Вторник , 13 мая 2025

ТЕҢГЕ НЕЛІКТЕН ТЕҢСЕЛІП КЕТТІ?

Қаза­қстан­ның қар­жы нары­ғы тағы да тең­генің құл­ды­ра­уы­нан туын­даған тұрақ­сызды­қ­пен бет­пе-бет кел­ді. Әрине, ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Нұр­лан Бай­ба­за­ров бұл жағ­дай­ға қаты­сты «ешқан­дай дефолт күтіл­мей­ді» деп мәлім­де­ме жаса­ды. Бірақ бұл сөз­дер­ге сену­ге бола ма?

Мини­стр­дің айтқан­да­ры бір қараған­да дұрыс секіл­ді. Қар­жы жүй­есінің тұрақты­лы­ғы, мем­ле­кет­тік резерв­тер­дің жет­кілік­тілі­гі және импор­тқа тәу­ел­ділік­ті азай­ту бой­ын­ша жұмыстар­дың жалға­суы құлаққа жағым­ды естіледі. Алай­да мұн­дай мәлім­де­ме­лер бұған дей­ін де жасалға­нын еске алай­ық. Соған қара­ма­стан, ұлт­тық валю­та­ның тұрақты­лы­ғы қам­та­ма­сыз етіл­мей келеді.

Кім ұта­ды, кім ұтылады?

Тең­генің әлсіре­уі қара­пай­ым халы­ққа ауыр тиетіні жасы­рын емес. Қазір­дің өзін­де дол­лар­мен бір­ге тау­ар­лар баға­сы да өсіп жатыр. Импорт­тық тау­ар­лар­дың қым­бат­та­уы бірін­ші кезек­те қара­пай­ым тұты­ну­шы­лар­дың қал­та­сы­на сал­мақ түсіреді. Әсіре­се күн­делік­ті өмір­де қажет құры­лыс мате­ри­ал­да­ры, тех­ни­ка және азық-түлік­ке жат­пай­тын тау­ар­лар­дың баға­сы шары­қтап, халы­қтың сатып алу қабілеті төмендейді.

Екін­ші жағы­нан, валю­та баға­мы­ның ауы­тқуын тиім­ді пай­да­ла­нып жүр­ген бел­гілі бір топ­тар бар. Бұл – экс­порт­тық бағыт­тағы ком­па­ни­я­лар мен валю­та нары­ғын­дағы алып-сатар­лар. Олар үшін тең­генің құл­ды­ра­уы – табысқа жетудің тағы бір мүм­кін­ді­гі. Ал қара­пай­ым халық ше?

Министр импор­тқа тәу­ел­ділік­ті азай­ту бой­ын­ша жұмыстар­дың жүріп жатқа­нын айт­ты. Бірақ бұл уәде жыл­дар бойы айты­лып келеді. Құры­лыс мате­ри­ал­да­ры, тех­ни­ка және жаб­ды­қтар сала­сын­дағы тәу­ел­ділік қалай­ша әлі күн­ге дей­ін шешіл­мей келеді? Нақты қан­дай жоба­лар жүзе­ге асы­ры­лып жатқа­ны тура­лы ашық ақпа­рат жоқ. Бұл бағыт­тағы жұмыстың баяу жүруі үкі­мет­тің эко­но­ми­ка­лық стра­те­ги­я­сы­ның әлсізді­гін көрсетеді.

Үкімет уәдесіне сену­ге бола ма?

Нұр­лан Бай­ба­за­ров «валю­та баға­мы­ның ауы­тқуы әрдай­ым болып тұра­ды» дей­ді. Иә, бұл – қалып­ты құбы­лыс. Бірақ тұрақ­сызды­қтың себеп­тері мен оның халы­ққа әсерін азай­ту жол­да­ры тура­лы сөз қозғаған жоқ. Жаһан­дық нары­қта тұрақ­сыздық бол­са да, мем­ле­кет­тің мін­деті – ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны сыр­тқы фак­тор­лар­дың ықпа­лы­нан қорғау.

Тең­ге баға­мы­ның құл­ды­ра­уы тек эко­но­ми­ка­лық емес, әле­умет­тік мәсе­ле екенін ескер­ген жөн. Халы­қтың сені­мі тек құрғақ уәде­лер­мен емес, нақты іс-әре­кет­тер­мен ояна­ды. Егер үкі­мет бұл мәсе­лені шешу­де батыл шара­лар қабыл­да­ма­са, «ешқан­дай дефолт күтіл­мей­ді» деген мәлім­де­ме бос сөз болып қалуы мүмкін.

Тең­генің құл­ды­ра­уы – эко­но­ми­ка­мы­здағы жүй­елік мәсе­ле­лер­дің көрінісі. Бұл жағ­дай­ды сыр­тқы фак­тор­лар­мен ғана түсін­діру­ге бол­май­ды. Үкі­мет импор­тқа тәу­ел­ділік­ті азай­ту, жер­гілік­ті өндірісті дамы­ту, халы­қтың сатып алу қабілетін сақтау сияқты бағыт­тар­да нақты әрі нәти­желі шара­лар­ды қолға алуы тиіс.

Мына Үкі­мет­ке халы­қтың сені­мі азай­ып бара­ды. Сенім жоқ жер­де құр­мет те бол­май­ды. Серік ЖҰМАБАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн