Пятница , 4 июля 2025

ТАУДАҒЫ БҮРКІТ

Ермұрат БАПИҒА

Қатыг­ез қоғам қырсықса,

Қабақтан борап, қар бүркіп.

Үйіріл­медің ұршықша,

Ынсап­тан ұшқан Тау Бүркіт.

Қаси­ет­ті Кәрі Ертіске,

Кін­ді­гің қаны жуылған.

Қай­ғы­дан елің өрт ішсе,

Қай­ран Ер, белің буылған.

Шырқап бір шықтың тұғыр қып,

Алтай мен Сауыр шыңдарын.

Шын­ды­қты сенен ұғындық,

Қала­мы қылыш шын дарын.

От ауыз орақ тілменен,

Ақиқат­ты айтқан алдаспан.

Қай­мы­қ­пай сот­тан, түрмеден

Даты­ңа затың жалғасқан.

Қитұрқы билік

Торы­мен шыр­мап, … құрып.

Қасқая қар­сы атылған,

Қайт­пас та қай­сар тектілік!

Асқағым, саған

Атса да,

Дұшпан­ның оғы жетпейді.

Най­за­ғай түсіп жат­са да,

Шың­дар­дың түгі кетпейді!

Ұлы­қ­бек ЕСДӘУЛЕТ

ӘЙ, ЕРМҰРАТ! ЕРМҰРАТ!

Жүгі ауыр ма ғаламның,

Жүгі ауыр ма заманның?!

Ширек ғасыр өзіңді

Білетұғын ағаң­мын!

Сен де талай сыналдың,

Мен де талай сыналдым.

Ширек ғасыр Ермұрат,

Сол DAT-ыңды шығардың.

Түстік талай отқа да,

Түстік талай сотқа да,

Дұрыс жолға сен түстің,

Енді тит­тей тоқтама!

Сен халқы­ңа сенесің,

Ел ертеңін көресің.

Күрес жолы – ауыр жол,

Сенем, оны жеңесің!

Әй, Ермұрат! Ермұрат!

Бірін­ші боп кел, брат!

Ел соңы­ң­нан ереді,

Жер қай­ы­сқан қол құрап!

Әй, Ермұрат! Ермұрат!

Бірін­ші боп кел, брат!

Тілек­ші ағаң Жұмаш КӨКБӨРІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн