Вторник , 3 марта 2026

ТЖ алдын алу және жою: Қалай қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз?

Қауіп­сіздік – кез кел­ген мем­ле­кет­тің орны­қты дамуы­ның негіз­гі алғы­шар­ты. Табиғи апат­тар, тех­но­ген­дік ава­ри­я­лар, өрт, су тасқы­ны, эпи­де­мия неме­се өндірістік апат­тар секіл­ді төтен­ше жағ­дай­лар қоғам өміріне еле­улі қауіп төн­діреді. Мұн­дай сын-қатер­лер­дің алдын алу және олар­дың сал­да­рын жедел жою мем­ле­кет­тік сая­сат­тың маңы­зды бағы­ты болуы керек.

Қазір­гі кезең­де төтен­ше жағ­дай­лар тек табиғат құбы­лы­ста­ры­мен шек­тел­мей­ді. Кли­мат­тың өзге­руі, урба­ни­за­ци­я­ның артуы, өндіріс орын­да­ры­ның көбе­юі және инфрақұры­лым­ның күр­де­ле­нуі қауіп дең­гей­ін арт­ты­рып отыр. Сон­ды­қтан алдын алу шара­ла­ры мен жедел әре­кет ету тетік­терін жетіл­ді­ру – уақыт талабы.

Алдын алу – ең тиім­ді қорғаныс

Төтен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­рын жою­дан гөрі, олар­дың алдын алу әлдеқай­да тиім­ді әрі эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан ұтым­ды. Бұл бағыт­тағы жұмыс кешен­ді тәсіл­ді қажет ете­ді. Сон­да не істеу керек?

Бірін­ші­ден, қауіп-қатер­лер­ді болжау және мони­то­ринг жүй­есін дамы­ту маңы­зды. Гид­ро­ме­тео­ро­ло­ги­я­лық бақы­лау, сей­смо­ло­ги­я­лық зерт­те­улер, өндірістік қауіп­сіздік сарап­та­ма­ла­ры – ықти­мал апат­тар­дың алдын ала аны­қта­луы­на мүм­кін­дік береді.

Екін­ші­ден, инфрақұры­лым­дық қауіп­сіздік­ті күшей­ту қажет. Су қой­ма­ла­ры­ның, бөгет­тер­дің, жылу және электр желілерінің тех­ни­ка­лық жағ­дайы тұрақты бақы­ла­уда болуы тиіс. Құры­лыс нор­ма­ла­рын сақтау, сей­сми­ка­лық талап­тар­ды орын­дау – адам өмірін сақта­удың басты кепілі.

Үшін­ші­ден, халы­қтың қауіп­сіздік мәде­ни­етін арт­ты­ру ерекше маңы­зға ие. Аза­мат­тар төтен­ше жағ­дай­да қалай әре­кет ету керекті­гін, эва­ку­а­ция жол­да­рын, алға­шқы көмек көр­се­ту тәсіл­дерін білуі тиіс. Бұл бағыт­та ақпа­рат­тық-түсін­ді­ру жұмыста­ры, оқу-жат­ты­ғу­лар және қоғам­дық дай­ын­дық жүй­есі жүй­елі түр­де жүр­гізілуі қажет.

Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың үйлесім­ді әрекеті

Төтен­ше жағ­дай туын­даған сәт­те уақыт – шешу­ші фак­тор. Сон­ды­қтан құтқа­ру қыз­мет­терінің жедел­ді­гі мен кәсі­би­лі­гі аса маңы­зды. Арнайы бөлім­ше­лер­дің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын жаңар­ту, зама­на­уи тех­ни­ка­мен қам­та­ма­сыз ету, цифр­лық басқа­ру жүй­е­лерін енгі­зу – жедел әре­кет ету сапа­сын арттырады.

Бұдан бөлек, орта­лық және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар ара­сын­дағы үйле­сті­ру тетік­тері нақты әрі тиім­ді болуы керек. Ақпа­рат алма­су­дың жедел­ді­гі, шешім қабыл­дау жыл­дам­ды­ғы және жау­ап­кер­шілік­тің айқын бөлі­нуі төтен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­рын азай­туға ықпал ете­ді деп ойлаймыз.

Дағ­да­рыс кезін­де халы­қ­пен ашық әрі нақты ком­му­ни­ка­ция орна­ту да маңы­зды. Дұрыс ақпа­рат уақы­ты­лы жет­кізіл­ме­се, дүр­бе­лең туын­да­уы мүм­кін. Сон­ды­қтан ресми ақпа­рат көз­дерінің сенім­ділі­гі мен қол­жетім­ділі­гі қам­та­ма­сыз етілуі тиіс.

Табиғи апат­тар және кли­мат­тық өзгерістер

Соңғы жыл­да­ры әлем­де табиғи апат­тар­дың жиіле­уі бай­қа­ла­ды. Су тасқы­ны, орман өрті, құрғақ­шы­лық пен дауыл­дар кли­мат­тық өзгерістер­дің әсерін айқын көр­се­те­ді. Қаза­қстан үшін де бұл қауіп­тер өзекті.

Әсіре­се, көк­тем­гі су тасқы­ны кезеңін­де алдын ала дай­ын­ды­қтың маңы­зы зор. Әйт­пе­се елі­міз­де соңғы жыл­да­ры су тасқы­ны апат­та­ры жиілеп кет­кені анық. Сол себеп­ті осы бастан арна­лар­ды таза­лау, қорға­ныс бөгет­терін нығай­ту, қауіп­ті аймақтар­да мони­то­ринг жүр­гі­зу – апат­тың алдын алу­дың нақты шаралары.

Орман және дала өрт­терінің алдын алу үшін бақы­лау жүй­есін жетіл­ді­ру, ерік­ті жасақтар­дың жұмысын күшей­ту және тұрғын­дар­дың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ру да аса қажет. Табиғат­ты қорғау мен қауіп­сіздік мәсе­лесі өза­ра тығыз байланысты.

Тех­но­ген­дік қауіп­сіздік және өндірістік бақылау

Инду­стри­я­лық даму өндірістік қауіп­сіздік талап­та­рын күшей­туді талап ете­ді. Зауыт­тар мен кен орын­да­рын­да, энер­ге­ти­ка­лық нысан­дар­да тех­ни­ка­лық регла­мент­тер­дің сақта­луы – адам өмірі мен қор­шаған орта қауіп­сізді­гінің негізі.

Өндірістік апат­тар­дың алдын алу үшін тәу­ел­сіз сарап­та­ма, тұрақты аудит және қыз­мет­кер­лер­дің кәсі­би дай­ын­ды­ғы маңы­зды. Қауіп­сіздік тех­ни­ка­сын сақтау мәде­ни­еті қалып­тас­паған жер­де тәу­е­кел жоға­ры болады.

Соны­мен қатар цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу – тәу­е­кел­дер­ді басқа­ру­да жаңа мүм­кін­дік­тер аша­ды. Авто­мат­тан­ды­ры­лған бақы­лау жүй­е­лері қауіп­ті жағ­дай­лар­ды ерте кезең­де аны­қта­уға көмектеседі.

Аза­мат­тық қорға­ныс және қоғам­ның қатысуы

Төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу тек мем­ле­кет­тік орган­дар­дың мін­деті деп ойлау қате болар еді. Өйт­кені бұл – бүкіл қоғам­ның ортақ жау­ап­кер­шілі­гі. Аза­мат­тық қорға­ныс жүй­есі халы­қтың бел­сен­ді қаты­суын қажет етеді.

Мек­теп­тер­де, жоға­ры оқу орын­да­рын­да қауіп­сіздік сабақта­рын өткі­зу, еңбек ұжым­да­рын­да оқу-жат­ты­ғу­лар ұйым­да­сты­ру – дай­ын­дық дең­гей­ін арт­ты­ра­ды. Қоғам­дық ұйым­дар мен ерік­тілер қозға­лы­сы да маңы­зды рөл атқа­ра алады.

Аза­мат­тар­дың өз қауіп­сізді­гіне сана­лы қара­уы да төтен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­рын азай­ту­дың негіз­гі фак­то­ры болар еді деп есептейміз.

Қал­пы­на кел­ті­ру және әле­умет­тік қолдау

Төтен­ше жағ­дай болған­нан кей­ін ең басты мін­дет – зардап шек­кен­дер­ге көмек көр­се­ту. Инфрақұры­лым­ды қал­пы­на кел­ті­ру, мате­ри­ал­дық шығын­ды өтеу, пси­хо­ло­ги­я­лық қол­дау көр­се­ту де кешен­ді шара­лар­ды талап етеді.

Мем­ле­кет әле­умет­тік қол­дау тетік­терін жетіл­ді­ру арқы­лы аза­мат­тар­дың сені­мін нығай­та ала­ды. Қиын сәт­те көр­сетіл­ген нақты көмек қоғам­дық тұрақты­лы­қты сақта­уға ықпал етеді.

Төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу және жою – мем­ле­кет­тің қауіп­сіздік сая­са­ты­ның өзек­ті бағы­ты. Бұл сала­да жүй­елілік, алдын алу шара­ла­ры­ның басым­ды­ғы және қоғам­ның бел­сен­ді қаты­суы шешу­ші рөл атқарады.

Қауіп­сіздік – тек арнайы қыз­мет­тер­дің мін­деті емес, ол әр аза­мат­тың жау­ап­кер­шілі­гі­мен ұшта­суы тиіс. Тәу­е­кел­дер­ді уақты­лы баға­лап, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгізіп, халы­қтың дай­ын­дық дең­гей­ін арт­ты­рған жағ­дай­да ғана төтен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­рын азай­туға болады.

Орны­қты даму – қауіп­сіз орта­дан баста­ла­ды. Сон­ды­қтан төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу мен жоюға бағыт­талған сая­сат үне­мі жетіл­діруді және ортақ жау­ап­кер­шілік­ті талап ете­ді деген ойдамыз.

Сұл­тан ҒАЛЫМБЕК

Республиканский еженедельник онлайн