Понедельник , 30 июня 2025

«ТОЙҒАН ТОҚТЫ» ТОҚАЕВ Күшікованың сөзін қайталай ала ма?

  • Ертең Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық кеңе­стің (ЕЭК) кезек­ті оты­ры­сын өткі­зеді, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бас­пасөз хат­шы­сы Берік Уәлидің сөзіне сіл­те­ме жасап.

Ескер­те кетей­ік, келісіл­ген кезек бой­ын­ша Қаза­қстан – ЕЭК-тің өтпе­лі кезең­де­гі төраға­сы. Бас­пасөз хат­шы­сы­ның сөзіне қараған­да, бұл «жиы­нға Жоға­ры еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық кеңе­стің Құр­мет­ті төраға­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев, пре­зи­дент­тер – Вла­ди­мир Путин (Ресей), Алек­сандр Лука­шен­ко (Бела­русь), Садыр Жапа­ров (Қырғыз­стан), Никол Паши­нян (Арме­ния) және ЕЭК алқа­сы­ның төраға­сы Миха­ил Мяс­ни­ко­вич қатысады.

«Онлайн режим­де өтетін Жоға­ры ЕЭК оты­ры­сын­да Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ (ЕАЭО) аясын­дағы ынты­мақ­та­сты­қтың маңы­зды мәсе­ле­лері талқы­ла­нып, орта­мерзім­ді пер­спек­ти­ва­дағы мін­дет­тер қарас­ты­ры­ла­ды», – деп­ті Уәли мырза.

Жөн-ақ! Әйте­уір бұл одаққа кір­ген соң, оның «ынты­мақ­та­стық мәсе­лесін» ауық-ауық сөз етіп тұр­масқа бол­май­ды. Оның үстіне эко­но­ми­ка­лық бір­ле­стік­тен бұрын, Ресей­дің сой­ы­лын соға­тын сая­си одаққа айналған «ЕврАзЭС»-тің өз ішін­де былық та, әлім­жет­тілік те көп.

Былы­ғын бір­тін­деп рет­теп алар, бірақ Ресей­дің әлім­жет­тілі­гіне, пұшай­ман пре­зи­дент­тер Путин пат­ша­ның әпер­бақан­ды­ғы­на қар­сы әл көр­се­тер түр таныт­пай­ды. Мәсе­лен­ки, кезін­де Еура­зи­я­лық одақ құры­лар тұста «бұл үлкен нары­қта тау­ар­лар еркін айна­лып, биз­нес қыз­мет­тер кедер­гісіз жүреді» деген Назар­ба­ев­тың сөзі әдірам қал­ды. Путин пат­ша­ның пәр­мені­мен Ресей өз елінің нары­ғын қорғай­мын десе, оның «Фито­са­ни­та­рия» деген кеден­дік құры­лы­мы «тыр­нақ асты­нан кір тауып», пой­ыз түгілі, бір тон­на көкөністі кір­гіз­бей­ді. Ондай кеса­пат­тық кедер­гілер жөнін­де­гі ақпа­рат интер­нет иірі­мін­де иін тіресіп тұр. Ал Қаза­қстан жағы өз «одақ­та­сы» алдын­да шыр-пыр болып, әлгі бір тон­на қиярын­да қия­нат жоқ екенін дәлел­деп әлек бола­ты­ны екі күн­нің бірін­де тау­сыл­мас жырға айналды.

Міне, осы кедер­гілер төңіре­гін­де сауда және инте­гра­ция вице-мини­стрі Жанель Күші­ко­ва арнайы бри­финг өткізіп, біраз «барьер­дің» бетін ашты (қаз-қал­пын­да):

«Мы стал­ки­ва­ем­ся со слу­ча­я­ми скры­тых огра­ни­че­ний во вза­им­ной тор­гов­ле. Чаще все­го они уста­нав­ли­ва­ют­ся наши­ми парт­не­ра­ми в отно­ше­нии това­ров, по кото­рым высо­кий уро­вень кон­ку­рен­ции. В том чис­ле, в слу­ча­ях акти­ви­за­ции про­из­во­ди­те­лей отдель­ных стран, ори­ен­ти­ро­ван­ных на экс­порт», – деп­ті ол Еура­зи­я­лық одақ елдері ара­сын­дағы инте­гра­ция про­бле­ма­сын сөз етіп.

Пре­зи­дент­тер құзы­рын­дағы мұн­дай батыл пікір­ді Күші­ко­ва бике өз еркі­мен айт­ты ма, жоқ әлде Тоқа­ев мыр­за өткі­зетін одақ бас­шы­ла­ры жиы­ны алдын­да айт деп, оның аузы­на Ақор­да салып бер­ді ме – ол жағы біз­ге бей­мағлұм. Қалай болған­да да, құрып кет­кен­де вице-мини­стр­дің дең­гей­ін­де бол­сын, «эко­но­ми­ка­лық одақ» деген аты бар құры­лым­ды қылқын­ды­рған басты мәсе­ле сөз болды.

Бұл ара­да вице-министр ханым­ның сөзіне өз тара­пы­мы­здан бір ремар­ка қысты­ра кетей­ік: Күші­ко­ва­ның «чаще все­го барье­ры уста­нав­ли­ва­ют­ся наши­ми парт­не­ра­ми» дегені – әрине, Бело­русь неме­се Қырғыз­стан емес. Қаза­қстан­ның мұнай­ы­на зар болып оты­рған Лука­шен­ко мен біздің базар­ларға өні­мін өткізу­ге мүд­делі Жапа­ров «барьер» қой­ып, өле алмай жүр­ген жоқ. Вице-мини­стр­дің жасы­қтау бол­са да, астар­лы айтқан «парт­нері» – Путин мен Ресей. «Барьер­дің» атын ашық айтуға қышыр жоқ, айт­пай­ын десе, жағ­дай жаға­дан алып барады.

Содан, шама­сы, біздің «инте­гра­тор­лар» ойла­на келіп: «Күші­ко­ва, сен сөзді баста, Путин қай­тер екен, көрей­ік» деген болу керек, жоғарғы жиын алдын­да эко­но­ми­ка­лық одаққа озбыр­лық жасаған Ресей­дің әре­кеті әупірім­мен сөз болды.

Күші­ко­ва бике біл­дірер-біл­дір­мес қылып, айта­рын – айт­ты-ау, бірақ оның «такая прак­ти­ка про­ти­во­ре­чит идее эко­но­ми­че­ской инте­гра­ции» деген тұжы­ры­мын «той­ған тоқты» тақы­лет­ті Тоқа­ев Путин пат­ша­ның алдын­да жал­тақта­май қай­та­лай ала ма? Міне, гәп осында!

Ермұрат БАПИ

Қаза­қстан­ның тұқы­мы ҚҰРИЫН ДЕП ТҰР

  • Қаза­қстан толы­ғы­мен импор­тқа тәу­ел­ді және азық-түлік тәу­ел­сізді­гін жоғал­та­ды, деп есеп­тей­ді сена­тор Ақыл­бек Күрішбаев.

«Тұқым шару­а­шы­лы­ғы мен селек­ци­я­лық ғылым сала­сын­да сыни жағ­дай қалып­та­сты, оны шешуді кей­ін­ге қал­ды­руға бол­май­ды. Тұқым­дық мате­ри­ал­дың сапа­сы төмен­дей­ді, демек, фер­мер­лер­дің өні­мі жыл сай­ын нашар­лай­ды. Сорт­тар мен будан­дар­дың 70%-ға жуы­ғы, ал бірқа­тар дақыл­дар бой­ын­ша және одан аста­мы біз­ге шетел­ден әкелі­неді. Демек, біз импорт­тық жет­кізілім­дер­ге толы­қтай тәу­ел­ді­міз және өзі­міздің азық-түлік тәу­ел­сізді­гі­мізді жоғал­тып жатыр­мыз. Соны­мен қатар әкелі­нетін тұқым­ның көп­шілі­гі біздің топы­рақ-кли­мат­тық жағ­дай­ы­мы­зға бей­ім­дел­ме­ген», – деді Күріш­ба­ев өткен бей­сен­бі күн­гі сенат отырысында.

Ол бөлін­ген мем­ле­кет­тік суб­си­ди­я­лар шетел­дік тұқым­дар­ды арзан­да­туға жұм­са­ла­ты­нын, ал отан­дық ғалым-аграр­шы­лар 2021 жылы әлі күн­ге дей­ін өз жұмыста­рын жүр­гі­зу үшін қар­жы­лан­ды­ру ала алмаға­нын атап өтті.

Осы­ған бай­ла­ны­сты сена­тор жер­гілік­ті жоға­ры өнім­ді және күй­зеліс­ке төзім­ді ауыл шару­а­шы­лы­ғы дақыл­да­ры­ның сорт­та­ры мен будан­да­рын құру­ды ынта­лан­ды­ру­ды және осы про­цес­ке отан­дық аграр­лық ҒЗИ мен жоға­ры оқу орын­да­рын, Био­тех­но­ло­гия орта­лы­қта­рын, сон­дай-ақ жетек­ші шетел­дік ғалым­дар­ды қосу­ды ұсын­ды. Соны­мен қатар сена­тор тұқым шару­а­шы­лы­ғы жүй­есіне мем­ле­кет­тік қол­да­уды күшей­туді және отан­дық сорт­тар­ды суб­си­ди­я­лау теті­гін қай­та қара­уды ұсынды.

Қаз­ТАГ

 

«Саяси тұтқындар» тізімі ТАҒЫ ЕКЕУГЕ ТОЛЫҚТЫ

  • Құқық қорға­у­шы­лар­дың сарап­шы­лар кеңесі 19 мамыр­да «сая­си тұтқын­дар­дың» жари­я­ланған жаңа тізі­міне жақын­да ғана шек­теу жаза­сы түр­ме жаза­сы­мен алма­сты­ры­лған пет­ро­пав­л­дық бел­сен­ді Нұр­бол Өнер­хан (сурет­те) мен аста­на­лық бел­сен­ді Жәні­бек Жүні­со­вті қосты.

Нұр­бол Өнер­хан – СҚО-ның Бір­лік ауы­лы­нан шыққан аза­мат­тық бел­сен­ді. Құқық қорға­у­шы­лар­дың мәлі­метін­ше, бей­біт митин­гілер мен акци­я­ларға қаты­сқа­ны үшін бір­не­ше рет әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған. Был­тыр күз­де Пет­ро­павл соты «тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ласқа­ны» үшін оның бостан­ды­ғын екі жылға шек­те­ген. Жақын­да 4 мамыр­да «про­ба­ция шар­тта­рын бұзға­ны үшін» түр­ме­ге жабылды.

Жәні­бек Жүні­сов – «тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ласқа­ны үшін» («Көше пар­ти­я­сы» қозға­лы­сы) үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­лып, қазір тер­геу изо­ля­то­рын­да оты­рған аста­на­лық аза­мат. Қоғам­дық бел­сен­ділі­гі үшін бір­не­ше рет әкім­шілік жау­а­пқа тар­ты­лған. Ол 2021 жыл­дың ақпан айы­нан бері қамауда отыр.

Еске сала кетей­ік, тізім­ге кей­ін­гі кез­де енген бел­сен­ділер­дің көбі «ҚДТ-ДВК» қозға­лы­сы мен «Көше пар­ти­я­сы­на» қаты­сы бар деп күдік­ке ілін­ген. Қаза­қстан соты «экс­тре­ми­стік ұйым» деп таны­ған бұл құры­лым­дар­ды Еуро­пар­ла­мент «бей­біт оппо­зи­ци­я­лық ұйым» деп атаған.

Қаза­қстан­да алға­шқы сая­си тұтқын­дар тізі­мі 2013 жылы жасалған. Құқық қорға­у­шы­лар сая­си тұтқын деп таны­ған­дар қата­рын­да ақын әрі дис­си­дент Арон Ата­бек, жаңаө­зен­дік бел­сен­ді Ержан Елші­ба­ев«тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды» деп сот­талған Алмат Жұмаға­ли­ев бар.

Azattyq.org

Бала­е­ва бике басты­ғы­ның УӘДЕСІН ОРЫНДАЙ МА?

  • «Әділ сөз» сөз бостан­ды­ғын қорға­удың халы­қа­ра­лық қоры Ақпа­рат және қоғам­дық даму мини­стрі Аида Бала­е­ваға 2018 жылы бұры­нғы министр, ал қазір – Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Дәу­рен Аба­ев бер­ген уәде­ге қаты­сты үндеу жол­да­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ қор­дың бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

«Әділ сөз» Аида бикенің есіне салып өтті: 2017 жыл­дың қара­ша айын­да ҚР ақпа­рат мини­стрі Дәу­рен Аба­ев «Хабар» теле­ар­на­сын­дағы «Ашық диа­лог» бағ­дар­ла­ма­сын­да 2018 жылы БАҚ қыз­метін рет­тей­тін мүл­дем жаңа заң бой­ын­ша жұмыс баста­ла­ты­нын айтып, «біз келесі жыл­дан бастап кірі­су­ге дай­ын­быз, бірақ бұл бір жыл­дан астам жұмыс, өкініш­ке орай, менің ойым­ша, екі-үш жыл қажет бола­ды», – делін­ген бей­сен­бі­де тара­ты­лған хабарламада.

Сол кез­де «Әділ сөз» тез ара­да Мин­ин­фор­ма­ци­яға жаңа заң жоба­сын әзір­ле­уде ынты­мақ­та­стық көр­се­ту­ге ұсы­ныс жасап, оған 2018 жылғы қаңтар­да вице-министр Алан Әжі­ба­ев­тың қолы қой­ы­лған келісім жау­а­бын алды. Қор атап өткен­дей, «бір­не­ше жыл өтті, ел бас­шы­сы «ести­тін мем­ле­кет» сая­са­тын жари­я­лап, жүй­елі түр­де жүр­гізіп келеді», енді жаңа заң қашан жаса­ла­ды деп нақты сұрақ қойды.

Иә, Аида ханым, заң қашан жасалады?

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн