Четверг , 3 июля 2025

ТОҚАЕВЦОЙҒА, Цой халыққа сілтейді

Індет­тің қай­та өрші­геніне кім кінәлі?

  • Кей­ін­гі кез­де Қаза­қстан­да коро­на­ви­рус індеті өршіп бара­ды. Күн сай­ын 18002000 адам­ның ана­лизінен коро­на­ви­рус аны­қта­лып отыр. Алма­ты, Нұр-Сұл­тан қала­ла­ры, Батыс Қаза­қстан, Аты­рау, Ақтө­бе, Алма­ты облы­ста­ры індет­тің тарау қарқы­ны бой­ын­ша «қызыл аймаққа» кір­ген (100 мың ада­мға кемі 50 науқастан келетін аймақтар).

1 сәуір күні Covid індетіне қар­сы күрес шара­ла­ры­на арналған жиын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Цой­ға жағ­дай рет­тел­ме­се, қыз­меті­нен кететінін ескерт­ті. «Сәуір­дің соңы­на дей­ін жағ­дай түзе­луі керек. Әйт­пе­се көңіл­деріңе тиетін кадр­лық шешім қабыл­дай­мын. Бұл мини­стр­ге ғана емес, үкі­мет­ке де қаты­сты», – деді ден­са­улық сақтау мини­стріне қарап сөй­ле­ген Тоқаев.

Пре­зи­дент осын­дай мәлім­де­ме жасаған күн­нің ертеңіне елде халы­ққа жап­пай вак­ци­на салу науқа­ны бастал­ды. Алма­ты­да бұл шара үш күн­ге ғана жалға­сып, кей­ін вак­ци­на тау­сы­лып қалды…

Нұр-Сұл­тан­да қазір­ге дей­ін 10 мың ада­мға вак­ци­на салы­нған. Олар­дың қата­рын­да «бірін­ші кезек­те вак­ци­на салы­нуы тиіс аза­мат­тар» тізі­міне кір­ген дәрі­гер­лер де бар. Қала билі­гінің дере­гін­ше, сәуір­де 70 мың дана вак­ци­на келеді.

«Кез кел­ген мем­ле­кет­те, әсіре­се біздің елде бірін­ші дең­гей­лі бас­шы төбесін көр­сет­пе­се, шене­унік­тер орны­нан қозғал­май­ды. Енді пре­зи­дент таңға­лып, «Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі жұмыс істе­мей­ді» деп отыр. Бәрі орын­ды, бірақ жұмыстың дұрыс жүр­ме­уіне бірін­ші кезек­те пре­зи­дент­тің өзі кінәлі. Жау­ап­ты да сол кісі­ден алу керек. Енді біздікілер вак­ци­на­ны жедел түр­де кез кел­ген баға­да сатып ала бастай­ды. Бұған жоға­ры­дан рұқ­сат беріл­ді. Бюд­жет­тен бөлін­ген қар­жы­ның бір бөлі­гін жымқы­ра­ды. Біз­де онсыз бол­май­ды ғой. Бірақ олар не сатып ала­ды?! Ең қорқы­ны­шты­сы да – осы. Қазір шене­унік­тер пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сын орын­дай­мыз деп әбі­гер­ге түсіп, мил­ли­ард­таған қар­жы­ны түк­ке тұрғы­сыз нәр­се­лер­ге жұм­сай­ды. Олар басқа­ша істей алмай­ды», – дей­ді Сер­гей Дуванов.

10 науры­зда Нұр-Сұл­тан қала­сы «қызыл аймаққа» кір­ді. 21 науры­здан бастап аста­на билі­гі кезек­ті шек­теу шара­ла­рын енгізді. Бірақ бұл шек­те­улер ірі сауда орта­лы­қта­ры, үлкен азық-түлік дүкен­дері мен базар­лар­ды айна­лып өтті. 29 науры­зда ден­са­улық сақтау басқар­ма­сы аста­на­дағы инфек­ци­я­лық ауру­ха­на­дағы орын­дар­дың 74 пай­ы­зы толға­нын хабар­ла­ды. Бұл кез­де «Шапағат» ком­му­нал­дық база­ры­ның бірін­ші қаба­тын­да қызу сауда жүріп жат­ты. «Базар жабы­ла­ды екен» деген қау­е­сет­ке сен­ген адам­дар азық-түлік­ті молы­нан алып қалуға асықты.

«Осы уақы­тқа дей­ін Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі елде коро­на­ви­рус жұққан науқастар саны арта­тын­дай қан­дай қателік­тер­ге жол бер­ді?» деген сұраққа жау­ап бер­ген министр Цой бұған сани­тар­лық талап­тар­ды сақта­май­тын кәсіп­кер­лер мен «сана­сыз» аза­мат­тар­ды кінәлады.

«Адам­дар­дың топ­та­сып жина­луын, мас­ка тақ­па­уын тек­се­ру­ші орган­дар тоқта­та алмай­ды. Халық көп жина­ла­тын орын­дар­да, оның ішін­де қоғам­дық көлік­тер­де мың­даған тек­се­ру жүріп жатыр. Әр аза­мат­тың соңы­на адам салып, оның сани­тар­лық талап­тар­ды бұз­ба­уын қадаға­лау мүм­кін емес. Әртүр­лі жиын­дар, бан­кет­тер, жасы­рын ұйым­да­сты­ры­ла­тын шара­лар мем­ле­кет­тік орган­дар­дың айтуы­мен өтіп жатқан жоқ. Бұған тәр­тіп бұза­тын кәсіп­кер­лер мен сана­сыз аза­мат­тар барып отыр. Халы­қтың сана­сын өзгер­туі­міз керек», – деді Цой.

Қаза­қстан билі­гінің пан­де­ми­яға қар­сы күресі тура­лы сая­сат­та­ну­шы, «Тәу­е­кел­дер­ді баға­лау тобы­ның» дирек­то­ры Досым Сәт­па­ев та пікір біл­дір­ді. Ол мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет­тік емес инсти­тут­тар­да істей­тін 70-ке жуық отан­дық және шетел­дік сарап­шы­лар ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гізіп, пан­де­мия тәу­ел­сіздік­тің отыз жылын­дағы елдің дамуын «жоққа шығар­ды» деген қоры­тын­ды­ға кел­генін айтады.

«Шын мәнін­де был­ты­рғы жыл­дан ешкім сабақ алған жоқ. Ең үлкен мәсе­ле – билік­ке деген сенім­сіздік. Қазір осы сенім­сіздік билік­тің өзіне қиын­дық туғы­зып отыр. Яғни, билік аза­мат­тарға мас­ка тағып, үйден шық­пау кере­гін, вирус қау­пі артып келе жатқа­нын айтқа­ны­мен, халық қазір вак­ци­на­ның тиім­ділі­гіне күмән­мен қараға­ны секіл­ді бұл ескер­ту­лер­ге де сен­бей­ді», – дей­ді Досым Сәтпаев.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн