Пятница , 4 июля 2025

ТАСҚЫННАН НАСЫБАЙҒА ДЕЙІН қазақ қоғамын толғандыратын тақырыптар

Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да қызыл судан келетін қауіп әлі сей­іл­меді. Соңғы деректер­ге сәй­кес, су астын­да қалған үйлер саны 2400-ге жет­ті. Бір тәулік ішін­де 2947 адам, оның ішін­де 488 бала эва­ку­а­ци­я­ланған. Осы­ған орай су басқан аймақта жүр­ген Мәжіліс депу­та­ты Жарқын­бек Аман­тай­ұ­лы­мен сұх­бат­тасып, жағ­дай­ды сұрастық.

Пет­ро­пав­л­да бірер күн­де су тасқы­ны шары­қтау шегіне жете­ді деп болжа­ну­да. Бұған дей­ін мыңға жуық тұрғын үй суға кет­кен Қызы­л­жар ауда­нын­дағы қазір­гі жағ­дай қалай?

– Иә, Бір­не­ше күн­нен бері Пет­ро­павл қала­сын­да үлкен тасқын болып жатыр. Облы­сы­мы­здағы жағ­дай әлі де күр­делі. Сер­ге­ев су қой­ма­сы 149 % толып, су бөгет шыңы­нан 2 метр 61 сан­ти­метр асты. Тәулік ішін­де 9 сан­ти­метр төмен­деді. Есіл өзенін­де су дең­гейі көтеріліп келеді. Өзен жаға­сы­ның маңын­да орна­ласқан Қызы­л­жар ауда­ны­ның елді мекен­дері мен Пет­ро­павл қала­сын­да үйлер­ді су басу деректері тір­кел­ген. Қазір­гі сәт­те облы­ста 2401 үй және 1115 үй маңын­дағы аумақтар­ды су басқан. Облыс аумағын­да жал­пы саны 12 235 адам қауіп­сіз жер­ге көшіріл­ген. Оның 2919‑ы – бала. Бір тәулік ішін­де 2947 адам, оның ішін­де 488 бала эва­ку­а­ци­я­ланған. Әзір­ге тек 44 адам ғана үйіне қай­тып барған. Өңір­де 3590 бас мал қауіп­сіз жер­лер­ге көшірілген.

Сон­дай-ақ облы­ста су тасқы­ны­ның екін­ші кезеңі баста­ла­ды деп болжа­ну­да. Тоқ­сан би ауы­лы маңын­дағы Есіл өзені дең­гейі өткен тәулік­те біраз көтеріл­ген. Су Ақмо­ла облы­сын­дағы Тері­саққан, Жабай және Қалқұтан өзен­дері­нен келіп жатыр. Бүгін Пет­ро­павл маңын­да су тасқы­ны­ның шары­қтау шегі тір­кел­мек. Облыс орта­лы­ғын­да 17–18 сәуір күн­деріне болжанған. Пет­ро­павл су қой­ма­сын­дағы су дең­гейі 1340 см-ге дей­ін көтеріл­ді, ал қауіп­ті дең­гей 940 см.

Қала­ның су басып қалған өңір­леріне ерік­тілер мен құтқа­ру­шы­лар гума­ни­тар­лық көмек жет­кі­зу­де. Мәжілісте­гі «AMANAT» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры да су тасқы­ны­нан зардап шек­кен ауыл­дарға барып, халы­қ­пен кез­де­сті. «Жебе» қоғам­дық қауым­да­сты­ғы­ның өкіл­дерінің ұйы­тқы болуы­мен күні кеше 40 тон­на­дай гума­ни­тар­лық көмек жіберіл­ді. Үш мотор­лы қай­ық, күрек, арба, киім-кешек, азық-түлік және басқа да қажет­тілік­тер­дің бар­лы­ғы 40 тон­на бол­ды. Оған қоса, 40 ерік­ті аза­мат зардап шек­кен ауыл­дар­дағы жағ­дай­ды рет­те­у­ге көмек­тесіп жүр.

– Пав­ло­дар­да су тасқы­ны­нан зардап шек­кен­дер­ге 370 мың тең­ге көле­мін­де өте­мақы төле­неді екен. Бұл сома жет­кілік­ті деп ойлай­сыз ба?

– Алды­мен Пав­ло­дар­дағы су тасқы­ны­на бай­ла­ны­сты айтай­ын. Мұн­да су тасқы­ны сал­да­ры­нан зардап шек­кен тұрғын үй құры­лы­сы объ­ек­тілерін жөн­деу және құры­лыс жұмыста­ры­на жұм­са­ла­тын бар­лық шығын­дар бюд­жет­тен тыс қара­жат­тан жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Облыс бой­ын­ша су тасқы­ны­ның алдын алу және сал­да­рын жою іс-шара­ла­ры­на бар­лық күш пен құрал жұмыл­ды­рыл­ды. 370 мыңға келер бол­сақ, ол үйлері аса зақым­дан­баған, аздап су кір­ген отба­сы­ларға бір рет­тік төлем ретін­де беріледі. Ал қай­та­дан қал­пы­на кел­тірілетін 14 үйге бірқа­тар деме­ушілер­дің есебі­нен 47 мил­ли­он бөлін­ді. Енді мұны жете­ді, я бол­ма­са жет­пей­ді деп айта алмай­мын. Арнайы комис­сия мұны наза­рға алып отыр. Тиісті көмек көр­сетіл­мей қалған аза­мат­тар біз­ге тіке­лей бай­ла­ны­сқа шығуы­на болады.

Елде­гі су тасқы­ны зардап­та­рын жоюға бір көз­ден (с одно­го источ­ни­ка) қара­жат бөлі­ну­де. Бұл жағ­дай жемқор­лар­дың ара­нын ашып жібе­реді деген қауіп­ке қаты­сты қан­дай пікір айтасыз?

– Мем­ле­кет­тік сатып алу тура­лы заң­да апат­тық жағ­дай­да мәсе­лені жедел шешу үшін бір көз­ден қара­жат бөлу қарас­ты­ры­лған. Ал асы­қ­пай қарай­тын бол­сақ, қысы ұзақ, жазы қысқа елді мекен­дер­де жүр­гізілетін жұмыстар­дың дұрыс бол­мауы­на және созы­лып кетуіне жол ашуы­мыз мүм­кін. Сон­ды­қтан бұл орын­ды заң деп есеп­тей­мін. Ал енді бір көз­ден жаса­ла­тын келісім­де­гі жұмыстың тәр­тібі мен қар­жы­ның дұрыс игерілуін арнайы орган­дар бақы­лай­ды деген ойдамын.

Десе де, салы­нып жатқан үйлер­дің тала­пқа сай болуы жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар мен біздің бақы­ла­у­ы­мы­зда болуы тиіс. Дәл осын­дай қиын-қыстау уақыт­та халы­қтың аузы­нан жырып, бөлін­ген ақша­ны қал­та­ла­ры­на басқан жемқор­лар­ды қатаң жаза­лау керек.

– Жарқын­бек мыр­за, сіз бұған дей­ін «Май­қай­ың-Алтын» кен орнын­дағы апат жай­лы мәсе­ле көтер­ген едіңіз. Бұл ком­па­ни­я­ның банк­рот болға­ны рас па? Апатқа кім­дер кінәлі?

– Май­қай­ы­ң­дағы алтын кені­шін­де қазір­гі уақыт­та 1 012 адам еңбек ете­ді. Кәсі­по­рын өз тарихын­да 80 тон­на алтын, 1 240 тон­на күміс, ал жал­пы көле­мі 16,7 млн тон­на кен өндір­ген. Акци­о­нер­лік қоғам­ның құра­мын­да бүгін­де екі кеніш тобы мен кен бай­ы­ту фаб­ри­ка­сы, көлік цехы, көлік жөн­деу шебер­ха­на­ла­ры мен хими­я­лық зерт­ха­на, өзге де құры­лым­дық бөлім­ше­лер бар. Кені­штің тарихы өте бай.

Бірақ бүгіні жұтаң. Қан­ша тон­на алтын-күміс өндіру­мен айна­лыс­са да, «Май­қай­ың-Алтын» кент­те өз қар­жы­сы­на ешқа­шан тұрғын үй сал­маған, бала­лар алаңы, спорт­тық неме­се әле­умет­тік нысан­дар тұрғы­з­баған. Тек жылы­на жер­гілік­ті бюд­жет­ке бар­ды-жоқты алым-салық төлеп кел­ген. Осы акци­о­нер­лік қоғам­ның 100 пай­ыз акци­я­сы Кипр Рес­пуб­ли­ка­сын­да орна­ласқан «RenceEnterprises LTD» ком­па­ни­я­сы­на тиесілі. Ол ком­па­ния Милан Попо­вич деген биз­не­смен­ге тиесілі.

Өздеріңіз білесіз­дер, жақын­да кен орнын­да орны тол­мас апат бол­ды. 4 қаңтарға қараған түні Май­қай­ың кені­ші шах­та­сы­ның маңын­дағы «Май­қай­ың-Алтын» АҚ аумағын­да төрт жола­у­шы­сы бар авто­бус тазар­ту кеңісті­гіне құлаған бола­тын. Құла­удың алдын ала ұзын­ды­ғы 150–200 м, ені 500 м, құлау тереңді­гі 150 м. Бір­не­ше сағат­тан кей­ін құм­дағы ТЖД құтқа­ру­шы­ла­ры қаза тапқан екі құтқа­ру­шы­ның – 24 жастағы Сарқыт Бер­ліқан мен 53 жастағы Олег Лео­ни­до­вич Тыш­ке­ви­чтің денесін тап­ты. Ал қалған екі аза­мат­ты «қар­жы­мы­здың жоқты­ғы­нан» деп, ком­па­ния өз тара­пы­нан іздеу-құтқа­ру жұмыста­рын тоқта­тып қой­ып отыр. Ал ТЖ қыз­мет­кер­лері ізде­стіруді жалға­сты­ру құтқа­ру­шы­ларға қауіп төңдіреді деген пікр­ді алға тар­тып отыр. Жоғалған екі қыз­мет­кер­дің отба­сы­на бүгін­ге дей­ін жалақы төленіп отыр. Алай­да отба­сы оларға ақша емес, марқұм­дар­дың мүр­десін тауып беруді сұрай­ды. Жоғалған 36 жастағы құтқа­ру­шы Айдос Шай­мер­ден­нің артын­да ата-ана­сы, әйелі мен бес бала­сы қалған.

Ең өкіні­штісі – құлаған жер­дің астын­да бұрын­да­ры шах­та болға­нын ешкім ескерт­пе­ген. Тіп­ті үсті­нен жол салған және сол жол­ды қыз­мет­кер­лер осы күн­ге дей­ін пай­да­ла­нып кел­ген. Ал тех­ни­ка­лық қауіп­сіздік шара­ла­ры­на сай, ол жер­ді қор­ша­уға алып, қауіп­ті зона ретін­де оқша­у­лап тастау керек еді.

Деген­мен бұл – мәсе­ленің басы ғана. Кент­те тұра­тын «Шан­хай» шағын ауда­ны­ның тұрғын­да­ры алаң­дап отыр. Оған себеп – шағын аудан­ның асты да шах­таға айна­лып кет­кен дей­ді. Кен қазу бары­сын­дағы жары­лы­стар­дан үй іргесі солқыл­дап кететінін айтып отыр. 100-ге жуық шаңы­рақ орна­ласқан аумақ қазір­гі опы­ры­лып құлаған жер­ден небәрі 500 метр қашы­қты­қта орна­ласқан. Елі­міздің бай­лы­ғы­на кенел­ген бұл бай пәт­шағар­лар­дың ісін кім қадаға­ла­уы керек. Арнайы құры­лған комис­си­я­ның жұмысын ашық, әрі жұрт­шы­лы­қ­пен бір­ле­се оты­рып үйле­сті­ру керек. Бар­лық шах­та­лық жұмыс жүр­гізіл­ген аумақтар­ды аны­қтап, олар­ды қауіп­сіздік ере­же­леріне сай оқша­у­лау өте маңы­зды. Осы орын алған апатқа про­ку­ра­ту­ра әділет­ті баға­сын беруі керек.

Сіз Пар­ла­мент­те қан­дастар мәсе­лесін жиі көтеріп жүр­ген депу­тат­тар­дың бірі ретін­де Көші-қон тура­лы жаңа заң жоба­сы қашан қабыл­да­на­ры­нан хаба­ры­ңыз бар ма? Заң жоба­сын­дағы кей­бір түзе­ту­лер­ді қоғам қабыл­дай алмай жатқан сияқты.

– Елге кел­ген аза­мат­тың өтіні­шін 35 күн қарай­ды деген сияқты мәсе­ле­лер­ге қаты­сты қазір біз­де қоғам­да бір түсін­бес­тік болып отыр. Біз мына­ны білуі­міз керек: қазір әлем­де­гі гео­са­я­си жағ­дай сияқты түр­лі жайт­тарға бай­ла­ны­сты біздің елі­міз­ге де келіп жатқан аза­мат­тар­дың кей құжат­та­рын нақты­лап қара­уға тура келіп отыр, мәж­бүр болып отыр­мыз десек те бола­ды. Сон­ды­қтан осы заң­ның еніп оты­рған маңы­зды тұста­ры­ның бірі – елі­міз­де тер­ро­ризм­ге, экс­тре­мизм­ге және бала­ларға қаты­сты жыны­стық сипаттағы іске қаты­сы бар деп істі болған аза­мат­тарға біздің елге кіру­ге тый­ым салы­нып отыр. Кей­де осын­дай қыл­мысқа қаты­сы бар ма, жоқ па деген­ді аны­қтау үшін, кел­ген еліне сұра­у­лар жіберіледі. Сон­дай мәсе­ле­лер­ді аны­қтау мақ­са­тын­да 30–35 күн деген мерзім қой­ы­лып отыр. Бұған түсіністік­пен қара­уы­мыз керек.

Қан­дастар­дың көшіп келуіне елі­міз әрқа­шан мүд­делі және депу­тат­тар қан­дастар­дың мүд­десі тұрғы­сы­нан өте көп жеңіл­дік­тер­дің болуын қалай­ды. Десе де, біз мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гі мен ұлт­тық қауіп­сізді­гі­мізді еске­руі­міз аса маңызды.

Жаңа заң жоба­сын­да қан­дастарға берілетін әле­умет­тік көмек­тің түр­лері мен берілетін қар­жы­лық сома­сын­да өзгеріс бар ма?

– Әле­умет­тік кво­та­лар, төлем­дер, суб­си­ди­я­лау – оның бар­лы­ғы біздің Әле­умет­тік кодек­сте бекітіл­ген. Оған өзгеріс енген жоқ. Бірақ атап өтетін ерекше бір дүние бар, ол – қоны­ста­ну­шы­ларға, яғни қан­дастар неме­се оңтүстік­тен сол­түстік­ке көшіп кел­ген аза­мат­тарға жер телім­дерін беру. Жер телім­дері мини­мал­ды көлем­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да беріледі және ол жай беріл­мей­ді, жалға алу құқы­ғы­мен кон­кур­стан тыс беріледі. Қоғам­да лати­фун­ди­стер жер­лер­ді шексіз ием­деніп алуы сияқты үлкен мәсе­ле­лер бар ғой. Бұл да сон­дай қай­шы­лы­ққа жол ашып қой­мас үшін, нақты шек­те­улер­мен бел­гі­леніп, үшін­ші адам­ның пай­да­ла­нуы­на, сатуға тый­ым салы­на оты­рып, бес жыл мерзім­ге жалға алу құқы­ғы­мен беріледі. Аза­мат­тар жер­ді бес жыл тиім­ді пай­да­лан­са және игілі­гіне жарат­са, оны ары қарай тағы созуға құқы­ғы бар. Яғни, көшіп келу­ші аза­мат­та­ры­мы­зды ынта­лан­ды­ру, қол­дау мақ­са­тын­да бере­міз. Одан бөлек, үй салуға берілетін жер телі­мі деген сияқты басқа да мүм­кін­дік­тер бар. Тағы да бір айта кететін жәйт – осы көр­сетіліп оты­рған әле­умет­тік қол­да­у­лар­мен қатар, банк жүй­есін­де­гі неси­ені мерзі­мі­нен кешік­тіріп төлеу секіл­ді айып­пұл­дар бол­са, бұл көмек­тер­ге ешқан­дай шек­теу, пай­ы­зын ұстап қалу деген жүр­мей­ді. Яғни, қоны­ста­ну­шы­ларға берілетін көмек жан-жақты қорғалған.

Тағы бір нәр­сені түсін­ді­ре кетей­ін, мыса­лы, Пав­ло­дар облы­сы­на 2000 кво­та берілуі мүм­кін, сол кез­де Пет­ро­пав­лға тағы да 2000 кво­та беріл­ді десек, ал Пав­ло­дарға 2500 адам, Пет­ро­пав­лға 1300 адам кел­ді делік. Сол кез­де өңір­лер­ді салы­сты­ра оты­рып, кво­та­ны жет­пей жатқан өңір­лер­ге алма­сты­ра­ды. Бел­гі­лен­ген өңір­лер­ге Үкі­мет­тен кво­та беріл­мей қал­ды деген әңгі­ме бол­маған екен. Сон­ды­қтан бұл да қол­дау. Бұны дұрыс түсініп, қоға­мға дұрыс жет­кі­зе алуы­мыз керек. Ал енді кей­де «басқа өңір­лер­ге кел­се, неге кво­та беріл­мей­ді» деген сұрақтар туын­дап жата­ды. Біздің мем­ле­кеті­міздің сая­са­тын, стра­те­ги­я­лық мақ­сат­та­ры­мы­зды жүзе­ге асы­ру үшін, бел­гілі бір айыр­ма­шы­лық болуы керек.

Қаза­қстан­ның кез кел­ген жеріне кел­ген этни­ка­лық қазақ аза­мат жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен аза­мат­тық ала ала­ды. Ал кво­та­ны бел­гілі бір өңір­лер­ге кел­ген аза­мат­тар ғана ала ала­ды. Осы заң аясын­да бұрын аза­мат­тық алған этни­ка­лық қаза­қтар­дың жесір­лері басқа елде қалып қой­са, кей­ін осын­да келіп аза­мат­тық алам десе, дәлел­деу арқы­лы ала ала­ды. Олар этни­ка­лық қаза­қтар­дың ана­сы ретін­де, отба­сы­ның бір мүше­сі ретін­де еліне келеді. Әйел­дер құқы­ғын қорға­уға дүние жүзін­де баса назар ауда­ры­ла­ты­нын білесіз.

Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры шека­ра­мы­здан асып, бері қарай кел­се бол­ды деген түсінік бол­ды. Құдай­ға шүкір, одан бері мил­ли­он­нан астам қан­дас елі­міз­ге келіп қоны­стан­ды ғой. Олар осын­да өсіп-өнді, елі­міздің ісіне, қоғам­дық-сая­си өміріне ара­ла­сып, үлесін қосып, еңбе­гін сіңіру­де. Шетел­де­гі қан­дастар осы жер­ді қорғап, қанын төк­кен баба­ла­ры­мы­здың тіке­лей ұрпағы тағ­дыр­дың әр қилы жағ­дай­ы­мен біре­уі шека­ра­ның сыр­тын­да қалып қой­са, біре­уі амал­сыз көшуіне тура кел­ген. Әлем­де қан­даста­рын тар­тып жатқан бір­не­ше ел бар, бірақ осы сая­сат­ты сәт­ті түр­де жүзе­ге асы­рып, жалға­сты­рып оты­рған мем­ле­кет­тің бірі – Қаза­қстан екенін біз ұмыт­па­уы­мыз керек.

Айт­пақ­шы, жуы­қта Пар­ла­мент­те насы­бай мәсе­лесін көтер­діңіз. Артын­ша Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Ұлт­тық құры­л­тай­да насы­бай ата­тын­дар қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­ла­ты­нын айт­ты. Елдің эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы ушы­ғып тұрған­да, осы насы­бай мәсе­лесін көте­ру керек пе еді деген пікір қоғам­да айты­лу­да. Бұл тура­лы не айтасыз?

– Бұл жер­де кезін­де­гі ата-әже­лері­міздің дәстүр­лі тобы­лғы­ның күлі мен табак­ты қосып жасап жүр­ген насы­бай­ын айтып жүр­ген жоқ­пыз. Қазір­гі ішіне нешетүр­лі пси­хо­троп­тық заттар қосы­лып, кез кел­ген ада­мға қол­жетім­ді, оның ішін­де оқу­шы­ларға да саты­ла беретін насвай табак өнім­дері тура­лы. Өкініш­ке қарай, бұрын оны тек ере­сек ұрпақ қол­дан­са, қазір жастар, тіп­ті қыздар да оған тәу­ел­ді. Олар­дың саны жыл сай­ын артып келеді.

Оның үстіне бұл жағым­сыз әдет тіп­ті спорт­шы­лар ара­сын­да да қалып­ты жағ­дай­ға айналға­нын қалай түсі­ну­ге бола­ды. Оқу­шы­лар­дың жап­пай салы­нып кет­кені даб­ыл қаға­тын мәсе­ле бол­ды. Оның дәмін, иісін өзгер­ту үшін, нешетүр­лі хими­я­лық түсініксіз заттар­ды өте көп қоса­ды. Швед ғалым­да­ры зерт­теу жүр­гізіп, насы­бай­дың құра­мын­да хром, никель, кад­мий, қорға­сын, мышьяк сияқты хими­я­лық заттар бар екенін аны­қта­ды. Дәрі­гер­лер насы­бай­дың тек тәу­ел­ділік туғы­зып қана қой­май, түр­лі ауру­лар­ды туды­ра­ты­нын да атап өтті. Насы­бай­ды тұты­ну адам ағза­сын қатер­лі ісік­ке, беде­улік­ке әке­летіні ғылы­ми тұрғы­дан дәлел­ден­ген. Қазақ онко­ло­гия және радио­ло­гия ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты маман­да­ры­ның айтуын­ша, насы­бай ату ауыз қуы­сы­ның қатер­лі ісі­гінің дамуы­на әкеліп соға­ды. Олар соңғы кез­дері насы­бай­ды тұты­ну­дың сал­да­ры­нан жастар­дың қатер­лі ісік ауруы­y­на шал­ды­ға­ты­нын атап өтті

Мына қиын-қыстау заман­да елдің бола­шағын ойлап, ғылым мен білім­ді дамы­тып, соны­мен қатар насы­бай­ды қою керек деген біра­уыз сөзді іліп алып, бүкіл құры­л­тай­дың маз­мұ­ны осы ғана болған­дай наси­хат­та­лып кет­ті. Бұл 2015 жыл­дан бері қабыл­данған заң бол­са да, жұмыс істе­мей тұр­ды. Пре­зи­дент­тің аузы­на қарап, тек ескер­туін күтіп оты­рған­дай, тек осы ескер­ту­ден кей­ін ғана заң өз күшіне ене бастады.

– Cұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

Сұх­бат­тасқан «ДАТ»-тың

Пар­ла­мент­тік тілшісі

Дина ӘДІЛ

Республиканский еженедельник онлайн