Пятница , 9 мая 2025

ТОЛҚУДЫҢ тоғыз себебі

  • Қытай билі­гі қауіп­сіздік­ті қан­ша күшейт­кені­мен, ковид­тік шек­те­улер­ге қар­сы халы­қтың нара­зы­лы­ғы тола­ста­май тұр. Керісін­ше өрши түсті. «Айфон» бөл­шек­терін өндіретін элек­тро­ни­ка қала­шы­ғын­дағы дүр­бе­лең әлі тыншымады.

24 қара­ша­да Үрім­жі­де­гі (Шың­жаң) көп қабат­ты тұрғын үйде өрт болып, үкі­мет­тің бер­ген мәлі­меті бой­ын­ша, 10 адам қаза тауып, 9 адам­ды күй­ік шалған. Шене­унік­тер­дің әсіре­се 100 күн­нен бері қатаң каран­т­ин­де жатқан адам­дар­ды «қашуға мүм­кін­ді­гі бол­са да қашпа­ды, өрт­тен қорға­ну қабілет­тері кем­шіл бол­ды» деп, қай­тыс болған әйел­дер мен баба­лар­ды айып­та­уы өрт­ке май құй­ған­дай әсер етіп, ертеңін­де он мың­нан астам адам Үрім­жі қала­лық үкі­метінің алды­на жиналған. Нәти­же­сін­де қала билі­гі каран­т­ин­ді алып таста­уға келісім берген.

Қытай­дың қап­таған интер­нет сақ­шы­ла­ры шын­ды­қты айтқан­дар­дың акка­унт­та­рын өшіріп, ірі интер­нет ресур­ста­ры Үрім­жі­де­гі өрт­тің рей­тин­гісін төмен­де­ту­ге тыры­сқа­ны­мен, күл­лі Қытай құлақта­нып, Шан­хай бастап, үлкен қала­лар­да жұрт өрт­тен қай­тыс болған­дарға аза біл­ді­ру мақ­са­тын­да қара­лы жиы­нын өткізу­ге топ­тасқан. Жаңа мәлі­мет бой­ын­ша, 50 қала­да, 104 жоға­ры оқу орнын­да ірілі-ұсақты осын­дай шара­лар өткен. Жиын бары­сын­да үш жыл­дан бері еркін жүріп-тұру­дан қалған Қытай жұр­ты «Біз­ге каран­тин емес, еркін­дік керек» деген ұран­дар­дан тыс, «Ком­му­ни­стік пар­тия, кет!», «Ши төраға, кет!», «Біз­ге дик­та­тор емес, әділ сай­лау керек!» деген ұран­дар көтер­ген. Жоға­ры оқу орын­да­ры­ның бас­шы­ла­ры сту­дент­тер­ді сақ­шы­ларға ұстап беру­ден бас тарт­са, қала жұр­ты сақ­шы меке­ме­лерін қор­шап, өз ойын ашық айтқан­ды­қтан қамауға алы­нған бел­сен­ділер­ді боса­ту­ды талап еткен.

Қазір Қытай­дың түр­лі аймақта­рын­да (про­вин­ци­я­ла­рын­да) халық толқу­ла­ры болып жатыр. Баста­пқы­да тұр­мыстық, әле­умет­тік һәм каран­тин шек­те­улеріне нара­зы болған тұрғы­лы­қты аза­мат­тар сая­си талап­та­рын бір­тін­деп ашық айта баста­ды. Халық толқу­ла­ры барған сай­ын үдей түс­кенін еске­ре оты­рып, мына екі стра­те­ги­я­лы аймақты айры­қ­ша атап өткен жөн.

Олар: 1. Қытай­дың Орта­лық Ази­яға тіке­лей шыға­тын гео­эко­но­ми­ка­лық, гео­мә­де­ни орта­лы­ғы – ҮРІМЖІ; 2. Қытай­дың теңіз бел­де­уі арқы­лы Тынық мұхит аймағы­на ықпа­лын жүр­гі­зетін қақ­па­ның бірі – Шанхай.

Әрине, халық толқу­ла­ры әр өңір­лер­де түр­лі фор­мат­та жалға­сып жатыр. Қазір біз аталған екі аймақты ерекше наза­рға алып отыр­мыз. Бұл екі аймақ Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­ты­на әсерін тигі­зетін гео­ор­та­лық екенін біл­гені­міз дұрыс. 

Екін­ші­ден, Үрім­жі­де­гі халық толқу­ла­ры Бей­жің мен Мәс­ке­удің аймаққа бай­ла­ны­сты ішкі-сыр­тқы сая­са­ты­на ықпал жасай­ды. Мәс­кеу ШҰАР-дағы толқу­дың Орта­лық Ази­яға әсерін өзін­ше тұс­пал­дай­ды және өзін­ше баға­лай­ды. Былай­ша айтқан­да, Қаза­қстан мен Орта­лық Азия елдеріне қара­та сая­си, әске­ри және эко­но­ми­ка­лық басым­ды­қты күшей­те түседі. Оған үш негіз­гі себеп бар.

1. Эко­но­ми­ка­лық фак­тор. ШҰАР-дағы толқу­лар шека­ра аттаған эко­но­ми­ка­лық мүд­де­ге әсерін тигі­зеді. 2. Аймақ қауіп­сізді­гі. Халық толқу­ла­ры ресми Бей­жіңнің аймаққа бай­ла­ны­сты қару­лы қорға­ны­сын арт­ты­ра­ды. Ресей бұдан секем ала­ды. 3. Көші-қон мәсе­ле­лері. Жақын жыл­да­ры аймақтағы қазақ, қырғыз және ұйғыр­лар Орта­лық Азия елдеріне ағы­луы мүм­кін. Ресей ҰҚШҰ (Ұжым­дық Қауіп­сіздік Шарт Ұйы­мын) жақ­сы пай­да­ла­на оты­рып, мәс­ке­улік мүд­дені одан сай­ын сая­сатқа айнал­ды­ра түседі. Ал біз үшін ары қарай­ғы негіз­гі түйт­кіл – осы «ОДКБ». 

«Өздерін қытай­тіл­ді атмо­сфе­ра­да санай­тын ұйғыр­лар мен қаза­қтар ШҰАР-дағы этни­ка­лық қытай­лар­мен мүд­десі тоғы­сып жатқа­нын еске­руі­міз керек. Яғни, қытай­лар мен қытай­тіл­ді ұйғыр-қаза­қты бірік­тіретін әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық ортақ мүд­де­лер пай­да болған. Қазір осы жағ­дай жыл­дам көрініс беруде.

Үшін­ші. Қытай­дағы халық толқу­ла­ры Бей­жіңнің де ішкі-сыр­тқы сая­са­ты­на әсерін тигі­зетінін айтып өткен едік. Олар мына­дай тұс­пал­да көрініс таба­ды. 1. Сая­си кла­на­ра­лық қақты­ғыс арта­ды; 2. Гео­эко­но­ми­ка­лық һәм әле­умет­тік түйт­кіл­дер мен теңсіздік­тер тіке сая­сатқа айна­ла­ды; Сая­си бел­сен­ділі­гі жоға­ры аза­мат­тар­дың тала­бы да жоға­ры­лай­ды. Яғни, әле­умет­тік һәм тұр­мыстық талап­тар­дан бөлек сая­си талап­тар қой­ы­ла­ды. 3. Аймақтар­дағы кадр­лық ауыс-түй­істер тез­дей­ді; 4. Аймақтық қауіп­сіздік шара­ла­ры тіп­тен күшей­тіледі; 5. Қытай теңізі аймағы соғы­сқа жақын­дай түседі; 6. «ОДКБ»-ге қар­сы «ШОС»-тың сыр­тқы сая­са­ты арта­ды, т.б.

Төртін­ші­ден, Қытай­да каран­тин шек­те­улері неге жалға­сып жатыр деген сұрақ көп­ті маза­лап келеді. Ол тура­лы мына­дай тұс­пал айтуға бола­ды. 1). Індет­тің сая­сатқа айналған көрінісі; Съез­ге дей­ін және кей­ін де каран­тин шек­те­улері Қытай­дың гео­са­я­си және гео­эко­но­ми­ка­лық аймақта­рын­да жүр­гізіл­ді. Сол арқы­лы билік пар­ти­я­сы орта­лық үкі­мет­ке бала­ма күш сана­ла­тын аймақтар­ды өзін­ше құр­са­у­лап, есеп айы­ры­сты. 2). Ішкі сая­сат­тағы ағат­тық; Ресми билік­тің соңғы кез­де жүр­гіз­ген ішкі әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­ла­ры кей­бір ағат­ты­қтар­дың орын алуы­на себеп бол­ды. Бұрын бала­ма сыни пікір­лер мен ынты­мақ­тас пар­тия топ­тар­дың оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­та­ры бел­гілі дең­гей­де ескерілетін еді. Яғни, ішкі сая­сат­та рефор­ма­лық кон­цеп­ци­я­ларға басым­дық беретін. Кей­ін атал­мыш жағ­да­ят­тарға тіке шек­теу орна­ды, өткір сын­шыл­дар цен­зу­раға тап бол­ды. Соның кесірі­нен орас­ан зор қателік­тер қай­та­ла­на берді. 

Бесін­ші, каран­тин шек­те­уі қара­пай­ым халы­қтың Қытай ком­пар­ти­я­сы мен Қытай бас­шы­сы­на бай­ла­ны­сты көңіл-күй­ін өзгер­тіп жатыр. Демек, бұны кім істе­ді? Сая­си әле­уеті бел­сен­ді аймақтар неге каран­тин­ге жабы­ла­ды? Халы­қты ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да ұстай­тын билік пар­ти­я­сы­на тұрғын­дар­дың нара­зы­лы­ғы неге он есе күшей­ді? Оны кім істеп отыр? Ши режи­мі халы­қтың наза­рын ауда­ра­тын жаңа «ойын» тауып шыға­ра ма? Ол тура­лы қан­дай тұс­пал айтуға бола­ды? Тай­вань дағ­да­ры­сы Ши режи­міне қалай әсер етуі мүм­кін? Қытай теңізі аймағын­дағы сая­си, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс Қаза­қстан мен Орта­лық Азия елдеріне қалай әсер етуі мүм­кін? Бұл сұраққа әркім әртүр­лі жау­ап іздейді. 

Алтын­шы, халық толқу­ла­рын кім­дер пай­да­ла­нуы мүм­кін? 1). Қытай бас­шы­сы. Халық толқу­ла­ры­на бай­ла­ны­сты Қытай бас­шы­сы ішкі сая­сат­ты қыса түседі. Яғни, Ши режи­міне нара­зы кей­бір тұлға­лар мен оның артын­дағы клан­дар­ды сіл­кілеп алуы мүм­кін. Сол арқы­лы негіз­гі «қыл­мысты» соларға жүк­теп, өзін «ақтау» опе­ра­ци­я­сы жүргізіледі.

2). Кла­на­ра­лық қақты­ғыс жаңа дең­гей­ге көтеріледі. Яғни, халық толқу­ла­ры кей­бір клан­дарға мүм­кін­дік береді. Халы­қтың Ши режи­міне бай­ла­ны­сты ішкі пози­ци­я­сын өзгер­ту­ге тыры­са­ды. 3). Алыс-жақын шетел­де­гі анти­ком­му­ни­стік күш­тер­дің ақпа­рат­тық ықпа­лы арта­ды. 4). Қытай­лық әле­умет­тік желі­де сая­си тақы­рып жаңа дең­гей­ге көтеріледі. Бұрын әле­умет­тік желі ерекше қадаға­ла­нып, сая­си тақы­рып­тар мүл­де шек­те­летін. Ал қазір Қытай­лық әле­умет­тік желілер сая­си-әле­умет­тік нара­зы­лық бұғат­та­у­ларға қара­ма­стан оқша бора­ды. Ақпа­рат­тың тара­луы өте жыл­дам және ақпа­рат­тық ашы­қтық бір­тін­деп пай­да болып жатыр.

Жетін­ші, бұрын этни­ка­лық қақты­ғы­стар­мен аты шыққан Үрім­жі­де қазір халық толқу­ла­ры­ның жаңа фор­ма­ты пай­да бол­ды. Алып шаһар­да қытай­лар мен ұйғыр­лар араз­ды­ғы жиі қай­та­ла­на­тын және соңы этни­ка­лық жан­жалға апа­ра­тын. Қазір аймақтағы қытай­лар орта­лық билік­тің Шың­жаң сая­са­ты­на тіке нара­зы. Яғни, ұйғыр­ларға бай­ла­ны­сты қытай­лар жаңа түсінік­ке ие болып жатыр.

Ортақ түсінік­тің маз­мұ­ны – «мей­лі ұйғыр, қытай бол, бәрібір ортақ ынты­мақ­та­са оты­рып, билік­тің аймақтағы шек­те­улерін өзгер­ту керек!». Бұл атал­мыш түй­сік қазір ШҰАР шең­бері­нен шығып, Қытай­дағы стра­те­ги­я­лық орта­лық Шан­хай мен Бей­жің тұрғын­да­ры тара­пы­нан да қол­дау табу­да. Былай­ша айтқан­да, каран­тин шек­те­улері кезін­де ШҰАР-да орын алған әле­умет­тік- эко­но­ми­ка­лық түйт­кіл­дер­мен бір­ге табиғи апат­тың орна­уы қатар­дағы қытай аза­мат­та­ры­на, зия­лы қауым өкіл­деріне және қоғам бел­сен­ділеріне ерекше ой сал­ды. Ішкі Қытай­да «Шың­жаң мәсе­лесі» жаңа сая­си көзқа­рас­тар­ды қалып­та­сты­рып жатыр.

Сегізін­ші, ШҰАР-да қытай­тіл­ді санатқа жата­тын тұрғы­лы­қты қаза­қтар мен ұйғыр­лар­дың жаңа буын өкіл­дері қоғам­дық жұмыстарға бел­сен­ді ара­ла­сып жатыр. Олар­дың тіл­ден бөлек әле­умет­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық және мини-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лері тағы бар. Өздерін қытай­тіл­ді атмо­сфе­ра­да санай­тын ұйғыр­лар мен қаза­қтар ШҰАР-дағы этни­ка­лық қытай­лар­мен мүд­десі тоғы­сып жатқа­нын еске­руі­міз керек. Яғни, қытай­лар мен қытай­тіл­ді ұйғыр-қаза­қты бірік­тіретін әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық ортақ мүд­де­лер пай­да болған. Қазір осы жағ­дай жыл­дам көрініс беруде.

Бұрын ШҰАР-да тұрғы­лы­қты қазақ-ұйғыр­лар мен этни­ка­лық қытай­лар ара­сын­да бірік­тіру­ші сана-сезім әлсіз еді, соңғы кез­де­гі каран­тин шек­те­улері мен зардап­та­ры этни­ка­лық жан­жал­дан гөрі аза­мат­тық ортақ бел­сен­ділік­ті арт­ты­ру­да. Дәл осы тұс өте терең ана­лиз жаса­уды қажет ете­ді. Яғни, алда аймақтағы қаза­қтіл­ді, ұйғыр­тіл­ді сая­си бел­сен­ділік­тің орнын бір­тін­деп қытай­тіл­ді қазақ-ұйғыр бел­сен­ділері басады. 

Тоғы­зын­шы, ШҰАР-да каран­тин шек­те­уі кезін­де әле­умет­тік қиын­ды­қтар­дан бөлек табиғи апат болып жатыр. Әсіре­се мал­ша­ру­а­шы­лық өңір­лер жап­пай апатқа ұшы­ра­уда. Нақты шығын аны­қтал­ма­ды, бірақ төрт түлік мал­дың қол­дан жасалған қиын­ды­қтар кесірі­нен апат жағ­дай­ын­да қалуы этни­ка­лық қаза­қтарға ой салып жатыр. Бұл – басқа емес, дәл Қаза­қстан­ның көші-қон сая­са­ты­на қаты­сы бар өзек­ті мәселе.

Қытай­да қазір каран­тин шек­те­улері бір­тін­деп алы­нып жатыр, алда шека­ра сауда­сы қай­та жан­да­на түседі деп болжай­ық. Сол кез­де жаңа көштің легі пай­да бол­са, біз оған дай­ын­быз ба?

Елдес ОРДА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн