Суббота , 5 июля 2025

Тергеу департаментін КІМ ТЕРГЕЙ АЛАДЫ?

Қаза­қстан­да кез кел­ген күштік құры­лым­дар, әсіре­се жедел тер­геу топ­та­ры ара­сын­да бел­гілі бір орган­ның ішкі жағ­дай­ы­на қаты­сты былық-шылы­қты сыр­тқа шығар­мау тәр­тібін ұста­ну қағи­да­сы – бұрын­нан қалып­тасқан жағдай. 

Сон­ды­қтан Алма­ты қала­сы Эко­но­ми­ка­лық тер­геу депар­та­мен­ті жеке құра­мы­ның бір топ қыз­мет­кер­лерінің мем­ле­кет және Бас про­ку­ра­ту­ра бас­шы­лы­ғы аты­на жазған хаты­ның көшір­месі редак­ци­я­мы­зға келіп түс­кеніне таң қал­сақ та, хат­тың мәтінін­де баян­далған жайт­тарға еш таңы­рқаған жоқ­пыз. Өйт­кені хат­та жазы­лған жағ­да­ят­тар өзге де мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­да кең етек жай­ған. Бір­ден ескер­те кететін жайт – осы хат­тың негізін­де бұған дей­ін «Вре­мя» газетін­де мақа­ла жарық көр­ген бола­тын (https://time.kz/articles/territory/ 2019/05/15/kinzhal-burka-i-smartfon). Біз бол­сақ, әріп­те­стері­міздің сол жари­я­ла­ным­да айт­пай кет­кен жер­лерін толы­қты­рып, хат маз­мұ­нын­да есім­дері атал­май қалған адам­дар­ды жари­я­ла­у­ға бел будық. 

Хат мәтінін­де Алма­ты қала­сы Эко­но­ми­ка­лық тер­геу депар­та­мен­тінің (ЭТД) жеке құра­мы­ның бір топ өкілі аталған меке­ме­де болып жатқан былы­қтар­ды баян­дап, мем­ле­кет бас­шы­лы­ғы­нан жағ­дай­ды рет­те­у­ге ара­ла­су­ды сұрай­ды. Заң мен әділ­дік тұрғы­сы­нан қараған­да, көтеріл­ген мәсе­ле­ге орай бір­ден тиісті құзыр­лы тек­се­ру тобы құры­лып, хат­та баян­далған фак­тілер­ді теріс­ке шыға­ру неме­се оны рас­тау әре­кет­тері жаса­луы тиіс еді. Бірақ Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да заң­ды­лық пен әділ­дік­ке қол жет­кі­зудің қан­ша­лы­қты күр­делі екенін айтып жату артық болар. Сон­ды­қтан бұл жағ­дай­дың соңы Қаза­қстан­да қалып­тасқан заң­сыздық бағы­тын­да өрші­ген екен. 

Иә, көп ұза­май Алма­ты қала­сы­ның ЭТД-іне тек­се­ру тобы келіп, қыз­мет­тік тек­серіс жүр­гі­зе бастай­ды. Бірақ ол тек­серіс хат­та баян­далған сорақы жайт­тар­ды емес, сол хат­тың автор­ла­рын аны­қта­уға бағыт­тал­ды. Сал­да­ры­нан хатқа қаты­сы бары да, жоғы да әртүр­лі себеп­тер­мен жұмыстан қуы­лып, кей­бірі тіп­ті шетел­ге қашып кету­ге мәж­бүр болған. 

Хат­та не айты­лған дей­сіз ғой? Сол баяғы жүй­елі жемқор­лық пен қыз­мет бабын асы­ра пай­да­ла­ну­шы­лық кез кел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­те кең тараған жағ­дай: таныс-тамыр­дың қыз­мет­тік өсуі және сол «блат­ной» қыз­мет­кер­лер­дің жұмыс жүгін «қара жұмыс­кер­лер­ге» артып қою, бас­шы­лы­қтың той-думанға әуе­сті­гі мен қыз­мет­тік сорақы­лы­қтар. Қарап отыр­саңыз, отан­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет – баяғы жар­тас, сол жар­тас кей­пін­де қалып отыр. Билік­тің бүкіл тіз­гінін өз қолын­да ұстаған бұры­нғы пре­зи­ден­ті­міз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жемқор­лы­қты құр­туға сөз жүзін­де қан­ша тал­пын­са да, іс жүзін­де қолы­нан кел­меді. Сол себеп­ті Назар­ба­ев жасай алмаған күрес жаңа пре­зи­дент Тоқа­ев­тың қолы­нан келеді деу­ге сену қиын. 

Хат­тың мәтініне сенер бол­сақ, Алма­ты қала­сы­ның Эко­но­ми­ка­лық тер­геу депар­та­мен­тін­де­гі қыз­мет­тік қиын­шы­лы­қтар мен өрес­кел жағ­дай­лар осы меке­ме­ге Бекзат Усе­но­втың және оның «коман­да­сы­ның» келуі­нен басталған. Усе­но­втың кім екеніне кей­інірек тоқта­ла­мыз. Әзір­ше тек­се­ру комис­си­я­сы тура­лы айтып өтейік. 

«Аста­на­дан тек­се­ру­ге кел­ген Мем­ле­кет­тік кіріс коми­тетінің комис­си­я­сы баста­пқы­да жұмыста­рын тәп-тәуір бастап, біраз жұмыстың шаңын көтер­ді. Алай­да комис­сия мүше­леріне жай­ы­лған дастар­хан, мон­ша және көр­сетіл­ген сый-сыя­пат­тан кей­ін, олар­ды таны­май қал­дық. Хаты­мы­зда көр­сетіл­ген заң бұзу­шы­лы­қтар жай­ы­на қал­ды. Одан қал­ды, жеке құрам­ды мәж­бүр­лі түр­де «поли­граф­тан» өткізіп, шағым­да­ну­шы­лар­дың өздерін аны­қтай баста­ды» – деп, көр­сетіл­ген хатта. 

Соны­мен қатар хат­тың біраз бөлі­гі Бекзат Усе­но­втың орын­ба­са­ры Адай Ниг­ма­ту­лин­ге арналған. Ол бұрын өзі­мен бір­ге жұмыс жасаған сенім­ді 15 қыз­мет­керін ЭДТ-іне алып кел­ген. Сол мезет­тен бастап жеке құрам ара­сын­да «өзі­міздікі» және «бөтен­дер» деген жік­те­лу басталған. Ниг­ма­ту­лин қол астын­дағы­лар­дан «қомақты істер­ді» – мем­ле­кет­ке кел­тіріл­ген зиян мөл­шері 50–100 млн тең­ге­ден кем түс­пей­тін қыл­мыстар­ды ашу­ды талап ететін болған. Алай­да ондай қыл­мыстар­ды қалай ашу керекті­гін жетік түсін­ді­ре алмаған. 

Есесіне жүр­ген жерін­де өмірінің 14 жылын жедел қыз­мет­ке арнаға­нын мақта­ны­шпен айту­дан ары­ға аспаған. Бұған қоса, жұмыс жиын­да­ры кезін­де алып кел­ген «өз адам­да­рын» үне­мі мақтап, «өзге­лер­ді» жер­мен жек­сен етіп оты­ру­ды әдет­ке айнал­ды­рған. Хат автор­ла­ры­ның пай­ы­мын­ша, Ниг­ма­ту­лин­нің де және оны­мен бір­ге еріп кел­ген қыз­мет­кер­лер­дің де мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке қаты­сты қыл­мыстар­мен жұмыс жасау тәжіри­бесі бол­маған. Олар тек жасы­рын ойын авто­мат­та­ры мен астыр­тын цех­тарға бай­ла­ны­сты көлең­келі эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­мен жұмыс жасап келген. 

Депар­та­мент­тің әрбір жедел басқар­ма­сын­да түр-түсі әде­мі, денесі сым­бат­ты жедел аға уәкіл болып тір­кел­ген сұлу қыз-келін­шек­тер бар. Шын­ды­ғын­да, олар қыл­мысты ашу­мен емес, шай-кофе әзір­леу, база­рға барып келу секіл­ді ұсақ-түй­ек қыз­мет­тер­мен айна­лы­са­ды. Ал бас­шы­лар­дың қыз­мет­тік бөл­ме­лері кон­ди­ци­о­нер, тоңа­зы­тқыш, жер­серік­тік теле­ви­де­ние, қым­бат жиһаз­дар­мен жаб­ды­қталған. Бас­шы­лы­ққа жақын қыз­мет­кер­лер жұмыста серу­ен құрып, алко­голь­дік ішім­дік­тер­ге әуе­стеніп жүр­ген кез­де олар­дың жұмысын «қара жұмыс­шы» қыз­мет­кер­лер атқарады. 

Үсті­міз­де­гі жыл­дың 19 сәуірін­де Ниг­ма­ту­лин­нің туған күні ата­лып өте­ді (фото­сы). Әрине, жедел-тер­геу қыз­мет­кер­лері ара­сын­да кең тараған «каби­нет­тік нұсқа­мен» жай­ы­лған дастар­хан мен басты­ққа тап­сы­ры­лған сый­лы­қтар ағыл-тегіл болған. 

Хат­тың автор­ла­ры: «Ниг­ма­ту­лин­ге сый­ға тар­ты­лған қым­бат смарт­фон­нан бөлек, оның үстін­де­гі киім мен қан­жар Шешен­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан арнайы тап­сы­ры­спен алды­ры­лған» – деп жаза­ды.  Осы орай­да әле­умет­тік желі­де бай дастар­хан төрін­де думан­да­тып, сол үшін жұмыстан боса­ты­лған Бай­қоңыр қала­сы­ның про­ку­ро­ры Аза­мат Баян­бай­ұ­лы еске түседі. Сон­да про­ку­рор Баян­бай­ұлы­на салы­нған тый­ым Ниг­ма­ту­лин­ге рұқ­сат етіл­ген бе деген сұрақ туады. 

Оның жау­а­бын біз өзі­міздің инсай­дер­лік дереккөз­бен болған әңгі­ме бары­сын­да тап­тық. Адай Ниг­ма­ту­лин­нің тай­раң­дап жүруінің аста­рын­да оның Бекзат Усе­нов­пен жақын досты­ғы себеп болған сияқты. Өйт­кені Бекзат – анау-мынау емес, елба­сы­ның туған інісі Болат Назар­ба­ев­тың туған күй­еу баласы. 

Ал Ниг­ма­ту­лин­нің шек­тен шыққан ісі Қаза­қстан­ның бас про­ку­ро­ры Ғизат Нұр­дау­ле­тов пен сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет бас­шы­сы Әлік Шпек­ба­евқа «қызы­ғу­шы­лық» туды­рға­ны­мен, оның артын­да тұрған Бекзат Усе­нов­ке тістері бата алмай­ды. Оның да себебі айқын – «Болат Назар­ба­ев» деген атау бүгін­де кез кел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет лау­а­зы­мы­нан жоға­ры екені мәлім. Ал елде қалып­тасқан жағ­дай бой­ын­ша, «Болат Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы» деген «лау­а­зым» бүгін­де Қаза­қстан­ның билік иерар­хи­я­сын­да қалып­тасқан атаққа айна­лып бара жатқа­ны да аса құпия жағ­дай емес… 

Сон­ды­қтан ұры-қары мен күй­еу бала­лар­дың зама­ны сай­ран құрып тұрған шақта әділ­дік іздеу – бекер машақат болар. Бар үміт тек пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сөзін дәт­ке қуат ету­мен ғана шек­теліп тұр. 

  • «Сыбай­лас жемқор­лық – өте күр­делі құбы­лыс. Былай айтқан­да, дерт деп те айтуға бола­ды. Бат­пан­дап кіретін, мысқал­дап шыға­тын кесел. Сон­ды­қтан бұл дерт­пен мін­дет­ті түр­де бәрі­міз қоғам болып күре­суі­міз керек. Әйт­пе­се кеш болып қалуы мүм­кін. Сыбай­лас жемқор­лы­қтың кесірі­нен  алып мем­ле­кет­тер, ірі мем­ле­кет­тер құлаға­нын бәрі­міз біле­міз, куә бол­дық», –- деп айтқан еді мем­ле­кет басшысы. 

Ал пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мын сай­лау арқы­лы заң­да­сты­рған Тоқа­ев мыр­за­ның тісі «Болат Назар­ба­ев», «Бөке» неме­се «БН» деген «лау­а­зы­мы» бар ада­мға бата ма, жоқ па – оны ел пре­зи­ден­тінің жемқор­лы­қты түп-тамы­ры­мен құр­туға бағыт­та­луы тиіс жуық маң­дағы әре­кеті айқын­да­са керек… 

Сырым ДАТОВ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн