Суббота , 5 июля 2025

ТОҚАЕВ МЫРЗАҒА арналған ТЕЗИСТІК СҰРАҚТАР

  • Тоқа­ев мыр­за! Елба­сы­ның үшін­ші ұрпағы жақын­да мил­ли­ар­дер бола­ды, ал 2,5 мил­ли­он отан­даста­ры­мыз әлі күн­ге дей­ін кедей­шілік­те өмір сүріп жатыр.

Герма­ни­яда 2 мил­ли­он мил­ли­о­нер бар. Мем­ле­кет­тің 30 пай­ыз бай­лы­ғы солар­дың мен­ші­гін­де. Ал біз­де мем­ле­кет­тің 55% бай­лы­ғы сана­у­лы адам­дар­дың қолын­да. Біздің оли­гарх Ким бір жыл­да 1,4 мил­ли­ард дол­лар табыс «таба­ды». Осын­ша­ма ақша­ны біз­де жылы­на мил­ли­он зей­нет­кер ала­ды. Бір адам­ның табысы біз­де мил­ли­он адам­ның табысы­на тең. Елба­сы­ның сая­са­тын жалға­сты­руға уәде бер­ген Тоқа­ев мыр­за, сіз осы сая­сат­ты жалға­сты­рас­ыз ба?

Сіздің рези­ден­ци­яңыз АҚШ-тың Ақ үйі­нен жеті есе үлкен. Аме­ри­ка­дан қан­ша­лы­қты бай­мыз? Қытай­дың бас­шы­сы ұшақты арен­даға ала­ды. Керек емес кез­де сол ұшақты қара­пай­ым жола­у­шы­лар пай­да­ла­на­ды. Ал біз­де бір пре­зи­дент­тің өзін­де жеке бес ұшағы бар. Бір ұшақтың құны 100 млрд тең­ге тұра­ды. Осы ақшаға жүз мек­теп пен бала­бақ­ша неге сал­масқа? Неге бай Гер­ма­ни­яда тест тегін, ал біз оған ақша төлейміз? 

Сайла­удың алдын­да мем­ле­кет аймақта­ры­ның жар­ты­сы /карантиндік/ сары зона­да тұр­ды. Ресей­де митин­гілер басталған кез­де біздің аймақтар «све­то­фор» сияқты қызыл түс­ке өзгер­ген? Біз­де­гі пан­де­мия сая­сатқа бағы­на ма?

Біз 30 жыл бойы жап­пай экс­пе­ри­мент­те өмір сүріп жатырмыз.

Жақын­да өзі­ме вак­ци­на салам дедіңіз. Бай­ден жар­на­ма­сыз-ақ бірін­ші болып өзіне вак­ци­на сал­дыр­ды. Осы­мен ол өз отан­даста­ры­на үлгі көр­сет­ті. Біз­де төмен­гі айлық жүз дол­лар бол­са, ал Бай­ден шене­унік­тер­ге күніне 125 дол­лар төлейді.

Тоқа­ев мыр­за! Сіз осы екі жыл­дың ішін­де бір­де-бір уәдені орын­да­ма­ды­ңыз. Бай­ден бол­са, бар­лық уәдені /президенттігінің/ бірін­ші күні орын­да­ды. Мигрант­тарға аза­мат­тық алуға жеңіл­дік­тер жаса­ды және кли­мат жөнін­де­гі Париж келісі­міне оралды. 

Біз­де бай­дың бала­ла­ры көбі­не­се гене­рал неме­се министр болып шыға­ды. Ал АҚШ пре­зи­ден­тінің әйелі қара­пай­ым мұғалім болып жұмыс істейді.

Бізде 23 наурыз – он жыл бұрын мере­ке­ге айналған күн. Осы күні Болат Назар­ба­ев туған. 7 мамыр – Отан қорға­у­шы­лар күні. Бұл күні Дариға Назар­ба­е­ва дүни­е­ге кел­ген. Оның 50 жыл­ды­ғы­на бұл күн мере­ке­ге айнал­ды. Неге?

Дін­мұ­ха­мед Қона­ев Қаза­қстан­ды дамы­тқан. Бірақ оның туған күнін атап өтпей­міз. Ал Назар­ба­ев­тың туған күні – 6 шіл­дені бәрі біледі. Осы күн­ді мей­рам ретін­де өткі­зе­міз. Оны­мен қоса, 1 жел­тоқ­сан­да тұңғыш пре­зи­дент­ке арналған мей­рам­ды өткі­зе­міз. Ол мүл­дем дұрыс емес. Сол­түстік Коре­я­да дик­та­тор­дың туған күні мей­ра­мға айналған. Біз­де­гі мей­рам күн­дері елба­сы­ның өмірі­мен емес, халы­қтың өмірі­мен бай­ла­ны­сты болуы керек. Елба­сы да біз сияқты адам, оны жағым­паз­дар биік­ке жет­кізді. Жағым­паз­дар халы­қты әлем­ге масқа­ра қылды. 

Бізде 42 500 тең­ге болған төмен­гі айлық биыл өзгеріс­сіз қал­ды. Бірақ май, ұн, жұмыр­тқа жар­ты есе өсті. Төмен­гі айлық аспан­нан алы­на ма? Алма­ты зообақ­ша­сын­дағы май­мыл­дың өзіне айы­на тамаққа 74 мың тең­ге жұм­са­ла­ды. Ол төмен­гі айлы­ққа қараған­да екі есе көп. Енде­ше адам жану­ар­лар­дан кем тамақта­нуы керек пе?!

Біз Лат­ви­я­мен қатар еге­мен­дік алдық. Ол мем­ле­кет­те біз­де­гі сияқты мұнай жоқ. Бірақ Лат­ви­яда сту­дент­тің шәкір­тақы­сы 200 евро бол­са, біз­де осы ақша­ны маман­дар ала­ды. Каран­тин болған кез­де /латыштар/ әр балаға 500 евро­дан бер­ді, ал біз­де – ноль. Мем­ле­кет біз­ге «ақша жоқ, бірақ сіз­дер шыдаңы­здар» деді. Сол себеп­тен біздің /білікті/ маман­дар басқа елге қоныс ауда­ру­да. Қазір көбісінің түсіні­гі бой­ын­ша, егер Қаза­қстан­нан кет­сең, әйте­уір жетістік­ке жетесің. 

Амери­ка­да тамаққа айлы­қтың 6 пай­ы­зы жұм­сал­са, біз­де оған жалақы­ның жар­ты­сы кете­ді. Ол жер­де азық-түлік­тің баға­ла­ры біз­ден шама­лы ғана қым­бат. Біздің бір жыл­да таба­тын айлы­ғы­мы­зды олар бір айда таба­ды. Біз тек тамаққа ғана жұмыс істей­міз. Бұл адам­ның емес, құл­дың өмірі. Біздің өмір Гон­ду­рас сияқты деп айтқым келеді. Бірақ Гон­ду­ра­с­та ең төмен­гі айлық біз­ге қараған­да үш есе көп. Шын мәнін­де біз /кедейшіліктің/ түбіне дей­ін жеттік. 

Біздің /сенат/ спи­кері ашар­шы­лы­қты көр­мей, қалай оған баға береді? Крем­ль­ге жал­тақта­май жүрей­ік, әйт­пе­се мой­ы­нға шығып ала­ды. Нико­нов пен Федо­ров оған дәлел. /Олар/ Аме­ри­каға Аляс­ка­ны қай­тар деп айтуға қорқа­ды, өйт­кені олар бір­ден санк­ци­яға ұшы­ра­уы мүм­кін. Көп сөй­ле­мей, біз неге осы­лай жаса­ма­дық? Биыл сол­түстік­те­гі қала­лар­дың атта­рын тез­детіп ауы­сты­ру керек. Қан­даста­ры­мы­зға осы қала­лар­да бар­лық жағ­дай жаса­луы керек. 

Жақын­да евро­де­пу­тат­тар біз­де адам құқы­қта­ры бұзы­ла­ды деп, резо­лю­ция шығар­ды. Біздің билік оны­мен келіс­пе­ді. Бірақ ең басты­сы – халық евро­де­пу­тат­тар­мен келісті. Біз­де құқық жоқ, теқ қана мін­дет­тер мен штраф­тар бар. Неге біздің құқы­қта­ры­мы­зды каза­қстан­дық емес, шетел­дік депу­тат­тар қорғай­ды? Біздің депу­тат­тарға осы жағ­дай ұят­ты болуы керек қой?!

Нью-Йорк­те бір шар­шы метр жүз мың дол­лар тұра­ды. Бірақ 160 жыл ішін­де мем­ле­кет­тік парк­тің бір­де-бір шар­шы сан­ти­мет­рі сатыл­ма­ды. Ал біз­де Шым­бұлақ пен Медеу пар­кін­де жүз­де­ген жеке сарай­лар салы­нған. Бір спорт­шы тіке­лей эфир­де шыда­май: «Қаза­қстан­да бәрі саты­ла­ды» деп дұрыс айтты.

Нью-Йорк әуе­жайы стра­те­ги­я­лық маңы­зды объ­ект деп есеп­те­леді. Сол себеп­ті де ол мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де. Ал біз­де Алма­ты­дағы әуе­жай­ды Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы жақын­да түрік­тер­ге сат­ты. Бәрін сатып бітір­ді. Тек бізді сату ғана қалды. 

Бүкіл әлем­ге таны­мал Nike брен­дінің негізін қала­у­шы адам бұрын өзі ста­ди­он­дарға барып, аяқ киім сатқан. Осы­лай ол өзінің маң­дай тері­мен мил­ли­ард дол­лар тапқан. Біз­де ше, мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­на салы­нған «Қаз­Мұ­най­Газ» жанар-жағар­май құю бекет­тері дай­ын биз­нес ретін­де кей­ін біре­у­ге сый­лық ретін­де беріледі.

Бізде қай­тыс болған адам­ның қары­зда­рын банк оның туы­сқан­да­ры­на жаба­ды. Ал неге зей­не­тақы қорын­дағы /ақшаны/ солай етпес­ке? Банк пен «застрой­щик­тер» өздерінің қал­та­сын тол­ты­ру үшін, күдік­ті бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­ра­ды. Мыса­лы, қазір үйді /пәтерді/ зей­не­тақы қорын­дағы ақша арқы­лы сатып алуға бола­ды. Бірақ көбінің тек шар­шы сан­ти­метр алуға ғана шама­сы жете­ді. Ажи­о­таж баға­лар­ды өсір­ді. Бай­ғұс халық үлкен кре­дит ала­ды, банк­ке құл бола­ды. Ал құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры мен бан­кир­лер қал­та­ла­рын толтырады.

Дариға жастарға үйге бай­ла­нып қал­ма деп кеңес бер­ді. Онда неге оның өзін­де Лон­дон­да сарай­ла­ры бар? Дариға­ның осын­дай кеңесін Қона­ев пен Мер­кель де айта алар еді, өйт­кені олар қара­пай­ым адам­дар сияқты үш бөл­мелі пәтер­де өмір сүрді.

Швей­ца­рия мен Австрия пре­зи­дент­тері кәдім­гі мет­ро­мен жүр­се, біз­де әкім эскорт­пен жүреді. Гер­ма­ни­яда егер Мер­кель жол­да тығы­рық тудыр­са, оған айып сала­ды. Біздің әкім­дер­ді тығыз авто­бу­сқа тиеп, осы­лай тәр­би­е­леу керек. 

Әлем­де­гі ең бай адам Без­ос алға­шын­да ескі көлік­пен кли­ент­теріне өзі тау­ар таси­тын. Ескі есік­тен өзіне үстел жасаған. Осы­лай екі жүз мил­ли­ард дол­лар тапқан. Был­тыр Без­ос ком­па­ни­я­сы­ның акци­я­ла­ры екі есе өсті. Біздің зей­не­тақы қоры­ның ақша­сын Әзір­бай­жан­ның банк­рот бан­кісіне салған­ша, Без­осқа салу керек еді. Сон­да қазір біз­де ақша екі есе көп бола­тын еді.

Біздің елшілер өздері бір­де-бір тиын тап­пай, халы­қтың ақша­сын талан-тара­жға сала­ды. Олар­дың жар­ты мың көлі­гі 20 млн дол­лар тұра­ды. Кедей Эфи­о­пи­ядағы біздің елшілік­тің тек бір ғана көлі­гі 150 мың дол­лар тұра­ды. Оның құны осы мем­ле­кет­пен ара­дағы тау­ар айна­лы­мы­на тең. Неге олар Фран­ция пре­зи­ден­ті Олланд сияқты 30 мың дол­лар­лық маши­на­мен жүрмейді? 

Біздің шене­унік­тер теқ қана ақша­ны жара­ту­ды біледі, депу­тат­тар­ды «Пекин» мен «Хил­тон» отель­деріне жатқы­зды. Бұл қонақ үйлер­де­гі бір нөмір­дің тәулік­тік құны – жүз дол­лар. Халық бол­са, каран­т­ин­де осы ақшаға бір ай бойы бүкіл отба­сы­мен күн көрер еді. Депу­тат­тар тағы да 300 мың тең­ге тұра­тын төс­бел­гі алды. Оның құны олим­пи­а­да­лық алтын медаль­дан бір жарым есе қымбат. 

Бафет­тің бай­лы­ғы 85 мил­ли­ард дол­лар бол­са да, оның қолын­да /ұстағаны/ 20 дол­лар­лық теле­фон. Біздің қала әкі­мінің саға­ты 5 мың дол­лар тұра­ды. Билл Гейтс пен Буштың қол­сағат­та­ры 10 дол­лар ғана. Сон­да біз­де өзі қан­дай мен­та­ли­тет қалыптасқан? 

Тоқа­ев мыр­за! /Бүкіл/ Қаза­қстан­да қан­ша адам тұр­са, бір Нью-Йорк­те сон­ша адам тұра­ды. Бірақ қала әкі­мі бар­лық қыз­мет­кер­лері­мен бір зал­да оты­ра­ды. Ал сіздің рези­ден­ци­яңыз Фран­ция пре­зи­ден­тінің Ели­сей сарай­ы­нан 3 есе үлкен.

Кедей деп айлық жалақы­сы 150 дол­лар­дан кем адам­ды айта­ды. Ал біз­де мұн­дай жалақы­ны бір адам емес, бар­лық отба­сы ала­ды. Нон­сенс! Сол жалақы­дан олар салық төлей­ді. Оли­гарх­тар бол­са, ұсақ-түй­ек неме­се мүл­де салық төле­мей­ді. Мыса­лы, біз алтын өнді­ру көле­мі бой­ын­ша Өзбек­стан­ды қуып жет­тік. Бірақ Өзбек­стан экс­пор­ты­ның жар­ты­сын алтын құра­са, біз­де бюд­жет­ке оның тек шағын бөлі­гі ғана түседі. Алай­да алтын­ның баға­сы өндіріс шығы­ны­нан 3 есе қымбат. 

Жақын­да бір аме­ри­кан­дық отба­сы заң­сыз түр­де ағаш (емен) кес­кені үшін 858 мың дол­лар айып төледі. Алма­ты­да бұдан 10 есе көп кесіл­ген ағаш үшін төлен­ген айып­тың көле­мі бір тоңа­зы­тқы­штың баға­сы­мен тең. АҚШ-та бұл мәсе­лені жер­гілік­ті эко­лог шеш­се, біз­де мұны­мен пре­зи­дент жеке айна­лы­сты. Қазір айып­тың мөл­шері көтеріл­ді, бірақ тым кеш. Біз бірін­ші жасай­мыз, одан кей­ін ғана ойла­на­мыз. Жасыл эко­ло­ги­я­мыз жасыл дол­ларға үне­мі бағынышты.

Тоқа­ев мыр­за! Осы 30 жыл­да кедей­лері­міз тамақ үшін күре­сетін, ал бай­ла­ры­мыз тамаққа той­май­тын қоғам құрыл­ды. Сіздің бұл мәсе­ле­ге деген немқұрай­лы­ғы­ңыз таңқал­ды­ра­ды. Дұшпан өлтіріп кете­ді, дос сатып кете­ді, ал немқұрай­лық – еке­уі­мен бір­дей. Жаңаө­зен­де болған оқиға осы­ған дәлел.

Ержан ОРЫМБЕТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн