Четверг , 18 сентября 2025

Тауық өсіру – табысты кәсіп

Табыст­ың көзі ретін­де тауық өсі­ру – көп­те­ген кәсіп­кер­лер­ді қызы­қты­ра­тын тақы­рып. Бір жағы­нан, бұл әсіре­се ауыл­дық жер­лер­де өз ісін баста­удың салы­стыр­ма­лы түр­де арзан және қол­жетім­ді тәсілі. Екін­ші жағы­нан, оны табысты жүр­гі­зу үшін де көп­те­ген дағ­ды­лар­ды мең­ге­ру және бел­гілі бір қиын­ды­қтарға дай­ын болу қажет.

«Әли­ма» шаруа қожа­лы­ғы­ның иесі Рашид Рысқұ­ло­вты «орта дең­гей­де­гі» кәсіп­кер­лер сана­ты­на жатқы­зуға бола­ды, алай­да бүгін­гі таң­да оның биз­несі анағұр­лым ауқым­ды. Шару­а­шы­лы­қта 7 мыңға дей­ін түр­лі тұқым­ды тауы­қтар мен бөде­не­лер, сон­дай-ақ 80 бас ірі қара мал бар.

Рашид­тің өзі – бұры­нғы әске­ри қыз­мет­ші, Конев атын­дағы әске­ри ака­де­ми­я­ны бітіріп, Қап­шағай гар­ни­зо­нын­дағы № 58012 әске­ри бөлім­де біраз жыл қыз­мет еткен. Бірақ әске­ри тәр­тіп­ке сай үне­мі жауын­гер­лік дай­ын­ды­қта жүретін, айлы­ғы оған сай емес ауыр қыз­мет­тен шар­шап, «еркін нан таба­тын» биз­не­спен айна­лы­су­ды ұйғарыпты.

Өмір­лік жары Әли­ма бол­са – балық өндірісінің тех­но­ло­гы маман­ды­ғын мең­гер­гені­мен, оған сұра­ныс бол­май, талай жер­де табы­лған жұмысты істеп нәпақа тауып­ты. Содан да болар, жол­да­сы «өз кәсібі­мізді ашай­ық» деген­де, бір­ден қол­дау көр­се­те­ді. Сөй­тіп, өздері тір­нек­теп жинаған 85 мил­ли­он тең­ге­ге отба­сы­лық жұп Қай­нар ауыл­дық окру­гіне қарас­ты Жалға­мыс ауы­лы­нан 42 гек­тар ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­дағы жер сатып алады.

Қожай­ын­дар­дың айтуын­ша, олар сатып алған жер телі­мі қуат­ты, құнар­лы алап екен. Оған дей­ін мұн­да ел аға­сы Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың фазен­да­сы болған көрі­неді. Онда қырға­уыл­дар өсіріл­ген, жылы­ту қазан­ды­ғы мен электр қуа­тын жет­кі­зетін қосалқы стан­ция болған. Қазір ол көп күтім­ді қажет ететін жалаңаш дала. Сон­ды­қтан да оның қазір­гі қожай­ын­да­ры­ның алдын­да жер­ді мақ­са­ты­на қарай қалай пай­да­ла­ну керекті­гі тура­лы мәсе­ле туын­дай­ды. Бірақ бұрын бұл жер­де қырға­уыл өсіріл­ген­дік­тен, олар бір­ден соған ұқсас кәсіп – тауық өсіру­мен айна­лы­са­мыз деп шешеді. Әрине, биз­не­сті баста­удың алға­шқы кезеңін­де біраз шығын шыға­руға тура келеді: құс өсіре­летін қора­ны жаб­ды­қтау, қажет­ті құрал-сай­ман, жем-шөп, құс басын сатып алу – осы­ның бәріне қомақты қар­жы салынады.

Кәсіп­кер ә деген­де 10 гек­тар жер­ге құс фер­ма­сын салып, жұмыр­тқа өндіретін 850 бас тауы­қты күтіп-бап­тай­тын сарай орнат­ты. Екін­ші бөлі­гін­де 700 бөдене, ал соңғы­сын­да 2 мың­нан астам брой­лер тұқым­ды бала­пан өсіре­мін деп шешті. Шару­а­шы­лы­қта тек екі қосалқы жұмыс­шы ғана жұмыс істей­ді, олар тауы­қтарға арналған азы­қты өсіреді және дайындайды.

– Біздің беретін азы­қта­ры­мыз көбі­не­се табиғи, біз тауы­қтарға жүгері, жоңы­шқа, арпа, соя шпро­ты, күн­бағыс күн­жа­ра­сын бере­міз, – дей­ді құс фер­ма­сы­ның иесі.

Кәсіп­кер өз жерін­де жем-шөп дақыл­да­рын өсір­гісі келеді, бірақ, өкініш­ке қарай, тиісті тех­ни­ка мен жұмыс күші қажет. Фер­ма алыс орна­ласқан­ды­қтан, ешкім де шару­а­шы­лы­ққа жал­да­нып жұмыс істе­у­ге барғы­сы кел­мей­ді. Бұл жеке кәсіп иесі үшін ең үлкен, ауқым­ды мәсе­ле. Жал­пы бар­лық жұмыспен дер­лік Рашид өзі айна­лы­са­ды. Сол себеп­ті көп уақы­тын құс фер­ма­сын­да өткі­зеді, азық әке­леді, құстар­ды күтіп ұстау, жағ­дай­ы­ның жай­лы болуын қадаға­лай­ды. Ал өндіріл­ген өнім­дерін Алма­ты базар­ла­ры­на көтер­ме сауда арқы­лы өткі­зеді және бөл­шек сауда­да сатады.

 – Биз­не­стің бұл түрі­мен айна­лы­су – қиын, бірақ кірісі мол іс. Құстар­дың аз саны­нан бастап, өндірісті бір­тін­деп кеңей­ту­ге бола­ды. Өйт­кені өнім ешқа­шан өтпей қал­май­ды. Жұмыр­тқа мен тауық еті, бөдене – нары­қта әрдай­ым сұра­ны­сқа ие. Жал­пы, өз кәсібі­мізді ашуға 250 мил­ли­он тең­ге жұм­сал­ды, бірақ бұл салы­нған қара­жат әрдай­ым өзін-өзі ақтай­ды. Келе­шек­те биз­не­сті одан әрі кеңей­туді жос­пар­лап отыр­мыз, – дей­ді кәсіп­кер. Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн