Пятница , 4 июля 2025

Тоғжан ҚОЖАЛЫ: ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ жергілікті өзін-өзі басқарудың БАСТАУЫ БОЛАДЫ

  • Сай­ла­удың дүр­ме­гі тарқап, жаңа пар­ла­мент жасақталған­да, депу­тат­тар­дың алды­на аса маңы­зды бір құжат түсуі мүм­кін. Мүм­кін дей­тіні­міз, қаңқа­сы әлдеқа­шан қалан­са да, қай­та қарап, жетіл­ді­ру ісі сиы­рқұй­ым­шақта­нып келе жатқан бір заң бар. Ол – «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өзін-өзі басқа­ру­ды дамы­ту тура­лы» заң жобасы.

Бұл құжат­тың құн­ды­лы­ғы неде? Аза­мат­тық қоғам нені білуі керек? Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы заң «халы­қтан – қары­нға» ағы­ны­на тоқтам сала ала ма? Бұл сау­ал­дар­ды біз қоғам бел­сен­дісі, «ХАҚ» қоғам­дық қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның жетек­шісі Тоғ­жан Қожа­лы­дан сұрадық.

– Жаңыл­ма­сақ, осы заң­ның тұжы­рым­да­ма­сын әзір­ле­ген жұмыс тобы­ның құра­мын­да сіз де бол­ды­ңыз. Құжат­тың маңы­зды­лы­ғын бір ауыз сөз­бен қалай түсін­дірер едіңіз?

– Маңы­зды­лы­ғы сол – біз бұл заң­ды, керек десеңіз, Ата заң­нан кей­ін­гі оры­нға қоя­мыз. Өйт­кені жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есі жақ­сы жұмыс істе­ген елдер­де ілгерілеу жедел­дей­ді, өркен­деу жыл­дам­дай­ды. Аза­мат­тық қоғам бел­сен­ді қимы­лға көшеді. Әрбір аза­мат жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есіне атса­лы­са ала­ды. Мұны қазір мен ғана емес, көп­шілік біліп, сезіп отыр. Себебі халық тұр­мысы­ның жақ­са­руы мәжіліс пен сенат­тың қыз­метіне емес, бірін­ші кезек­те әкім­дік­тің қалай жұмыс істей­тініне тәу­ел­ді. Жасы­ра­ты­ны жоқ, қала салық төле­ушілер­дің ақша­сы­на өмір сүреді, бірақ салық төле­ушілер ақша­ның қалай және қай­да жұм­са­ла­ты­нын білмейді.

– Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есін өзгер­ту бой­ын­ша сіздің нақты ұсы­ны­ста­ры­ңыз қандай?

– Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­руға ұмты­лыс Қаза­қстан­да ауыл әкім­дерін сай­ла­удан баста­луы тиіс. Бірақ оны билік «Сая­си жаңғы­ру­дың жаңа кезеңі» деп әспет­те­ді. Бірақ олар­ды халы­қтың қала­у­ы­мен әкім бол­ды деу қиын. Сырт­тай қараған­да, «Нұр Отан­ның» бата­сын алған әкім­дер­дің тұрғын­дар­мен бір жүз­десіп, атқа қай­та мін­генін­дей әсер қал­дыр­ды. Дәл осы қадам ел-жұр­тқа пай­да­лы бол­ды деудің қисы­ны жоқ.

– Бірақ ауыл бас­шы­сын тұрғын­дар тіке­лей дауыс беру арқы­лы сай­лап жатыр деді? 

– Деуін – деді ғой, бірақ ауыл­дық жер­де бұры­нғы әкім­мен тай­та­ла­са ала­тын­дай білік­ті кадр да тап­шы еді. Оның үстіне қиыр­дағы елді мекен­дер­де аза­мат­тық қоғам әлсіз екені дау тудыр­май­ды. Сон­ды­қтан шын мәнін­де әкім­ді сай­лау қажет бол­са, оны ауыл­дан емес, ірі қала­лар­дағы ауқым­ды аудан­дар­дан бастау қажет бола­тын. Мәсе­лен, Алма­ты­ның Түрк­сіб, Жеті­су неме­се Алма­лы аудандарынан. 

Нелік­тен? Себебі бұл аудан­дар­дың орна­ла­суы, құры­лы­мы әртүр­лі. Пилот­тық жоба ретін­де осы аудан­дар­дың бірі таң­далған­да, нәти­же­сі де басқа­ша болар еді. Қала­да кан­ди­дат­тар да жет­кілік­ті. Халық өзіне қолай­лы көретін тұлға­ны дауыс беру арқы­лы таң­дай ала­ды. Сон­ды­қтан біздің ұсы­ны­сы­мыз – әкім сай­ла­уды ит арқа­сы қиян­нан емес, қала­дан, қала болған­да да – рес­пуб­ли­ка­лық қала­лар­дың аудан­да­ры­нан баста­уы керек.

– Ұсы­ны­ста­ры­ңыз жүзе­ге асуы үшін, заң­на­ма­лық дең­гей­де шешуді қажет ететін қан­дай мәсе­ле­лер бар?

– Мәсе­ленің бірі – рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі қала­лар­да аудан­дық мас­ли­хат­тар­ды ашу, соны ұйым­да­сты­ру. Мыса­лы, Алма­ты мәс­ли­ха­тын­да 49 депу­тат бар. Ал қала­да 2 мил­ли­он халық тұра­ды. Бұған енді қала аумағы­ның уақыт санап кеңей­іп келе жатқа­нын қосы­ңыз. Бір сай­лау окру­гінің өзін­де 500 мың адам бар. Сол 500 мың адам­ның аудан­да өз өкілі жоқ. Бей­не­леп айт­сақ, ести­тін құлағы, көретін көзі жоқ.

– Мәс­ли­хат ше?

– Мәс­ли­хат бар. Бірақ ол әкім­шілік­тің жұмысын істей­ді. Әкім­шілік­тің бір тар­мағы ретін­де қыз­мет ете­ді. Міне, сон­ды­қтан біз рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі қала­лар­да аудан­дық мәс­ли­хат­тар жұмыс істе­уі керек дей­міз. Алма­ты­ның 49 депу­та­ты 2 мил­ли­он тұрғын­ның қамын күйт­тей­ді, мұң-зары­на құлақ асып үлге­реді, жасал­маған жолын жөн­детіп, тар­тыл­маған суын тар­тып береді десеңіз, оған кім сенеді?

– Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­дың жаңа жүй­есін­де әкім­дер­дің рөлін қалай елестетесіз? 

– Әкім­дер­дің рөлі – оның сол оры­нға қалай және кім­нің арқа­сын­да барға­ны­мен бай­ла­ны­сты. Ауыл-аудан­нан бастап, қала, облыс бас­шы­ла­ры­на дей­ін­гі әкім ата­улы­ның бәрі қыз­метіне сай­лан­ба­лы жол­мен ғана кірі­суі керек. Сон­да ғана оны халық таң­даған әкім деп айта ала­мыз. Өкініш­ке қарай, «Сай­лау тура­лы» заң­да да, «Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы» заң­да да рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар мен облыс әкім­дерін сай­лау тура­лы бір ауыз сөз айтыл­маған. Ал сай­лан­баған әкім халы­ққа есеп бер­мей­ді. Есеп беруді қажет деп те сана­май­ды. Оны кім тағай­ын­да­ды, соны­мен ғана сана­са­ды, соның алдын­да ғана есеп береді. Соның айтқа­ны­мен жүріп, соның айтқа­ны­мен тұра­ды. Яғни, ештеңе өзгермейді.

– Қаза­қстанға фис­кал­дық рет­теу қажет пе? Сіз көріп оты­рған жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру үлгісін­де салы­қты бөлу қалай жүреді?

– Ең басты­сы – мем­ле­кет­тік орган­дар­дың функ­ци­я­сын шек­теу керек. Бұл үшін арнайы аудит жүр­гізіл­гені дұрыс деп санай­мыз. Өйт­кені әкім­шілік­ке көп өкілет­тік­тің қажеті жоқ. Оның көп­те­ген функ­ци­я­ла­рын жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есіне неме­се жер­гілік­ті әкім­дік­ке бер­ген жөн. Сон­да елді мекен­дер­де­гі өзек­ті мәсе­лені жер­гілік­ті тұрғын­дар өздері шешеді. 

Енді салы­ққа келей­ік, салы­қтың көлем­ді бөлі­гі аудан­да қалуы керек. Әр аудан өз бюд­жетін талқы­лап, маңы­зды деген мәсе­ле­ге қар­жы бөле ала­тын­дай дең­гей­ге жетуі қажет. Сон­да ғана кезе­гін күт­кен көп шаруа шеші­мін таба­ды. Қазір аймақ-аймақта түй­іні тарқа­тыл­маған мәсе­ле жетіп-арты­ла­ды. Неге? Себебі аудан­ның өз бюд­жеті жоқ. Сол себеп­тен салы­қтың көлем­ді бөлі­гі жер­гілік­ті жер­де қалып, қалға­ны облы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке ауда­ры­луы керек. Өйт­кені ортақ қаза­нға түсетін өзге салық түр­лері жеткілікті.

– Деген­мен елі­міздің көп­шілік аймағы дота­ци­я­мен күн көріп отыр. Олар басқа­сын айт­паған­да, білім беру, ден­са­улық сақтау, құқық қорғау секіл­ді маңы­зды сала­лар­ды қар­жы­лай қам­туға қажет­ті салық жинай алмай­ды ғой?

– Ол рас. Алды­мен мына мәсе­лені еске­рей­ік. Өткен жыл­дың соңын­да 2023–2025 жыл­дарға арналған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қабыл­дан­ды. Алдағы үш жылғы бюд­жет­тің шығы­сы – 21 трлн тең­ге, кірісі 17,8 трлн тең­ге көле­мін­де болжан­ды. Мем­ле­кет­тің кірісі­нен шығы­сы көп болған­ды­қтан, қосым­ша 3,2 трил­ли­он тең­ге қажет. Өкіні­штісі сол – бұл жағ­дай жыл­да қай­та­ла­на­ды. Оның басты себебі – донор аймақтар, яғни Алма­ты мен Аста­на және мұнай­лы Аты­рау облы­сы. Маңғы­ста­удың өзі донор аймақ мәр­те­бесі­нен айы­ры­лып қал­ды. Сон­да елі­міз­де­гі 20 өңір­дің 17-сі өзін-өзі асы­ра­уға қауқар­сыз деген сөз.

Сон­ды­қтан дота­ция негізі­нен жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға берілуі керек. Жұмыс орын­да­рын ашу, кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту – ортақ қаза­нға аузын ашып оты­рған өңір­лер­ге жан бітірудің ең басты алғышарты. 

Осы жер­де ескер­те кететін бір мәсе­ле бар. Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру жүй­есі донор аймақтар үшін де маңы­зды. Табысты аудан­дар мен аймақтар­дың өзін­де шеші­мін күт­кен мәсе­ле көп. Айта­лық, неге Жаңаө­зен­де халық жиі шеру­ге шыға­ды? Өйт­кені мұнай­лы өлкенің де біт­пе­ген шаруа­сы, шешіл­ме­ген мәсе­лесі аз емес. Табыс рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке кет­кен­нен кей­ін, жер­гілік­ті халық қол­дағы барын өзге­ге беріп, өзі жалаңбұт оты­рған­дай күй кешеді.

– Қала­лық жер­лер­де тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты айғай-шу жиі бола­ды. Әсіре­се биы­лғы қыс бұл сала­дағы талай былы­қтың бетін ашты. Жемқор­лық пен жау­ап­сыздық, жеке­ле­ген үйлер былай тұр­сын, қақаған қыста тұтас қала­ны «қаты­рып» таста­ды. Не ұсы­ныс айтасыз?

– Дамы­ған елдер­дің тәжіри­бесіне қара­сақ, жеке­ле­ген үйлер түгілі тұтас квар­тал­дар басқа­ру­шы ком­па­ни­я­лар­дың қара­мағы­на беріледі. Бірақ ол ком­па­ни­я­лар біз­де­гі­дей бар­мақ басты, көз қысты­мен таң­дал­май­ды. Осы сала­да тәжіри­бесі мол, қажет­ті тех­ни­ка­ла­ры, білік­ті маман­да­ры бар ком­па­ни­я­лар бәсе­ке­ге түседі. Басты­сы – оны тұрғын­дар­дың өзі таң­дай­ды. Ком­му­нал­дық төлем үшін қар­жы шығын­даған­нан кей­ін, бұл қыз­мет­ті кім­ге сеніп тап­сы­ра­ты­нын тұрғын­дар өздері шешуі керек. Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­дың тиім­ділі­гі де осында.

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

Байқоңырдың әкімдігі

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСҚА

халықты шақырып жүр

  • Бай­қоңыр қала­сы­ның әкім­ді­гі жер­гілік­ті тұрғын­дарға Укра­и­на жерін­де­гі соғы­сқа қаты­су үшін ақша ұсы­нған, деп хабар­лай­ды Today-ге сіл­те­ме жасап Exclusive.kz Kazakhstan.

«Бай­қоңыр әкім­шілі­гі төраға­сы­ның 2023 жылы 7 ақпан­дағы № 46 қаулы­сы­на сәй­кес, Бай­қоңыр қала­сын­да тұра­тын моби­ли­за­ци­я­ланған аза­мат­тар және арнайы опе­ра­ци­яға өз еркі­мен қаты­сқы­сы келетін, келісім­шарт бой­ын­ша әске­ри қыз­мет­тен өткісі келетін­дер­ді әле­умет­тік қол­дау шара­сы ретін­де 260 мың рубль көле­мін­де бір рет­тік қар­жы­лай өте­мақы тағай­ын­дал­ды», – делін­ген про­ку­ра­ту­ра­ның хабарламасында.

Төлем тәр­тібіне сәй­кес, әске­ри қыз­мет­ші Бай­қоңыр қала­сы әкім­ді­гінің халы­қты әле­умет­тік қорғау бөлі­міне бел­гі­лен­ген нысан бой­ын­ша бір­жолғы төлем­ге өтініш береді. Әске­ри қыз­мет­шілер­ге бір­жолғы төлем қара­жа­ты қаралған­нан кей­ін, олар­дың өтіні­ш­терін­де көр­сетіл­ген Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның кре­дит­тік ұйым­да­рын­дағы шот­тарға аударылады.

«Әске­ри қыз­мет­кер­дің өтіні­ші қабыл­да­нып, қар­жы ауда­ры­ла­тын мерзім 20 жұмыс күні­нен аспай­ды. Сәй­кес қау­лы қала әкім­шілі­гінің ресми сай­тын­да жари­я­ланған және күшіне енді», – делін­ген Еxclusive.kz дереккөз­дер­ге сіл­те­ме жасап таратқан ақпаратта.

Осы орай­да әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық сег­мен­тін­де нара­зы­лық толқы­ны туды. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әкім­шілік-тер­ри­то­ри­я­лық бір­лі­гі болып сана­ла­тын және халқы­ның көп­шілі­гі Қаза­қстан­ның аза­ма­ты болып есеп­те­летін қала­да бөтен елдің (Ресей) агрес­си­я­лық-окку­па­ци­я­лық соғы­сы­на қаты­сты үгіт-наси­хат жұмысы неге жүр­гізіледі? Қаза­қстан­дық билік бұл бас­сызды­ққа неге жол береді? Көп­шілік­ке маза бер­ме­ген сұрақтар­дың ортақ сұл­ба­сы осындай.

ДАТ-информ

Республиканский еженедельник онлайн