Пятница , 4 июля 2025

ТОҚАЕВ САЙЛАУҒА «коалиция» атынан барады

  • Кеше Пав­ло­дар облы­сын ара­лап, жер­гілік­ті жұрт­шы­лы­қ­пен кез­десіп, таны­мал деп тапқан тұлға­ла­ры­на награ­да таратқан пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «бел­гілі бір ұйым» емес, «қоғам­дық-сая­си күш­тер коа­ли­ци­я­сы» аты­нан сай­ла­у­ға қаты­са­ты­нын мәлімдеді.

Еске сал­сақ, пре­зи­дент Тоқа­ев бұған дей­ін де Түр­кістан және Абай облы­ста­рын­да болып, сай­лау алды науқан­ның нобай­ы­мен біраз ада­мға орден-медаль үле­стір­ген еді. Ал Кере­ку жеріне кел­ген­де, ол «әртүр­лі рес­пуб­ли­ка­лық бір­ле­стік­тер мен пар­ти­я­лар­дан үміт­кер болу тура­лы ұсы­ны­стар» түсіп жатқа­нын алға тар­тып, бірақ нақты бір ұйым­нан (мәсе­лен, билік­тің «Ама­нат» пар­ти­я­сы аты­нан) сай­ла­у­ға түсуді жөн көр­мей­тінін айтты.

«Мен бел­гілі бір ұйым­нан емес, елі­міз­де жүр­гізіліп жатқан рефор­ма­лар­дың әле­умет­тік негізін қалып­та­сты­ра­тын қоғам­дық-сая­си күш­тер­дің үлкен коа­ли­ци­я­сы­ның аты­нан сай­ла­у­ға қаты­сқа­ным дұрыс бола­ды деп ойлай­мын», – деді ол.

Ол сөз ара­сын­да «мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де пре­зи­дент сай­ла­у­ы­ның әділ әрі ашық өтетініне кепіл­дік бере­міз» деді. Бірақ дәл осы «кепіл­дік» кезін­де Жан­бо­лат Мамай­дың нақақ жала­мен абақты­да қама­лып жатқа­нын, елде­гі бір­не­ше пар­тия мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өте алмай жүр­гені оның қапе­рі­нен «шығып кет­кен» сияқты.

Бұған дей­ін Qazaqstan Team қоғам­дық жастар бір­ле­сті­гі мен «Қаза­қстан­ның аза­мат­тық аль­ян­сы» ұйы­мы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты алдағы сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де ұсы­на­ты­нын мәлім­деді, деп хабар­ла­ды «Азаттық». Тоқа­ев­тың өзі сай­ла­у­ға қаты­са­ты­нын қыр­күй­ек­тің басын­да сай­лау өтетінін жари­я­лаған кез­де-ақ айтқан. Сарап­шы­лар сай­лау арқы­лы ол халық беретін «сенім ман­да­тын» жаңа­лап, өз билі­гін нығай­тқы­сы келеді деп санайды.

Ал егер бұл пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға заң жүзін­де қия­нат­ты шек­те­улер қой­ыл­маған жағ­дай­да елде­гі бір­не­ше бедел­ді аза­мат сая­си науқанға қаты­сар еді. Өкініш­ке қарай, елде­гі сай­лау тура­лы заң­на­ма­лар қаза­қстан­ды­қтар­дың сая­си ерік-жігерін шек­теп, ада­ми құқы­ғын бұзып отыр.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн