Четверг , 15 мая 2025

ТИМУР МЕН ДИНАРАҒА «Халық банк» Т96 МИЛЛИАРД ТӨЛЕДІ

  • «Қаза­қстан­ның Халық Бан­кі» 2021 жыл­дың қор­тындысы бой­ын­ша диви­денд­тер төле­уін аяқта­ды. Банк бұл тура­лы ресми хабар­ла­ма­ны Қаза­қстан қор бир­жа­сы­на (KASE) жіберді.

2021 жыл­дың табысы есебі­нен «Халық бан­кі» өз акци­о­нер­леріне 138,6 мил­ли­ард тең­ге төледі. Қазір банк­тің 69,52% үлесі «Алм­экс» хол­дин­гі арқы­лы Тимур мен Дина­ра Құлы­ба­е­ваға тиесілі. Ал 28,51 пай­ы­зын Лон­дон қор бир­жа­сын­дағы инве­стор­лар­дың аты­нан The Bank of New York ұстап отыр.

Әр жай акци­яға 12,71 тең­ге­ден диви­денд беріл­ді. (Осы есеп­тің негізін­де банк Назар­ба­ев­тың қыз-күй­е­уіне 96 мил­ли­ард тең­ге диви­денд төледі – Ред.). Жал­пы, «Халық банк» 2021 жылы 460 мил­ли­ард тең­ге таза табыс алған болатын. 

ПУТИНШІЛ ӘБІЛДАЕВ субсидия жеумен айналысады

  • «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Азат Перу­а­шев­тің орын­ба­са­ры /бұрынғы, ресей­лік және пут­ин­дік агрес­си­я­лық көзқа­ра­сы үшін пар­ти­ядан шыға­ры­лып, мәжіліс депу­та­ты­ның ман­да­ты­нан айы­ры­лған – Ред./ Аза­мат Әбіл­да­ев жөнін­де мынан­дай дерек бар.

Аза­мат Әбіл­да­ев Алма­ты облы­сы­ның тума­сы, руы – шапы­ра­шты. Кезін­де Болат Назар­ба­ев­пен тығыз жұмыс істе­ген адам.

Әбіл­да­ев – ірі жер иеле­ну­ші. Оның Алма­ты облы­сы мен Жам­был облы­сы­ның Мой­ы­нқұм ауда­нын­да жал­пы көле­мі 600 мың гек­тар­дай жері, гра­нит тас өндіретін кені­ші бар.

Кәсіп­кер-депу­тат көбіне ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен шұғыл­да­на­ды. Өңір­де­гі «мал шару­а­шы­лы­ғын дамы­та­мын» деп, өкі­мет­тен ең көп суб­си­дия ала­тын­дар­дың бірі. Мал сатып ала­ды да, оны семір­тіп, етке өткізіп жібе­реді. Бұлай­ша мал шару­а­шы­лы­ғын қалай дамы­та­мыз, мал тұқы­мын қалай асыл­дан­ды­ра­мыз?! Түсініксіз…

Қазір­гі есеп бой­ын­ша, оның мыңғы­рған ұсақ малы,14 мың бастай ірі қара­сы бар. Осы­дан біраз бұрын Әбіл­да­ев 4 мың жылқы­сын Алма­ты облы­сы­ның экс-әкі­міне сатып жібер­ді. Бұл сая­си сауда бол­ды ма, әлде шынайы ком­мер­ци­я­лық /депутаттық орын­ды сатып алу үшін – Ред./ келісім бе – ол жағы күмәнді.

Советқа­зы НҰРСИЛА 

 

Дүр-Мұхтар

БІР АЖАЛДАН

аман қалды… 

  • Экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ата жауы, қазір­де қиыр жай­лап, шет қонып жүр­ген сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов бір ажал­дан аман қалға­нын айт­ты деп хабар­лай­ды Dalainside.

Талай жыл бойы ізде­уде жүр­ген бан­кир тамақтан ула­нып, төсек тар­тып қалған. Әп-сәт­те ысты­ғы көтеріліп, көзі қара­уы­тып, аяқ-қолы­нан жан кете бастапты.

«Келесі күні жағ­дай­ым тіп­тен мүш­кіл­деніп, есім­нен танып қал­дым. Ажал алқым­даған сәт­те адам­ның ойы­на не келіп, не кет­пей­ді? Өлерім­ді біл­ген­де, өзе­гім­ді өкініш кер­неді. Алды­ма қой­ған мақ­сатқа жете алмай, арман­да кетерім­ді ойлаған­да, тіп­тен түңіл­дім. Жаңарған, демо­кра­ти­я­ланған Қаза­қстан­ды көре алмай, дәл осы­лай кете барам ба? Ойым сан-саққа сапы­ры­лы­сып, сан­ды­рақтай баста­дым», – дей­ді Әбілязов. 

Назар­ба­ев­тан кей­ін /наразы/ наза­рын Тоқа­евқа бұрған сая­сат­кер бір ажал­дан аман қалып­ты. Бұзы­лған астың уыты тарқап, беті бері қараған екен. Есін жиған сәт­те көз алды­на Алма­ты­ның тау­ла­ры еле­сте­ген… «Әйт­кен­мен, әлі де су ішер­лі­гім бар екен, өмір мен өлім­нің күресін­де алды­ңғы­сы жеңіп шықты», – дей­ді ол.

Оппо­зи­ци­о­нер қазір­гі жүй­е­мен күре­су­ге қажет­ті қара­жа­ты тау­сы­лға­нын айта­ды. «Маған қар­сы бұрын-соң­ды бол­маған қысым жаса­лып жатыр. Ресур­сым сарқыл­ды. Тіп­ті заң­гер­лер­мен есеп айы­ры­са­тын ақша тап­пай, тыпыр­шып оты­рған жай­ым бар. Түр­лі тарап­тан төн­ген қауіп-қатер күшей­іп келеді. Бірақ біз беріс­пей­міз…» – деп­ті өзін қол­дай­тын ауди­то­ри­яға үн қатқан Әбілязов.

Бұған дей­ін Бас про­ку­ра­ту­ра «Әбі­ля­зо­вты елге қай­та­руға бар күші­мізді сала­мыз» деген еді. Dalainside дереккөзі мәлім еткен­дей, «Жаңа Қаза­қстан» Әбі­ля­зо­вты елге экс­тра­ди­ци­я­лау мәсе­лесін­де табан­ды­лық таны­ту­да. Бұл мәсе­ле жыл аяғы­на таман бір­жақты болуы тиіс. 

 

ҚАҢТАРДА ОҚҚА ҰШҚАН

жігіттің өліміне қатысты

ІС ҚАЙТАДАН ТЕРГЕЛЕДІ

  • Ақтө­бе қала­сы­ның Маман­дан­ды­ры­лған тер­геу соты (МТС) Қаңтар оқиға­сы кезін­де оққа ұшқан Рус­лан­бек Жұба­на­за­ровтың отба­сы осы кез­ге дей­ін жәбір­ле­ну­ші деп таныл­мауын заң­сыздық деп отыр. Тер­геу соты­ның тиісті қаулы­сы 24 қаңтар күні шықты.

Рус­лан­бек Жұба­на­за­ро­втың қарын­да­сы Жай­на­гүл Бүр­кітқы­зы тер­геу соты­на шағым­дан­бас бұрын, Ақтө­бе облы­стық про­ку­ра­ту­ра­сы­на хат жол­дап, әкесі Бүр­кіт Жұба­на­за­ров еке­уін жәбір­ле­ну­ші деп тану­ды, қыл­мыстық іс мате­ри­ал­да­ры­мен таны­сты­ру­ды сұраған. Алай­да про­ку­ра­ту­ра Жұба­на­за­ро­втар­дың шағы­мын қанағат­тан­дыр­маған. Тер­геу соты «про­ку­ра­ту­ра заң­сызды­қтарға жол бер­ген» деп танып, Ақтө­бе облы­сы про­ку­ро­рын «заң­сызды­қтар­ды жоюға» міндеттеді.

«Тер­геу соты Жұба­на­за­ро­втар­дың шағы­мын іші­на­ра қанағат­тан­дыр­ды. Сот облыс про­ку­ро­ры мен оның бірін­ші орын­ба­са­ры­ның әре­кетін заң­сыз деп таны­ды», – деп «Азатты­ққа» Ақтө­бе облы­стық соты хабарлады.

Жұба­на­за­ро­втар­дың адво­ка­ты Аман­гел­ді Шор­ман­ба­ев­тың айтуын­ша, отба­сы Рус­лан­бек Жұба­на­за­ро­втың өлі­мі­нен кей­ін қозғалған істің тоқта­ты­лға­ны­на нара­зы болып, 13 қаңтар­да Ақтө­бе МТС-ына шағым­данған. Сей­сен­бі күні тер­геу сотын­да алға­шқы мәжіліс өтіп, сот Жұба­на­за­ров отба­сы­ның шағы­мын іші­на­ра қанағаттандырған.

«Сотқа кел­ген про­ку­ра­ту­ра өкілі марқұм Жұба­на­за­ро­втың өлі­міне бай­ла­ны­сты қозғалған қыл­мыстық істі жабу тура­лы 2022 жылы 28 сәуір­де шыққан қаулы­ның күшін жой­ға­нын хабар­ла­ды. Қау­лы өткен апта­да, яғни 19 қаңтар күні бұзы­лған. Про­ку­ра­ту­ра­ның мәлі­метін­ше, қыл­мыстық іс қай­та­дан тер­ге­у­ге жіберіледі. Осы себеп­ті тер­геу соты біздің шағым­ды іші­на­ра қанағат­тан­дыр­ды», – дей­ді адво­кат Шорманбаев.

Адво­кат­тың айтуын­ша, про­ку­ра­ту­ра істің қай­та тер­ге­летінін айтып, тер­геу соты­нан Жұба­на­за­ров отба­сы­ның шағы­мын қанағат­тан­дыр­мауды сұраған. «Рус­лан­бек Жұба­на­за­ро­втың өлі­мі­нен соң қозғалған іс был­тыр 28 сәуір күні «қыл­мыс құра­мы жоқ» деп тоқта­ты­лған. Жап-жас жігіт оққа ұшты. Бұл – қыл­мыс. Оның өмірінің соңғы сәт­тері көше­де­гі каме­раға жазы­лып қалған. Видео­да оның қолын­да қаруы жоқ екені, Жұба­на­за­ро­втан ешкім­ге қауіп төн­дір­ме­гені, жара­лы жігіт­тің жан сауға­лап, қашып бара жатқа­ны анық көрініп тұр. Сон­ды­қтан біз сот­тан істің қай­та тер­ге­луі­мен қатар жақын­да­ры­ның жәбір­ле­ну­ші деп таны­луын да талап еттік», – дей­ді адво­кат Шорманбаев.

«Тер­геу бір жыл­дан бері не әке-шешем­ді, не мені жәбір­ле­ну­ші деп таны­май келеді. Жәбір­ле­ну­ші ста­ту­сы бол­маған­ды­қтан, қыл­мыстық іс мате­ри­ал­да­ры­мен де таны­са алмай­мыз. Шағым айтып бар­маған жері­міз жоқ. Құзыр­лы орган­дар­дан жары­тып жау­ап ала алмай қой­дық», – дей­ді Рус­лан­бек Жұба­на­за­ро­втың қарын­да­сы Жай­на­гүл Бүркітқызы.

Ақтө­бе облы­сы Шалқар ауда­ны Мөң­ке би ауы­лы­ның тұрғы­ны 30 жастағы Рус­лан­бек Жұба­на­за­ров Қаңтар оқиға­сы кезін­де оққа ұшқан… 7 қаңтар­да туы­ста­ры оның сүй­е­гін мәй­іт­ха­на­дан тапқан. Алға­шын­да билік «тер­ро­рист» деп айып­тап, тран­ше­яға көм­бек болған Жұба­на­за­ро­втың сүй­е­гі туы­ста­ры­на шама­мен бір ай уақыт­тан кей­ін, 2022 жылғы 8 ақпан­да беріл­ген. Туы­ста­ры оны 9 ақпан күні туған жері Мөң­ке би ауы­лы­на жерледі.

ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТ

халықтық жобаларға жұмсалады

  • Елге қай­та­ры­лған актив­тер­ді Қаза­қстан халқы­ның әл-ауқа­тын арт­ты­руға бағыт­талған жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін пай­да­ла­ну жос­пар­ла­ну­да, деп хабар­ла­ды пре­мьер-мини­стр­дің бас­пасөз қызметінен.

«ҚР пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­лов орта­лық мем­ле­кет­тік орган­дар, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, Ұлт­тық банк және Бас про­ку­ра­ту­ра бас­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен Эко­но­ми­ка­лық сая­сат жөнін­де­гі кеңе­стің оты­ры­сын өткізді. Қаты­су­шы­лар пре­зи­дент алға қой­ған мін­дет­тер­ге сәй­кес әзір­лен­ген елден заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру тура­лы заң жоба­сын қара­ды. Онда актив­тер­ді заң­сыз шыға­руға ықпал еткен шар­ттар­ды жоюға, олар­ды ерік­ті түр­де қай­та­ру­ды ынта­лан­ды­руға неме­се мәж­бүр­лі түр­де қай­та­ру баста­ма­сын көте­ру­ге және т. б. бағыт­талған нор­ма­лар қарас­ты­ры­лған», – делін­ген сәр­сен­бі­де­гі хабарда.

Соны­мен, уәкілет­ті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың мәлі­мет­терін тал­дау нәти­же­лері бой­ын­ша актив­тер тура­лы арнайы декла­ра­ци­я­ны тап­сы­ра­тын тұлға­лар­дың шек­те­улі тізі­мін құру жоспарлануда.

«Актив­тер­дің иесі олар­дың шығу тегін рас­тай алмаған жағ­дай­да негіз­сіз сатып алы­нған деп таны­ла­ды және мем­ле­кет кірісіне айна­ла­ды. Келіп түсетін актив­тер­ді Қаза­қстан халқы­ның әл-ауқа­тын арт­ты­руға бағыт­талған жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін пай­да­ла­ну көз­дел­ген. Пре­мьер-министр Әділет мини­стр­лі­гіне айты­лған пікір­лер мен ескер­ту­лер­ді еске­ре оты­рып, заң жоба­сын мұқи­ят пысы­қта­уды жалға­сты­ру­ды тап­сыр­ды. Соны­мен қатар оты­ры­ста ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­ру мәсе­ле­лері талқы­лан­ды», – деді Минкабинетінен.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн