Понедельник , 30 июня 2025

Темірхан МЕДЕТБЕК Осылай кете берсек…

Осы­лай кете берсек –

Жіңіш­ке­міз үзіліп,

Жуа­ны­мыз қыл­дай болады;

Қызы­мыз күңдей,

Ұлы­мыз құл­дай болады.

Осы­лай кете берсек…

Ойла­сам;

Өзе­гім өртеніп,

Жаным тұн­шы­ғып,

Демім алқы­на­ды.

Осы­лай кете берсек –

Ойдағы суат тартылып,

Бой­дағы қуат сарқылады…

Осы­лай кете берсек –

Түп­тің түбінде

Не болып,

Не қоярын­ –

Кәміл біле­міз:

Киім таң­да­май­тын

Диу­а­на­дай,

Тиын талға­май­тын

Қай­ыр­шы­дай

Өмір сүре­міз.

Осы­лай кете берсек…

  •  

ПАРЫҚСЫЗ ПОЛИЦАЙЛАР ҚАТЫНДАРМЕН ЖҰЛЫСТЫ

  • Бір­не­ше айдан бері әле­умет­тік желілер­де әртүр­лі нара­зы­лық туды­рған заң жоба­сы­на бай­ла­ны­сты бір топ әйел дүй­сен­бі күні мини­стр­лік­тер үйіне барған еді.

«Азаттық» радио­сы­ның хабар­ла­у­ын­ша, бір топ әйел «Отба­сын­дағы зор­лық-зомбы­лық тура­лы» заң­ды түсін­діруді талап етіп, Еңбек және Әділет мини­стр­лік­терінің ғима­ра­ты­ның алды­на жинал­ды. Ведом­ство шене­унік­терінің жау­а­бы­на қанағат­тан­бай, жаңа­дан «тағай­ын­далған» депу­тат­тар оты­рған Пар­ла­мент үйіне бет­те­ген кез­де, олар­дың жолын поли­ци­я­ның арнайы жасағы (ОПОН) бөгеді.

Оқиға орнын­да болған жур­на­ли­стер таратқан дерекке қараған­да, 30 шақты әйел­ге 100-ден астам «спец­наз» қар­сы тұрған. «Бүгін­гі еркек­тер­дің әйел­дер­ге зор­лық-зомбы­лық көр­се­ту­ден басқаға шама­сы кел­меді» дей­ді нара­зы топ­тың бір өкілі. 

Талап­шыл әйел­дер­ді оқиға орны­нан әкет­пек болған кез­де поли­ция жасағы  бір­не­ше әйел­мен жұлы­сқан. Бірақ қатын­дар­ша жұлы­сқан поли­ци­яға бағын­баған әйел­дер жаңа­дан сай­ланған депу­тат­тар­дың сыр­тқа шығуын талап етті.

Түстен кей­ін нара­зы­лар­мен сөй­ле­су­ге қала­лық әкім­дік­тің ішкі сая­сат басқар­ма­сы­ның жетек­шісі Дәу­рен Баба­мұра­тов кел­ді, деп хабар­ла­ды осы орай­да КZnews.kz пор­та­лы. Был­ты­рғы сай­ла­уда «Қоса­нов жоба­сын» жүзе­ге асы­руға қаты­сып, чинов­ник­тік лау­а­зы­мға қол жет­кіз­ген биші­кеш поли­ци­яға қар­сы пәр­мен көр­сет­кен нара­зы әйел­дер­ді сабыр сақта­уға шақыр­ды. «Бала­ны ата-ана­сы­нан тар­тып ала­ды деген мәсе­ле заң­да жоқ» деген Баба­мұра­то­втың сөзіне әйел­дер: «Ондай нәр­се бар!» деп шулап жау­ап берді.

Еске сал­сақ, был­тыр қыр­күй­ек­те мәжіліс 49 бап­тан тұра­тын «Отба­сы­лық-тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­ққа қар­сы іс-қимыл тура­лы» заң жоба­сын бірін­ші оқы­лым­да мақұл­даған. 18 қаңтар­да мини­стр­лік­тер үйіне кел­ген нара­зы әйел­дер заң жоба­сын­да бұлы­ңғыр ұғым­дар көп екенін айтып, оны мақұл­даған және әзір­ле­ген шене­унік­тер­мен кез­де­скісі келетінін айтқан, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Отба­сы құн­ды­лы­қта­ры­на және ішкі мәсе­лесіне қауіп-қатер төн­діретін «шикі» тұста­ры көп деп жиі сына­лып жүр­ген құжатқа нара­зы­лар артып келеді. Заң жоба­сы­ның толық мәтіні қол­жетім­сіз. Билік тара­пы­нан жал­пы­ха­лы­қтық дең­гей­де ашық түсін­ді­ру жұмыста­ры баста­ла қой­ған жоқ, деп хабар­лай­ды Кznews.kz порталынан.

«ДАТ-ақпа­рат»

 «НҰР ОТАННАН» ШАРШАДЫМ» – деген азамат партиядан шықты

  • Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның тұрғы­ны, қоғам бел­сен­дісі Бір­жан Қожақо­втың видеоүн­де­уі желі­де тарап кет­ті. «Ғиба­дат» ЖШС-ның дирек­то­ры, «Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дар­ды кәсі­би демеу» әле­умет­тік жоба­сы­ның авто­ры өтірік­тен шар­шаға­нын айтқан.

«2−3 күн­нен бері әбден ойла­нып, нақты шешім­ге кел­дім. Бұл шешім – «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан өз еркім­мен арыз жазып кету. Қазір сол «Нұр Отан» ғима­ра­ты­на барып, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан шығу жөнін­де ары­зым­ды жазып, халы­қ­пен бір­ге болғым келеді. Өтірік­тен әбден шар­ша­дым», – дей­ді ол.

Әле­умет­тік желі­ден билік пар­ти­я­сы­на деген халық нара­зы­лы­ғын жиі көріп жүр­генін айтқан қоғам бел­сен­дісі  «Қары­зым бол­ма­сын» деп, пар­тия бер­ген төс­бел­гі,  пар­ти­я­лық билет, үгіт-наси­хат киім­дерін кері тап­сы­ра­ты­нын айтқан.

«Бай­лық не керек – адал бол­ма­са, билік не керек – әділ­дік құр­ма­саң» деген сөздің жаны бар. «Нұр Отан­нан» кетем деп шешім қабыл­да­дым. Не бол­са да халы­қ­пен бір­ге болай­ын. Мен тек бір нәр­сені түсін­дім: «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­нан мәжілі­сте, сенат­та оты­рған­дар­дың көп­шілі­гі зей­нет­кер­лер. Олар лау­а­зым­ды бас­шы­лар, бұры­нғы министр, вице-министр болған­дар. Мүге­дек­тер үшін мәжіліс, мас­ли­хат­тар жабық секіл­ді. Екі аяғы­мыз кесіл­гесін, ақы­лы­мыз да қысқа­ра­тын болып тұр. Менің­ше, ойла­ры солай сияқты. «Қаланған кір­піш кәде­ге асқа­нын, қағы­лған шеге орнын тапқа­нын, жігіт­тің халы­ққа жаққа­ны – шырақ жаққа­ны деген сөз бар. Халқым аман бол­сын, ел аман бол­сын! Әділ­дік орна­сын!» – дей­ді Бір­жан мыр­за видеоүндеуде.

«Алтын жүрек» мара­па­ты­ның иегері Бір­жан Моря­кұ­лы 2017 жылы «Шапағат» медалі­мен мара­пат­талған. 2015 жылы ол «Демеу» мүге­дек­тер­ді қорғау қоға­мы­ның негізін қала­ды, ондағы мақ­са­ты – мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дар­ды қолай­лы жұмыс орны­мен қам­та­ма­сыз ету және жаңа маман­ды­қтарға оқы­ту арқы­лы өмір­дің бар­лық сала­ла­рын­да тең жағ­дай жасау бола­тын. Ол 2002 жылы қыз­мет­тік мін­дет­терін орын­дау бары­сын­да екі аяғы­нан айырылды.

Аrasha.kz

«ҚУАТ НАЙМАН»

үш жылға сотталуы мүмкін

  • Елге «Қуат Най­ман» деген атпен таны­мал қаза­қстан­дық ара­лас жек­пе-жек шебері Қуат Хами­тов өзіне қаты­сты сот оты­ры­сы өтіп жатқа­ны тура­лы хабар­ла­ма­дан кей­ін мәлім­де­ме жасады. 

Ол әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сын­да: «Егер күре­су­ге тұрар­лық дүние бол­са, жалғыз да май­дан­да жауын­гер», – деп жаз­ба қалдырды. 

Айта кетей­ік, өткен жыл­дың қыр­күй­ек айын­да спорт­шы көп­шілік­ті Ковид індетін тара­туға қаты­сы болуы мүм­кін деген тікұ­шақтар­ды атуға және дез­ин­фек­тор маман­дар­ды соққы­ға жығуға шақы­рған бола­тын. Бүгін­де осы­ған қаты­сты сот оты­ры­сы өтіп жатыр. Егер тағы­лған айып дәлел­ден­се, спорт­шы үш жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­луы мүм­кін. Ал сот оты­ры­сы­ның қоры­тындысы әзір­ге жарияланбады.

«

Берік Имашевқа АНТ ҚАБЫЛДАУ құқығын кім берді?

  • Осын­дай сұрақ­пен елге бел­гілі қай­рат­кер аза­мат Ауыт Мұқи­бек өзінің «Фейс­бук» желісін­де арнайы пост жазған еді. Онда ол 15 қаңтар күні ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жаңа­дан сай­ланған депу­тат­та­ры бер­ген ант­ты Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы Берік Има­шев­тың қабыл­да­уға қақы­сы жоқ дейді. 

Біз елде­гі орал­ман ағай­ын­дар про­бле­ма­сы­на қаты­сты үлкен мәсе­ле­лер қозғап жүр­ген ақын аза­матқа хабар­ласқа­ны­мы­зда: «Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­нан ант қабыл­дау – тек қана ел пре­зи­ден­тінің құзы­рын­дағы рәсім», деді ол. 

Ауыт мыр­за­ның уәжі – заң­ды. Бірақ Тоқа­ев­ты төмен­де­туді тұрақты тақы­ры­пқа айнал­ды­рған назар­ба­ев­тық «кіта­п­ха­на» ант қабыл­дау рәсі­мін ОСК төраға­сы­на нақақ жүк­те­гені – айдан анық мәсе­ле. Бұл – елдің иесі пре­зи­дент емес, Қауіп­сіздік кеңесінің қожай­ы­ны екенін құда­сы арқы­лы иша­рат қылған Назар­ба­ев­тың кезек­ті интригасы.

Айт­пақ­шы, «сай­лау» деген спек­такль­ге тый­ым сала алмаған және ант қабыл­да­удың қаси­ет­ті рәсі­мі был­дыр-был­дыр қаза­қ­ша­мен қой­ы­лы­мға айналған соң, біз де Тоқа­ев мыр­за­ның пре­зи­дент­ті­гіне төш­кі қой­дық. Бұдан былай «ДАТ» оны тек «Тоқа­ев» деген тегі­мен ғана атай­тын болады. 

«Бей­күнә» пре­зи­дент­ке ара­ша түс­кен Ауыт-ақын­ның «Фейс­бук­тағы» жаз­ба­сын төмен­де қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Ермұрат БАПИ

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пар­ла­мен­тi және оның депу­тат­та­ры­ның мәр­те­бесi тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 24-бабын­да «Ант қабыл­да­уды Пре­зи­дент өзі айқын­дай­тын тәр­тіп­пен жүзе­ге асы­ра­ды» – деп жазы­лған. Ал «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­тi тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 9‑бабында: «4) Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның Қаза­қстан халқы­на беретiн антын қабыл­дай­ды» – деп, депу­тат­тар­дың бер­ген антын қабыл­дау Пре­зи­дент­тің құзы­ретіне беріл­гені тіп­ті ашық көрсетілген.

Сон­да Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы Берік Има­шевқа Мәжілістің төрін­де оты­рып, депу­тат­тар­дың антын қабыл­дай­тын мұн­дай құқы­қты кім беріпті?!

Естеріңіз­де бол­сын, халық сай­лаған заң­ды Пре­зи­дент­тің Кон­сти­ту­ция және Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар­мен бекітіл­ген құқы­қта­ры мен құзы­рет­теріне ешкім­нің ешқа­шан қол сұғуға қақы­сы жоқ!!!

Жаңа сай­ланған депу­тат­тар бақыт­тан басы айна­лып жүріп, бұл заң­ды біл­меді делік. Алды үш, арты екі кезек­тен сай­ла­нып оты­рған ескі депу­тат­тар неге бұл заң­сызды­ққа жол береді?! Әлде олар да халы­ққа кім­нің алдын­да тұрып ант беретінін әлі түсін­бей ме?!

Заң тала­бын заң шыға­ру­шы орган­ның өзі бірін­ші болып сақта­уы керек қой! Әсіре­се Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Конституциясын!!

Сон­ды­қтан Мәжілістің VII шақы­ры­лым депу­тат­та­ры­ның бер­ген антын заң­сыз деп танып, бұл салт­ты Заң талап­та­рын сақтай оты­рып қай­та өткі­зу керек!

Ауыт МҰҚИБЕК, ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн