Атыраудағы Теңіз кенішінде бірнеше мың адамның қатысуымен орын алған оқиғаның мән-жайы бүгінде жалпақ елге мәлім болса керек. Ол оқиғаның егжей-тегжейін қысқаша ғана баяндау қажет болғанда, WhatSаpp желісі арқылы тараған мынау жазбаға жүгінуге болады:
«Жалпы рацияның антеннасын сорып тұрған қыз – ол жәй ғана сылтау. Жалпы айтуға оңай. Бірақ бұны сол Теңіздің ішінде жүрген адамдар ғана біле алады.
Шетелдіктердің жағдайы бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларға бізге берген тамақты бермейді, бөлек менюлары бар. Біз жататын жерде жатпайды, олардың жататын жерлері – люкс. Олардың айлықтары бізден 5 есе көп.
Және де сол шетелдіктер кешкі сағат 7-ден кейін жергілікті кафелерге барып, ҚАЗАҚ қыздарын тамақтандырады. Қысқасы, сындырып, арам ойларын жүзеге асырады. Өйткені олардың айлықтары кө-ө-өп. Ал біз біреуді тамақтандырмақ түгілі, өзіміз барып тамақтана алмаймыз. Себебі әр қазақтың басында кем дегенде 5–6 кредиттен бар.
Ал шетелдіктерге рахат. Дәл біз сияқты жұмыс істеп, миллиондаған ақшамен ҚАЗАҚ қыздарына барады. Ішеді, жейді, олар өздерін курортта жүргендей сезінеді. Одан қалса, ҚАЗАҚ жұмысшыларына құл сияқты қарайды. Осы ғой бізді көтеріліске әкеліп соқтырған. Қашаннан бері іште сақталып жүрген ашу мен ызаға рацияның антенын сорып тұрған қыз соңғы себеп болып, нүктесін қойды.
Неге біздің елге қаңғырып келген келімсектердің айлығы бізден көп болуы керек? Мұнайдың да, жердің де иесі біз емес пе? Неге бізде бәрі керісінше?
Олар істеп жатқан жұмысты біз де істеп жатырмыз. Керісінше, біздікі ауыр. Қыста – ұлыған боранда, жазда – 50-60 градус ыстықта далада жүреміз. Ал олар салқын кандёрдың астында отырады. Алып бара жатқан білімдері де жоқ. Обидно ма?».