Пятница , 4 июля 2025

Толғауы тоқсан қызыл тіл!

(Жалғасы. Басы газеттің 09.02.2023 күнгі санында)
  • Еуро­па мен орыс фило­ло­ги­я­сы біз­ге үлгі емес неме­се ака­де­мик Рабиға Сызды­қо­ва­ның төр­тін­ші қатесі – пам­флет №6

Анар Салқын­бай (Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры – Ред.):Қазақ әде­би тілін еуропацен­три­стік бағыт­та зерт­те­у­ге қай­та ора­луға шақы­ра­тын деген автор­лық кон­цеп­ци­я­ны қабыл­дау қазақ ғылы­мы мен мәде­ни­етін қазір­гі жаһан­да­ну зама­нын­да өрге сүй­рей қой­май­ты­ны анық (сти­лі сақталған – Қ.Ж.).

Қанағат Жүкеш: Қазақ тілін­де­гі сая­си-фило­со­фи­я­лық мәтін­дер­де бұл ұғым­ды ғылы­ми бай­ып­пен түсін­ді­ру жоқ, тек ашу­мен, қыжыл­мен эмо­ция біл­ді­ру ғана бар. Шаң қауып, арт­та келе жатқан­дар­дың озы­қтарға қызға­ны­шпен өші­гуі­нен туған, тостаған­дағы судың бұрқы­лы бар.

«Евро­по­цен­три́зм – қаза­қты тұқыр­ту үшін ойлап шыға­ры­лған идео­ло­гия емес, ол «фило­соф­ская тен­ден­ция, в явной или неяв­ной фор­ме про­воз­гла­ша­ю­щая пре­вос­ход­ство запад­но­ев­ро­пей­ской циви­ли­за­ции над дру­ги­ми циви­ли­за­ци­я­ми в куль­тур­ной сфе­ре, осо­бая роль евро­пей­ских наро­дов в миро­вой исто­рии…». Про­фес­сор Филип Хофф­ман атап өткен­дей, «1492 жыл­дан 1914 жылға дей­ін­гі ара­лы­қта еуро­па­лы­қтар жер шары­ның 84%-ын бағын­дыр­ды» (https://ru.wikipedia.org/wiki/Европоцентризм). Мой­ын­дағың кел­се де, кел­ме­се де, тари­хи айғақ осы.

Про­фес­сор ханым киіп жүр­ген ішкиі­мі­нен – елінің Кон­сти­ту­ци­я­сы­на дей­ін Еуро­панікі екенін ескер­мей­ді. Жазып оты­рған жазуы, қабыл­дай­ын деп оты­рған әлі­п­биі де – Еуро­панікі. Осы­дан кей­ін, ештеңенің бай­ы­бы­на бар­май, бұқа­ра­ны еуро­цен­тризммен, жаһан­да­ну­мен қорқыт­пақ­шы. Бағ­зы біре­улер өздерін­ше соларға қар­сы күрес­кер рөлін­де көрі­ну­ге тыры­сып, қолын­дағы шоқ­па­ры­мен «HIMARS»-қа (АҚШ раке­та­сы – Ред.) қар­сы қоқаң көр­се­ту­шінің рөлін ойнап жүр.

Қаза­қтың алдын­да екі жол тұр. Бірін­шісі – еуро­па­лық жол­мен жаһан­да­на­сыз. Бұл – зама­на­уи өрке­ни­ет­ке қосы­лып, өзге­лер қатар­лы өмір сүру жолы. Екін­шісі – еуро­цен­тризм мен жаһан­да­ну­ды құбы­жы­ққа айнал­ды­рып алып, жұрт­ты үрей­лен­діріп, олар­дан қашу­ды үгіт­те­сеңіз – дрейф­ке кетесіз. Дүни­е­жүзілік тіл­дер кар­та­сы­нан қазақ тілі де сүр­тіліп таста­ла­ды. Про­фес­сор ханым, сіз екін­ші жол­ды таң­дап отырсыз.

Мен рес­пуб­ли­ка­лық семи­нар­да жасаған баян­да­мам­да Р.Сыздықова «Әде­би­ет тер­минiн Евро­па мен орыс фило­ло­ги­я­сы қалай таны­са, бiздiң де солай тануы­мыз шарт емес» (Қазақ әде­би тiлiнiң тарихы. XVXIX ғасыр­лар. А.: 1993. 11‑б.) деген тезисі­мен отан­дық фило­лог­тар­ды дүни­е­жүзілік үдерістер­ден аулақта­тып әкетіп, олар­дың Баты­стың дамы­ған фило­ло­ги­я­ла­рын­дағы әмбе­бап тео­ри­я­ла­рын мең­геріп, тәжіри­бе­лерін үйре­ну­ге барар жолын кесіп тастаға­нын айттым.

Ал сіз, про­фес­сор ханым, қазір­гі қазақ тілін дамы­туға қаты­сты пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың ұста­ны­мын біл­мей­тініңізді көр­сетіп отыр­сыз. Есіңіз­ге салай­ын, пре­зи­дент Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мәжілісін­де тіл мәсе­лесіне «ғылы­ми тұрғы­дан келу,… қазақ тіліне рефор­ма жасау,… тілі­мізді модер­ни­за­ци­я­лау» қажет­ті­гін айтқан бола­тын. Кей­інірек бұл бағы­тқа қаты­сты «Еуро­па елдерінің тәжіри­бе­леріне көңіл ауда­ру керек, олар­дың жас ұрпаққа тіл үйре­ту­де­гі маңы­зы зор» деген­ді тағы ескерт­кен болатын.

Енді сіз:

а) «қаза­қо­цен­трист» ака­де­ми­к­тің ұста­ны­мы «дұры­сты­ғын», соның нәти­же­сін­де қазақ тілінің кере­мет дамып кет­кенін, жұрт­тың бәрі тез үйреніп алып, сай­рап жүргенін;

ә) «еуро­цен­трист» пре­зи­дент­тің дегенінің «терісті­гін», Еуро­па­ел­дері линг­ви­стерінің тәжіри­бе­лерінің іске таты­май­ты­нын, соның сал­да­ры­нан тіл­дерін ешкім үйрен­гісі кел­мей­тінін», ол елдер­дің «ғылым мен мәде­ни­ет­ті қазір­гі жаһан­да­ну зама­нын­да өрге сүй­рей алмай» (бұл – өзіңіздің сөзіңіз – Қ.Ж.) оты­рға­нын… руха­ни даму мысал­да­ры­нан алып оты­рып, дәлел­деп беріңіз.

Дәлел­дей алмасаңыз:

а) ана тілі­мізді дамы­ту­дың ел пре­зи­ден­ті ұсы­нып оты­рған аса маңы­зды бағы­тын жүзе­ге асырт­пау үшін астыр­тын сабо­таж жари­я­ла­у­шы;

ә) қазақ тілін көк­тет­пеу үшін Кеңес Одағы­ның тіл­дер­ді жою сая­са­тын жүзе­ге асы­ры­сқан адам­дар­дың теріс бағыт­та­рын қол­да­у­шы, мем­ле­кет­тік тіл­ге қар­сы әре­кет ету­ші ретін­де жау­ап беруіңіз­ге тура келеді.

***

  • Ғалым­дар­ды жер­ден алып, жер­ге сал­ды» – пам­флет № 7

А. Салқын­бай: Қазақ ғалым­да­ры­на күл шашты,… жала жапты…

Қала­мқас Қалы­ба­е­ва (Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры – Ред.): Қазақ ғалым­да­рын жер­ден алып, жер­ге салды…

Қанағат Жүкеш: «Ғалым­дар­ды жер­ден алып, жер­ге салу» – қатар­дағы оқиға емес. Тұта­стай ғылым сала­сын­дағы стра­те­ги­я­лық бағыт­тар сыналған­да, қоғам­да дүр­лі­гу, рево­лю­ци­я­лық еле­стер көрініс беруі мүм­кін. Осы мезет­те Ұлы Фран­цуз рево­лю­ци­я­сы ойы­ма ора­лып отыр. Олар­да рево­лю­ци­о­нер­лер­дің әр келесі ұрпағы алды­ңғы­ла­рын жазым етіп еді. Деген­мен, фран­цуз зия­лы­сы өмір­лік мис­си­я­ла­рын жау­ап­кер­лік­пен сезініп, қауіп­ті адым­дар жаса­ды, Ұлы пат­ри­о­тизм олар­ды тәу­е­кел­ге итермеледі.

О, Жаратқан! Ала­пат сын кесек дәлел­дер­ді қажет етеді.

Иә, мен қазақ фило­лог­та­рын «жер­ден алып, жер­ге сал­дым». Не үшін?

Олар­дың ака­де­ми­я­лық дең­гей­де шыға­рып жатқан көлем­ді еңбек­терін­де­гі теріс стра­те­ги­я­ла­ры үшін, жеке адам­дар­дың зерт­те­улерін­де­гі так­ти­ка­лық қате­лері үшін ғана емес.

(Жалға­сы бар)

Қанағат ЖҮКЕШ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн