Четверг , 28 августа 2025

ТЕМІРЛАННЫҢ ТЕМІР ҚАҚПАСЫ

Қазақ фут­бо­лы­ның Темір­ла­ны – аты­на сай қазақ қақ­па­сын қорғап қал­ды. «Қай­рат­тың» екін­ші қақ­па­шы­сы Қаза­қтың бірін­ші қақ­па­шы­сы­на айналды!

2025 жылы 26 тамы­зда Алма­ты­да өткен УЕФА чем­пи­он­дар лига­сы­на ірік­теу ойы­нын­да «Қай­рат» – «Сел­тик» фут­бол коман­да­ла­ры­ның жек­пе-жегін­де қақ­па­шы­мыз Темір­лан Анар­бек пеналь­ти­де үш допты кері қай­тар­ды! Бұл – фут­бол­да өте сирек кез­де­сетін кере­мет жетістік!

Бұл – баяғы «Қай­рат­тың» даңқты қақ­па­шы­сы Құрал­бек Ордаб­а­ев­ты еске түсірді.

Темір­лан – Қай­рат­тың екін­ші қақ­па­шы­сы екен, енді Қаза­қтың бірін­ші қақ­па­шы­сы­на айналды!

 Соны­мен қазақ фут­бо­лы өз тарихын­да жаңа беле­с­ке көтеріл­ді – «Қай­рат» чем­пи­он­дар лига­сы тобын­да әлем­нің әйгілі фут­бол коман­да­ла­ры­мен бір алаң­да ойнай­ды, чем­пи­он­ды­ққа таласады!

Ертең атағы­нан ат үркетін аты­шу­лы «Реал», «Бар­се­ло­на­лар­мен» кез­дескен­де де, Темір­лан­ның темір қақ­па­сы сыр бер­ме­уін тілейік!

Өйт­кені «Қай­рат­тың» қақ­па­сы – Қаза­қтың қақпасы!

Қазақ фут­бо­лы­ның бұл жарқын жеңісін 26 тамы­здағы Қазақ авто­но­ми­я­лы рес­пуб­ли­ка­сы құры­лға­ны­ның 105 жыл­ды­ғы­на лай­ы­қты тар­ту деп қабыл­да­уға болады.

Алла жар болсын!

Қазы­бек ИСА

Республиканский еженедельник онлайн