Понедельник , 30 июня 2025

Тимур тойынып БОЛҒАН ЖОҚ

·       Тимур Құлыбаев Qazaq Oil жанар-жағармай станция желісі иелерінің біріне айналды. «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай станциялар желісі жекешелендірілгеннен кейін бір жарым жылдан соң оның құрылтайшылары қатарына Joint Technologies ЖШС енді.

Бұл жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы Тимур Құлы­ба­ев («Кипрос» ЖШС арқы­лы) пен Рау­шан Сағ­ди­е­ваға тиесілі. Бұл жөнін­де 4 қара­ша күні ком­па­ния құжат­та­ры­на сүй­ен­ген Forbes сай­ты жазды.

Сайт ақпа­ра­тын­ша, қазір Qazaq Oil деген атқа көшіріліп жатқан «Қаз­Мұ­най­Газ» стан­ци­я­лар желісі 2019 жылы сәуір­де жеке­ше­лен­діріл­ген. Келісім құны 60,5 млрд тең­ге (сол кез­де­гі курс баға­мы­м­ен 163,3 млн дол­лар) болған. Қазір стан­ци­я­лар желісі PetroRetail ком­па­ни­я­сы­на қарай­ды. Ком­па­ния сай­тын­дағы мәлі­мет­ке қараған­да, рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша «Қаз­Мұ­най­Газ» стан­ци­я­лар желісіне 342 жанар-жағар­май стан­ци­я­сы кіреді.

Forbes жазуын­ша, PetroRetail құры­л­тай­шы­ла­ры­ның ара­сын­да Тимур­дан бөлек Prime case ЖШС (Қаза­қстан­дағы ең ықпал­ды кәсіп­кер­лер тізі­міне енген Дани­яр Әбілға­зин мен Head company ЖШС-ға тір­кел­ген) мен Руфат Ход­жа­ла­ков (Аты­рау облы­сы­ның ауыр атле­ти­ка феде­ра­ци­я­сы­ның төраға­сы, «Қаз­Мұ­най­Газ» өңдеу мар­ке­тинг жетек­шісі болған) бар.

Head company ком­па­ни­я­сы­ның құры­л­тай­шы­сы – бұрын Қар­жы мини­стр­лі­гін­де лау­а­зым­ды қыз­мет атқарған, Ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы пре­зи­ди­у­мы­ның мүше­сі Бауы­р­жан Тойбазаров.

PetroRetail – Тимур Құлы­ба­ев порт­фелін­де­гі мұнай өнім­дері­мен айна­лы­са­тын жалғыз актив емес. Оның GasEnergy деген атпен бел­гілі дизель және бен­зин сату­мен айна­лы­са­тын «Авто­газ Трэйд» ком­па­ни­я­сын­да да үлесі бар. Желі Қаза­қстан­ның ірі алты қала­сын­да жұмыс істей­ді, 41 жанар-жағар­май кешені мен түр­лі тасы­мал­да­у­шы­лар­да 115 газ моно­бло­гы бар.

Аме­ри­ка­ның Forbes жур­на­лы биыл сәуір­де Тимур Құлы­ба­ев пен оның әйелі Дина­ра­ның (Назар­ба­ев­тың ортан­шы қызы) жиын­тық бай­лы­ғы 5,6 мил­ли­ард дол­лар (әрқай­сысын­да 2,8 мил­ли­ард дол­лар­дан) деп баға­лаған. Ерлі-зай­ып­ты Құлы­ба­ев­тар өз мен­ші­гін­де­гі «Алм­экс» ком­па­ни­я­сы арқы­лы елде­гі ең ірі ком­мер­ци­я­лық банк – «Халық банк­ке» иелік ете­ді. Биыл Тимур Құлы­ба­ев елде­гі ең ірі әуе­жай – Алма­ты аэро­пор­тын түрік хол­дин­гіне 365 мил­ли­он дол­ларға сат­ты.

Azattyq.org

 

 

 

ҚАЙРАТ-КҮЙЕУ ҚАЙДА ҚАЛДЫ?

  • «Қаз­Мұ­най­Газ» (ҚМГ) Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы «ҚазТранс­Газ» АҚ (ҚТГ) акци­я­ла­ры­ның 100%-ын «Самұрық-Қазы­на» АҚ (Қор) пай­да­сы­на 1 тең­ге­ге бер­ді, деп хабар­ла­ды «Азаттық» ҚМГ бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

«ҚМГ 9 қара­ша күні ҚТГ акци­я­ла­ры­ның 100% қор­дың пай­да­сы­на беріл­гені тура­лы хабар­лай­ды. Мәмі­ле сома­сы – 1 тең­ге. 9 қара­ша­да ҚМГ мен қор ара­сын­да 2021 жылғы 11 науры­зда жасалған сенім­гер­лік басқа­ру шар­ты­ның қол­да­ны­луы тоқта­тыл­ды. ҚТГ акци­я­ла­рын қолға беру ҚР Тұңғыш Пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевтың төраға­лы­ғы­мен «Самұрық-Қазы­на» қорын басқа­ру жөнін­де­гі кеңе­стің 2020 жылғы 3 мау­сым­дағы тап­сыр­ма­сын, сон­дай-ақ мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың 2021 жылғы 26 қаңтар­да өткен Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да бер­ген газ­ды бар­лау, өнді­ру және тасы­мал­дау жөнін­де­гі ұлт­тық опе­ра­тор­ды құру тура­лы тап­сыр­ма­сын орын­дау үшін жүзе­ге асы­рыл­ды», – делін­ген кеше тара­ты­лған хабарламада.

Мәмі­ле алдын­да бірқа­тар заң­ды және қар­жы­лық шар­ттар­ды орын­дау, оның ішін­де ҚМГ кре­ди­тор­ла­ры мен тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың келісім­дерін алу бол­ды. «Бірін­ші кезең­де 2020 жыл­дың қазан айын­да ҚМГ $750 млн сома­сы­на еуро­об­ли­га­ци­я­лар қай­та қар­жы­лан­ды­рыл­ды, бұл рет­те жаңа шар­ттар­да ҚТГ шыға­ру мүм­кін­ді­гі көз­дел­ген бола­тын. Келесі кезең бары­сын­да 2021 жылғы мау­сым­да ҚМГ-ның қалған еуро­об­ли­га­ци­я­ла­рын ұста­у­шы­лар­дың ҚТГ бөлу­ге келісі­мі алын­ды. Бұдан басқа, мәмі­лені өткі­зу ҚМГ-ның банк-кре­ди­тор­ла­ры­мен, оның ішін­де жеке қары­здар­ды қай­та қар­жы­лан­ды­ру жолы­мен келісіл­ді», – деп нақты­ла­ды «Қаз­Мұ­най­Газ».

Жұмыс кезең­дерінің бірі үкі­мет­тің 2021 жылғы 8 қара­ша­дағы «стра­те­ги­я­лық объ­ек­тіні иелік­тен шыға­ру тура­лы» қаулы­сын қабыл­дау болып табы­ла­ды, оған сәй­кес ҚМГ сатып алу-сату шар­тын жаса­су арқы­лы қор­дың пай­да­сы­на ҚТГ акци­я­ла­ры­ның 100% пакетін иелік­тен шыға­ру бой­ын­ша мәмі­ле жүр­гізу­ге рұқ­сат етілген.

«Қазір­гі уақыт­та ҚМГ бар­лық кре­ди­тор­ла­ры ҚТГ-ны Қор­дың жеке еншілес ком­па­ни­я­сы­на бөлуді мақұл­да­ды. Бұл рет­те ҚМГ-ның 2021 жылғы тоғыз айдағы шоғыр­лан­ды­ры­лған қар­жы­лық есеп­тілі­гі ҚТГ-ның қар­жы­лық есеп­тілі­гін қам­ти­тын бола­ды. 9 қара­ша­дан бастап ҚМГ ҚТГ-ны тану­ды тоқта­та­ды және 2021 жылғы капи­тал­дағы өзгерістер тура­лы шоғыр­лан­ды­ры­лған есеп­те ҚТГ беру жөнін­де­гі мәмі­ленің нәти­же­сі «акци­о­нер­ге өзге бөлу» ретін­де көр­сетілетін бола­ды», – делін­ген хабарламада.

Сон­дай-ақ ҚМГ қары­зы ҚТГ бөлу нәти­же­сін­де $1,1 млрд-қа (беріл­ген кепіл­дік­тер­ді қоса алған­да, $1,6 млрд-қа) төмен­дей­ді деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Ал «ҚазТранс­Газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың үлкен күй­еу бала­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев екенін ескер­сек, құны бір тең­гелік сауда-сат­ты­қтың түп­кі мақ­са­ты әзір­ге бел­гісіз деп пай­ым­дай­ды тәу­ел­сіз сарап­шы­лар. Жеке­ле­ген пікір­лер­ге қараған­да, «Самұрық-Қазы­на» қоры алдағы уақыт­та бұл ком­па­ни­я­ны сенім­ді басқа­руға беру жүй­есі арқы­лы жеке мен­шік­ке сатып жібе­руі мүм­кін. Сон­ды­қтан әзір­ге үлкен күй­еу қай­да қал­ды деп, «маза­сыз» сұраққа алаң­да­удың қажеті бола қоймас.

ДАТ-ақпа­рат 

 

ҚАЗАҚСТАН

түрмелер еліне

АЙНАЛАДЫ?

  • Қаза­қстан­да 2029 жылға дей­ін жиыр­ма жаңа түзеу коло­ни­я­сы салы­на­ды, деп хабар­ла­ды ішкі істер мини­стрі Ерлан Тұрғымбаев.

«Алдағы 3 жыл­да (2022–2024) Алма­ты, Ақтө­бе, Маңғы­стау және Түр­кістан облы­ста­рын­да 4 меке­менің (түзеу меке­ме­лері – Қаз­ТАГ) құры­лы­сы жос­пар­ланған (жал­пы 2029 жылға дей­ін 20 меке­ме салу жос­пар­ла­ну­да). Олар­дың әрқай­сысын­да сот­талған­дар үшін 1,5 мың жұмыс орны бар өнер­кәсіп­тік аймақтар бола­ды», – деді Тұрғым­ба­ев дүй­сен­бі­де мәжілі­сте өткен үкі­мет саға­ты барысында.

Қаз­ТАГ

 

 

 

Оқу ақысын төлеуге НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

  • Қаза­қстан­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің «Қар­жы орта­лы­ғы» АҚ 10 жылға дей­ін­гі мерзім­ге 20% мөл­шер­ле­ме­мен оқу ақы­сын төлеу үшін кепіл­сіз кре­дит­тер­ге кепіл­дік береді, деп мәлім­дей­ді ҚР БҒМ Қар­жы орталығы.

«Қаза­қстан сту­дент­тері оқу­дың ақы­сын төлеу үшін негіз­гі қарыз сома­сын төлеу мерзі­мін 10 жылға дей­ін кей­ін­ге қал­ды­ра оты­рып кепіл­сіз кре­дит ала ала­ды. Неси­е­лер бой­ын­ша кепіл­дік­ті қам­та­ма­сыз ету ретін­де «ҚР БҒМ «Қар­жы орта­лы­ғы» АҚ кепіл­ді­гі болып табы­ла­ды, – деп ҚР БҒМ Қар­жы орта­лы­ғы­ның дүй­сен­бі­де тара­ты­лған хабар­ла­ма­сын­да айтылған.

Мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме 20% құрай­ды. Кре­дит­тің жеңіл­дік­ті кезеңі – бұл оқу мерзі­мі және негіз­гі оқу кур­сын аяқтаған­нан кей­ін жар­ты жыл, бұл кез­де кре­дит бой­ын­ша тек пай­ыз ғана төле­неді. Содан кей­ін негіз­гі қары­зды төлеу мерзі­мі басталады.

Қаза­қстан­ның бар­лық өңір­лерін­де және елі­міздің бар­лық жоға­ры оқу орын­да­рын­да оқу үшін жеке куәлік­ті неме­се пас­порт­ты, ҰБТ/ТКТ сер­ти­фи­ка­тын неме­се соңғы сес­си­яға тран­скрипт пен ЖОО-мен шар­тты неме­се оқу кезеңін­де­гі құнын көр­се­те оты­рып, төлем шотын ұсы­на оты­рып, ныса­на­лы кре­дит алуға бола­ды делін­ген ақпаратта.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн