Пятница , 4 июля 2025

«ТЕРЕҢДІКТІҢ МАМАНЫ»

  • Сүң­гуір қай­ы­қтағы үш жыл­дың өмір­лік өнегесі

Ермұрат досым депу­тат­тық сай­ы­сқа түсіп жатыр деген хабар­ды естіп, өзім іздеп жүріп оқи­тын «ДАТ» газетінің редак­ци­я­сы­на хабар­ла­сып отыр­мын. Себебі – еке­уі­міз көріс­пе­гелі 35 жылға жуық уақыт өтті, тір­шілік­тің соңын­да жүріп, бір-бірі­міз­ден хабар­сыз кет­кен едік.

Мен соңғы рет Ермұрат­ты 1988 жылы Шығыс Қаза­қстан облы­стық «Ком­му­низм туы» газетін­де қыз­мет істеп жүр­ген кезін­де іздеп барған едім. Одан кей­ін мен Өске­мен­де қал­дым да, Ермұрат Алма­ты­ға – «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» газетіне ауы­сып кетті.

Ал еке­уі­міздің Әске­ри теңіз фло­тын­да қатар қыз­мет етіп, аза­мат­тық боры­шы­мы­зды өтеп қай­тқа­лы да 43 жыл болып­ты. Өмір зыр­лап өтіп жатыр…

Вла­ди­во­сток қала­сын­да сүң­гуір қай­ы­қтың «учёб­ка­сын­да» 6 ай бір­ге оқы­дық. Куб­рик­те­гі төсе­гі­міз де қатар бол­ды. Қар­ны­мыз ашқан­да, бір жапы­рақ нан­ды бөліп жей­тін едік.

Кей­ін «под­лод­каға» түс­кені­міз­де, эки­па­жы­мыз екі бөлек бол­са да, Тынық мұхит фло­ты­ның Кам­чат­ка фло­ти­ли­я­сын­да бір бри­га­да­да үш жыл қыз­мет еттік. Сүң­гуір қай­ы­ғы­мыз теңіз­ден – «бое­вой поход­тан» неме­се «авто­ном­ка­дан» оралған­да, бір-бірі­мізді іздеп барып, мәре-сәре болу­шы едік. Жасы­ра­ты­ны жоқ, теңіз­ден алып кел­ген «сарқы­ты­мы­зды» (сүң­гуір қай­ы­қта тәбет ашу үшін күн сай­ын шарап беретін) ортаға қой­ып, туған жер­ді, елде қалған қыз-қырқын­ды еске алып, ұза-а-ақ отыратынбыз…

Ермұрат өз өлең­дерін оқи­тын. Мұқаға­ли­дың бір кіта­бын жатқа айта­тын. Кей­ін­нен ғой ақын­ды­ғын тастап кет­кені, әйт­пе­се менің ауыл­да қалған қызы­ма да арнап бірер өлең жазып бер­гені бар. Бірақ еке­уі­міздің де «алға­шқы махаб­ба­ты­мыз» үш жылға шыда­ма­ды… «Сарқыт­ты» сіміретіні­міз де содан болған шығар…

Кей­ін­нен, әскер­ден оралған соң мен одан: «Өлең жазу­ды неге қой­ып кет­тің?» дегенім бар. Сон­да Ере­кең: «Бір қыздың басын бай­лап тастай алмаған ақын­ды­қтың әкесінің аузын!..» – деп жау­ап бер­ген еді.

Қайы­қты су асты­на түсіріп, терең­ге сүң­гуіне Ермұрат еке­уі­міздің маман­ды­ғы­мыз тіке­лей қаты­сты бол­ды. Су астын­да «ста­би­ли­за­ци­я­ны» сақтай­ын да боц­ман мен біз­дер едік. 100–150 метр тереңдік­те, тіп­ті кей­де коман­дир қажет десе, 200 метр­ге дей­ін­гі тұңғиы­қта қай­ы­қтың сал­мағын тереңдік­ке сәй­кес қалып­ты жағ­дай­да ұстау – біз басқа­ра­тын аспап­тар мен меха­низмдер арқы­лы жүзе­ге асады.

Ең басты­сы – қай­ы­қтың тір­шілі­гін (живу­честь) қам­та­ма­сыз ететін, өрт­тен қорғап, апат суы­нан сақтай­тын – тағы да біз. Сон­ды­қтан біздің маши­ни­стер қай­ы­қта ең қадір­лі коман­да саналатын.

Ермұрат өз маман­ды­ғы­на зерек бол­ды. Бір жыл­дан кей­ін стар­ши­на атағын алып, бөлім­ше басқар­ды. Су астын­дағы тереңдік­ті сақта­уға бір­ден-бір жау­ап­ты – Ермұрат басқарған әске­ри пост. Ол коман­дир бел­гіле­ген тереңдік­ті плюс-минус бір метр айыр­ма­шы­лы­қ­пен ұстап тұра­тын шебер маман бол­ды. Ал бел­гі­лен­ген тереңдік­ті сақтау, сол тұңғиы­қта қай­ы­қты ұстап тұру – бұл «под­лод­ка­ның» әске­ри қажет­тілі­гін аны­қтай­тын ең бірін­ші талап болатын.

Ермұрат­тың эки­паж коман­ди­рі, екін­ші ран­га­лы капи­тан Полю­тов деген Көк­ше­та­уда туған, қара­мағын­дағы бір­лі-жарым қаза­қты қат­ты қадір­лей­тін еді. Ермұрат­ты жақ­сы көр­гені сон­дай, бата­ре­я­лар­ды қуат­тан­ды­ру үшін, қай­ық су бетіне түн­де­летіп қалқып шыққан­да, «Мара­та на мостик!» деп, жоға­ры­ға көтерілу­ге коман­да беретін. Қалай қалып­та­сып кет­кенін өзі де біл­мей­тін шығар, Ермұрат­тың эки­паж­дағы аты Марат еді.

Ал коман­ди­рінің Ермұрат­ты мостикке шақы­ра­ты­ны – жер­лесі таза ауа жұтып, темекі тар­тып алсын деген ой еді. (Қай­ы­қта темекі тар­туға қатаң тый­ым салы­на­ды). Теңіз бетін­де коман­дир­мен қатар тұрып, әңгі­ме-дүкен құрып, шылым шегу – эки­паж­дағы екінің біріне бұй­ыр­май­тын бақыт болатын.

Сол Полю­тов Ермұрат­ты «глу­бин­ный спец» – «тереңдік­тің мама­ны» деп атай­тын. Дәл айтқан екен – Ермұрат өмір теңізінің тереңді­гін әлі күн­ге сақтап келеді. Оның сана­лы өмір жолын­да таяз іс-әре­кет жоқ. Ел қамы үшін терең бой­лап, қыз­мет қылу – ер адам­ның нағыз аза­ма­ты­на ғана қона­тын қаси­ет шығар.

«Так дер­жать глу­би­ну, главстаршина!».

Серік АҚТАЕВ, сүң­гуір қай­ы­қтың запас­тағы старшинасы,

Өске­мен қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн