Понедельник , 19 мая 2025

ТРАМПТЫҢ САУДА СОҒЫСЫ АҚШ-тың ӨЗІНЕ АУЫР СОҚҚЫ

«Сауда соғы­сы», «Сауда дауы» дегені­міз – шетел­дік нары­қтар­ды жау­лап алу (шабуыл­дық) неме­се ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны басып алу­дан сақтау (қорға­ныс) мақ­са­тын­да екі неме­се одан да көп елдер ара­сын­да өткізілетін сауда бәсе­ке­ле­сті­гі», – дей­ді аны­қта­ма­да. Қазір­гі жаһан­да­ну дәуірін­де­гі әлем мем­ле­кет­тері эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да бір-бірі­мен тығыз бай­ла­ны­сқан. Сауда соғы­сы әдет­те ауқым­ды «әске­ри әре­кет­тер» аясын­да баста­ла­ды, оны Эко­но­ми­ка­лық соғыс деп атайды.

Трамп қалып­тасқан ғалам­дық эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ныс, бәс­ке­ле­стік­тің быт-шытын шыға­рып, сауда соғы­сын бастап кет­ті. АҚШ баж салы­ғын көте­ру арқы­лы қазір­дің өзін­де өз көр­шілері – Мек­си­ка және Кана­да­мен еркін сауда айна­лы­мы жөнін­де бұры­нғы келісім­шар­ттар­ды бұз­ды. Бұдан бөлек 27 мем­ле­кет­тен тұра­тын Еуро­одақ елдері­нен келетін тау­ар­ларға да баж салы­ғын сал­мақ­шы. Әлем­дік сауда­ның күре тамы­ры іспет­ті АҚШ пен Қытай ара­сын­дағы өза­ра сауда да ушы­қты. АҚШ Қытай­дан келетін тау­ар­ларға баж салы­ғын екі есе арт­ты­рға­ны үшін Қытай Дүни­е­жүзілік сауда ұйы­мы­на шағым түсір­ді. Әлем­дік нары­қтағы бай­ла­ныс ушықты.

Сауда соғы­сы кім­ге тиім­ді? Бұл қазір­гі жағ­дай­да тек жалғыз Ресей­ге ғана тиім­ді. Себебі АҚШ өз тара­пы­нан Ресей­ге салы­нған бар­лық санк­ци­я­ны босат­пақ. Сөй­тіп басқын­шы елмен эко­но­ми­ка­лық-сая­си одаққа бірік­пек. Трамп­тың қазір­гі сауда алаңы (нары­ғы) жалғыз Ресей десек те бола­ды. Керісін­ше басқа елдер­ге жабылды.

Бұдан кім зардап шегеді? Сауда соғы­сы бірін­ші­ден АҚШ-тың өзіне ауыр соққы бола­ды. Бұған жау­ап ретін­де өз нары­ғын қорғау үшін енді қар­сы тарап­тар да АҚШ-қа қар­сы жабы­ла әре­кет­ке көшіп, олар да АҚШ тау­ар­ла­ры­на баж салы­ғын көте­ретін бола­ды. Қазір­дің өзін­де ірге­лес Мек­си­ка, Кана­да ішкі нары­ғын қорғау үшін АҚШ тау­ар­ла­ры­на баж салы­ғын көте­руді бастап кет­ті. Бұл АҚШ өндіріс тау­ар­ла­ры­ның сыр­тқы нары­ққа шыға­тын экс­пор­ты­ның жолын жаба­ды, ішкі ауыл шару­а­шы­лық сала­сы, фер­мер­лер­дің жұмысын, тех­ни­ка­лық өндірісін тұра­ла­та­ды, біра­зы банк­ро­тқа ұшы­рай­ды. Тіп­ті нара­зы­лық ретін­де АҚШ-тың өз ішін­де­гі бір­не­ше шта­ты кей­бір өңір­лер­ге энер­ге­ти­ка көз­дерін, интер­нет бай­ла­ны­сын жауып, жарық бер­мей жатыр. Бұлай жалға­са бер­се, сыр­тқы және ішкі нара­зы­лы­қтар қосар­ла­на келе, жал­пы сипат алып, АҚШ-тың өз эко­но­ми­ка­сы­на тағы ауыр соққы бола­ды, әле­умет­тік ішкі нара­зы­лы­қтар­ды жиіле­те­ді, бұқа­ра халы­қты көше­лер­ге шығарады.

Мұның ақы­ры қан­дай бол­мақ? Трамп­тың ойлап тапқан эко­но­ми­ка­лық соғы­сы­нан ауыр зардап шегетін әлем нары­ғы емес, керісін­ше, АҚШ-тың өз эко­но­ми­ка­сы ауыр соққы ала­ды, оқша­у­ла­нуға түседі, өздері әлем елдері тара­пы­нан санк­ци­яға ұшы­рай­ды. Әлем елдері эко­но­ми­ка­дағы абсо­лют­ті басым­ды­қты АҚШ-қа бер­месі анық, оған қар­сы әре­кет­тер­ге бара­ды. Ал сауда соғы­сы­ның ақы­ры ушы­ға келе, Трамп­тың өзіне сор болып тиюі әбден мүм­кін. Бұл соғы­стың соңы АҚШ-қа ерген Ресей­дің де күй­ре­уіне әкеледі.

АҚШ ПЕН РЕСЕЙДІҢ КӨЗДЕГЕНІ БІТІМГЕРШІЛІК ЕМЕС

Трамп бар­лық халы­қа­ра­лық ада­ми және демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды аяқ асты етіп, өзінің ком­мер­ци­я­лық мүд­десін алға шығар­ды. Ол Укра­и­на өте құн­ды әрі сирек кез­де­сетін жера­с­ты ресур­ста­рын беру­ге келіс­се ғана «өзі сұраған­ды, өзіне керектіні ала­ды», – деп қауіп­сіздік­тің кепілі ретін­де алыс-берістің бар­тер­лік жолын ұсын­ды. Трамп мұны­сы­мен бірін­ші кезек­те кәсіп­кер­лі­гін, жеке бас пай­да­сын көз­деп отыр. Ол қал­та­лы оли­гарх, оның түп­кі ойы биз­нес: «Мені сирек кез­де­сетін жера­с­ты кен­дерінің қауіп­сізді­гі алаң­да­та­ды», – деген желе­умен өзінің жеке инве­сти­ци­я­сын салу­ды, осы тала­пқа көн­ген жағ­дай­да Укра­и­на­ның сирек жера­с­ты ресур­ста­ры­на қол жет­кі­зу­ден үміт­ті. Амал нешік, пре­зи­дент Зелен­ский Укра­и­на заңы­на өзгерістер енгізіп, «қауіп­сізді­гінің кепілі» ретін­де айыр­басқа жера­с­ты қаз­ба бай­лы­ғын салуға мәж­бүр. Гер­ма­ния канц­лері Олаф Шольц Трамп­тың мұны­сын «боп­са» деді. Толы­қтай келі­се­мін, таза бопсалау!!!

Трамп көз тігіп оты­рған пай­да­лы қаз­ба­лар­дың басым бөлі­гі Ресей басып алған Донецк, Дне­про­пет­ровск, Запо­ро­жье және Луганск облы­ста­рын­да орна­ласқан. «Олар­дың жал­пы сома­сы 15 трлн дол­ларға баға­ла­на­ды», – деп жаз­ды «Forbes» басы­лы­мы. Трамп бұл облы­старға қазір­дің өзін­де «мен 100 млрд дол­лар сала­мын», – деп отыр. Ал атал­мыш облы­стар­дың тағ­ды­ры әлі бел­гісіз, Ресей тара­пы оны қай­тарғы­сы жоқ. Күді­гі­міз – Укра­и­на­дан тыс Трамп пен Путин ара­сын­да кен орын­да­ры жөнін­де бір «құпия келісім» бар секіл­ді. Трамп қазір­дің өзін­де АҚШ инве­стор­ла­ры­на РФ жера­с­ты қаз­ба бай­лы­қта­рын, сирек кез­де­сетін қым­бат түсті метал­да­рын бір­лесіп иге­ру­ге Путин­нің келісі­мін сұрап отыр. 24 ақпан­да Путин оның ұсы­ны­сын қуа­на қабыл алып, Ресей­ден алю­ми­ний өндірісін ашуға келісі­мін бер­ді. Путин­нің бел­ден басқа­ны сон­дай, ол: «Мы гото­вы при­влечь ино­стран­ных парт­не­ров и на так назы­ва­е­мые новые тер­ри­то­рии (…). Там тоже есть запа­сы опре­де­лен­ные», – деп, Укра­и­на­ның Ресей басып алған бөлі­гін­де­гі қаз­ба бай­лы­қтар­ды да бір­лесіп иге­ру­ге АҚШ-ты шақы­рып отыр. Бұдан бай­қай­ты­ны­мыз, Путин басып алған аймақтағы Укра­и­на­ның мен­ші­гі болып табы­ла­тын қаз­ба бай­лы­қтың да өзгенікі екенін мой­ын­дағы­сы жоқ. Мұны Трамп пен Путин­нің Зелен­ский­дің ту сыр­ты­нан жүр­гіз­ген өза­ра құпия келісім демей, не дейміз?

Біздің болжам. Донецк, Луганск, Дне­про­пет­ровск, Хер­сон, т.б. шека­ра­лық аймақтағы облы­стар­дың мәр­те­бесі айқын­да­лып, Укра­и­на тер­ри­то­ри­я­сы екені мой­ын­да­лып, егесіне қай­та­ры­луы керек. Егер Укра­и­на өз қауіп­сізді­гінің кепілі ретін­де жера­с­ты кен орын­да­рын АҚШ пен Ресей­дің бір­лесіп иге­руіне беретін бол­са, онда Укра­и­на тер­ри­то­ри­я­сы­нан да, бұл аймақтағы ресур­стар­дың да бәрі­нен айы­ры­луы әбден мүм­кін. АҚШ-қа қары­зда­ну, эко­ном­ка­сы­ның май­лы тетік­терін АҚШ пен Ресей­ге ұста­ту, басым­ды­қты беру (2+1) – тәу­ел­ділік­ке апа­ра­тын жол. Кен орын­да­рын бір­лесіп иге­ру тек қана Укра­и­на, АҚШ ара­сын­да болға­ны жөн. Әйт­пе­ген жағ­дай­да ертең екі дүниенің тай­та­ла­сы қай­та туын­дай қал­са, кен көз­дері, мен­шік, мүлік, жер мәсе­лесі тағы да «Май­дан дала­сы» болып шыға келуі де ғажап емес. Бір нәр­се анық – АҚШ пен Ресей­дің Укра­и­на­ны бопса­лау жолы­мен басталған қазір­гі жоры­ғы­ның көз­де­гені соғы­сты бей­біт шешу де, бітім­гер­шілік те, эко­но­ми­ка­лық та емес, керісін­ше, импе­ри­я­лық екі мем­ле­кет­тің отар­лау пиғы­лы­нан туын­даған кезек­ті басқын­шы­лық қада­мы деу­ге болады.

ПУТИН ӘЛЕМ ЕЛДЕРІН СОҒЫСҚА ТАРТУДА

Тарихқа үңіл­сек, 30 жыл бұрын Укра­и­на КСРО-дағы төр­тін­ші ядро­лық рес­пуб­ли­ка­ның бірі бола­тын. Совет Одағы­ның «қырғи қабақ соғы­сы­нан» кей­ін бұл елдің иелі­гін­де ұзақ қашы­қты­ққа ұша­тын 1 мың 900 ядро­лық зымы­ран, қысқа қашы­қты­ққа аты­ла­тын 2 мың 400 ядро­лық зымы­ран қалған еді. Киев 1994 жылы Укра­и­на қауіп­сізді­гіне кепіл­дік беретін Буда­пешт мемо­ран­ду­мы­на қол қой­ып, кепіл­ді­гін алған соң, ол қару­лар­ды өз еркі­мен Ресей­ге өткізіп бер­ді. Ол құжат бой­ын­ша, ядро­лық қаруы­нан бас тар­тқан Укра­и­на еге­мен­ді­гі сақта­ла­ты­ны­на, Ресей «оның аумақтық бір­тұ­та­сты­ғы мен сая­си тәу­ел­сізді­гіне қауіп төн­дір­мей­тініне, қар­сы күш қол­дан­бай­ты­ны­на» уәде бер­ген бола­тын. Бұған қоса Буда­пешт мемо­ран­ду­мы­на қол қой­ған Бела­русь пен Қаза­қстан да ядро­лық арсе­на­лы­нан бас тар­та­ты­ны тура­лы қол­да­рын қой­ды. Буда­пешт мемо­ран­ду­мын БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүше бес ел тегіс мақұл­да­ды. Сол тұста ядро­лық қаруы бар дер­жа­ва­лар ядро­лық қаруы­нан өз еркі­мен бас тар­тқан елдер­дің қауіп­сізді­гіне кепіл­дік бер­ді. Соғыс ашпай­ты­нын айтып сен­дір­ді. Соның бірі Ресей еді. Келісім­дер халы­қа­ра­лық дең­гей­де құжат­та­лып, хат­тал­ды. Бүгін­де сол уәде­лер­дің бәрі бекер болып шықты. Ресей бер­ген уәдесі­нен айны­ды. Гру­зи­ядан Абха­зия мен Осе­ти­я­ны, Укра­и­на­дан Қырым­ды, Мол­до­ва­дан Днестр бой­ын әскер күші­мен тар­тып алды. Бүгін­де Укра­и­наға ашық соғыс ашты. Бұл соғы­ста Путин қажет бол­са ядро­лық оқтұм­сы­қта­рын қоса­ты­нын айт­ты. Нәти­же­сін­де әлем елдері, НАТО-ға мүше мем­ле­кет­тер жаңа зама­на­уи соғыс тех­ни­ка­ла­рын қосу­да. Бүгін­де Укра­и­на соғыс қаруын сынай­тын соғыс алаңы­на айнал­ды десек те бола­ды. Ресей бұл аран­да­туы­мен әлем елдерін соғы­сқа тар­ту­да. Соғы­сқа өзге мем­ле­кет­тер неғұр­лым тар­ты­лған сай­ын, соғұр­лым жағ­дай қиын­дап, оның соңы бүкіл адам­за­тқа қар­сы дүни­е­жүзілік соғы­сқа ұла­сып кете ме деген қауіп те бар. Осы­ның бәрі алдын ала ойла­сты­рған дик­та­тор Путин­нің және әр елде­гі бұғып жатқан астам­шыл орыс шови­ни­стерінің арам­за сая­са­ты болуы да мүмкін.

РЕСЕЙ ДУМАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АЛЕКСЕЙ ЖУРАВЛЕВ ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРУ ОЙЫН АШЫҚ БІЛДІРДІ

Ол: «Біз­ге қазір­гі уақыт­та Эль­баға тере­зе ашы­лып, кез­де­су­ге тари­хи мүм­кін­дік туды. Осы ара­лы­қта аме­ри­ка­лы­қтар­мен келі­суі­міз керек. Біз Трам­пқа керекпіз бе – әрине, керекпіз. Трам­пқа да кере­гі біз. Еуро­одаққа қар­сы мүд­де­лері­міз тоғы­сты ма? Тоғы­сты! Укра­и­наға алаң­да­удың да қажеті жоқ, «это дело пятое». Енді­гі жер­де әлем­ді бағын­ды­ра­тын бола­мыз», – деп қуа­на ура­лап жатыр. Бұл өкілет­ті билік – Ресей Дума­сы­ның ресми өкілінің сөзі және оны сол жер­де «сая­си сахнаға» (дөң­ге­лек стол) қаты­су­шы басқа сөй­ле­ушілер мен сарап­шы­лар жары­са қолдады.

Айтқа­ны­мыз айдай кел­ді, оры­стар Трамп­ты Укра­и­наға қар­сы соғы­ста өздерінің басқын­шы­лық мүд­десіне пай­да­ланғы­сы келетінін ашық біл­діру­де. Бұл нені біл­діреді? Ресей пре­зи­ден­ті Путин мен Дума депу­тат­та­ры­ның ара­сын­дағы көзқа­рас тоғы­сы бір­дей деген сөз. Себебі әлі күн­ге дей­ін Дума Путин­нің басқын­шы­лық соғы­сын айып­тап бір­де- бір мәлім­де­ме жасаған емес. Керісін­ше, соңғы кез­де­гі Трамп­тың Укра­и­наға қар­сы іс-әре­кетін қуа­на қабыл­да­ды. Олар­дың келісім­дер­дің бар­лы­ғы­на түкір­гені бар, Укра­и­на қоға­мы­ның демо­кра­ти­я­лық сауы­ғуын ойлап оты­рған оры­стар көрін­бей­ді. «Әлем­ді бағын­ды­ру­дан» әлі үмітті.

Қазір­гі қалып­тасқан жағ­дай – АҚШ пен Ресей­дің одақ­та­сты­ғы Укра­ин халқы­ның қауіп­сізді­гін, тер­ри­то­ри­я­сы­ның тұта­сты­ғын қам­та­ма­сыз ете алмай­ды!!! Енді әлем­дік мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­лық оқша­у­ла­у­ы­на түс­кен Ресей сая­си мүд­де­леріне сай АҚШ тара­пы­нан санк­ци­я­ның боса­ты­луын, ол жақтан инве­сти­ци­я­ның құй­ы­луын пай­да­ла­нып, қазір­гі қалт-құлт етіп тұрған ішкі әле­умет­тік жағ­дай­ын тыны­штан­ды­руға уақыт ұтып, қорға­ныс жүй­есін қай­та түзе­у­ге тыры­са­ды. Ал бұл өз кезе­гін­де Укра­и­на­ның өз ішін­де қалып­тасқан ішкі бай­ла­ны­стар­дың, сая­си тұрақ­сызды­қтың, эко­но­ми­ка­лық кри­зи­стің одан әрі терең­де­уіне себеп­ші болуы мүм­кін. Бостан­дық сүй­гіш Укра­и­на халқы, Еуро­одақ аймақтағы гео­са­я­си аху­ал­дың асқы­нуы­на жібер­мей­ді деп үміттенеміз.

«ӨЗ ӨКІЛЕТТІГІН АСЫРА ПАЙДАЛАНУ БАБЫ»…

Киев 1994 жылы Укра­и­на қауіп­сізді­гіне кепіл­дік беретін «Буда­пешт мемо­ран­ду­мы­на» қол қой­ып, АҚШ-тың кепіл­ді­гін алған соң ғана ядро­лық арсе­на­лын өз еркі­мен Ресей­ге өткізіп бер­ді. Осы­ны­сы үшін АҚШ пен Ресей Укра­и­на­ның аумақтық бір­тұ­та­сты­ғы мен сая­си тәу­ел­сізді­гіне қауіп төн­дір­мей­тініне, қар­сы күш қол­дан­бай­ты­ны­на, қауіп­сізді­гіне кепіл­дік бер­ген еді. Буда­пешт мемо­ран­ду­мын БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүше бес ел тегіс мақұл­да­ды. Бүгін­де АҚШ та, Ресей де бұл құжат­ты мой­ын­да­май отыр…

Шығар жол қан­дай? АҚШ-тың демо­кра­ти­я­лық қоға­мы­на Трам­пқа БҰҰ мақұл­даған, халы­қа­ра­лық заң­дық күші бар «Буда­пешт мемо­ран­ду­мы» құжа­ты­ның күшін мой­ын­да­маға­ны үшін «өз өкілет­тілі­гін асы­ра пай­да­ла­ну» бабы­мен импич­мент жари­я­ла­у­ға әбден бола­ды. АҚШ қоға­мы мұны бүгін­де күн тәр­тібіне шығар­ды. Кон­гресс бекітіп, Сенат қол­да­са – шешіледі. Біздің­ше, ушы­ққа­лы тұрған қазір­гі әлем­дік гео­са­я­си аху­ал­ды сей­іл­тудің бір­ден-бір жолы осы.

ТҮРКИЯНЫҢ ЕО-қа КІРУІБОЛМАЙ ҚОЙМАЙТЫН ҚҰБЫЛЫС

Фран­ция лидері Мак­рон­ның мәлім­де­месі­нен кей­ін Еуро­одақ пен АҚШ ара­сын­дағы арақа­ты­нас өзге­руі мүм­кін. Осы­ған дей­ін сеніп кел­ген АҚШ-тың агрес­сор Ресей­мен одақ­та­суы да Еуро­па­ны тұй­ы­ққа тіреді. Екі алып аль­янс ара­сын­да бұқатірес жағ­дай қалып­та­сты. Пре­зи­дент Мак­рон кеше­гі мәлім­де­месін­де: «Укра­и­на­дан соң бүкіл Еуро­одақ елдерінің тағ­ды­ры­на алаң­дай­ты­нын, еуро­ин­те­гра­ция про­цесін жан­дан­ды­руға қаты­сты атмо­сфе­ра қалып­тасқа­нын, Еуро­одақ қауіп­сізді­гіне төнуі мүм­кін орыс басқын­шы­лы­ғы­нан бір­лесіп қорға­нуға дай­ын болуы­мыз керек», – деген­ді ашық айт­ты. Қалып­тасқан соғыс жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты Брюс­сель­де Еуро­одақ аль­ян­сы­ның төтен­ше жиы­нын шақы­ру­ды ұсын­ды. Қазір­гі уақыт­та Ресей мен Укра­и­на ара­сын­да кес­кілес­кен соғыс жүріп жатыр. Оры­стар ашық шабуы­лға шықты. Енді Еуро­па жетек­шілері қан­дай да бір шешім­ге баруы мүмкін.

 Соңғы жыл­да­ры Түр­кия өздерін әлде­не­ше рет қабыл­да­маға­ны­на қара­ма­стан, Еуро­одаққа кіру­ден үміт­ті. Бұл – олар­дың стра­те­ги­я­лық мақ­са­ты. Еуро­па­ның осы кез­ге шей­ін Түр­ки­я­ны қабыл­да­май кел­гені – ол елде авто­ри­та­ризм бар екен. Олар Түр­ки­яда адам құқы мен демо­кра­ти­я­лық еркін­дік сақтал­май­ды деп санай­ды. Екін­ші кедер­гі – Түр­ки­я­ның ЕО мүше­сі сана­ла­тын Гре­кия мен Кипр ара­сын­дағы жер дауы, т.б. Солай бола тұра, бүгін­гі қалып­тасқан гео­са­я­си күр­делі аху­ал Түр­кия үшін Еуро­одаққа кіру­ге тағы бір қадам. Осын­дай ауыр кезең­де алдағы Еуро­одақ елдерінің жиы­ны Түр­ки­я­ны мүшелі­гіне тар­ту­ды көте­руі әбден мүм­кін. Ресей­ден төн­ген қауіп жаңа қадам­дар мен шешім­дер­ге, келіс­сөз­дер­ге жол ашуы ықти­мал. Тоқе­тері – қазір­гі ауыр жағ­дай­да Еуро­паға Түр­кия, ал Түр­ки­яға Еуро­па қажет-ақ. Бір-біріне арқа сүй­ер нақты жағ­дай қалып­та­сты. ЕО-қа әске­ри күші мен қару-жарақ қабілеті мықты Түр­ки­я­мен сана­суға тура келеді. Әйт­пе­ген жағ­дай­да Ресей агрес­си­я­сы жаһан­дық сипат алып, сал­да­ры ауыр бол­мақ. Қалай болған­да да, Түр­ки­я­ның ЕО-қа кіру-кір­ме­уі өз шеші­мін іздеу үстін­де және бұл ерте ме, кеш пе бол­май қой­май­тын құбы­лыс. Қазір­гі Ресей-Укра­и­на соғы­сы осы­ны жедел­де­тетін ката­ли­за­тор, шешу­ші фак­тор болуы мүмкін…

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн