жұмыстан кет­ті. Бұл оқы­ту­шы да Қ.А.Яссауи атын­дағы ХҚТУ-ді үздік бітір­ген маман­да­ры­мы­здың бірі еді. Алай­да Куль­ба­е­ва одан да өз әдісі арқы­лы құтыл­ды. Жас маман декрет­тік дема­лы­стағы кадр­дың орны­на кел­ген бола­тын: «Декрет­тік дема­лы­стағы оқы­ту­шы жұмысқа шыққан­ды­қтан, сіз­бен келісім­шарт үзе­міз» деген жалған желе­умен өз ойын жүзе­ге асыр­ды. Төле­ген де сіз­ден көмек сұрап, хат жазған болатын.

3. Сол сияқты дене шыны­қты­ру пәнінің мұғалі­мі Б. Заби­хол­ла, кол­ледж фут­бол құра­ма­сы­ның бап­кері А. Құл­тай «өз ерік­тері­мен» жұмыстан шықты. Қысқа­сы, онға тар­та білік­ті маман­ның жұмыстан кетуі – көңіл көн­ші­тер­лік жағ­дай емес. Олар­дың ара­сын­да Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-ды, Қ.Жұбанов атын­дағы АӨУ-ді тәмам­даған жас маман­дар бар.

Жас және білік­ті маман­дар­дың жұмыстан кетуі – жағым­сыз жағ­дай. Бұған дирек­тор­дың біліксізді­гі және адам­дар­мен қарым-қаты­нас эти­ка­сы­ның жоқты­ғы әсер ету­де. Біз де әрең шыдап жүр­міз. Күн­делік­ті бола­тын айқай-шу, арыз-шағым, түр­лі дау-дамай­лар, кол­ле­дж­де­гі тұрақ­сыздық бізді шаршатты.

Құр­мет­ті Асхат Қанатұ­лы! Елі­міздің бас ұста­зы ретін­де осы жағ­дай­ға көңіл бөлуіңізді өті­не­міз. Сіз­ден осы мәсе­ле­лер төңіре­гін­де жан-жақты тек­серіс жүр­гізіп, жұмыстан кет­кен және кол­ле­дж­де­гі қыз­мет­кер­лер мен сту­дент­тер­ден пікір алма­са оты­рып, мәсе­лені шешуіңізді сұрай­мыз. Біз әділ­дік­ті талап етеміз!

  • Кол­ле­дж­дің бір топ оқы­ту­шы­ла­ры жазған талап­ты Думан Бақыт­гел­ді жария етті.

Ақтө­бе қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн