Суббота , 5 июля 2025

ТЕҢДІГІМІЗДІ ТАЛАП ЕТЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ!

Мен мұнай­лы өлкенің бай­ы­рғы тұрғы­ны ретін­де мұнай-газ сала­сы­нан азды-көп­ті хабар­дар болған­ды­қтан, «қара алтын» өндірісі жөнін­де өз ой-пікір­лерім­ді бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да талай рет көтер­дім. Жазған-тер­генім­ді жинақтап, «Мұнай­ым бар – мұңым бар» атты кітап та шығар­дым. Бірақ мұнай­лы аймақтың халқы­на бәрібір екен. «Сен тиме­сең, мен тимен – бады­рақ көз» дегендей.

Менің көп жылғы жүр­гіз­ген есебім­ше, еге­мен­дік алған­нан бастап 2015 жылға дей­ін тәу­ел­сіз елі­міз­де ата-баба­ла­рым­ның білек­тің күші­мен, най­за­ның ұшы­мен қорғап, кей­ін­гі ұрпаққа мирасқа қал­ды­рып кет­кен жері­нен кем деген­де 1,5 мил­ли­ард тон­наға жуық мұнай өндіріл­ді (бүгін­гі таң­да шама­мен бар­лы­ғы 2 мил­ли­ард тон­наға жуық «қара алтын» өндіріл­ді деу­ге негіз бар). Бұл – факт. Егер де қар­сы­лар бол­са, мен нақты деректер­мен дәлел­де­у­ге дайынмын. 

Сон­да осын­дай шаш-етек­тен өндіріл­ген мұнай­дың құны қан­ша қар­жы­ға баға­ланға­ны (трил­ли­он дол­лар­дан кем емес деу­ге әбден бола­ды), қай­да жұм­салға­ны бұл халы­қты неге ойлан­дыр­май­ды? Бүгін­гі заман­да ғалам­тор­дағы нақты деректер­ді ешкім­нен жасы­ра алмай­сың (өндіріл­ген мұнай­дың көле­мі бел­гілі, әлем­дік нары­қтағы «қара алтын­ның» орта­ша баға­сы тағы да бел­гілі). Бұн­дай ағыл-тегіл дүние елі­міздің эко­но­ми­ка­сын әрта­рап­тан­ды­руға неге сеп­ті­гін тигіз­беді? Егер де ұтым­ды да, тиім­ді пай­да­ланған­да, дамы­ған елдер­дің қата­рын­да болар едік деп арман­да­удан басқа амал жоқ. 

Осын­ша­ма ұшан-теңіз бай­лы­қты кім­дер және қалай талан-тара­жға сал­ды? Қазір­гі мил­ли­ар­дер­лер мен мил­ли­о­нер­лер аяқа­сты­нан қалай пай­да бол­ды? Аспан­нан сал­бы­рап түсті ме? Ал менің азып-тозып жүрісім мынау деген­дей, адам­да ойтүрт­кі болу керек емес пе? Билік бол­са, олар­ды тәр­би­е­леп, мәпе­леп өсіріп, осын­дай дәре­же­ге біз жет­кіздік деп күпі­неді. 2000-жыл­дар­дың басын­да біздің билік халы­қты «өтпе­лі кезең­нен өтіп жатыр­мыз, әлі шыдай тұры­ң­дар» деп алдарқат­ты. Сөй­те тұра, кей­бір пысы­қай­лар ұрлы­қ­пен былғанған капи­та­лын, басқа да тыққан-мыққан мүлік­терін екі мәр­те (2001, 2006 жж.) асы­ғыс өткен лега­ли­за­ция нәти­же­сін­де заң­да­сты­рып, мил­ли­ар­дер ата­нып шыға кел­ді. Жал­пы әлем­дік тәжіри­бе­де мұн­дай капи­тал­ды заң­да­сты­ру үрдісі бар. Бірақ біз­де­гі­дей опыр-топыр, асы­ғыс өтпей­ді. Ал біздің елде осын­дай адам сен­гісіз мол бай­лы­қтың (жыл сай­ын 80 млн тон­на­ның шама­сын­да мұнай өндіріледі, бір бар­релі – 147 дол­ларға дей­ін шары­қтаған кез бол­ды) үстін­де оты­рған халық әлі күн­ге дей­ін тыр жалаңаш. Бұның себебі неде? 

Былты­рғы жылғы қара­ша айын­да мәжілі­сте өткен үкі­мет саға­тын­да сол кез­де­гі еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Мәди­на Әбілқа­сы­мо­ва­ның айтқан деректеріне үңіліп көрей­ік­ші: елі­міз­де халы­қтың 4,7 пай­ы­зы – 504 мың адам кедей­лік шегін­де өмір сүреді және олар­дың әрбіріне ата­у­лы әле­умет­тік көмек ретін­де мем­ле­кет­тен айы­на 14 мың тең­ге­ге дей­ін ақша төле­неді («ДАТ» газеті, 8.11.2018 ж.). Қалай­ша ішің өртен­бей­ді? Мұнай­дан түсетін қара­жат­ты шама­лап бол­са да біле­міз ғой. Ол қай­да кетіп жатыр? Он төрт мың тең­ге­ден көмек беріл­ді деп, ауы­зда­ры қисай­май қалай айта­ды? Сон­да дей­мін-ау, адам­ның түсіне кіретін мол дүниені (мұнай-газ­дан басқа­сын былай қой­ған­да) азған­тай халы­ққа жет­кі­зе алмай­тын­дай, бұл билік­ке не күн туды? Қарап отыр­сақ, қазір де эко­но­ми­ка­сы оңып тұр­маған Ита­лия елін­де кедей­шілік шегі ретін­де берілетін жәр­де­мақы 780 евро, «санк­ци­я­мен» бай­ланған көр­ші­міз Ресей­де – 300 дол­лар. Ал біздің мем­ле­кет­те­гі өткен жылғы ата­у­лы әле­умет­тік көмек ретін­де төлен­ген мар­дым­сыз тең­гені сол мезет­те­гі дол­лар баға­мы­на шаққан­да, 38–40 дол­лар­дың шама­сын­да. Бұдан артық қан­дай қор­лық керек?

Бұрын­да­ры елі­міз­де 5 пай­ы­здың төңіре­гін­де жұмыс­сыздар бар дей­тін еді, енді кедей-кеп­ші­гінің өзі бес пай­ы­зға жақын­да­ды. Жұмыс­сыздар қата­ры күн­нен-күн­ге көбей­іп, оларға өзін-өзі асы­рай­тын­дар қосы­лып (бұлар­ды да жұмыс­сыздар сана­ты­на қосуға әбден бола­ды), жал­пы алған­да, бар­лы­ғы­ның қара­сы 30–40 пай­ы­зды жоба­лап қал­ды. Бұл нені көр­се­те­ді? Бұл халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы күрт нашар­лап, күнөл­тісі құл­ды­рап бара­ды деген сөз. Құл­ды­ра­маған­да не істесін, мұнай-газ өндірісінің 40 пай­ы­зға жуы­ғын Қытай иелен­се, алтын мен уран өндірісінің акци­я­ла­рын Ресей­дің жеке мен­шік ком­па­ни­я­ла­ры сатып алып жат­са. Бұл фак­тілер тек бер жағы ғана. 

«Алтын» демек­ші, интер­нет­те­гі ашық ақпа­ратқа үңіл­сек, Қазақ елінің қорын­да, өткен жылғы дерек бой­ын­ша, бар болға­ны 342 тон­на алтын бар екен. Оның нары­қтағы құны мем­ле­кеті­міздің жар­ты жыл­дық бюд­жетіне де жет­пей­тін көрі­неді (мұнай қорын­дағы қара­жат­тың жетісіп тұрға­ны да шама­лы). Ал алпа­уыт елдер­дің қор­ла­рын­да алтын мың­даған тон­на­мен өлше­неді. Мыса­лы, дереккөз АҚШ қорын­да 8 мың тон­на­дан астам алтын бар деп көр­се­те­ді («Жас Алаш», 22.11.2018 ж). Біздің билік бол­са, керісін­ше, алтын кен орын­да­рын сауда-сат­ты­ққа салуда. 

Яғни, біліксіз басқа­ру­дың сал­да­ры­нан эко­но­ми­ка­да қар­жы тап­шы болған соң, үкі­мет бюд­жет­тің қар­жы­сын алтын­ды сыр­тқа сату арқы­лы толы­қты­ру­да. Қазы­на­ның тап­шы­лы­ғы­нан елде­гі зей­не­тақы­ның мөл­шері де басқа елдер үшін күл­кілі мөл­шер­де төле­неді. Мәсе­лен, жер көле­мі Қазақ елінің бір аймағы­мен ғана пара-пар Дания мем­ле­кеті 2800 дол­лар көле­мін­де зей­не­тақы төле­се, Фин­лян­дия – 1900 дол­лар, Нор­ве­гия – 1550 дол­лар, Изра­иль – 1350 дол­лар, Гер­ма­ния – 1200 дол­лар береді. Ал біздің елде­гі кедей-кеп­шік­тер өліп-талып зей­нет жасы­на жет­кен­де, ары кет­кен­де 250–300 дол­лар зей­не­тақы­ға қанағаттанады. 

Соңғы жыл­да­ры біздің билік­тің әдет­ке айнал­ды­рған жаңа­лы­ғы – жыл сай­ын зей­не­тақы­ны 7–8 пай­ы­зға өсіріп, бұқа­ра халы­қты алдарқа­ту. Яғни, «итке сүй­ек тастаған­дай» алдам­шы тиын-тебен­ге мәз боламыз. 

Осын­дай мар­дым­сыз ақшаға мәз болып жүр­гені­міз­де, билік­те­гі той­ым­сыздар жеке­ше­лен­дірудің «екін­ші кезеңі» деп, стра­те­ги­я­лық маңы­зды өнер­кәсіп орын­да­рын құлқын­да­ры­на қылғы­ту үшін жан­та­ла­су­да. «Қаз­Мұ­най­Газ», «Қаза­қстан Темір Жолы», «ҚазА­то­мӨ­нер­кәсіп» (құра­мын­да МАЭК те бар), т.б. елдің тір­шілі­гіне қажет­ті нысан­дар­дың қомақты мөл­шері «инве­стор» деп ата­ла­тын қуларға пышақ үсті­нен саты­лу­да. Менің­ше, билік­тің «инве­стор­лар» деп жүр­ген­дері – өзі­міздің ұры шене­унік­тері­міздің көлең­ке­лері, яғни Гон­конг пен Дубай неме­се Оңтүстік Шығыс Азия елдерін­де жасы­рын атпен тір­кел­ген ком­па­ни­я­ла­ры бар­лар. Біздің заң­сыздық пен әділет­сіздік етек жай­ған елге дені дұрыс, яғни адал инве­стор­лар кел­мей­ді. Себебі біз­де­гі­дей былық-шылы­ққа олар қол­да­рын былғамайды. 

Демек, «инве­стор­лар­дың» көп­шілі­гі өзі­міздің кәні­гі ала­яқтар. Яғни, Ота­ны­нан ұрлаған капи­та­лын өз еліне кері әкеліп жара­тып жүр­ген­дер. Әйт­пе­се «жілік­тің май­лы басын­дай» ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың үлесін, мил­ли­ард­таған қар­жы тұра­тын ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­ла­рын кім көрін­ген көк атты­ға көз­дері қиып қалай сата­ды? Біздің елде­гі сауда-сат­ты­қтың мән-жайы бел­гілі емес пе? 

Айт­пақ­шы, сауда-сат­тық демек­ші, 1997 жылы «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» (ММГ) жеке­ше­лен­діріп, акци­я­ла­рын индо­не­зи­я­лық инве­стор «Сен­трал Азия Пет­ро­ле­ум-ЛТД» ком­па­ни­я­сы сатып алды деп, билік жер­гілік­ті халы­қты бір шулат­ты. Бірақ маңғы­ста­улы­қтар ком­па­ни­я­ның дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы Рашид Сар­се­но­втан басқа индо­не­зи­я­лық бас­шы-қос­шы­лар­ды көр­ген жоқ. Дұры­сын­да, сатып алған жаңа қожай­ын өз капи­та­лы­на иелік етпей­тін бе еді?! Содан, 2000-жыл­дан бастап «ММГ» бір­не­ше рет саудаға түсіп, талай­лар­дың қой­ын-қоны­шын дол­лар­мен тол­тыр­ды. Ең соңын­да қытай­лар­мен ауыз жала­сып, оны кезек­пен басқа­ра­тын бол­ды. Бұл жер­де де бір кіл­ти­пан бар сияқты. Алға­шқы саудаға түс­кен­де, «ММГ»-ның құны бар­лық «актив-пас­сив­тері­мен» 300 млн дол­ларға жуық қар­жы­ға баға­ланған-ды (сол кез­де­гі кіріс мини­стрі Зей­нол­ла Кәкім­жа­но­втың деректері біраз мәсе­ленің бетін айдай қыл­ды). Сон­дай-ақ «Қара­жан­бас­мұ­най» кәсі­пор­ны жеке­ше­лен­ген­нен кей­ін қол­дан-қолға өтті. Ақы­рын­да қытай­лар­мен бөлісті. Бұл кәсі­по­рын­ның да қай­та-қай­та саудаға түсуі де жай­дан-жай емес. Міне, біздің елде­гі сауда­ның сиқы: тек қытай­мен ғана ауыз жала­сып жатыр­мыз. Қытай­сыз мұнай-газ өнді­ре алмай­тын күй­ге жет­тік пе, қаза­қтар пат­ша­лық Ресей кезін­де де, сонау 1911 ж. бастап Дос­сор, Мақат кені­ш­терін­де мұнай өндіруді игер­ген жоқ па еді?! 

Әрине, бұл сауда-сат­ты­қтың себебін елде­гі қар­жы тап­шы­лы­ғы­на сіл­тей­тін­дер бар, бұл – медаль­дің бір жағы ғана. Ал екін­ші жағы – қайт­кен күн­де де «май­лы жілік­ті» инве­стор­дың аты­мен жеке­ге өткізіп, өздерінің иелік­тері­нен шығар­мау. Мыса­лы, билік әне­бір жыл­да­ры «Өзен­мұ­най­газ» бен «Ембі­мұ­най­га­з­ды» қосып, «Қаз­Мұ­най­Газ» Бар­лау Өнді­ру» акци­о­нер­лік қоға­мын құр­ды. Сол уақыт­та Жаңаө­зен қала­сын­да бірқа­тар жиын­дар өтіп, бұл жаңа құры­лы­мға қар­сы шара­лар өтті. Билік бол­са, бәрі дұрыс бола­ды, қала­ның әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы жақ­са­ра­ды, мұнай­шы­лар­дың табыст­а­ры өсіп, күнөл­тісі өзге­реді деп алдарқат­ты. Бәрібір халы­қты тың­даған ешкім болған жоқ, билік өз деген­дерін істеді. 

Соның арты не бол­ды? «Қаз­Мұ­най­Газ» БӨ» құры­лған­нан кей­ін, көп ұза­май, осы ком­па­ни­я­ның бір­ша­ма акци­я­ла­ры Лон­дон қор бир­жа­сын­да саты­ла баста­ды. «Бақ­сақ – бақа екен» демек­ші, билік­тің әу бастан ойлаған мақ­са­ты – жыл сай­ын мил­ли­он­даған тон­на «қара алтын» беретін кәсі­по­рын­дар­дың акци­я­ла­рын жеке­ге өткі­зу екен. Жеке мен­шік­ке өте бастаған­нан кей­ін, мұнай­шы­лар­дың хал-аху­а­лы нашар­лап, арты митин­гілер мен аштық жари­я­ла­у­ға ұла­сып, қан­ды қырғы­нға соқтыр­ды. Бүгін­гі күні бұл ком­па­ни­я­ның бар-жоғы бел­гісіз (кей­бір деректер­де тара­ты­лып, жабы­лып тынған­дай) және акци­я­ла­рын кім­дер иелен­ді, түп­кі қожай­ын­да­ры кім­дер – бәрі-бәрі жабық. 

Енді «ұлт­тық» деп жүр­ген «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның акци­я­ла­ры саудаға түсу­де. Мына бағыт­пен бола­шағы­мы­здың да саты­лып кетуі мүм­кін ғой! Мұнай-газ сала­сын­дағы өткен-кет­кен және басқа да ел эко­но­ми­ка­сы үшін маңы­зды сана­ла­тын нысан­дарға қаты­сты келісім-шар­ттар­дың ашы­қты­ғын талап ететін уақыт пісіп жетіл­ді және бұл талап­ты бар­ша халық болып қол­да­уы тиіс. Ұйқы­дан ояна­тын уақыт жет­кен жоқ па? 

Әлем елдерінің эко­но­ми­ка­сын­дағы мен­шік­тік қаты­на­старға зер салып қарай­ы­қ­шы. Қытай эко­но­ми­ка­сы­ның 96 пай­ы­зы мем­ле­кет­тік, АҚШ-та – 51 пай­ыз бол­са, Англи­яда – 56 пай­ыз мем­ле­кет қара­мағын­да. Кей­бір елдер­де, атап айтқан­да, Фран­ци­яда шетел­дік­тер­дің иелік етуіне тек қана ел пар­ла­мен­тінің рұқ­са­ты керек екен. Міне, елдік мүд­дені осы­лай қорғау керек. 

Біз­де ше? Ал біз­ге келетін бол­сақ, эко­но­ми­ка­ның 96 пай­ы­зы бүгін­гі уақыт­та жеке мен­шік­ке айна­лып отыр («ДАТ», № 43, 29.11.2018 ж.). Қытай­да керісін­ше – осын­ша­ма үлес мем­ле­кет иелі­гін­де. Сон­да Қытай­дан тар­ты­лып жатқан ақша-қара­жат «инве­сти­ция» олар­дың мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ла­ры­на тиесілі болға­ны ма? Әлде басқа «жұм­бақ» бар ма? Сон­да мем­ле­кет­те не қал­ды, халқын қалай асырайды? 

Өткен жылы қара­ша айы­ның аяғын­да «ДАТ» газетін­де (№43, 29.11.2018 ж.) елге таны­мал эко­но­мист Айдар Сейт-қожа Сей­да­ли­ев­тің «Блеск и Нище­та Казах­ста­на или К вопро­су о рас­сло­е­нии соци­у­ма» атты мақа­ла­сы жари­я­лан­ды. Автор елі­міз­де­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды, халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лын дөп басып, нақты деректер кел­тір­ген. Мақа­ла­ны оқып отыр­саң, елде­гі стат­де­ректер­ге сену­ден қала­ды екен­сің. Сол уақыт­тан бері бір­ша­ма мез­гіл өтті, мақа­ла­да көр­сетіл­ген деректер­ге бай­ла­ны­сты билік ләм-мим деп ауыз ашпа­ды. Әлде қар­сы уәж айта­тын дәлел­дері жоқ па? 

Бас­пасөз деректеріне сүй­ен­сек, тәу­ел­сіздік жыл­да­ры елі­міз­ден 200 млрд дол­лар шетел асқан, қай­сы­бір басы­лым­дар­да оның мөл­шері одан да көп деген деректер айты­ла­ды. Швей­ца­ри­я­ның Credit Suisse бан­кісінің деректеріне қараған­да, Қазақ елінің 6000 аза­ма­ты­ның әрбіре­уінің кем деген­де бір мил­ли­он­нан жоға­ры, ал 162 аза­мат­тың ең аз деген­де, 50 млн дол­лар­дан көп қар­жы­сы швей­ца­ри­я­лық банк­тер­де сақталған. Бұған енді «Форбс» жур­на­лы­ның тізі­міне енген 5–6 мил­ли­ар­дер­лер­дің капи­та­лын қосы­ңы­здар. Міне, қаза­қтың қанын тес­пей сорған­дар деп осы­лар­ды айтуға әбден болады. 

Ал жоға­ры­да көр­сет­кені­міз­дей, 42 мың тең­ге­мен жар­лы-жақы­бай­лар қай­тіп күн көреді? Осы­ның себебін жал­пы халық болып, билік­тен айғай­лап тұрып сұра­уға, адам сияқты жақ­сы өмір сүру мүм­кін­ді­гін, теңді­гі­мізді табан­дап талап ету­ге бол­май ма? 

Қамыс­бай БЕРСІНБЕРГЕНҰЛЫ

Ақтау қала­сы

Республиканский еженедельник онлайн