Суббота , 5 июля 2025

ТЕМІРХАНДЫ ТОНАУШЫЛАР СОТТЫ БОЛДЫ

Темір­хан Досмұхамбетов

Сот бұрынғы министр Темірхан Досмұхамбетовтың тоналу ісіне қатысты шешім шығарды. Оқиғаға қатысты күдіктелгендердің үшеуі де кінәлі деп танылды. Бұл туралы «31 арнаға» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Тер­геу амал­да­ры барын­ша мұқи­ят, жоға­ры дең­гей­де жүр­гізіл­ді. Тер­геу арқы­лы аталған қыл­мысқа қаты­сы бар адам­дар аны­қта­лып, тұтқын­дал­ды. Және тер­геу бары­сын­да олар­дың кінәлі екені дәлел­ден­ді», – дей­ді Қадыр Ораз­ба­ев пен Темір­хан Досмұ­хам­бе­то­втың қорға­у­шы­сы Дәу­рен Әбітақын.

Естеріңз­ге сала кет­сек, өткен жыл­дың наурыз айын­да қыл­мыс­кер­лер Алма­ты­дағы зәулім үйден түн­гі уақыт­та 3 мил­ли­он дол­лар (978 млн тең­ге­ден аса), 50 мың еуро (20 млн тең­ге­ден аса) және баға­лы заттар­ды ұрлаған. Аталған іс бой­ын­ша жәбір­ле­ну­шілер – ағай­ын­ды Қадыр Ораз­ба­ев пен Темір­хан Досмұ­хам­бе­тов. Іс мате­ри­ал­да­ры бой­ын­ша, қол­ды болған ақша­ның бір бөлі­гі Досмұ­хам­бе­то­вқа тиесілі. Ал тонау ісі бой­ын­ша сот қара­лы­мы ақпан айын­да басталған. Басты күдік­ті ретін­де кәсіп­кер Аза­мат Жақып көр­сетіл­ген. Ал оған Елдос Маға­у­я­нов пен Дидар Зәде­нов көмектескен. 

Сот шеші­мі бой­ын­ша, Аза­мат Жақып пен Ержан Маға­у­я­но­вқа 6 жыл 8 айға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру түрін­де­гі жаза кесіл­ді. Ал үшін­ші айып­та­лушы Дидар Зәде­нов 7 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Сон­дай-ақ кінәлілер мем­ле­кет­ке 2 мил­ли­он тең­ге көле­мін­де баж салы­ғын төле­уі тиіс. Соны­мен қатар сот Аза­мат Жақы­по­втың 400 мың дол­лар бола­тын мүл­кін жәбір­ле­ну­шілер Ораз­ба­ев пен Досмұ­хам­бе­тов­ке тап­сы­ру­ды міндеттеді.

Өз кезе­гін­де айып­та­лушы­лар­дың қорға­у­шы­ла­ры сот шеші­міне шағым­дан­бақ. «Бұл жайт­ты рей­дер­лік тар­тып алу деп ата­уға бола­ды. Ана­сы­на тиесілі мүлік те жәбір­ле­ну­ші­ге беріл­мек. Ал тонау фак­тісі дәлел­ден­ген жоқ. Ол қашан бол­ды? Себебі тек­се­ру тек 4 күн­нен кей­ін жүр­гізіл­ді. Ал сол 4 күн­де онда жұмыс­шы­лар тұрған», – дей­ді Аза­мат Жақып­тың қорға­у­шы­сы Адай Өскенбаев.

Stan.kz

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн