Вторник , 13 мая 2025

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ: Халықтың ең соңғы мүмкіндігі – ЖЕРІМІЗДІ САҚТАП ҚАЛУ!

  • Мәжіліс талқы­сы­на түс­кен Жер тура­лы заң жоба­сын­да «Жер сатыл­ма­сын, жалға да беріл­месін!» деген халық тала­бы тағы да қан­дай бұл­та­лаңға ұшы­рай­ды? Эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Тоқтар ЕСІРКЕПОВ мыр­за­мен болған сұх­бат­та осы және ел эко­но­ми­ка­сы­ның бүгін­гі жағ­дай­ы­на қаты­сты басқа да маңы­зды мәсе­ле­лер сөз болды.

Тоқтар аға, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың нұсқа­уы­мен науры­здың соңы­на таман Жер комис­си­я­сы­ның жаңа құра­мы бел­гілі бола­ды. Өзіңіз­ге бел­гілі, ол комис­сия жер­ге қаты­сты заң­на­маға өзгерістер енгі­зу мәсе­лесін талқы­лай­ды. Бірін­ші­ден, сіз осы комис­си­я­ның құра­мы қалай құры­лға­нын қалар едіңіз?

– Халы­қты қат­ты елең­дет­кен жер мәсе­лесіне қаты­сты сөз қозғаған­да, 2016 жылғы Жер комис­си­я­сы тура­лы пікірім­ді айтқа­ным жөн. Құра­мын­дағы 75 адам­ның 70-тей мүше­сі билік тара­пы­нан тағай­ын­дал­ды деген дерек бар. Аза­мат­тық қоғам мүше­лері аз қам­ты­лға­ны бел­гілі. Комис­сия құра­мын­дағы шене­унік-депу­тат­тар, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің өкіл­дері ел қар­сы­лық біл­дір­ген бап­тар­ды қол­да­ды. Осын­дай логи­ка­ны қалай түсі­ну­ге бола­ды? Өздері шығарған заң­ды­лық нор­ма­ла­ры­на өздері қар­сы шыққа­ны қалай?

Сол комис­си­яда ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­ның білік­ті ғалым-маман­дар­дың, сау­ат­ты маман-заң­гер­лер мен эко­но­ми­стер­дің, жер­мен тіке­лей жұмыс істей­тін кәсіп­кер­лер мен аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің орны ойсы­рап тұр­ды. Ал жаңа комис­си­я­ның құра­мы­на бай­ла­ны­сты менің ұсы­ны­сым: аза­мат­тық қоғам мен билік өкіл­дерінің қаты­на­сы 50 де 50 болуы керек. Билік біз­ден сұра­мас, өзі білем­ге салар: деген­мен комис­сия құра­мын­да қоғам өкіл­дері, ауыл мен жер­дің жағ­дай­ын жақ­сы білетін маман­дар, ғалым­дар, кәсі­би заң­гер­лер мен эко­но­ми­стер болуы керек. «ДАТ»-тың 4 науры­зда шыққан саны­нан Мұх­тар Тай­жан­ның сұх­ба­тын оқып, оның комис­си­яға ұсы­нған аза­мат­та­ры ара­сы­нан Бақыт­жан Базар­бек­тен басқа заң­гер көзі­ме түс­пе­ді. Елге кере­гі сау­ат­ты түзіл­ген заң­на­ма­лық құжат.

Әйт­се де комис­сия құра­мы­на елге қарай­лас сөз айта­тын аза­мат­тар кіретініне күмәнім бар. Билік­тің алдын­да мәсе­лені төтесі­нен қоя­тын кәсі­би-маман­дар дәл осы жер мәсе­лесіне кел­ген­де аянып қал­мауы тиіс. Бүгін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты про­бле­ма­ны жетік білетін заң­гер­лер жоқтың қасы. Нағыз білік­ті заң­гер-циви­лист, ака­де­мик Май­дан Сүлей­ме­нов, жер­ге қаты­сты заң­ды­лы­қтар мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­сып жүр­ген Бақыт­жан Базар­бек сияқты маман­дар комис­сия құра­мы­на шақы­ры­луы керек деп ойлаймын.

– Біздің ойы­мыз­ша, сол қатар­да сіз де барсыз…

– Рах­мет! Шыны­мен де, 2003 жылы Қаза­қстан­ның Жер кодексін қабыл­даған кез­де кәсі­би маман ретін­де заң жоба­сын тіке­лей дай­ын­да­уға қаты­стым. Осы жоба­ны жасаған жұмыс­шы тобы­ның мүше­сі ретін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на тиесілі жер­лер­ге жеке мен­шік құқық енгізілуіне қар­сы болғанбыз…

Айт­пақ­шы, «ДАТ»-тың өткен санын­дағы Мақсұт Қалы­ба­ев­тың мақа­ла­сын­да менің сөзі­ме сіл­те­ме жаса­лып, қате мағлұ­мат беріліп­ті. «..1992 жылы ауыл шару­а­шы­лы­ғы кәсі­по­рын­да­рын жеке­ше­лен­дірудің ерекшелік­тері тура­лы заң шығып, жер­ді пай­да­ла­ну құқы­ғы ғана саты­ла­ды деген тезис­ке алда­нып қал­дық…» – деп­ті. Бірін­ші­ден, дәл мұн­дай тезис ол заң­да жоқ екеніне кепіл­дік бере­мін, мен сол заң­ның авто­ры­ның бірі­мін. Екін­ші­ден, мақа­ла авто­ры «Жас Алаш» газетінің биы­лғы жылғы 4 науры­здағы саны­на сіл­те­ме жасаған екен. Менің ондай мақа­лам шыққан жоқ, біраз уақыт бұрын елі­міз­де­гі ауыл шару­а­шы­лық ғылы­мы­ның жағ­дайы мен өзек­ті мәсе­ле­лері (2006 ж.) және Қытай­дың 51 кәсі­пор­нын елі­міз­ге көші­ру тура­лы (2016 ж.) мақа­ла­ла­рым жари­я­лан­ды. Мұн­дай бұр­ма­лау мақа­ла авто­ры үшін де, мен үшін де ұят бол­ма­сын деп айтып отырмын…

– Ескер­тудің ешқан­дай айы­бы жоқ – қабыл­дай­мыз. Ал жаңа­дан құры­лға­лы жатқан комис­си­яға шақыр­са, бара­сыз ба?

– Маман­дар қажет деп жат­са, бара­мын. Мақта­нып отыр деп ойла­маңыз: елде жер тура­лы менен артық жазған, сарап­та­ма жасаған ешкім жоқ сияқты. Кол­хоз-сов­хоз­дар тарап, рефор­ма жүр­гізіліп жатқан кез­ден бастап осы тақы­рып­ты түбе­гей­лі зерт­теп, БАҚ-қа тұрақты жазып келе­мін. Менің пікірім Қазақ радио­сы­нан эфир­ге шығып, теле­ар­на­лар­да жиі көр­сетіледі. Ғалам­тор­дан оқып, таны­суы­ңы­зға болады.

Алаш ары­сы Ахмет Бай­тұр­сы­нов мек­теп­те ұста­здық етіп жүріп: «Мен неге мек­теп­те­гі 50 балаға дәріс беріп оты­руым керек, газет ашып, халқым­ның сау­а­тын, көзін ашып, ағар­ту­шы­лы­қ­пен неге айна­лы­спай­мын?» – деген екен. Сон­ды­қтан маман, ғалым ретін­де бар біл­генім­ді шамам кел­ген­ше халы­ққа айту­ды, түсін­діруді өзім­нің аза­мат­тық пары­зым деп сана­дым. Оның үстіне елі­міздің агроө­нер­кәсіп­тік кешенінің, оның ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның нары­қтық эко­но­ми­каға өту кезеңін­де жүр­гізіл­ген аграр­лық, жер рефор­ма­ла­ры­на қажет­ті бір­та­лай заң­дар­дың, ҚР пре­зи­ден­тінің жар­лы­қта­рын, үкі­мет­тің қау­лы-қара­рын, басқа да нор­ма­тив­тік актілері мен құжат­та­ры­ның дай­ын­да­луы­на тіке­лей қаты­стым. Жер комис­си­я­сы­ның жұмысы­на ара­ла­суға мен дайынмын!

– Олай бол­са, бүгін­гі қазақ үшін тағы да дауға айналған жер мәсе­лесіне эко­но­мист-ғалым ретін­де сіз қан­дай сипатта­ма бересіз? Қаза­қстан­дағы ауы­л­ша­ру­а­шы­лық мақ­сат­тағы жер­дің өндірістік және нары­қтық бола­шағы қандай?

– Апта басын­да бел­гілі болға­нын­дай, заң жоба­сы мәжіліс­ке ұсы­ныл­ды. Менің­ше, қол­да­ны­стағы Жер кодексінің күшін жой­ып, елі­міздің жаңа Жер кодексі қабыл­да­нуы керек. Себебі 2003 жыл­дан бері қырық жамау болған Жер кодексі тала­пқа, бүгін­гі күн­нің сұра­ны­сы­на сай келмейді.

Оқыр­ман­ның есіне сала кетей­ін, 2003 жылы Жер кодексі қабыл­дан­ды. Бұл кодекстің бұры­нғы заң­дарға қараған­да ең басты айыр­ма­шы­лы­ғы – ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін тау­ар, жеке мен­шік нысан ретін­де танып, мем­ле­кет оны сатуға шыға­ру­ды көз­деді. Билік мұны «82 мил­ли­он гек­тар­дан астам ауыл шару­а­шы­лы­ғы жері дұрыс пай­да­ла­ныл­май жатыр. Жер­ді тиім­ді пай­да­ла­ну­дың бір ғана жолы бар, ол – жеке мен­шік­ке беру, жер­дің нақты иесі бол­май, жер­дің құна­рын ешкім арт­тыр­май­ды. Оны өз мен­ші­гін­дей қара­май­ды» деп түсін­дір­ді. Әлем­дік тәжіри­бе­ге қара­сақ, кей­бір елдер­де 1 гек­тар жер де жеке мен­шік­те емес. Мысал ретін­де, Қытай, Изра­иль, Бела­русь, Өзбек­стан сияқты мем­ле­кет­тер­ді айтуға бола­ды. Деген­мен, көп­те­ген елдер­де жер­дің бір бөлі­гі мем­ле­кет­тің қара­мағын­да бол­са, бір бөлі­гі жеке мен­шік­те. Мыса­лы, АҚШ-тың әр шта­тын­да әртүр­лі: 40–50 пай­ы­зға дей­ін­гі жер мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де. Сон­ды­қтан «жер­ді тек қана жеке мен­шік құтқа­ра­ды, одан басқа жол жоқ» деген түсінік шын­ды­ққа сай кел­мей­ді. Кеңес Одағы­ның кезін­де жеке мен­шік­те жер болған жоқ,

2003 жылы Жер кодексі қабыл­данған кез­де үкі­мет басын­да Иманға­ли Тасмағам­бе­тов оты­рған. Мәжіліс­ке 2002 жылы түс­кен осы заң­ның жоба­сы­мен мәжіліс депу­тат­та­ры мен жұмыс тобы бір жарым жыл бойы жұмыс істе­ді. Олар заң­ның жоба­сы­на 700-ден астам өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар ұсын­ды. Ол кез­де «Тұран» уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры едім, апта сай­ын жұмыс тобы­ның жина­лы­ста­ры­на қаты­суым­ды сұрап, мәжілі­стен қоңы­рау шала­тын. Аста­наға баруға жеке қара­жа­тым, жол күре, басқа да күн­делік­ті шығын­дар­ды кім көте­ретініне жау­ап­ты адам табыл­ма­ды. Жұмыс тобы­ның жетек­шілеріне, жау­ап­ты адам­дарға хабар­ла­стым, нәти­же­сі болмады…

– Әдет­те мұн­дай шығын­ды үкі­мет мой­ны­на алуы керек еді ғой…

– Оның жау­а­бы біреу-ақ – шама­сы мені жұмыс тобы­на жуы­тқы­сы кел­меді. Маман ретін­де­гі пікірім­нен қашқақта­ды. Сол Жер кодексі талқы­ла­нып жатқан кез­де БАҚ-та өз пікірім­ді ашық мәлім­деп жүр­дім. Жер кодексінің жоба­сын дай­ын­даған – «Аграр­лық пар­тия» еді. Ал бұл пар­ти­я­ны құрған – астық ком­па­ни­я­ла­ры. Олар­дың иелері – лати­фун­ди­стер. Оның артын­да тұрған – мәжілісте­гі Аграр­лық коми­тет­тің төраға­сы Ромин Мади­нов бола­тын. Бұл лати­фун­ди­стер­дің мүд­десін қорғай­тын Кодекстің жоба­сы екенін талай рет айт­тым. Сон­ды­қтан менің пікірім оларға қалай ұна­сын? 2003 жыл­дың 19–20 ақпа­нын­да пар­ла­мент­те­гі талқы­ла­уда Кодекс жоба­сы­ның бірін­ші оқы­лы­мы­на қаты­стым, 101 бет­тен тұра­тын ұсы­ны­ста­рым әр депу­тат­тың алдын­да жатты.

Жоба екі күн талқы­ла­нып, депу­тат­тар үкі­мет­тің алды­на бес шарт қой­ды, бірақ үкі­мет бас­шы­сы Тасмағам­бе­тов ол шар­ттар­мен келіс­пей­тіні жөнін­де мәжіліс­ке хат жол­да­ды. Сонан кей­ін мәжіліс үкі­мет­ке сенім­сіздік таныт­ты. Іске сенат ара­ла­сты. Ел пре­зи­ден­ті Кодекстің ком­про­ми­стік нұсқа­сын ұсын­ды. Сол нұсқа қабыл­дан­ды. Соңын­да пре­мьер-министр орны­нан кет­ті. Бұл жаңа тарих­та жазу­лы тұрған дерек. Деген­мен, үкі­мет бас­шы­сы кет­се де, үкі­мет ұсы­нған алға­шқы жоба­ның нұсқа­сы қабыл­да­нып кет­ті. Ал лати­фун­ди­стер жасаған жоба кім­нің мүд­десіне жұмыс істе­гені тағы да жаңа тарих­тан белгілі.

Қаза­қстан­дағы ұлт­тық табыст­ың 55 пай­ы­зы 166 бай адам­ның қолын­да. Ауыл шару­а­шы­лық жер­леріне жеке мен­шік құқық енгі­зетін бол­сақ, бұл – қолын­да ештеңесі жоқ, айлы­ғы мар­дым­сыз, жағ­дайы жыл санап төмен­деп келе жатқан халы­ққа тиім­сіз. Алған мар­дым­сыз жалақы­сы­ның 65 пай­ы­здан аста­мын ас-суы­на жұм­сай­ды. Халық киім кимей ме, олар­дың басқа тұр­мыстық мұқтаж­ды­ғы жоқ па?

Жер сатыл­са, оны кім ала­ды? Әрине, қал­та­лы бай-шон­жар­лар ала­ды. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «жер­ді шетел­дік­тер­ге сат­пай­мыз, жалға да бер­мей­міз» деген ұсы­ны­сы­на менің қосар ұсы­ныс-тіле­гім: «Ел аза­мат­та­ры­на да жер сатыл­ма­сын!». Жер саты­ла­тын бол­са, оны тағы да сол алпа­уыт­тар ғана сатып алады.

– Ал осы жер мәсе­лесіне сәй­кес заң­ды­лы­қтар мен қаты­на­стар­ды қоғам­ның тала­бы­на сай рефор­ма­ла­у­ға Қаза­қстан билі­гі неге қаса­ры­сып отыр? Халы­қтың қала­у­ы­на билік­тің қар­сы болуы­ның басты себебі неде?

– Билік­тің қар­сы­лы­ғы­на айта­тын себеп жетер­лік. Кеңес Одағы ыды­рап, Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған соң, 1992 жыл­дан бастап нары­ққа көштік. Нәти­же­сін­де – жеке­ше­лен­ді­ру рефор­ма­сы баста­лып, қара халы­қтың қолы­на ештеңе тимеді. Шағын кәсі­по­рын­дар негізі­нен аук­ци­он­дар мен кон­кур­стар арқы­лы сатыл­ды. Оған қал­та­лы­лар мен билік­ке жақын топ­тар ғана қаты­са алды. Ал орта кәсі­по­рын­дар «ПИК» (жеке­ше­лен­ді­ру инве­сти­ци­я­лық купо­ны) арқы­лы инве­сти­ци­я­лық қор­ларға беріл­ді. 2000-дай кәсі­по­рын осын­дай жол­мен жап­пай жеке­ше­лен­діріл­ді. Купон­дар соңын­да ештеңе­ге жара­май қал­ды. Бірақ сол кәсі­по­рын­дар­дың бір бөлі­гін өзіне ием­деніп алған­дар бар. Ең үлкен өндіріс орын­да­ры шетел­дік­тер­дің басқа­руы­на беріл­ді. Бұл жоба 204 үлкен және ерекше кәсі­по­рын­дарға қол­да­ныл­ды. Сол кез­де «Дело­вая неде­ля» газетіне осы мәсе­ле жөнін­де 42 бет­тік мақа­ла жари­я­ла­дым. Редак­то­ры­на Алек­сандр Маш­ке­вич теле­фон соғып, менің кім екенім­ді сұрап: «Нас в пух и прах раз­бил», – деп­ті. Шыны­мен де, жер­дің алпа­уыт­тарға өтіп кет­кенін мой­ын­даған. Сол кез­ден бері мил­ли­о­нер­ді қой­ып, мил­ли­ар­дер­лер шығып жатыр. Он– он бес жыл­дан бері мил­ли­ар­дер­лер­дің саны 5‑тен ары аса алмай тұр. Ал іс жүзін­де «Форбс» тізі­міне ілін­бе­ген астыр­тын мил­ли­ар­дер­лер қаншама?!

– Эко­но­ми­ка­лық қаты­на­стар ілі­мі бой­ын­ша, жер – нарық тау­а­ры екені мәлім. Ал біздің билік жер­дің астын сатып бітіріп, енді оның үстін саудаға салу арқы­лы елдің эко­но­ми­ка­сын түзей ала ма?

– Тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі мәсе­ле инве­сти­ци­яға келіп тіре­леді. Табиғи бай­лы­қты шетел­дік­тер­ге беру­де­міз. «Дәнік­кен­нен – құны­ққан жаман» демек­ші, инве­сти­ци­яға той­май келе­міз. Эко­но­ми­ка­ны дамы­ту құра­лын­дағы шикі­зат көзі мұнай десек, шикі­затты эко­но­ми­ка­дан – дивер­си­фи­ка­ци­я­лық эко­но­ми­каға өткі­зу көзі ретін­де осы құрал пай­да­ла­ны­луы керек еді. Үкі­мет­тің қыру­ар қар­жы­ны ірі бағ­дар­ла­ма­ларға, мәсе­лен, инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық дамуға салуы сәт­ті бол­ма­ды. Оның басты себебі – үкі­мет ешкім­нің алдын­да есеп бер­мей­ді. Оның үстіне есебі жоқ мол қар­жы­ны бақы­лай­тын, қадаға­лай­тын орган аты­мен жоқ.

«Ресур­стар қарғы­сы» деген ұғым бар. Оның мәні мына­да: шикі­за­тқа шылқы­ған ел эко­но­ми­ка­ның басқа – шикі­затты емес сала­ла­рын дамы­туға мүд­делі бол­май­ды. Біздің ел осы қарғы­сқа тап болды!

Осы рет­те эко­но­ми­ка сала­сы­ның ғалы­мы ретін­де сіз Қаза­қстан үкі­метінің дағ­да­рыс аясын­дағы іс-әре­кетін қалай бағалайсыз?

– Бүгін­гі үкі­мет­ке қаты­сты бір ғана мысал­ды айт­сам жет­кілік­ті шығар: үкі­мет­тің дағ­да­ры­сқа қар­сы бағ­дар­ла­ма­сы жоқ екен­ді­гі жал­пақ жұр­тқа жария бол­ды. Масқа­ра емес пе: қиын-қыстау кезең­ге арналған бағ­дар­ла­ма үкі­мет­тің қолын­да кез кел­ген уақыт­та дай­ын тұруы керек қой. Шикі­затты эко­но­ми­каға тәу­ел­ді елде­гі эко­но­ми­ка­лық бағыт­тың өзін­дік қатер­лері бар екенін Халы­қа­ра­лық валю­та қоры, басқа әлем­дік қар­жы инсти­тут­та­ры баяғы­дан бері қақ­сап келеді. Билік­тің мұнай­ға иек артуы «құны­ғу син­дро­мын» туды­рып, «тегін» түсіп жатқан ақша­ның буы­на мастандырды.

Тәу­ел­сіздік алған­нан бері бір­не­ше рет қай­та­ланған дағ­да­ры­сқа әлем­дік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың кесірі тиді деген ресми наси­хат үдеп бара­ды, оған был­тыр­дан бері әлем­ді жай­пап жатқан пан­де­ми­я­ның да әсері бар. Деген­мен, «кінә біз­ден емес, әлем­нің жағ­дайы солай» деген алдарқа­ту­дың нәти­же­сін­де халы­қтың билік­ке деген сені­мі жоғал­ды. Енді­гі ең соңғы мүм­кін­ді­гі­міз – Жері­мізді сақтап қалу.

Негізі­нен бір-екі ғана салаға бағыт­талған эко­но­ми­ка толы­ққан­ды даму жолы­на түсе алмай­ды. Ал мұнайы жоқ мем­ле­кет­тер, керісін­ше, жағ­дай­ын оңдап алды, өйт­кені мұнай баға­сы­ның арзан­да­нуы олар­дың баға нары­ғы­на сал­мағын түсір­ген жоқ. Азық-түлік пен электр қуа­тын тасы­мал­да­у­шы­ның қыз­меті де арзан­да­ды. Біз­де бәрі керісін­ше. Мұнай­ға деген тәу­ел­ділік­тен құты­ла ала­тын түрі­міз жоқ. Мұнай да тау­сы­ла­тын заман келе жатыр. Соңғы табиғи ресур­сы­мыз – Жер­ді сатып алуға алпа­уыт­тар дай­ын отыр.

– Жер – қол­мен ұстап, келілеп, пұт­тап ала­тын тау­ар емес екені бел­гілі. Эко­но­мист ретін­де сату мен сатып алу нарқын қалай пары­қта­уға бола­ты­нын түсін­діріп беріңізші!

– Сатып ала­тын­дар жер­дің құнын кадастр бой­ын­ша көр­сетіл­ген арзан баға­дан асыр­май­ды. Ол нары­қтық баға­дан оншақты есе төмен қой­ы­ла­тын көр­сет­кіш. Егер нары­қтық айна­лы­мға түсетін бол­са, жер­дің құны әлде­не­ше есе­ге арта­тын еді.

– Деген­мен, Жер кадаст­ры толы­ққан­ды жасал­маған кез­де құнын кім бел­гілей алады?

– Ең басты­сы – осы мәсе­ле ғой! Элек­трон­ды кадастр жаса­ла­ды деп есті­ген­біз, бірақ оны көр­ген ешкім жоқ. Жер­дің кадастр­лық баға­сын үкі­мет балл бони­тет­пен есеп­те­мек, ол нары­қтық құрал емес. Нары­қтық баға­сы шығу үшін – жер айна­лы­мға түсуі керек. Жер­дің құнар­лы­лы­ғы, диф­фе­рен­ци­ал­ды рен­та­ның неше түрі қарас­ты­ры­ла­ды. Сон­да сатып алуға құмар­тып оты­рған­дар осы жағ­дай­лар­дың ескеріл­ме­генін пай­да­ланғы­сы келіп отыр. Ертең­гі күні қай­та сатып, май­шел­пек­ке бату­ды көздеуде.

Кос­мо­мо­ни­то­ринг әдісі – ғарыш арқы­лы жер­ді пай­да­ла­ну үшін қол­да­ны­ла­тын, бұрын­нан пай­да­ла­нып келе жатқан үрдіс. Енді­гі кезек­те жер иелеріне қаты­сты мәлі­мет­тер жария болуы үшін де, бұл әдісті қол­да­ну нәти­же­сін беруі тиіс. Деген­мен, кадаст­рға қаты­сты мәсе­ле ашық емес. Мәсе­лен, Ресей­де ашық ақпа­рат көз­дері­нен жер иесі мен оның пай­да­ла­нып оты­рған жерінің аумағы­на қаты­сты мәлі­мет­ті кез кел­ген адам тауып ала­ды. Сон­дай ақпа­рат алу біздің елде мүм­кін бол­май тұр.

2003 жылы Жер кодексі қабыл­данған кез­де 85 мил­ли­он гек­тар ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­на­тын жер­дің 30,5 мил­ли­о­ны құнар­лы жер болған. Оның 57 пай­ы­зы Сол­түстік Қаза­қстан, Қоста­най, Ақмо­ла облы­ста­ры­на тиесілі. Осы облы­стар­да бірқа­тар астық ком­па­ни­я­ла­ры құрыл­ды: 90-жыл­дар­дың соңы мен 2000-жыл­дар­дың бас кезін­де жүр­гізіл­ген есеп бой­ын­ша, 40-тан аса астық ком­па­ни­я­сы бар еді. Әрқай­сы­ның қара­мағын­да 200 мың­нан 1 мил­ли­он гек­тарға дей­ін жер бола­тын. Ал соңғы мәлі­мет­тер­ге сүй­ен­сек, бүкіл Қаза­қстан бой­ын­ша бар болға­ны бес-ақ астық ком­па­ни­я­сы бар көрі­неді. Экс­пор­тқа шыға­тын асты­қтың жар­ты­сы солар­дың қолын­да. Бәрін ат төбелін­дей топ қана ұстап отыр. (Кезін­де осы мәсе­ле жөнін­де кітап та жаздық).

Осы астық ком­па­ни­я­ла­рын иелен­ген лати­фун­ди­стер ауыл­дағы аза­мат­тар­ды жер­сіз қал­дыр­ды. Зия­ны елге тиді. Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын мысалға алсаңыз, ауыл қаңы­рап, ел көшіп жатыр. Халы­қты осы жағ­дай­ға жет­кіз­ген, менің ойым­ша, осы лати­фун­ди­стер. Сов­хоз тараған кез­де халық өз үлес-пай­ла­рын еріксіз алпа­уыт­тарға беру­ге мәж­бүр болған. Олар пай­ы­на астық, жем-шөп бере­міз деген уәдесін­де тұр­ма­ды. Бір жағы­нан билік­тің әлі де тран­зит­тік жағ­дай­дан өтіп жатуы да кесірін тигізіп отыр.

– Ойбуй, аға! Кет­кісі кел­мей, таққа тас кене­дей жабысып оты­рған адам­ды қай­да қоямыз?

– Сіздің сұрағы­ңы­зға – не үшін кет­пей отыр деген қар­сы сұрақ қой­ып, жау­ап берей­ін. Жер­ді толы­ғы­мен ием­деніп, оны жеке­ше­лен­діріп алу үшін кет­пей отыр. Өйт­кені жер әуел баста бөлініп қой­ған сияқты. Жер­ді тау­ар деп қарас­ты­руға бол­май­ты­нын ескер­мей отыр. Ол – халы­қтың мен­ші­гі. Тарихы­мы­зда жер­ді сатып күнелт­кен ешкім жоқ. Сат­сақ, өсір­ген мал мен өндір­ген өнім­ді ғана саттық.

Сон­ды­қтан эко­но­ми­ка­лық кате­го­рия ретін­де қарас­ты­рға­ны­мы­з­бен, жер – үлкен бір кешен­ді ұғым. Жер – ата-баба­мы­здың қоны­сы, мем­ле­кет­тің негізі, ұлт­тық сим­вол. Жер кет­се, ұлт та кете­ді. Жер­ді сату – ұлт­ты жоя­тын фак­тор­лар. Билік­тің көз­де­гені – ең соңғы ресурс, мүм­кін­дік – жер­ді сату. «Жер сатыл­май­ды, ол халы­қтың ортақ мен­ші­гі» деген бап Ата заңға жазы­луы тиіс, сол үшін Жер кодексін жаңа­дан қабыл­дау керек.

– Дәл осы жағ­дай­да «жер шетіл­дік­тер­ге сатыл­ма­сын, жалға да беріл­месін» деген қоғам­ның тала­бы жүзе­ге аса­ды деп сену­ге бола ма?

– 2003 жылы Жер кодексі қабыл­данған кез­де үкі­мет басын­дағы­лар 10–15 жыл­дың ішін­де 10–15 мил­ли­он гек­тар жер саты­ла­ды деген еді. Одан бер­гі 18 жыл­дың ішін­де саты­лға­ны 1,3 мил­ли­он гек­тар. Бұл – ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­ны­ла­тын 102 млн гек­тар жер­дің 1 пай­ы­зы. Бұл ештеңені шешпей­ді. Шетел­дік­тер­ге саты­лып неме­се жалға берілетін бол­са, басқа шешім шығып қала ма деген қауіп-қатер тұр. Пре­зи­дент­тің ниеті дұрыс болға­ны­мен, пар­ла­мент қан­дай шешім шыға­ра­ды? Екі алпа­уыт елдің орта­сын­да тұрған Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын да еске­руі­міз керек.

Әлем­дік тәжіри­бені зерт­те­ген ғалым­дар­дың айтуын­ша, мәсе­ле жер­дің мен­шіккке өткенін­де емес, басты фак­тор – мем­ле­кет жер­ге қан­дай жағ­дай жасап, қол­дай­ды – осы сұраққа келіп тіре­леді. Сол арқы­лы негіз­гі про­бле­ма­ны шешу­ге бола­ды дей­ді. Қауіп бар – сата­мыз дей­тін­дер 2016 жылы жер­ді аук­ци­онға сал­мақ болға­ны, жер­ді жалға беруді жоя­мыз дегені есі­міз­де. Үкі­мет­тің қабыл­да­мақ болған ең бір ақы­мақ шеші­мі халы­қтың қар­сы­лы­ғы­мен іске аспай қалды.

– Айт­пақ­шы, Қаза­қстан Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа (ЕАЭО) мүше­сі болған­ды­қтан, Жер тура­лы заңға Ресей­дің ықпа­лы әсер ете ме?

– Әлбет­те, кезін­де бұл одаққа мүше елдер инве­сти­ция құя­тын бол­са, үкі­мет­тен «оларға ауыл шару­а­шы­лық жер­лері беріл­сін» деген ұсы­ныс түс­кен, халық қар­сы шыққан соң, ол ұсы­ныс іске аспа­ды. Ресей­дің ұлы­дер­жа­ва­лық сая­са­ты үстем тұра­ты­нын еске­руі­міз керек.

2011 жылы Алма­ты қала­сын­да бір үлкен ғылы­ми кон­фе­рен­ция бол­ды. Оған ТМД елдері­нен кел­ген бел­гілі ғалым­дар да қаты­сты. Сол кез­де «евра­зи­я­лық инте­гра­ция Кеден одағы, Біры­ңғай эко­но­ми­ка­лық кеңістік, біры­ңғай валю­та арқы­лы бір­тін­деп жүзе­ге аса­ды», – деп айты­ла­тын. Жиын­да негіз­гі баян­да­ма­шы болған Ресей­ден кел­ген бір ака­де­ми­к­ке: «Осы айты­лып жүр­ген үш саты­дан кей­ін төр­тін­ші, бесін­ші қадам­дар болар. Ол қан­дай қадам­дар, арты­нан не бола­ды?» – деп сұрақ қой­ған едім. Бұған ешкім жау­ап бер­меді. «Олар бізді сая­си одаққа әке­леді»,– деп өзім жау­ап бер­дім. Кей­ін­нен Алма­ты­да 2014 жылы өткен анти­евра­зи­я­лық фору­мға қаты­сып, баян­да­ма жасап, Қаза­қстан ондай бір­ле­стік­тер­ге кіру­ге дай­ын емес деген едім. Ең басты­сы – біздің Кон­сти­ту­ци­яда Қаза­қстан­ның мем­ле­ке­та­ра­лық бір­ле­стік­тер­ге қаты­суы тура­лы бап жоқ. Біз осы қағи­да­ны басты наза­рға алуы­мыз керек.

– «Халуа-халуа деп, қан­ша­ма қай­та­ла­саң да, ауы­зға оның тәт­ті дәмі кел­мей­ді» деген сөз бар. Сол сияқты «эко­но­ми­ка-эко­но­ми­ка» деп зар қақ­са­сақ та, оның оңа­лып кет­пе­сін соңғы 15–20 жыл­дың нәти­же­сі көр­сет­ті. Енде­ше эко­но­ми­ка­ны екін­ші кезек­ке қой­ып, алды­мен сая­сат­пен айна­лы­су қажет­ті­гін сіз қалай бағам­дап берер едіңіз?

– Әлем­дік тәжіри­бе­ден де, ғылы­ми тұрғы­дан да пай­ым­да­сақ, сая­сат пен эко­но­ми­ка – медаль­дың екі жағы сияқты. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма басталған кез­де сая­си рефор­ма қатар жүр­гізілуі тиіс. Егер сая­си рефор­ма тоқтап қал­са, онда рефор­ма халық үшін емес, билік үшін ғана қыз­мет ететіні бел­гілі. Рефор­ма­ны жүр­гізіп оты­рған адам жеке мүд­десін мем­ле­кет пен халы­қтың мүд­десі­нен биік қоюы керек деген қағи­да жоқ. 

Біз маман ретін­де бас­пасөз­де айтып та, жазып та жатыр­мыз. Ал жұмыс істеп, халы­ққа нәти­же­сін көр­се­тетін үкі­мет қой. Елде жыл сай­ын алу­ан түр­лі бағ­дар­ла­ма­лар жаса­лып жата­ды, алай­да нәти­же­сі шама­лы. Бағ­дар­ла­ма­лар­дың қоры­тындысы жөнін­де есеп бер­ген билік жоқ.

«Алды­мен – эко­но­ми­ка, сонан соң – сая­сат» деген билік­те­гілер­дің ойы елге тіп­тен түсініксіз. Менің­ше, бұл бір­жақты сая­сат. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма да, сая­си рефор­ма да қатар жүруі керек. Сая­си рефор­ма билік­тің емес, бүкіл халы­қтың мүд­десін көз­де­уі қажет.

Негізін­де, сая­си рефор­ма­лар адам­ды эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік­ке әке­леді. Эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік адам­ды нары­қтық жағ­дай­да бәсе­ке­ге қабілет­ті ете­ді. Нары­қта бәсе­ке­ле­стік болуы керек те, сая­сат­та неге бәсе­ке бол­май­ды? Сая­си рефор­ма дұрыс жүр­гізіл­се, аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің қата­ры­нан шыққан депу­тат­тар пар­ла­мент­те оты­рар еді. Жер­ге жеке мен­шік енгі­зе­міз бе, жоқ па, басқа да рефор­ма жасай­мыз ба деп жүр­гені­міз­де, билік өз дегенін істеп жатыр. Халы­қтың мүд­десін кім ойлай­ды? Сол үшін біз­ге сая­си рефор­ма керек.

– Осы сұх­бат­та біздің қой­ған сұрақтар­дан тыс тағы да қан­дай маңы­зды мәсе­лені қозғау қажет деп ойлайсыз?

– Елді алаң­да­тып оты­рған Қытай­дың 56 зауы­тын көшіріп әке­лу мәсе­лесін айтар едім. Басын­да 51 еді. Бұл баста­ма­ны 2013 жылы Қытай­дың төраға­сы «Бір жол – бір бел­деу» деген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша көтер­ді. 2016 жылы бұры­нғы пре­зи­дент Назар­ба­ев Қытай­ға барып, 51 кәсі­по­рын­ды көшіріп алып келе­міз деген келісім жасап келді.

Иә, әлем­дік тәжіри­бе­де АҚШ, Еуро­па бір кез­де зауыт­та­рын Қытай­ға, Оңтүстік Азия елдеріне көшіріп апар­ды. Бірақ ол жағ­дай мен бұл жағ­дай – ұқса­май­тын мәсе­ле. Менің ойым­ша, Қытай біз­ге эко­ло­ги­яға қатер төн­діретін, өз кезе­гін­де адам­ның ден­са­улы­ғы­на зала­лын тигі­зетін өндірісті көшіріп әкел­мек­ші. Ол зауыт­тарға қытай­лық жұмыс­шы­лар қап­тап келеді деген қатер жазы­лып та, айты­лып та жатыр. Ең басты­сы – халық бұл мәсе­ле­ден тыс қал­ды, келісім­шар­ттың қалай жасалға­ны, қан­дай кәсі­по­рын­дар көшіп келетіні бел­гісіз. Ашы­қтық, жари­я­лы­лық жоқ! Халы­қтың қау­пін сей­іл­тетін билік қай­сы? Күдік көп, сенім жоқ…

– Сені­міңіз­ге сел­кеу түс­пе­сін, Тоқтар аға! Мәң­гілік ештеңе жоқ, бұл билік те өзге­рер, Жер мен қазақ мәңгі!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн